Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дебиеттің дамуы





XX ғасырдың 20–30 жылдарында қазақ әдебиетінде Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, С. Сейфуллин, Б. Майлин, І. Жансүгіров, С. Мұқанов, Ғ. Мүсірепов, М. Дулатов, М. Жұмабаев бастаған ақындар мен жазушылардың орны ерекше болды.

С. Сейфуллин — «Қазақ жастарының марсельезасы», «Көкшетау», «Советстан» шығармаларының авторы. 1927 жылы Қазан революциясы, азамат соғысы жайында «Тар жол, тайғақ кешу» атты тарихи романын жазды.

М. Жұмабаев «Батыр Баян», «Жүсіп хан», «Қойлыбайдың қобызы», «Ертегі» т. б. дастандарын жазды.

С. Мұқанов «Сұлушаш» поэмасын, «Ботагөз» романын жазды.

І. Жансүгіров «Құлагер», Б. Майлин «Азамат Азаматыч», И. Байзақов «Құралай сұлу», Ғ. Мұстафин «Өмір мен өлім», Ж. Аймауытов «Қартқожа» туындыларын осы кезде жазды. Б. Жәнікешов, Б. Ізтөлин – азамат соғысы жылдарындағы белгілі ақындар.

Ғ. Мүсіреповтың «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Қыз Жібек», Ж. Аймауытовтың «Ел қорғаны», «Мансапқорлар», Б. Майлиннің «Жалбыр», М. Әуезовтің «Түнгі сарын», «Айман-Шолпан» сияқты туындылары қазақ драматургиясының ірі табыстары ретінде белгілі болды. Қазақ әдебиетінде кеңестік басқа ұлт өкілдерінің де алатын орны ерекше. Мысалы, қазақ жеріндегі ұжымдастыру жөнінде Мате Залка «Тұман тұмшалаған ауыл» атты романын жазды.

20–30 жылдардағы қазақ әдебиетінде аударма ісі де ерекше орын алды.

Алаш қозғалысының жетекшісі Ә. Бөкейханов аударма ісінің шебері болды.

А. Байтұрсынов И. А. Крыловтың шығармаларын, Ж. Аймауытов М. Ю. Лермонтов пен А. С. Пушкиннің, Ғ. Тоқай Ф. Шиллердің шығармаларын;

М. Жұмабаев М. Горький мен Г. Гейненің, Гете мен Д. Мамин-Сибиряктың, В. Ивановтың шығармаларын аударды.

Ж. Аймауытов «Интернационалды» аударды.

Ж. Жабаев пен Н. Байғаниннің, Ш. Қошқарбаевтың т. б. ақындардың өлеңдері мен дастандары қазақ поэзиясын одан әрі дамытты.

XX ғасырдың 20–30 жылдарында Ә. Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ә. Сәрсенбаев, Д, Әбілов, Қ. Бекхожин, Ж. Саин, Т. Жароков бастаған жас буындар әдебиет саласында белгілі болды.

Сталиндік бюрократизм, жазалау шаралары, репрессия қазақ әдебиетіне орны толмас шығын әкелді. Мысалы, жазықсыз жолмен М. Дулатов түрмеге қамалып, 1935 жылы қайтыс болса, А. Байтұрсынов 1937 жылы атылды.

 

Ұлы Отан соғысы (1941 — 1945 ж.ж.)

Екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы Германияның Польшаға шабуылымен басталды. КСРО-ны жеңгеннен кейін фашистер Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында Гросс-Түркістан рейхкомиссариатын құру, ал Қазақстанның Орталық, Солтүстік, Солтүстік Шығыс аудандарында Қарағанды, Новосібір және Кузнецк «Индустриалды облыстарын құру жоспары болды». Соғыстың алғашқы күнінен бастап Қазақстан майдан арсеналдарының біріне айналды (арсенал – күш-қуат, қару-жарақтар қоймасы).

1941–1945 жылдары барлығы 480 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және өндіріс орындары салынды. Республикада өнеркәсіп өндірісі соғыс жылдарында 37 пайызға өсті, бұл соғыстың алдындағы төрт жылдағы өнімнен 2 пайыз жоғары болды. 1941–1945 жылдары Қазақстанның ауыл-село еңбеккерлері майданға 5829 мың тонна астық, 734 мың тонна ет және басқа азық-түліктер, өнеркәсіп үшін шикізат берді.

Соғыс жылдарында Кеңес Армиясының қатарына 1 млн 200 мыңнан аса қазақстандықтар шақырылды, 20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да әскери бөлімдер құрылды. Майданға 14,1мың жүк және жеңіл автомобильдері, 1,5мың шынжыр табанды трактор, 110,4мың жылқы жіберілді.

Жүздеген мың қазақстандықтар ерлігі үшін ордендермен және медальдармен марапатталып, қазақстандық 500-ден астам жауынгер Кеңес Одағының Батыры атағын алды, оның ішінде екі қыз – Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова болды. Төрт қазақстандық Т. Бигельдинов, С. Луганский, И. Павлов, Л. Беда екі мәрте Кеңес Одағының Батыры атағына ие болды. Рейхстагта Р. Қошқарбаев жеңіс туын тікті. Соғыстан кейін Батыр жұлдызы көрнекті әскер басшысы Б. Момышұлына берілді.

1933 жылы Германияда фашистік партия сайлауда жеңіске жетеді, оның жетекшісі Адольф Гитлер елде қатал тәртіп орнатты. Гитлерлік Германия өзінің соғыс жоспарын 1939 жылы бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польша жеріне басып енуімен Екінші дүниежүзілік соғыс басталды. Германия 1941 жылы өзінің басты қарсыласы деп есептеген КСРО-ға аяқ тіреді. Біздің әдебиетімізде бұл Ұлы Отан соғысы деген атпен белгілі.

1941 жылы 22 қыркүйекте таңғы сағат 4 шамасында Герман әскері КСРО-ның батыс шекараларына ене бастады. Гитлердің соғыс жоспары «Барбаросса» деп аталды, ол жоспар бойынша КСРОны 3–4 айда жаулап алып, оны болашақ соғыс жорықтары кезіндегі шикізат, адам ресурсына айналдырмақшы болды.

Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО бойынша 11600ден астам адам ерлігі ұшін Кеңес Одағының Батыры атағын алса, соның 497-і қазақстандықтар, ал 97 қазақтар болды. Ұлы Отан соғысы жылдары ең алғаш Кеңес Одағының Батыры атағын алған қазақстандық жауынгер К. А. Семеченко (1941 жылы 22 шілде) еді. Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Одағының Батыры атағын алған ең жас қазақ жауынгері 18 жасар Ж. Елеусізов еді. 1941–1945 жылдары майдан шебінде соғысқа қазақтың 100-ге жуық ақын-жазушылары қатысты. Қасым Қайсенов, Әди Шәріпов сынды қаһарман партизандар жау тылында аянбай шайқасты. Ұлы Отан соғысы жылдары КСРО 27 млн азаматынан айырылды, оның шамамен 4101 мыңы қазақстандықтар. 1710 қала типтес мекен, 70 мыңдай ауыл-селолар қирады.

1945 жылы 9 мамырда Кеңес қызыл армиясы Германияның астанасы Берлин қаласының төбесіне Жеңіс туын тікті.

 

Ұлы Отан соғысының басталуы (1941–1945 жж.)

1940 жылғы 18 желтоқсан – фашистік Германия басшылығы «Барбаросса» соғыс жоспарын жасады.

Мақсаты:

1. КСРО-ға қарсы соғыс ашу;

2. «Қауырт соғыс» идеясы бойынша соғысты 1941 жылдың күзінде аяқтау.

Бұл соғыс жоспары бойынша фашистер КСРО-ны:

1. Сансыз көп ұлттың жасанды және тұрақсыз бірлестігі;

2. Ішкі бірліктен жұрдай этникалық конгломерат ретінде қарастырды.

КСРО территориясын, бірнеше рейхкоммиссариатқа бөлуді көздеді:

1. Остланда-Беларусь пен Балтық жағалауы;

2. Украина;

3. Московия — Ресей жері;

4. Кавказ;

5. Еділ-Орал;

6. Гросс Түркістан (Үлкен Түркістан).

«Үлкен Түркістанға» енетін аймақтар: Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Шыңжан, Ауғанстанның солтүстігі.

Фашистік Германияның қуыршақ мемлекет құрудағы көздеген экономикалық және саяси мақсаттары:

1. Ұлы герман империясы үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын жасау;

2. Кеңес елін отарға айналдырып, халықтарын құлдыққа түсіру.

1941 жыл 22 маусым – фашистік Германия КСРО-ға тұтқиылдан соғыс ашты. Ұлы Отан соғысы басталды.

Еңбекшілер Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жазыла бастады. Республикада 2 миллионнан астам адам әскери даярлықтан өтті.

Соғыстың алғашқы кезеңінде 14-атқыштар және атты әскер дивизиясы, 6 бригада құрылып майданға жіберілді. Қазақстандық 36-жеке атқыштар бригадасы 30 дан астам ұлттан құрылды. Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қырғызстаннан шақырылған жігіттерден 316-атқыштар дивизиясы (командирі – генерал М. В. Панфилов) жасақталды.

Армия қатарына 1млн. 196164 (1 млн. 196.300) қазақстандық қосылып, әрбір бесінші адам майданға аттанды.

Еңбек армиясы құрылып, Қазақ КСР-нен 700мыңнан астам адам шақырылды. Соғыс жылдары 27 әскери оқу орны 16мың офицер даярлап шығарды. 1941–1945 жылдары әскери оқу орындарына 42мыңнан астам қазақстандық жіберілді.

Республика экономикасын майдан мүддесіне бағындыру (1941–1945 жж.)

Соғыстың алғашқы айларынан бастап, Қазақстандағы экономиканы соғыс мүддесіне бейімдеп қайта құру, материалдық және адам ресурстарын қайта бөлу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар неміс фашистері басып алған жерлерден кәсіпорындар көшіп келе бастады. 1941 жылдың екінші жартысында республикаға барлығы 142 кәсіпорын көшіріліп әкелінді. Тек Алматының өзінде 34 зауыттың, фабрика мен цехтың жабдықтары орналастырылды. Олардың ішінде Луганск паравоз жасау зауытының бір бөлігі, Харьков вагон жөндеу зауыты және басқалар бар. Сондай-ақ жеңіл және 14 тоқыма өнеркәсіп орнының жабдықтары келді. Украинадан әкелінген үш фабрика негізінде Семей аяқ киім фабрикасы құрылды.

Майдан шебінен көшіп келген кәсіпорындарды орналастыруға республикада 2300мың шаршы метр өндіріс аудандары босатылды.

Республикаға 1,1 млн. астам адам көшіріліп әкелінді. Қазақстан өнеркәсібінде 1940 жылы 158мың адам жұмыс істесе, 1945 жылы 255мың жұмысшыға дейін жетті. 1943 жылы қорғаныстық маңызы бар ондаған кәсіпорындар іске қосылды, бұрыннан істеп тұрған кәсіпорындар өнім өндіруді арттырды. Мәселен, сол жылы республикадағы қара металлургия өндірісінің тұңғышы Ақтөбе ферросплав зауыты іске қосылып, өнім шығара бастады. Ақтөбе химия комбинаты бор, фосфор қышқылдарын, сода шығаруды жолға қойды. Шымкент дәрі-дәрмек жасау зауыты шөптен дәрі жасауды игерді. Теміртауда Қарағанды металлургия комбинатын салу қолға алынды. Машина жасау зауыттары Алматыда, Шымкентте, Қарағандыда іске қосылды. Балқаш, Қарсақпай мыс қорыту зауыттары күшейді. Түсті металл шығару өсті. Тамақ өнеркәсібінің: Шымкентте жеміс-жидек консерві комбинаты, Алматы, Қарағандыда кондитер фабрикалары, Петропавлда темекі фабрикасы пайдалануға берілді.

1944 жылы Текелідегі қорғасын-мыс комбинатының бірінші кезегі, Өскемен мыс зауыты іске қосылды. Республикада қара металлургия, мұнай өңдеу өнеркәсібі қалыптасты. Ертісте халықтық құрылыс Өскемен ГЭС-і салынып бітті.

Соғыс жылдары Қарағанды көміршілері Сібір, Орал, Поволжье өнеркәсіп аудандарын жоғары сапалы кокстелген көмірмен жабдықтап тұрды. 19 жаңа шахта мен 3 көмір разрезі іске қосылды. Соғыстың соңғы үш жылында Қазақстан 2472,2мың тонна сапалы мұнай өндірді. Соғыс кезінде барлығы 460 зауыт, фабрика, кеніш, шахта және басқа өндірістер салынды.

Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның темір жол транспорты майдан мен тыл қажеттерін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарды. Темір жолдағы жұмыстың көбін әйелдер атқарды. Олар теміржолшылардың 35 пайызын қамтыды. Ақмола-Қарталы, Гурьев-Қандағаш, Орск-Қандағаш темір жолдары іске қосылды. Бұлардан басқа жергілікті маңызы бар Жамбыл-Шолақтау, Талдықорған-Текелі, Лепсі-Андреевка, Ағадыр-Ақтау, Састөбе-Кельтемашат темір жол желілері салынды. Жалпы теміржолдың ұзындығы 1940 жылғы 6 581 шақырымнан 8 200 шақырымға дейін өсті.

Қазақстандықтардың майданға аттануы және олардың қаһарман ерліктері (1941–1945 жж.)

Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған қазақстандықтардың ерлігі аз болған жоқ. Еліміздің басқа да халықтарының ұл-қыздарымен қатар біздің республиканың жастары да жаумен Балтық теңізінен Қара теңізге дейінгі майдан шептерінде ерлікпен шайқасты. Даңқты Брест қамалын қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ. Жұматов, Ш. Шолтаров, В. Лобанов, К. Әбдірахманов, К. Иманқұлов, Е. Качанов, В. Фурсов т. б. Жаумен жан аямай шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. Ұлы Отан соғысының алғашқы айларында қазақстандықтар Лиепая, Перемышль, Саарема аралы, Минск, Одесса, Бельцы, Шауляй, Севастополь және т. б. қалалар үшін шайқасты. Әсіресе 1941 жылғы қараша, желтоқсан айларында Мәскеу түбіндегі шайқаста қазақстандықтардың жауынгерлік даңқы шықты. Республикада жасақталған 316-атқыштар дивизиясына астанаға апаратын негізгі өзекті жолдардың бірі – Волокалам тас жолын қорғау тапсырылды. Мұнда майор Бауыржан Момышұлы басқарған 1073-ші атқыштар полкі жау шабуылына дивизияның басқа бөлімдерімен бірге ерлікпен тойтарыс берді. 316-дивизияның жоғары қаһармандық қабілетін қамтамасыз етуге оның командирі И. В. Панфилов зор еңбек сіңірді.

Дубосекова разъезі түбінде 28 панфиловшы жауынгерлер жаудың 50 танкісінің шабуылына қарсы тұрды. Саяси жетекші В. Г. Клочковтың жауынгерлерді ерлікке жігерлендіріп: «Ресей жері кең байтақ, бірақ шегінер жер жоқ, артымызда Мәскеу!» — деген сөздері бүкіл майданға тарап кетті. 28 жауынгер – орыстар, қазақтар, украиндар, қырғыздар – 4 сағат бойы өршелене жасалған жау танктерінің тынымсыз шабуылына ерлікпен тойтарыс берді. Олар қасық қаны қалғанша шайқасты. Бәрі дерлік қазақ тапты, бірақ жауды өткізбеді. Сондай-ақ Мәскеуді қорғау тарихына панфиловшылар дивизиясы бөлімдерінің саяси жетекшілері П. В. Вихров, М. Ғабдуллин, автоматшылар Т. Тоқтаров, Р. Аманкелдиев өздерінің ерліктерімен мәңгі өшпес із қалдырды. 316-дивизия жауынгерлерінің ерлігі мен қаһармандығы жоғары бағаланды. 1941 жылы 17 қарашада оған құрметті 8-ші Ұлан дивизиясы атағы берілді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1242. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Объект, субъект, предмет, цели и задачи управления персоналом Социальная система организации делится на две основные подсистемы: управляющую и управляемую...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия