Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан және Азия өңірлік құрылымдары.





Әлемде болып жатқан халықаралық экономиканың жаһандануы, сауда-экономикалық ықпалдастықтың кеңейтілуі және капиталдың, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, жұмыс күшінің, технологиялардың және ақпараттың бірыңғай нарығы қалыптасуының серпінді үрдістері Қазақстанның өңір аралық ынтымақтастықтың көп атқарымды құрылымының қызметіне белсенді және сындарлы түрде қатысуға ұмтылысын айқындайды.

1995 жылғы 12 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Ислам Конференциясы Ұйымына (ИКҰ) толық құқықты мүше ретінде кіруі елдің сыртқы саяси өміріндегі елеулі оқиға болды.

Қазақстан Республикасының БҰҰ мүшелерінің үштен бірін құрайтын бүкіл араб және түркі тілдес елдерді қоса алғанда, 57 мұсылман мемлекетін біріктіретін осы халықаралық ұйымға мүшелігін рәсімдеу Қазақстанның мұсылман қоғамдастығына ықпалдасуы мақсатын көздеді. Бұл орайда ИКҰ-ның саяси-экономикалық және қаржылық-инвестициялық әлеуеті ескерілді. ИКҰ Жарғысында баянды етілген мақсаттар мен міндеттер БҰҰ-ның және халықаралық құқықтың принциптеріне сай келеді. Ұйым теңгерімділігімен, ұстамдылығымен және өз саясатының бекемдігімен әлемдік қоғамдастық тарабынан өзіне құрметпен қарауға лайық.

Бұл ұйым мұсылман елдерінің қазіргі заманғы халықаралық қатынастар жүйесінде дербес күш ретінде орнығуы жөніндегі байсалды әрекетін паш етуде. Мұсылман әлемінің де, Батыс әлемінің де қоғамдық санасына мұсылмандық ынтымақтың принципі елеулі насихаттық нәтиже көрсетіп отыр. ИКҰ-ға қатысу көптеген мұсылман мемлекеттерінің өздерінің нақты экономикалық, ішкі саяси және сыртқы саяси міндеттерін шешуіне мүмкіндік береді.

Ислам әлемімен өзара белсенді іс-қимыл Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының басым бағыттарының бірі болып табылады. Өз тарабынан Ислам әлемі Қазақстанды мұсылман қоғамдастығының ажырағысыз бөлігі ретінде қарайды.

Қазақстанның ИКҰ жұмысына қатысуы және республиканың мұсылман қоғамдастығындағы оң беделі өз кезегінде Ислам әлемінің жетекші елдерімен: Түркиямен, Сауд Арабиясымен, Иранмен, Пәкістанмен, Малайзиямен, Индонезиямен, Египетпен, Парсы шығанағы елдерімен екі жақты қатынастарды одан әрі нығайту үшін алғышарт болып табылады.

ИКҰ-ға мүшелік Қазақстан Республикасының халықаралық өмірдің Таяу Шығыстағы жағдай, Ирак төңірегіндегі ахуал, Ауғанстанды жанжалдан кейінгі қалпына келтіру мәселелері, лаңкестікпен, экстремизммен және есірткі заттардың заңсыз айналымымен күрес сияқты түйінді мәселелер бойынша ұстанымын салғастыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның Ислам даму банкімен (ИДБ) ынтымақтастығы айтарлықтай артықшылық береді. ИДБ және араб қорлары желісі бойынша қаржылық көмек – мұсылман елдерінің республика экономикасына қосқан маңызды үлесі және шетелдік қаржылық көмектің неғұрлым елеулі буындарының бірі болып табылады.

Қазақстан дипломатиясының күш-жігері арқасында мынадай келісімдерге қол қойылды:

· Қарағанды – Астана автомобиль жолын 20 миллион АҚШ доллары көлемінде қайта құру жобасын банктің қаржыландыруы туралы келісім;

· Қазақстанның жеке меншік секторды дамыту жөніндегі Ислам корпорациясына кіруі туралы келісім. Бұл құжат республикада екінші қолдау үшін жеңілдікті несие алуға мүмкіндік береді.

Сауд даму қоры (СДҚ), Кувейт араб экономикалық даму қоры (КАЭДҚ) т. б. сияқты ИКҰ-ға мүше елдердің түрлі инвестициялық қорларымен ынтымақтастықты нығайту Қазақстанның ұлттық экономикаға инвестиция тарту жөніндегі қызметінің маңызды бағыттарының бірі болып табылады.

ИКҰ шеңберінде сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жұмыс Қазақстанның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитет (СОМСЕС), Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі тұрақты комитет (СОМSTECH), Ақпарат және мәдениет мәселелері жөніндегі тұрақты комитет (`COMIAC), Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Ислам ұйымы (ISESCO) сияқты ИКҰ-ның мамандандырылған құрылымдарына қатысуы арқылы жүргізілуде.

Қазақстанның ИКҰ-дағы қызметінің саяси қырларына қатысты ұйым шеңберіндегі белсенділіктің неғұрлым жоғары дәрежеге шығуы қажет екенін атап көрсеткен жөн, өз кезегінде республиканың ИКҰ форумдарында қабылданатын қарарлары бойынша өзіне міндеттемелер алуы мүмкіндіктерімен мұқият саралануға тиіс.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2000 жылғы қарашада Доха қаласында болған ИКҰ саммитінің жұмысына қатысуы маңызды сыртқы саяси оқиға ретінде қаралды.

2005 жылғы 7–8 желтоқсанда Мекке қаласында ИКҰ-ның 3-Төтенше саммиті болды, оның барысында «ИКҰ іс-қимылдарының 10 жылдық бағдарламасы» қабылданды. Бұл саммит Ислам әлемінің қазіргі заманғы талаптар мен қатерлерге қарсы тұру жөнінде бірлескен тиімді шешімдер қабылдауына жәрдемдесті.

Жалпы алғанда Қазақстанның ИКҰ-мен ынтымақтастығы жеткілікті дәрежеде ойдағыдай дамып келеді. Қазақстан соңғы жылдары ИКҰ-ның іс жүзінде барлық іс-шараларына, соның ішінде сыртқы істер министрлерінің, туризм министрлерінің саммиттеріне, конференцияларына, ИСЕСКО-ның ұлттық комиссияларының бас хатшыларының кеңестеріне, Ислам елдерінің жеке меншік секторлары өкілдерінің кеңестеріне өкіл болды.

Азия-Тынық мұхит экономикалық ынтымақтастығы (АТЭЫ) форум, Азия-Еуропа саммиті (АСЕМ), Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің қауымдастығы (АСЕАН), АСЕАН-ның қауіпсіздік жөніндегі өңірлік форумы (АӨФ) және басқалар сияқты өңірлік құрылымдардың қызметіне қосылу Қазақстанның сыртқы саяси қызметінің бүгінгі таңдағы басым бағыттарының бірі болып табылады, олар өзара тиімді экономикалық ынтымақтастыққа және өңірдегі қауіпсіздік проблемаларын шешуге нақты жәрдемдесіп отыр.

Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің Қауымдастығы қызметінің 1998 жылғы қарашада АСЕАН-ның 6-саммитінде қабылданған Ханой іс-қимылдар жоспарын іске асыру Қазақстанның мүдделеріне сай келеді.

Азиядағы өзара -іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті шақыру идеясының бастамашысы және ұйымдастырушысы ретінде әрекет ете отырып Қазақстан АСЕАН өңірлік форумымен қауіпсіздік жөніндегі байланыстарды жолға қоюға мүдделі. Бұл форумның негізгі мақсаты Азия-Тынық мұхит өңіріндегі әскери жанжалдарға жол бермеу және болжап білуге мүмкіндік тудыратын, сындарлы мемлекетаралық қатынастарды орнықтыру жөніндегі тетікті жасауда болып отыр. АӨФ-ті дамыту үрдісі үш кезеңнен тұрады, олар: сенім шараларын әзірлеп, ілгері жылжыту; алдын ала дипломатияның тетіктерін дамыту; жанжалдарды реттеу.

Экономикалық ынтымақтастық ұйымына (ЭЫҰ) мүшелік Қазақстанның сыртқы саясатының маңызды бағыты болып табылады, оның қатарына республика 1992 жылғы қарашада кірді.

Қазіргі кезде ұйымның құрамына Әзірбайжан, Ауғанстан, Иран, Қазақстан, Қырғызстан, Пәкістан, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия және Өзбекстан мүшелікке өтті.

ЭЫҰ өңірдің экономикалық дамуы үшін қолайлы жағдай жасау, мүше-елдердің ішкі реттеушілік экономикалық өзара іс-қимылды және дамудың түрлі қырлары бойынша өзара көмекті жолға қою жолымен шаруашылық қатынастардың әлемдік жүйесіне кіруі үшін қолайлы жағдай жасау мақсатын көздейді.

Қазақстан Республикасының өкілдері ЭҰЫ-ның түрлі деңгейлердегі іс-шараларына тұрақты түрде қатысып келеді. Көлік және коммуникация, сауда-экономикалық қатынастарды дамыту, энергетика Қазақстан Республикасының ЭҰЫ-мен ынтымақтастығындағы басым бағыттары болып табылады. Қазақстан өңірдің транзиттік-көлік мүмкіндіктерін дамытуға – өздерінің шикізат ресурстарын экспорттаудың басты құрамдас бөлігі ретінде бірінші дәрежелі мән береді.

1993 жылғы қазанда Алматы қаласында ЭЫҰ-ға мүше елдердің көлік және коммуникация министрлерінің 1-кеңесі барысында ЭЫҰ өңірінің көлік инфрақұрылымын дамытудың Алматы негізгі жоспары қабылданды, оны іске асырудың нәтижесінде өңір автомобиль жолдарымен және теміржолдармен, әуе желілерімен және осы заманғы телекоммуникацияларымен өзара байланыста болады.

1995 жылы Парсы шығанағы жағалауындағы Оңтүстік Иран порттарын елдің солтүстік бөлігімен бірыңғай теміржол торабы арқылы жалғастырған жол құрылысы аяқталды. 1997 жылы Мешхед-Серахс-Теджент учаскесіндегі Трансазия магистраль теміржолдары түйісті. Ол 700 километрлік Бафа-Бандар-Аббас теміржолымен жалғастырды. Соның нәтижесінде Қытайдың Шығыс жағалауындағы Ляньюньган теңіз порты теміржол арқылы Парсы шығанағындағы Иранның Бандар-Аббас портымен Үрімші, Алматы, Ташкент және Тегеран арқылы жалғасты, сөйтіп Қазақстанның, бір жағынан, Стамбұл арқылы Еуропаға шығуына жол ашты, екінші жағынан, жүктер тасымалдау мерзімін 25–30%-ға қысқартуды қамтамасыз етті.

1998 жылғы наурызда Ашхабад қаласында Көлік және коммуникация министрлерінің 2-кездесуі барысында көлік және коммуникация саласындағы 10 жылға арналған (1998–2007 жылдар) іс-қимылдар бағдарламасы қабылданды.

Өңірдің бірқатар мемлекеттерін байланыстыратын Ұлы Жібек жолы бойынша көлік магистралын дамыту үшін 1995 жылғы мамырда Серахс (Түрікменстан) – Серахс (Иран) шекаралық теміржол өткелінде жүк қозғалысы ашылды, бұдан кейін туристер мен кәсіпкерлерді тарту үшін Трансазия теміржол магистралы бойынша халықаралық жолаушылар қозғалысы да ашылды.

ЭЫҰ-ға мүше елдердің теміржол басшыларының 4-кеңесінде (1999 жылғы қазан, Лахор, Пәкістан) қабылданған Алматы-Ташкент-Түрікменабад-Тегеран-Стамбұл бағыты бойынша халықаралық жолаушылар қатынасын ашу жөніндегі іс-қимылдар жоспарына сәйкес 2002 жылғы 14 наурыздан 21 наурызға дейінгі кезеңде осы бағыт бойынша пойыздың алғашқы пилоттық (техникалық) сапары жүзеге асырылды.

Қазақстан аса ірі өңірлік жобаның еуропалық теміржол табанымен тартылатын Трансқазақстан теміржол құрылысының бастамашысы болып табылады, ол Қазақстан, Түрікменстан, Иран, Түркия аумағы арқылы және одан әрі Еуропаға өтеді.

Автомобиль көлігі саласындағы өңірлік ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қазақстан ЭЫҰ-ға мүше елдердің бәрімен халықаралық автомобиль жолаушылар тасымалы жөнінде екі жақты келісімдер жасасты.

Қазақстан сондай-ақ ЭЫҰ елдерімен ынтымақтастық шеңберінде әуе қатынасын дамыту жөнінде тиісті жұмыс жүргізуде. Республика ұйымға мүше елдердің бәрімен әуе қатынасы туралы мемлекетаралық келісімдер жасасты. Коммуникациялар саласындағы ынтымақтастық, атап айтқанда Трансазия-Еуропа оптикалық-талшықты кабельдік жүйе (ТАЕФОС) ерекше назар аударуға лайық.

ЭЫҰ-ның Сауда және даму банкін тезірек құру өңірлік сауданы ұлғайтудың маңызды элементі болуға тиіс, ол түрлі өңірлік жобаларды қаржыландыратын болады. Экономикалық зерттеулер және статистикалық орталығын құру да ЭЫҰ шеңберіндегі экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және ақпаратты жүйелі түрде әрі оралымды алмасуға жәрдемдесуге тиіс. Айтарлықтай мұнай және және газ қорлары бар Қазақстан үшін оларды халықаралық нарыққа тасымалдау, болашақ экспорттық құбыр желілерінің оңтайлы бағыттарын айқындау проблемасының зор маңызы бар.

Қазақстанның ЭЫҰ шеңберіндегі қызметі республиканың қазіргі заманғы ырықты нарықтық экономикаға жеткізетін жолмен ілгері жылжуына жәрдемдеседі. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасы ЭЫҰ шеңберінде мүше елдердің өзара іс-қимылын қарқындандыру тұрғысынан тұрақты әрекет етеді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 997. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Деятельность сестер милосердия общин Красного Креста ярко проявилась в период Тритоны – интервалы, в которых содержится три тона. К тритонам относятся увеличенная кварта (ув.4) и уменьшенная квинта (ум.5). Их можно построить на ступенях натурального и гармонического мажора и минора.  ...

Понятие о синдроме нарушения бронхиальной проходимости и его клинические проявления Синдром нарушения бронхиальной проходимости (бронхообструктивный синдром) – это патологическое состояние...

Опухоли яичников в детском и подростковом возрасте Опухоли яичников занимают первое место в структуре опухолей половой системы у девочек и встречаются в возрасте 10 – 16 лет и в период полового созревания...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия