Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Соғыс алдындағы жылдар





1939 жыл – партияның XVIII съезінде КСРО-ның индустриялық қуатын кеңейту, қорғаныс қабілетін нығайту бағыты көрсетілді.

Үшінші бесжылдықта (1938–1942жж.) республика экономикасындағы атқарылуға тиісті міндеттер:

· Түсті металдар өндіру жөніндегі ірі база;

· Көмір, мұнай өндіретін аудан;

· Ауыл шаруашылығы дамыған аймақ болу.

1938–1941 жылдары іске асырылатын шаралар:

· Қарсақпай мыс балқыту зауытын қайта құру мен кеңейту;

· Жезқазған мыс балқыту зауытын салу;

· Алтайда түсті металлургияны дамыту;

· Ебідегі геологиялық жұмыстар мен барлау-бұрғылау ісін жеделдету.

Осы жылдары еңбек кітапшалары енгізілді, мемлекеттік сақтандыру тәжірибесі жақсартылды, 8 сағаттық жұмыс күніне, 6 күндік жұмыс аптасына көшірілді.

1940 жылдың аяғында мемлекеттік еңбек резевтері жүйесі пайда болды. Әйелдер ірі өнеркәсіп жұмысшыларының 26,1% -ын құрады (1940 жыл). Жаппай ерлер мамандығын меңгеру қозғалысы басталды.

1941 жылғы маусымда – П. Ангелинаның (Батыс Қазақстан облысы, Теректі МТС-де істеген Украина тракторшысы) «Тракторды меңгеріңдер» бастамасымен 26 мыңнан астам әйелдер тракторшы мамандығын меңгерді.

Тұрақты механизаторлар кадрлары қалыптасып, 116 мың маман даярланды.

Соғыс қарсаңында халық шаруашылығында 11 мыңнан астам инженер, техниктер еңбек етті. Стахановшылар мен өндіріс жаңашылдарының қозғалысы өрістеді.

Риддердегі алғашқы стахановшы-шахтер Б. Ықыласов.

Соғыс алдындағы жылдарда құрылыстарды салу жеделдеді. 1940 жылдың басы – ұзындығы 806 шақырымдық Ақмола – Қарталы жолы 9 айға толмайтын мерзімде салынды. Бұл жол құрылысының маңызы:

· Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті аудандарын Оралдың оңтүстігімен байланыстырды;

· Қарағандыдан Магнитогорскіге көмір тасу 500 шақырымға қысқарды;

Бұдан басқа Атырау-Қандыағаш, Қандыағаш-Орск, «Шығыс орамы» (806 км. Шығыс Қазақстан мен Семей облысы), Алматы-Сарыөзек, Жамбыл-Алакөл темір жолдары (2681 км.) салынды.

1938–1940жж. 1,4 мың шақырым жаңа темір жол төселді.

Үшінші бесжылдықтың 3,5 жылындағы өнеркәсіптегі, тасымал мен байланыстағы күрделі қаржы – 3,1 млрд. сом.

Республика өнеркәсібінің жалпы өнімі – 57,3%-ға артты.

Түсті металлургия Қазақстан өнеркәсібінің жетекші саласына айналып, түсті металлургия бойынша Қазақстан екінші орында болды. Бұл сала кәсіпорындары: Шымкент қорғасын, Балқаш мыс қорыту, Лениногорск, Зырянов полиметалл зауыттары, мыс балқыту комбинаты, Ащысай, Қоңырат кеніштері.

Салынып жатқан құрылыстар: Ақтөбе ферроқорыту зауыты, Текелі полиметаллургия, Жезқазған мыс балқыту комбинаттары.

Шымкент қорғасын зауытының қорғасыны елдегі ең таңдаулы деп танылды. 1939 жылы зауыт ұжымы одақта 1-орынды жеңіп алып, Ленин орденімен марапатталды. Қазақстан Одақ көлемінде:

Қорғасын өндіруден 1-орын, мұнай мен көмір өндіруден 6-орынға шықты.

1940 жылы 2580 ірі кәсіпорын жұмыс істеп, индустрияның жалпы өнімі 1940 жылы 1913 жылмен салыстырғанда 7,9 есе өсті.

1940 жылы Қазақстан одақ бойынша:

1. көмірдің – 4,2%-ын;

2. мұнайдың – 2,2%-ын;

3. қорғасынның – 87%-ын;

4. мыстың – 21%-ын өндірді.

Соғыс алдындағы жылдарда Орталық Қазақстанның өнеркәсіпті шикізат аймағы қалыптасты.

Орал-Қазақстан-Сібір «үшбұрышы» мырыш, қорғасын, молибден т. б. өндіруден КСРО-да жетекші орын алды. Волга-Орал арасындағы темір жол (ұзындығы 581 км.) Одақтың және республиканың ірі өнеркәсіпті орталықтарын жалғастырды.

Соғыс алдындағы жылдарда колхоз құрылысы дамыды. 1940 жылы колхоз бен совхоздарда:

· 41 мыңнан астам трактор,

· 11,8 мың комбайн,

· 14 мың жүк автомобилі жұмыс істеді.

Ауылшаруашылық техникасы 330 МТС және 194 совхозға шоғырландырылды. 116 мың механизатор, тракторшы, комбайншы даярланды. 1940 жылы жоғары және арнаулы орта білімі бар 4 мың 600 агроном, зоотехник, мал дәрігері, орманшы болған.

1938–1940 жылдары 1338 ТОЗ ауылшаруашылық артельдерінің жарғысына көшіп, 6 мың 900-ға мыңға көбейді.

Халықтық құрылыс әдісімен 100 мың колхозшы каналдар мен суландыру жүйелерін салуға қатысты. 1938–1940 жылдары 145 мың га-дан астам жаңа суармалы жер игерілді. Батыс Қазақстанда Орал-Көшім каналы салынды.

1940 жылы әлеуметтік-мәдени шараларға мемлекеттен бөлінген қаржы – 1 млрд. сомға жақындады (1932 жылмен салыстырғанда 12,5 есе көп).

1938–1940 жылдары республикада тұрмыстық қызмет көрсету орындары салынды:

· 3100-ден астам дүкен,

· 600-ден астам асхана, ресторан,

· 200 жаңа емхана,

· 120 аурухана.

Үшінші бесжылдықтың жарты жылында тұрғын үй құрылысына жұмсалған қаржы – 876 млн. сом (екінші бесжылдықта – 351 млн. сом)

1938–1940 жылдардағы шешілмеген проблемалар:

· Мал шаруашылығының дамуы артта қалды;

· Колхоз өндірісінде материалдық ынталандыру төмен болды;

· Ауылшаруашылық мамандары тұрақтамады;

· Колхоз өмірінде демократия жеткілікті дамымады;

· Тұрғын үй қоры социалистік құрылыс қорынан кейін қалды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2563. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Типы конфликтных личностей (Дж. Скотт) Дж. Г. Скотт опирается на типологию Р. М. Брансом, но дополняет её. Они убеждены в своей абсолютной правоте и хотят, чтобы...

Гносеологический оптимизм, скептицизм, агностицизм.разновидности агностицизма Позицию Агностицизм защищает и критический реализм. Один из главных представителей этого направления...

Функциональные обязанности медсестры отделения реанимации · Медсестра отделения реанимации обязана осуществлять лечебно-профилактический и гигиенический уход за пациентами...

Тема 2: Анатомо-топографическое строение полостей зубов верхней и нижней челюстей. Полость зуба — это сложная система разветвлений, имеющая разнообразную конфигурацию...

Виды и жанры театрализованных представлений   Проживание бронируется и оплачивается слушателями самостоятельно...

Что происходит при встрече с близнецовым пламенем   Если встреча с родственной душой может произойти достаточно спокойно – то встреча с близнецовым пламенем всегда подобна вспышке...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия