Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстандағы индустрияландыру саясаты





Индустрияландыру дегеніміз халық шаруашылығының барлық салаларын машина техникасымен жарақтандыру, немесе ауыр өнеркәсіпті дамыту.

1925ж. БК(б)ОК-ің XIV съезінде елде индустрияландыру бағыты жарияланды. Индустрияландыруды жүзеге асыруда әміршіл-әкімшіл қолданылды. Қазақстандағы индустрияландырудың ерекшелігі иңдустрия шикізат көзіне қарай бағытталды. Индустрияландыру жылдарында Қазакстанда шикізат көздерін нгеру қарқынды түрде жүргізілді.Қазақстанда индустрияландыру табиғат байлықтарын зерттеуден басталды.

КСРО Ғылым Академиясы 1920 жылдардың соңы - 1930 жылдардың басында көрнекті ғалымдардың катысуымен зерттеу экспедициясын бүкіл өлкеде жүргізді.

Академик Курнаков Орталык Қазакстанның минералды шикізат көздерін зерттей келе «Қазақ АКСР-і Кеңес Одағының металогенді провинциясы» деп баға берсе, академик Губкин Орал-Ембі мұнайлы ауданын зерттеп: «бұл кен орны (Орая-Ембі) елдегі мұнайға аса бай облыстардың бірі» деп мәлімдеді.1920-1930ж.ж. Қазақстанда зерттелген мұнайлы аудан Ембі. Индустрияландыру жылдарында Ембі мұнай кәсіпорны «Екінші Баку» деп аталған.

1920-1930 жылдары ғылыми тұрғыда зерттелген түсті металл кеніші Ащысай корғасын кеніші болды.

1930 жылдардағы кағида бойынша өнеркәсіптегі өндіріс кұралдарын ендіру бағытын жеделдете дамыту сақталды.

1928- 1932ж.ж. бірінші бесжылдықта салынған кұрылыстардың ең ірісі Түркістан-Сібір теміржолы болды (1927-1930жж). Түрксібтің кұрылыс бастығы қызметін В.Шатов атқарса, Түрксібке жәрдемдесу комиссиясының басшысы (Республика Халық Комиссарлар Кеңесінің төрағасы) Н.Нұрмақов болды. РКФСР үкіметі жанынан кұрылған Түрксібке жәрдемдесу комитеті Т.Рыскұлов басқарды. Рысқұловтың ұсынысымен комитет құрамына М.Тынышбаев алынды.

Түрксібтің кұрылысына 200 млн. сом қаржы жұмсалып, 100 мың адам еңбек етті. Д.Омаров қатардағы жұмысшыдан Туркістан-Сібір теміржолының бастығына дейін көтерілсе, Т.Қазыбеков деген «Казақкөлікқұрылыс» тресінің бастығына дейін көтерілген. Түрксіб теміржолы жоспардағы 5 жылдың орнына 3 жылда салынып бітті. Мәселен Турксібтің учаскілерінің бірі Жетісу жолы 7 айда салынды. Түрксібті салуда куніне 1500 метр теміржол төселді. 1930ж. Айнабұлақ станциясында Түрксібтің Солтүстік және Оңтүстік учаскілері түйісіп, уақытша іске қосылды. Алғашқы пойызды тұнғыш қазақ машинисі Көшкінбаев жүргізді. 1931ж. Түрксіб теміржолы тұрақты түрде пайдалануға берілді. Түрксіб Орта Азия мен Сібірді байланыстырды.

Қазақстанда Стахановшылар қозғалысының ізбасары Т.Күзембаев болса, Риддерде Стахановшылардың туын бірінші болып Б.Ықыласов көтерді. 1935ж. жұмысшы табы кұрамындағы қазақтардың үлесі 43% құрады. 1939ж. қалаларда тұратын қазақтардың саны 375 мыңға жетті (индустрияландыру карсаңында халықтың 90%-ы ауылды жерлерде тұрған болатын).

1939ж. Шымкент корғасын зауытының ұжымы Ленин орденімен наградталды. Қазақстан Ұлы Отан соғысы қарсаңында қорғасын өндіруден одақта 1-ші орынға, ал мұнай мен көмір өндіруден 6-орынға шықты.

Қазақстандағы 3-ші бесжылдықтың негізгі міндеті Қазақстанды түсті металдар базасына айналдыру болды.

Орал - Сібір - Қазақстан үшбұрышы мырыш, мыс, қорғасын өндіруден КСРО-да жетекші орын алды.

1940ж. басында 9 айға толмайтын уақыт ішінде халықтық құрылыс әдісімен ұзындығы 806 км. болатын Ақмола-Қарталы теміржолы салынды. Ақмола-Қарталы темір жолының маңызы Орталық Қазақстанның өнсркәсіп аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырған болатын. Қазақстаннан тыс жерге жүк тасымалдау үшін, жалпы шығын ретінде 1913 жылгы деңгейден 21,3 есеге асып түсті.

Халықтық құрылыс әдісімен Батыс Қазақстанда Орал-Көшім каналы салынса; Бетпақдала ауданында да халықтық құрылыс әдісімен каналдар салынды. Соғыс алдында Бетпақдала ауданында жедел қарқынмен игеру науқынды жүргізілді.

Индустрияландыру кезінде Мәскеу халық шаруашылығы Кеңесінің жанынан Қазақстан өнеркәсібін қамқорлыққа алу мақсатында штаб кұрылған болатын. Индустрияландыру кезінде Қарағанды көмір бассейнін Донбас кеншілері қамқорлыққа алды. Индустрияландыру жылдарында білікті жұмысшы кадрлар, инженер-техник мамандар Ресей мен Украинадан, Әзірбайжаннан әкелінді. 1924-1925 жылдардан бастап республикаға ауылшаруашылық техникаларының ішінде тракторлар әкеліне бастады (1940ж. колхоз және совхоз егістіктерінде 41 мың; трактор жұмыс істеді). Соғыс қарсаңында 116 мың; тракторшы, комбайыншы және шеберлер даярланды. Соғыс қарсаңында Казақстанның халық шаруашылығында 110 мыңнан астам инженерлер мен техниктер жұмыс істеді.

1940 жылдары әйелдер қозғалысы қең қанат жайды. 1941ж. Украина тракторшысы Ангелинаның «Тракторды менгеріңдер» деген бастамасынан кейін 26 мың әйел тракторшы мамандығын меңгерді. Мәселен, Байшонас косіпорнында Б.Досбаева аға оператор мамандығын игерген. М.Рогозина ұңғылау машинисі; Р.Бүкірова электровоз машинисі мамандықтарын меңгерді.

 







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 3001. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Способы тактических действий при проведении специальных операций Специальные операции проводятся с применением следующих основных тактических способов действий: охрана...

Гидравлический расчёт трубопроводов Пример 3.4. Вентиляционная труба d=0,1м (100 мм) имеет длину l=100 м. Определить давление, которое должен развивать вентилятор, если расход воздуха, подаваемый по трубе, . Давление на выходе . Местных сопротивлений по пути не имеется. Температура...

Огоньки» в основной период В основной период смены могут проводиться три вида «огоньков»: «огонек-анализ», тематический «огонек» и «конфликтный» огонек...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия