Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес





Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті (АӨСШК) шақыру туралы идеяны тұңғыш рет Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев БҰҰ Бас Ассамблеясының 1992 жылғы қазанда болған 47-сессиясында ұсынды.

Қазақстан басшысы өзінің сөйлеген сөзінде бұл бастаманың мәні Азия өңірінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиімді де әмбебап құрылым құру жөніндегі бұрын сәтсіз аяқталған әрекетті жаңартуға ұмтылуда екенін атап көрсетті. Әлемнің басқа өңірлерінен өзгеше түрде Азиядағы мұндай құрылым әлі жасақталған жоқ еді.

1993 жылдан 1998 жылға дейінгі кезеңде Азия елдері сыртқы істер министрлері сарапшыларының кездесулері өткізілді. АӨСШК-нің базалық құжаттарының жобаларын — «АӨСШК рәсімінің ережелерін», «АӨСШК принциптерінің декларациясын», «АӨСШК құрылымдары мен институттарын» әзірлеу үшін Арнаулы жұмыс тобы (АЖТ) құрылды.

1999 жылғы қыркүйекте АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің Алматы қаласында өткен 1-кездесуі және оның барысында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің арасындағы қатынастарды реттейтін принцип декларациясына қол қою, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Азиядағы қауіпсіздік пен ынтымақтастықтың көп жақты тетігін құру жөніндегі бастамасын ұсынған сәттен бастап, Қазақстан дипломатиясының аса ірі жетістігіне айналды. Сөйтіп тұңғыш рет, өңірде тұрақтылықты қамтамасыз ету нақты іс-қимылдары, шаралары мен тетіктері бар азиялық қауіпсіздік жүйесінің заң жүзіндегі негізі қаланды.

2002 жылғы 3–5 маусымда Алматы қаласында АӨСШК-нің тұңғыш саммиті өткізілді, оған Қазақстан, Ресей, Қытай, Пәкістан, Түркия, Моңғолия, Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстан президенттері, Әзірбайжан мен Үндістанның премьер-министрлері, Иранның, Египеттің, Палестина мен Израильдің уәкілетті ресми тұлғалары, АҚШ, Индонезия, Малайзия, Жапония, Таиланд, Вьетнам, Украина және Корея Республикасы бақылаушы-мемлекеттерінің өкілдері, сондай-ақ ЕҚЫҰ, БҰҰ және АМЛ-ның (Араб мемлекеттері лигасы) бақылаушы-ұйымдарының басшылығы қатысты.

Саммит барысында Алматы актісіне, Лаңкестікті жою және өркениеттер арасындағы пікір алысуға жәрдемдесу туралы декларацияға қол қойылды.

2004 жылғы қазанда Алматы қаласында АӨСШК-ге мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрлерінің 2-кездесуі өтті. Таиланд Корольдігінің АӨСШК-ге мүше он жетінші мемлекет болып қабылдануы кездесу алдындағы елеулі оқиға болды.

Кездесуге қатысушылардың пікірі бойнша, АӨСШК-нің қабылданған Сенім шаралары каталогінің маңызына баға жетпейді. Азия өңірі тарихында тұрақтылық пен қауіпсіздіктің кең ауқымы бойынша мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығын көздейтін соншалықты ауқымды құжат тұңғыш рет дүниеге келді.

АӨСШК саммиті мен министрлер кездесуінің шешімдерін іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыру шеңберіндегі басты мақсаттар мыналар болып табылады:

1. АӨСШК Хатшылығы туралы келісім жобасын әзірлеу және Хатшылықты құру. 2004 жылдан бастап осы құжатты әзірлеу жөніндегі Арнаулы жұмыс тобының (АЖТ) ауқымында белсенді жұмыс жүргізілуде, ол Мәжіліс Хатшылығын құрудың және оның жұмыс істеуінің құқықтық негізін қалады.

2. Сенім шаралары кешенін іске асыру тетіктерін әзірлеу. Сенім шараларының мұндай кешені бүгінгі таңда соншалықты кең ауқымдағы аяда тек Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымның (ЕҚЫҰ) құжаттарында ғана, соның ішінде 1990 жылғы Вена құжатында баянды етілген.

2005 жылғы желтоқсанда Алматы қаласында құрылған АЖТ-ның алғашқы отырысы өтті, оның АӨСШК-нің Сенім шаралары каталогін жүзеге асыру тетіктерін әзірлеу тұрғысынан зор практикалық маңызы болды, оның ережелерін мүше-мемлекеттер еріктілік және өздері үшін қолайлы аядағы принциптер негізінде орындауға уағдаласты. «Төрағаның ой-тұжырымы» атты құжат барлық мүше-мемлекеттерге алдын ала жіберілді, онда Қазақстанның осы сенім шараларын алғашқы кезеңде іске асыру жөніндегі ұсыныстары көрсетілді. Қазақстан тарабы АЖТ-ға барлық мүшелердің арасында бұдан былайғы жұмыс үшін өзінше бір тұғырнама болған маңызды екі құжатты әзірлеудің пайдалылығы туралы келісімге қол жеткізе алды.

Біріншісі – Қазақстан Республикасының ұсыныстары негізінде әзірленген «АӨСШК-нің сенім шараларын іске асыру жөніндегі кооперативтік көзқарастар» («Кооперативтік көзқарастар»), ол тиісті бағыттар бойынша сенім шараларын айқын бөлісуді көздейді және онда оларды жүзеге асырудың іргелі тетігі баяндалған.

Екіншісі — «Мүше -мемлекеттердің АӨСШК-нің сенім шараларын экономикалық, экологиялық және гуманитарлық өлшемдерде және жаңа бой көтерулер мен қауіп-қатерлерге қарсы күрес саласында қолдануға әзірлеу жөніндегі ұсыныстары» («Ұсыныстар»), бұларда қатысушы-елдердің оларды іске асыру тетіктерін нақтылау тұрғысындағы егжей-тегжейлі ұсыныстары жинақталған.

Азия өңірінде, соның ішінде АСЕАН-ның (Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінің қауымдастығы) қауіпсіздік мәселелері жөніндегі Өңірлік форумы (АӨФ) шеңберінде сенім шараларын әзірлеуге тырысушылық орын алуда.

Қазіргі кезде АӨСШК-нің Әзірбайжан, Ауғанстан, Египет, Израиль, Үндістан, Иран, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Моңғолия, Пәкістан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Таиланд, Түркия, Өзбекстан мүше-мемлекеттері; Индонезия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Украина, АҚШ, Вьетнам бақылаушы-мемлекеттері болып табылады, ал БҰҰ, ЕҚЫҰ, АМЛ бақылаушы ұйымдарға жатады.

2006 жылғы 17 маусымдағы саммит барысында хатшылық туралы келісімге (Алматы немесе Астана қалаларында штаб-пәтері бар) қол қою Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңесті институттық тұрғыда нығайтуға қосылған елеулі үлес болды.

2008 жылғы 25 тамызда Алматы қаласында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес сыртқы істер министрлерінің үшінші кездесуі өтті. Ол тындырылған жұмыстың қорытындыларын шығарды және жаңа мүше елдер ретінде Иордания мен Біріккен Араб Әмірлігінің кіруін құттықтады, сондай-ақ «АӨСШК-нің сенім шараларын іске асырудағы прогресі» Декларациясын қабылдады.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 1232. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Характерные черты немецкой классической философии 1. Особое понимание роли философии в истории человечества, в развитии мировой культуры. Классические немецкие философы полагали, что философия призвана быть критической совестью культуры, «душой» культуры. 2. Исследовались не только человеческая...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.138 сек.) русская версия | украинская версия