Студопедия — Шетел интервенциясы мен азамат соғысы
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шетел интервенциясы мен азамат соғысы






(1918-1920)

Интервенция – бір елдің территориясына біренеше мемлекеттердің заңсыз басып кіруі. 1918 ж. американ, француз әскерлері Мурманскіні, Архангельскіні; ағылшын әскерлері Иран мен Каспий өңірін; герман әскерлері Украина, Таганрог, Дондағы Ростовты, Қырым мен Грузияны жаулап алды. Ал Армения мен Әзірбайжанды Түркия басып алса, Қиыр Шығысты жапондар жаулап алды.

Ресейде азамат соғысы 1918 ж. мамырда Сібірде отанына қайтып бара жатқан 30 мың чехословак корпустарының бүлік шығаруымен басталды. Оларды Антанта елдері айдап салып, Кеңес елінде 1918-1920 ж.ж. азамат соғысын туғызды.

Азамат соғысы – мемлекет ішіндегі билік үшін ел азаматтарының өзара соғысы (ақгвардияшылар – қызылгвардияшылар). 1918-1920 ж.ж. азамат соғысы кезінде большевиктерге қарсы шыққан топ ақтар болса, Қазақстан азамат соғысы жылдары Кеңес үкіметіне қарсы соғысқан топтар ақгвардияшылдар мен Алашорда үкіметі болды.

1918 ж. Кеңес елі үшін ең басты майдан Шығыс майдан болды. 1918 ж. Кеңес еліне ерекше қауіп төндірген күш Колчак армиясы болды.

Қазақстан жерінде Колчактың атамандары Дутов пен Анненков ерекше қатігездік көрсеткен. 1918 ж. маусымда атаман Дутов Орынборды басып алып, Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын Орынбор – Ташкент теміржолын кесіп тастады. Қазақстандағы азамат соғысының ең алғашқы ошағы Орынбор қаласы болды. 1918 ж. жазда Дутов Оралды басып алды. Дутовқа қарсыәскери қимылдарды Кобозев басқарды.

1918 ж. Анненков Жетісуды басып алды. Ол бұған дейін Өскеменді басып алып, қала басшысы қарт большевик, мүгедек Яков Ушановты «Моңғол» кемесінде сулы кигізге оратып, өртетіп жіберген болатын. Орыс жазушысы Сорокин «Жеменейдің әні» деген әңгімесінде Анненков әскерінің қазақ ауылдарын қалай тонағанын айтқан. Солтүстік Жетісуда орналасқан Черкасск бекінісі (1918 ж. маусым – 1919 ж. қазан) 13 ай бойы Анненковқа төтеп берді. Черкасск бекінісін қорғау кезінде талантты қолбасшы Емельев қаза тапты. Анненков Черкасскіні басып алған соң 1800 адамды бауыздатып өлтірген.

 

 

Ақтарға қарсы әскери бөлімдердің құрылуы

1918 ж. наурыздың 21-і мен сәуірдің 3-і аралығында Орынборда Кеңестердің Торғай облыстық 1 съезі Қызыл армия бөлімдерін құру туралы шешім қабылдады. 1918 ж. Бөкей Ордасында тұңғыш рет қазақ атты әскер бригадасы құрылып (саяси бөлімінің меңгерушісі Б.Қаратаев), кейін БОАҚ-ның Қызыл Ту орденімен марапатталды. 1920 ж.қарай Бөкей Ордасында, Орал мен Торғайда 37 әскери бөлімше құрылды.

1918 ж. 29 мамырда әскери міндеткерлік негізінде «еңбекшілерді мобилизациялау туралы» декрет шықты, бірақ әскерге шақыру ерікті түрде жүргізілді. 1918 ж. 17 қарашада «Жауынгерлерді ұлттық белгілері бойынша әскери бөлімдерге топтауға» рұқсат берілді. Алайда, ұлттық құрамаларды ротадан ірі етіп құрмау көзделді.

1920 ж. Түркістан өлкесінде байырғы халықты күштеп әскерге шақыру жүзеге асырылып, 19-35 жас аралығындағы орыс емес ұлттардан 25 мың адам әскерге алынды. Қоғам қайраткері Асылбеков былай деп жазған: «Мен қарапайым мұғаліммін, әскери мансап туралы ойлап та көрген емеспін, бірақ бұл соғыс мені әскери адам қылды».

Азамат соғысы жылдарында партизан қазғалысының ең ірі орталығы Атбасар уезіндегі Мариновка селосы болған. (партизандар командирі Ирченко). Колчактың тылында күрес жүргізген 1916 ж. көтеріліс жетекшілерінің бірі, Кеңарал болысында астыртын партизан жұмысын ұйымдастырушы Өтеп Ыбыраев болатын. Семейді ақгвардияшылдардан азат етуде 200 қазақ жігітінен құралған «Алтайдың қызыл тау қырандары» атты партизандар полкі көмектесті. 1919 ж. Шығыс Қазақстанды әйгілі қолбасшы, Шығыс майданының солтүстік тобының жетекшісі М.Тухачевский ақтардан азат етті. 1920 ж. наурызда Семей облысының ақтардан азат етілуінің нәтижесінде Жетісу майданы жойылды.

Азамат соғысы жылдарында Дала өлкесінің төтенше комиссары Ә.Жангелдиннің экпедициясы Ақтөбе майданына қару – жарақ жеткізіліп берді. 1919 ж. 22 қаңтарда Орынбор; 1919 ж. 26 қаңтарда Орал қаласы ақтардан азат етілді. (Оралды азат етуде Чапаевтің 25-ші дивизиясы зор рөл атқарды). 1920 ж. қаңтардың 5-інде Түркістан майданының әскерлері Атырауды азат етіп, нәтижесінде 1920 ж. 5 қаңтарда Орал майданы жойылды. 1919 ж. маусымда Оңтүстік топтың қолбасшысы М.Фрунзе Уфаны азат етті.

1920 ж. маусымда ақгвардияшылар Верныйда бүлік шығарды. Колчак армиясын талқандау жүктелген шығыс майданның оңтүстік тобын Фрунзе басқарып, Түркістан өлкесін азат етіп, әскерлерге берген бұйрығында былай деді: «Болды, Түркістан,а жол ашылды. Еліміздің орталық аудандары Түркістанмен мәңгі қосылды».

Азамат соғысы кезінде жалпы саны 8 млн. адам қаза тапты. Кеңес елінің азамат соғысынан кейінгі жағдайына В.Ленин: «күзеліс, жоқшылық, қайыршылық» деп баға берді.

 

Қазревкомның құрылуы.

1919 ж. 10 шілдеде Орынборда Қазақ (Қырғыз) революциялық комитеті құрылып, өлкедегі әскери және азаматтық билікті өз қолына алды. Қазревкомның ең алғашқы төрағасы С.С.Пестковский болды (Орынбасары А.Байтұрсынов). Қазревком «Ұшқын» газетін шығарып, Ақтөбеде 300 мектеп ашты.

ХХғ. 20 ж. әйелдер мәселесіне байланысты Кеңес үкіметі қалыңмалды алып тастады. 1920 ж. Құлжанова, Оразбаева әйелдер қозғалысының көрнекті қайраткерлері болды.

 

Әскери коммунизм саясаты.

1919 ж. қаңтарда әскери коммунизм саясаты енгізілді. Оның белгілері:

1) азық – түлік салғырты;

2) жеке саудаға тыйым салу;

3) өнеркәсіптерді мемлекет меншігіне айналдыру;

4) еңбек міндеткерлігін енгізу. (1919 ж. Ресейде алғашқы сенбіліктер ұйымдастырылған. 1920 – 1921 ж.ж. қазақ өлкесінде еңбек армиясындағы адамдар саны 6 мыңға жуық болды).

1919 ж. Александров – Гай – Ембі теміржолы салынып, Орал – Ембі мұнайлы аймағын Орталық Ресеймен байланыстырды. 1920 ж. Атыраудан Орталық Ресейге 6 мың пұт мұнай әкетілсе, бір ғана Қостанай облысы (Ақмола мен Семей облыстары да бар) мемлекетке 6 млн пұт астық тапсырды.

Қарғалы шұға фабрикасы әскери шинельдер тігу үшін шұға дайындады. 1920 ж. басында «майдан апталығы» өткізіліп, мыңдаған пұт астық, киім – кешек жиналды. Өлкеге азық – түлік дайындауға орталықтан 11500 – ге жуық жұмысшы келді.

1913 ж. салыстырғанда 1921 ж. Қазақстанда көмір өндіру 5 есеге, мұнай өндіру 4 есеге, мал саны 16,3 есеге қысқарып кетті, ал мыс өндіру мүлдем тоқтап қалды.

1921 ж. қатты құаңшылық болып, малдың 80% қырылды. 1922 ж. Батыс Қазақстанда ашығушылар мен аурулардың үлесі 82% жетті. 1921 ж. Қазақстандағы аштыққа 2 млн 300 мың адам ұшырап, оның 1 млн – ға жуығы қырылды. 1921 ж. құаңшылық кезінде республика халқының 1/3 бөлігі аштыққа ұшырады. Т.Рысқұлов өзінің «Даладағы аштық» деген мақаласында былай деді: «Бұл аштық әрбір адамды қамтып, Қазақстанға қырылып қалу қаупін төндірді».

1921 ж. әскери коммунизм саясатына қарсы 10 мыңнан астам бүлікші қатысқан ең үлкен шаруалар көтерілісі Николаевтың басшылығымен Орал қаласында болып, нәтижесінде аяусыз күшпен басылды.

Жаңа экономикалық саясат (ЖЭС)

(1921 – 1929ж.ж)

1921 ж. наурызда БК(б) партиясының Х съезі ЖЭС – ке көшу туралы декрет қабылдады.

ЖЭС – ң мәні салғырттан салыққа аусыу.

ЖЭС – ң белгілері:

1) азық – түлік салығы;

2) жеке саудаға рұқсат беру;

3) жерді және ұсақ кәсіпорындарды жалға беру;

4) еңбек міндеткерлігін жойып, жалдамалы еңбекті пайдалану.

ЖЭС жылдарында Кеңес үкіметі аштықтан зардап шеккен халыққа мал сатып алу үшін 2 млн 131 мың сом ақша бөлді. Ал ауыл шаруашылық машиналары мен техникаларын сатып алу үшін 25 млн сом қаржы бөлінді. ЖЭС кезіндегі ауыл шаруашылығын қалпына келтіруге байланысты «тұқым беру қоғамы» ұйымы құрылды.

Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесі 1921 ж. басында халыққа азық – түлікті, отынды тегі босату туралы декрет қабылдады. Еділдегі аштыққа ұшырағандарға кеңестік Түркістан көмек ретінде 2 млн пұт астық жіберіп, 20 мың ашыққан адамды өзіне қабылдады. 1921 ж. 7 қазандағы В.И.Лениннің үндеуіне байланысты Арал балықшылары Еділ бойындағы ашыққан халыққа 14 вагон балық жіберді.

Лениннің 1921 ж. маусымдағы «Нақты ет салығы туралы» декретінен кейін қазақтар ет салығынан босатылды.

1921 ж. үкіметтің «Айырбас туралы» декреті жеке саудаға рұқсат берілді.

1921 ж. аштыққа қарсы күрес шараларының бірі сауда – саттық салығынан босату еді. ЖЭС кезінде нарықтыұ қатынастардың нығаюына байланысты 1924 ж. 1 қаңтарда салық төлеудің ақшалай түрі енгізілді. 1924 ж. қаңтарда енгізілген ақшалай салықтың барлық ауыртпалығы байлар мен кулактардың мойнына түсті.

1920 ж. Шымкент сантонин зауытв пайдалануға берілсе, ЖЭС тұсында Оңтүстік Қазақстанда «Мақтарал мақта совхозы» ұйымдастырылды. Жаңа экономикалық саясат жылдарында түсті металлургия саласын дамытуға көбірек көңіл бөлінді. ЖЭС жылдарында республикамыздағы түсті металлургияның басты ауданы Кенді Алтай болды. 1922 ж. Риддер мен Екібастұзды жалға алу үшін (концессия) Мәскеуге ағылшын кәсіпкері Лесли келді. Бірақ бұл шарт (жалға беру) қабылданбай тасталды. 1923 ж. Риддер қорғасын зауыты бүкіл одақта өндірілетін қорғасынның 40 пайызын берді. Қарсақбай комбинаты 1927 ж. бастап мыс өндіре бастады.

1927 – 1928 ж. Республика өнеркәсібін қалпына келтіру аяқталды.

1927 ж. республикада 7 өлкелік жәрмеңке жұмыс істеп, ондағы сауда айналымы 30 млн сомды құрады.

 

 

Жер – су реформасы (1921 – 1922 ж.ж.)

1921 – 1922 ж.ж. жер-су реформасының мақсаты патша үкіметі тартып алған жерлерді шаруаларға қайтарып беру.

Жер – су реформасының мәні Ертіс пен Жетісудағы жерлерді қайтару. 1921 ж. Кеңес үкіметінің бұрынғы патша үкіметі Сібір және Орынбор қазақтарына тартып алып берген жерлерді қазақ еңбекшілеріне қайтару туралы декреті шықты. Жер- су реформасы кезінде қазақ шаруаларына Ертіс жағалауындағы 177 мың десятина жер қайтарылса, Орал жағалауынан 200 мың десятина жер қайтарып берілді. 1921 ж. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстандағы қазақ және орыс халықтарына жер беру үшін көлемі 1 млн десятина жер қоры құрылып, 1921 ж. реформаға сәйкес Жетісудың жергілікті тұрғындарына 40 мың десятина жер қайтарылды.

1921 – 1922 ж.ж. аграрлық реформаның нәтижесінде Қытайдан 300 мың босқын қайтып оралды.

Қазақстандағы жер-су реформасын жасауға қатысқан қайраткерлер Асылбеков пен Бәрібаев. Жер- су реформасындағы күрделі жер мәселелерін шешуге қатысқандар С.Мендешев, С.Сейфуллин.

1921 ж. ЖЭС жылдарында кеңінен дамыған ауылшаруашылығын қалпына келтіру мақсатында «Қосшы одағы» қоғамы құрылды. (1930 ж. кейін «Кедейлер одағы» деп аталған).

1921 ж. Орынборда Түркістан комсомолдарының алғашқы съезі болып, онда Түркістан комсомолдарының тұңғыш төрағасы болып Ғ.Мұратбаев сайланды. Ғ.Мұратбаев 1902-1924 ж.ж. өмір сүрген.

Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстандағы комсомолдар саны 65 мың болды. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы Пионерлер ұйымы болды.

 

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 5288. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Понятие массовых мероприятий, их виды Под массовыми мероприятиями следует понимать совокупность действий или явлений социальной жизни с участием большого количества граждан...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия