Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Байланыс және телекоммуникациялар желілері





- Шалғайдағы әлсіз дамыған аудандарға кем дегенде, байланыс қызметінің ең төмен деңгейін беру (балаларға арналған аймақтық оқыту бағдарламаларын тарату).

- Болашақта әлемнің дамыған елдерінің инфрақұрылымдарымен бәсекелесуге қабілетті дербес және тиімді телекоммуникациялық қызмет көрсету жүйесін құру.

7. Демократиялық кәсіби мемлекет құру.

Қазақстан қоғамын басқарудағы негізгі міндеттер:

· Мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының осы заманғы тиімді жүйесін жасау.

· Басым мақсаттарды іске асыруға қабілетті үкімет құру.

· Ұлттық мүдделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін 7 негізгі стратегия ұстанымдары:

1. Ықшам әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Ведомствоаралық үйлестіру.

4. Министрлердің өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, есептілігін және олардың қызметіне стратегиялық бақылауды арттыру.

5. Орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес.

7. Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарылату жүйелерін жақсарту.

Қазақстан елінің 8 артықшылығы баса көрсетілді.

1. Тәуелсіз, егемен мемлекеттің негізі қаланды.

2. Ескі саяси және экономикалық жүйеден түбегейлі бөлектенді.

3. Қоғамдағы өзгерістер ықпалымен адамдар да түгел өзгерді.

4. Орасан зор байлық – табиғи ресурстар.

5. Жетекші фактор – адамдардың өзі, олардың ерік-жігері, күш қуаты, табандылығы, білім-білігі.

6. Ауыл шаруашылық жерлері.

7. Қоғамның саяси тұрақтылығы мен бірлігі.

8. Қазақстандықтардың байсалдылығы мен төзімділігі, кеңпейілділігі мен ақжарқындығы.

Қазақстанның сыртқы сипаттағы бірқатар мүмкіндіктері:

1. Еуразия аймағындағы жолдардың түйіскен торабында орналасқан географиялық жағдайы.

2. Шетелдік мемлекеттер мен донорлық ұйымдар тарапынан қолдау көрсетілуі.

3. Ауқымдану және ғылыми-техникалық прогресс прцесі.

Қазақстан қоғамы дамуындағы келеңсіз сипаттар:

1. Коммунистік ұстанымдар рухында тәрбиеленген адамдардың бірнеше ұрпақтары қалыптастырған – діл. Сондықтан бұқаралық сананы төзімділікпен жаңғырту қажет.

2. Өндіріс көлемдері төмендеуі әсерінен әлеуметтік ахуалдың төмендеуі.

3. Азаматтардың көпшілігінің табысы мен өмір сүру деңгейінің нашарлауы.

4. Ұлттық жинақтардың ұлғаюы мен капитал қорлануының баяулауы.

5. Кедейлік пен жұмыссыздық проблемалары.

6. Демографиялық өнімсіздіктің ұлғаюы.

7. Жете даярланбаған және нашар ұйымдастырылған мемлекеттік басқару.

8. Заңдардың жартыкештігі және тұрлаусыздығы.

2030 жылы Қазақстан жедел өркендеп келе жатқан үш аймақтың – Қытайдың. Ресейдің және Мұсылман әлемінің арасындағы экономика мен мәдениетті байланыстырушы буын рөлін атқаратын болады.

2030 жыл – Қазақстан күрделі жолдан ойдағыдай өткен және дамудың келесі кезеңіне нық қадаммен аяқ басқан ел болады.

Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық;

Соңғы жылдары Қазақстан жалпы алғанда барлық беделді және ықпалды халықаралық ұйымдарға кіру үрдісін аяқтады. Қазіргі кезде Қазақстанның халықаралық аренадағы, ең алдымен, халықаралық ұйымдар шеңберіндегі стратегиялық мүдделерін нақты жүзеге асыру аясына көшіру міндеті тұр.

Қазақстан және БҰҰ;.1992 жылғы 2 наурызда Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 46-сессиясында Қазақстан Республикасы өзінің мәні жөнінен аса маңызды тарихи құжат болған 46/224 қарарымен БҰҰ-ға мүшелікке бірауыздан қабылданды.

БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы күзде өткен 47-сессиясы Қазақстан делегациясының БҰҰ-ның толық мүшесі ретінде қатысқан бірінші форумы еді. Бұл сессияда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстанның халықаралық саясаты туралы келелі сөз сөйледі.

Қазақстанның БҰҰ шеңберінде ұсынған халықаралық негізгі бастамалары:

· Азиядағы Өзара ықпалдастық пен сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру;

· БҰҰ қамқорлығымен Орталық Азия бітімгершілік батальонын (ОртАзБат) құру;

· «бір қосу бір» формуласы бойынша БҰҰ-ның бітімгершілік күш-жігері қорын жасақтау: әрбір мемлекет оған қорғаныс бюджетінің 1%-ын аударады, жыл сайын өзінің аударымын 1%-ға көбейтеді;

· Орталық Азияда алдын алу дипломатиясы бойынша өңірлік орталық құру:

· Орталық Азия өңірі үшін экономикалық комиссия құру, бұл комиссия БҰҰ-ның Орталық Азия экономикалары үшін Арнаулы бағдарламасының негізіне алынды (СПЕКА).

· Арал және Семей экологиялық апат аймақтарын сауықтыру;

· Алматы қаласында 2003 жылы теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ елдер үшін БҰҰ-ның халықаралық министрліктер конференциясын өткізу.

БҰҰ-ға қатысу Қазақстан Республикасының егемендігі мен тәуелсіздігін нығайтуға жәрдемдеседі. Елдің қоғамдық өмірінің әлеуметтік-саяси, экономикалық және басқа салалардағы бұдан былайғы қайта өзгерістерді жүзеге асыру үшін қолайлы халықаралық жағдай жасайды.

БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннанның Қазақстанға 2002 жылғы 17–18 қазандағы ресми сапары Қазақстан Республикасы мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды белесіне айналды, ол Қазақстан мен БҰҰ арасындағы онжылдық ынтымақтастықтың нәтижелерін баянды етті, сондай-ақ өзара іс-қимыл үшін жаңа келешекті белгіледі.

БҰҰ-да Қазақстанның қарусыздану және ядролық қаруды таратпау режимін нығайту саласындағы белсенді рөлін, республиканың осы салада жасалған барлық халықаралық келісімдерге адалдығын жалпы жұртшылық таныды.

Қазақстанның БҰҰ-дағы ұстанымы, БҰҰ қарайтын мәселелердің барлық кешені бойынша елдің мүдделерін ескеру негізінде қалыптасады. Бұл орайда ұйыммен экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықтың ілгерішіл дамуы, адам құқықтарын сақтау саласындағы, лаңкестікке, ұйымдасқан қылмысқа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

БҰҰ шеңберінде әлемдік қауымдастықтың күш-жігерін Семей өңіріндегі жағдайды сауықтыруға жұмылдыру жөнінде айтарлықтай жұмыс тындырылды. Бірқатар жылдар ішінде БҰҰ Бас Ассамблеясының «Қазақстандағы Семей өңірінің халқын және экологиясы мен экономикалық дамуын сауықтыру мақсатында халықаралық ынтымақтастық және қызметті үйлестіру» қарарлары қабылданды, бұл қарарларға сәйкес Семей өңіріне көмек көрсетудің халықаралық бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Қазақстанның АТМЭӘК-пен (БҰҰ-ның Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссиясы) ынтымақтастығы жолға қойылды. Бұл қатынастар өзінің бастауын 1992 жылғы 31 маусымнан алады. АТМЭӘК Азия және Тынық мұхит елдерінің әлеуметтік-экономикалық дамуына, олардың бір-бірімен және үшінші елдермен ынтымақтастығына жәрдемдесуге тиіс. Көлік, транзит және СПЕКА бағдарламасын іске асыру ынтымақтастықтың түйінді салаларының бірі болып саналады.

АТМЭӘК-тың 2005 жылғы 16–18 мамырда Банкгок қаласында өткен 61-сессиясы өзара қатынастардағы маңызды оқиға болды, оның барысында Қазақстан өкілі – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қ. Тоқаев тұңғыш рет төрағалық етті.

Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығы Нью-Йорктегі осы ұйымның қабырғасында ғана емес, тіпті республика аумағында да жүзеге асырылуда. 1992 жылғы ақпаннан бастап Қазақстанда БҰҰ жүйесінің бірқатар арнаулы мекемелерінің, қорларының және бағдарламаларының өкілдіктері ашылып, белсенді жұмыс істеуде. Олардың қызметі Қазақстанға техникалық, кеңес беру және қаржы жөнінен мол көмек көрсетуге бағытталған.

1994 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Үкіметі мен БҰҰ;- ның Даму бағдарламасы (БҰҰДБ) арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды, онда бағдарламаның Қазақстандағы қызметінің басым бағыттары қамтылды.

Өзінің Қазақстандағы қызметі кезінде БҰҰДБ Қазақстан Республикасының Үкіметіне ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдары ерекше өткір туындаған түрлі әлеуметтік, экологиялық және өзге проблемаларды шешуде көрсетілген көмектің көлемі бойынша айтарлықтай қолдау көрсетті. Бұл БҰҰДБ-ның және БҰҰ жүйесінің басқа да мамандырылған мекемелерінің Семей мен Арал маңындағы зардап шеккен өңірлерді әлеуметтік-экономикалық сауықтыру жөніндегі, шалғайдағы елді мекендерді сумен жабдықтауға байланысты проблемаларды шешу, Қазақстанның қолайсыз аудандарында тұратын халықтың өсімталдық денсаулығы, ВИЧ/СПИД-ті және басқаларды қоса алғанда вирустық жұқпалы аурулардың таралуы жөніндегі үкіметаралық және донорлық жобаларды әзірлеп, жүзеге асыруға қатысуы жөнінде болып отыр.

Ұйымның даму саласындағы жетекші мекемесі ретіндегі БҰҰДБ БҰҰ-ның Қазақстандағы «командасын» басқарады, оның бүгінгі таңда 15 ұйымы бар, олар: БҰҰДБ (БҰҰ-ның Даму бағдарламасы), ЮНИСЕФ (БҰҰ-ның Балалар қоры), ЮНФПА (БҰҰ-ның Халық өсімі жөніндегі қоры), ЕҚБ (БҰҰ-ның Есірткі мен қылмыс жөніндегі басқармасы), БҰҰ БЖКБ (БҰҰ-ның босқындар істері жөніндегі жоғарғы комиссары басқармасы), БҰҰЕ (БҰҰ-ның Еріктілері), ЮНИФЕМ (БҰҰ-ның Әйелдерді дамыту қоры), ХЕҰ (Халықаралық еңбек ұйымы), ЮНЕСКО (БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы), ДДСҰ (Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы), ЮНИДО (БҰҰ-ның Өнеркәсіптік даму ұйымы), ДБ (Дүниежүзілік банк), ХВҚ (Халықаралық валюта қоры), БҰҰ/СПИД (БҰҰ-ның ВИЧ/СПИД жөніндегі бірлескен бағдарламасы) және ҚАДӨ (Қоғамдық ақпарат департаменті өкілдігі).

Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің БҰҰ-мен ынтымақтастығы 2005 жылғы жазда бекітілген БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасы (ЮНДАФ) шеңберінде жүзеге асырылады. Бұл бағдарламаның шеңберінде ынтымақтастықтың басым үш саласы айқындалған, атап айтқанда:

· кедейлерді қорғауға бағытталған саясатты әзірлеу;

· барша жанның өмір сапасын жақсарту;

· азаматтардың ұлттық дамуын демократиялық басқару әрі оларды кеңінен тарту үшін қолайлы жағдай жасау және қолдау.

ЮНИСЕФ-пен (БҰҰ-ның Балалар қоры) – Біріккен Ұлттар жүйесінің ұйымымен ынтымақтастықт та Қазақстан Республикасының БҰҰ шеңберіндегі өзара іс-қимылының маңызды салаларының бірі болып табылады, ол балалардың аман болуын, оларды қорғауды және олардың өсіп-жетілуін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді ұзақ мерзімді келешекте шешумен айналысады.

ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастық 1992 жылы ЮНИСЕФ-тің денсаулық сақтау саласындағы шұғыл көмек көрсетуі бойынша басталды. Қазақстан республикасының үкіметі мен БҰҰ-ның Балалар қоры арасында 1994 жылы 25 қарашада қол қойылған ынтымақтастық туралы негізгі келісім өзара қатынастардың негізі болып табылады.

Қазақстанның ЮНИСЕФ-пен ынтымақтастығы негізінен елдің бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қазіргі кезде қолданылып отырған 2005–2009 жылдарға арналған бағдарлама БҰҰ-ның дамуға көмек көрсету жөніндегі шектеулі бағдарламасына (ЮНДАФ) негізделеді.

Қазақстанның Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ) ынтымақтастығы ерекше маңызды болып табылады. 1992 жылға дейін Қазақстан ДДСҰ-мен тәуелсіз ынтымақтастықты жүзеге асырған жоқ, алайда республика ДДСҰ/ЮНИСЕФ-тің 1978 жылы Алматы қаласында болған алғашқы медициналық-санитарлық көмек жөніндегі конференциясының арқасында Дүниежүзілік денсаулық сақтау қоғамдастығында танымал болды және бүкіл дүние жүзінде денсаулық сақтауды дамытуға жаһандық ықпал етті.

1992 жылғы 19 тамызда Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына кіріп, осы ұйымға 180-мүше-мемлекет болды және ДДСҰ-ның еуропалық өңірі кірген 51-елге айналды.

Ынтымақтастықта балалардың денсаулығын сақтау, медициналық қызметкерлердің әлеуетін дамыту, ВИЧ/СПИД-пен, туберкелезбен күрес, сондай-ақ қоршаған ортаның халықтың денсаулығына ықпалы мәселелеріне зор көңіл бөлінеді.

2005 жылғы қаңтарда Женева қаласында болған ДДСҰ Атқару комитетінің 115-сессиясы барысында Леон Бернар қорының ұсынысы бойынша Атқару комитеті Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Т. Шармановқа қор сыйлығын табыс етті.

Ынтымақтастықтың басым салаларының бірі ретінде Қазақстан әйелдердің құқықтарын қорғауға және олардың қоғамдағы экономикалық және саяси жағдайын жақсартуға арнаған инновациялық бағдарламаларға қаржылық қолдау және техникалық көмек көрсететін ЮНИФЕМ-мен (БҰҰ-ның Әйелдерді дамыту қоры) өзара іс-қимылды қарастырады. БҰҰ жүйесі шеңберінде ЮНИФЕМ әйелдердің мүдделерін білдіреді және оларды ұлттық, өңірлік және жаһандық деңгейдегі барлық аса маңызды мәселелермен байланыстырады. Қор өзінің жұмысын ел деңгейінде үйлестіреді, гендерлік проблемаларды ел бағдарламаларының негізгі бағыттарына енгізу тұрғысынан үйлестіруші-резидент жүйесіне қолдау көрсетеді.

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен ынтымақтастығы ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан ЮНЕСКО-ға 1992 жылғы мамырда мүше болды. 1997 жылы республика ЮНЕСКО-ның Атқарушы кеңесінің мүшелігіне өтті. 1997 жылы Азия-Тынық мұхит өңірі елдерінен Атқарушы кеңес төрағасының орынбасары болып сайланды.

Қазақстанның ЮНЕСКО-мен белсенді ынтымақтастығына және әлемдік мәдени кеңістікке ықпалдасуына мән бере отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанынан Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО істері жөніндегі Ұлттық комиссиясы құрылды, ол осы халықаралық ұйыммен өзара қатынастардың басым бағыттарын айқындайды.

Қазақстан мен ЮНЕСКО арасындағы ынтымақтастық туралы Меморандум (1995жыл) және ЮНЕСКО-ның Алматыдағы өкілдігін ашу туралы Келісім шеңберінде Қазақстан мен ЮНЕСКО белсенді ынтымақтастық орнатты.

Ынтымақтастық жылдары екі жақты қатынастарды нығайтуға жәрдемдескен бірқатар маңызды сапарлар жасалды. Мәселен, 1995 жылы ЮНЕСКО-ның Бас директоры Федерико Майор Қазақстанға келді. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев 1995 жылғы қарашада ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы штаб-пәтерінде ресми сапармен болды. ЮНЕСКО-ның Бас директоры Коичиро Мацуура 1999 жылғы маусымда және 2001 жылғы тамызда Қазақстанға келді.

ЮНЕСКО құзіретінің барлық салалардағы ынтымақтастықты серпінді дамыту Ұйым бас директорының 2001 жылы ЮНЕСКО-ның Алматы қаласындағы өкілдігіне Орталық Азиядағы өңірлік өкілдік мәртебесін беру жөнінде шешім қабылдауына септігін тигізді. Өз кезегінде, Қазақстан ЮНЕСКО-ның Париж қаласындағы Қазақстан Республикасы Тұрақты Өкілдігінің мәртебесін дербес дипломатиялық миссия деңгейіне дейін көтерді.

БҰҰ-2002 Мәдени мұра жылы шеңберінде Қазақстанда мүдделі ұйымдар мен БАҚ-тың қатысуымен түрлі іс-шаралар жүргізілді. Қазақстан ЮНЕСКО-ның бейматериалдық мәдени мұраны қорғау туралы Халықаралық конвенцияны әзірлеу және қабылдау жөніндегі бастамасын қолдайды және Қазақстанның мәдени құндылықтарға меншік құқығын заңсыз әкелуге, әкетуге және беруге тыйым салуға және олардың алдын алуға бағытталған шаралар туралы Конвенцияға Қазақстан Республикасының қосылуы мәселесін пысықтауда.

2001 жылы ЮНЕСКО Қазақстан Республикасының Үкіметі ұсынған «мәдени және табиғи мұра нысандарының алдын ала тізбесін» бекітті. Онда 10 атау қамтылған. Олардың арасында ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мәдени және табиғи мұрасының тізіміне енгізіліп қойған Қожа Ахмет Йасауи кесенесінің құжат-номинациясы және Таңбалы археологиялық ландшафт петроглифтері бар. Аталмыш тізімге Қазақстанның Қорғалжын және Наурызым қорықтарында дала және өзеннің бірегей табиғи ландшафтын енгізу жөніндегі жұмыс жалғастырылуда.

Ежелгі Отырар қаласының орнын сақтау және қалпына келтіру жөніндегі ЮНЕСКО/Жапония және Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерделеу, консервациялау және таныстыру жөніндегі мұрасын келешек ұрпақтар үшін сақтауға және әлемдік қоғамдастыққа таныстыру тұрғысынан зор маңызы бар.

ЮНЕСКО-ның атаулы және мерекелік күндерінің күнтізбесіне кірген іс-шаралардың арасында мыналар бар: Абай Құнанбаевтың туғанына 150 жыл, Мұхтар Әуезовтің 100 жылдығы, Түркістан қаласының негізі қаланғанына 1500 жыл, Мұхаммед Хайдар Дулатидің 500 жылдығы, Сәбит Мұқанов пен Қаныш Сәтбаевтың туғанына 100 жыл толуы. 2002–2003 жылдары ЮНЕСКО-ның қатысуымен Тараз қаласының 2000 жылдығы, Махамбет Өтемісовтің 200 жылдығы және Ғабит Мүсіреповтің 100 жылдығы атап өтілді. 2003 жылы ЮНЕСКО күнтізбесіне 2004–2005 жылдарға арналып Әлкей Марғұланның туғанына 100 жыл толуы мен Әбілхан Қастеевтің туғанына 100 жыл толуы енгізілді. ЮНЕСКО-ның композитор Ахмет Жұбановтың және ғалым Ақжан Машанидің 100 жылдық мерейтойларын ЮНЕСКО-ның 2006–2007 жылдарға арналған естелік күндері мен оқиғалардың Күнтізбесіне енгізу туралы шешімі (33С/63 қарары) Қазақстанның әлемдік мәдениетке қосқан үлесін ресми түрде тану болды.

ЮНЕСКО-ның тарихи және мәдени мұраны таныстыруы үшін ең жаңа ақпараттық технология пайдаланылуда. Ұлттық кітапхана мен Орталық мемлекеттік мұражай жүзеге асыратын «HeritageNet» жобасы осы саладағы жемісті ынтымақтастықтың үлгісі болып табылады.

Білім берудің ұлттық жүйелерін жаңарту мен нығайтуға қолдау көрсету ЮНЕСКО-мен оқу-білім саласындағы ынтымақтастықта бұрынғысынша басым бағыт болып қала береді.

«Білім барша үшін» (ББҮ) бағдарламасы шеңберінде ынтымақтастықтың елеулі келешегі ашылып отыр, ол Қазақстандағы және Орталық Азиядағы білім берудің жалғасып келе жатқан реформаларын бағалауға мүмкіндік береді. 2003 жылғы сәуірде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі ББҮ бойынша Ұлттық іс-қимылдар жоспарын бекітті.

Мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен іс-қимылда ЮНЕСКО-ның «Арнайы мұқтаждығы бар балаларға базалық білім беруге жәрдемдесу» жобасы шеңберінде арнайы білім беру бағдарламаларын қолдау жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

ЮНЕСКО-мен ғылым саласында ынтымақтастық ғаламдық үш бағдарлама — «Адам және биосфера», «Халықаралық гидрологиялық бағдарлама» және «Халықаралық геологиялық арақатынастылық бағдарламасы» тұрғысынан жұмыс істейтін ұлттық үш ғылыми комитет желісі бойынша жүзеге асырылады. 2005 жылы Қазақстан ЮНЕСКО-ның Халықаралық мұхитты графикалау комиссиясына кірді. Бас конференцияның 33-сессиясы барысында Қазақстан 2005–2009 жылдардағы кезеңге арналған халықаралық гидрологиялық бағдарламаның Үкіметаралық кеңесіне және 2005–2007 жылдарға арналған Үкіметаралық биоэтика жөніндегі комитетке сайланды.

Қазақстан ЮНЕСКО-ның Орталық Азия өңірімен Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған бастамаларын толық қолдайды. Қазақстан мен ЮНЕСКО-ның ынтымақтастығы – өзара тиімді үрдіс, соның арқасында республика әлемнің XXI ғасырдағы жаһандық дамуына барған сайын таныла түсуге ықпал ететіндей үлес қосып келеді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1586. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Педагогическая структура процесса социализации Характеризуя социализацию как педагогический процессе, следует рассмотреть ее основные компоненты: цель, содержание, средства, функции субъекта и объекта...

Типовые ситуационные задачи. Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической   Задача 1. Больной К., 38 лет, шахтер по профессии, во время планового медицинского осмотра предъявил жалобы на появление одышки при значительной физической нагрузке. Из медицинской книжки установлено, что он страдает врожденным пороком сердца....

Типовые ситуационные задачи. Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт Задача 1.У больного А., 20 лет, с детства отмечается повышенное АД, уровень которого в настоящее время составляет 180-200/110-120 мм рт. ст. Влияние психоэмоциональных факторов отсутствует. Колебаний АД практически нет. Головной боли нет. Нормализовать...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Интуитивное мышление Мышление — это пси­хический процесс, обеспечивающий познание сущности предме­тов и явлений и самого субъекта...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия