Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азақстан және еуропалық ықпалдастық құрылымдары





Еуропалық Одақ, Еуропа Кеңесі, Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым, Солтүстік Атлантика Шарты Ұйымы, Қазақстан Республикасының еуропалық ықпалдастық институттарымен ынтымақтастығында неғұрлым маңызды орын алады.

Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ (ЕО) арасындағы дипломатиялық қатынастар 1993 жылғы 2 ақпанда орнады.

Еуропалық Одақпен қатынастардың көкейтестілігі оның аса ірі саяси-экономикалық бірлестік ретіндегі әлемдік аренада ойдағыдай дамуы тәжірибесімен айқындалады. Өңірде бірыңғай еуропалық экономикалық және валюталық кеңістік құру, Еуроодақты кеңейту, ЕО әзірлейтін әлемдік экономикада озық шепке шығу жөніндегі стратегия, қорғаныс пен қауіпсіздіктің ортақ жүйесін жасақтау, ықпалдасу мен жаһандану үрдістерінің құрамдас бөліктері болып табылады және Қазақстанның Еуроодақпен өзара толық ауқымды ықпалдастығының басымдығын айқындайды.

1997 жылы еуропалық энергетикалық хартия жөніндегі базистік шарт күшіне енді.

Еуропалық Одақ – тең құқықты және тәуелсіз мемлекеттер бірлестігі екенін ескере отырып, Қазақстан ынтымақтастықтың екі деңгейлі жүйесін құрады: жалпы алғанда одақпен және екі жақты қатынастар желісі бойынша ынтымақтастық.

Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық 1995 жылғы 23 қаңтарда Брюссельде қол қойылған және 1999 жылғы 1 шілдеде күшіне енгізілген Әріптестік және ынтымақтастық туралы келісім (ӘЫК) шеңберінде жүзеге асырылады. Келісім негізінде сауда, инвестиция, жалпы экономикалық қатынастар жөніндегі, сондай-ақ энергетика, көлік, экология және қаржы салаларындағы ынтымақтастық жөніндегі тиісті пікір алысуларды жолға қою мүмкін болды.

ЕО-ға 2004 жылғы 1 мамырдан бастап жаңадан 10 мүше-елдің (Венгрия, Кипр, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия, Словения, Чехия және Эстония) кіруін ескере отырып, 2004 жылғы 30 сәуірде Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен ЕО арасындағы Әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге тіркелген Хаттамаға қол қойылды, бұл Хаттама Келісімнің күшін кеңейтілген Еуроодақтың шарттарына қолдануға бейімдеді. 2005 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев осы Хаттаманы бекіту туралы Заңға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2005 жылғы 18 ақпандағы Жолдауында Еуропалық Одақ Қазақстанның стратегиялық әріптестерімен – Ресеймен, Америка Құрама Штаттарымен және Қытаймен бір қатарға тұңғыш рет қойылды.

Қазақстан ЕО-ның Орталық Азиядағы аса ірі сауда және инвестициялық әріптесі болып табылады. Еуроодақ елдерінің (ЕО-25) сауда айналымындағы үлесі Қазақстан Республикасының сыртқы саудадағы жалпы көлемінің орта есеппен 34–35% құрайды. Ынтымақтастық жылдары бойына ЕО Қазақстан экономикасына 10 млрд. АҚШ долларынан астам инвестиция құйды.

Қазақстанның өңірдегі старатегиялық рөлі республикада ЕО-ның қазақстандық қоғамды одан әрі демократияландыру және нарықтық экономика құру мәселелерін қозғайтын ТАСИС (ЕО тарабынан техникалық және кеңес беру көмегін көрсету) сияқты түрлі бағдарламаларын белсенді түрде іске асыруға жәрдемдеседі.

ТАСИС-тің 1993–2005 жылдардағы бағдарламасы бойынша түрлі салалардағы жобаларды жүзеге асыру үшін Қазақстан 200 миллионға жуық еуро көлемінде тегін көмек алды.

2007 жылы ТАСИС-ті неғұрлым қуатты және икемді «Дамуға және экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу құралы» (ДЭЫЖҚ) ауыстырды.

ЕО-мен Қазақстан Республикасының транзиттік-көлік әлеуетін: ТРАСЕКА («Еуропа-Кавказ-Азия» көлік дәлізі) және ИНОГЕЙТ (Орталық Азия өңірінен Еуропаға көмірсутекті шикізат тасымалдаудың қазіргі жүйесін әртараптандыру) іске асыруға бағытталған мемлекетаралық жобалар шеңберіндегі өзара іс-қимылының Қазақстан үшін стратегиялық маңызы бар.

Ынтымақтастықты жандандыру және Қазақстанмен, Орталық Азия өңірінің басқа да мемлекеттерімен көп ауқымды пікір алысуды күшейту мақсатында 2005 жылғы 28 шілдеде ЕО Кеңесі Орталық Азия елдері жөніндегі арнаулы өкіл лауазымын белгілеп, бұл лауазымға ЕҚЫҰ-ның бұрынғы хатшысы Ян Кубишті тағайындады.

Еуропа Кеңесі (ЕК) мен Еуропа Кеңесінің Парламенттік ассамблеясы (ЕКПА) Еуропа континентіндегі демократиялық қауіпсіздіктің түйінді институттарының бірі ретінде қаралады.

ЕКПА Еуропадағы демократиялық құндылықтарды дамыту үшін жауапты беделді еуропалық органдардың бірі болып табылатынын ескере отырып, демократиялық және азаматтық қоғам нормаларын сақтаушы мемлекет ретіндегі Қазақстанның беделін нығайту тұрғысынан онымен ынтымақтасу маңызды болып табылады. ТМД мемлекеттерінің ЕКПА-ға мүшелікке және онымен ынтымақтастыққа көңіл бөліп отырғаны (Ресей, Молдова, Украина, Грузия, Армения, Әзірбайжан) осы ұйымның жоғары саяси беделін айғақтайды.

Қазақстан Республикасы мен Еуропа кеңесінің ынтымақтастығы қазіргі кезде негізінен Қазақстан Республикасы Парламентінің ЕК Парламенттік ассамблеясымен (ЕКПА) өзара қатынастармен шектеліп отыр. Бұл қатынастар 2004 жылғы 28 сәуірде қол қойылған Ынтымақтастық туралы келісімге негізделген. Алайда Қазақстан парламентінің делегациясы ЕКПА-ның сессияларына 2003 жылдан бастап қатысып келеді.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 890. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Законы Генри, Дальтона, Сеченова. Применение этих законов при лечении кессонной болезни, лечении в барокамере и исследовании электролитного состава крови Закон Генри: Количество газа, растворенного при данной температуре в определенном объеме жидкости, при равновесии прямо пропорциональны давлению газа...

Ганглиоблокаторы. Классификация. Механизм действия. Фармакодинамика. Применение.Побочные эфффекты Никотинчувствительные холинорецепторы (н-холинорецепторы) в основном локализованы на постсинаптических мембранах в синапсах скелетной мускулатуры...

Шов первичный, первично отсроченный, вторичный (показания) В зависимости от времени и условий наложения выделяют швы: 1) первичные...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Общая и профессиональная культура педагога: сущность, специфика, взаимосвязь Педагогическая культура- часть общечеловеческих культуры, в которой запечатлил духовные и материальные ценности образования и воспитания, осуществляя образовательно-воспитательный процесс...

Устройство рабочих органов мясорубки Независимо от марки мясорубки и её технических характеристик, все они имеют принципиально одинаковые устройства...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.252 сек.) русская версия | украинская версия