Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Шанхай ынтымақтастық ұйымы – ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету факторларының бірі





Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан сыртқы істер министрлері орынбасарларының 1992 жылғы қыркүйекте Минск қаласында болған аталмыш елдердің Қытай Халық Республикасымен мемлекеттік шекаралары проблемасы жөніндегі кездесулері мен келіссөздерінің қорытындыларын әуелі «Шанхай бестігі», содан соң Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі мемлекеттер ынтымақтастығының бастау алуы деп есептеуге болады.

1996 жылғы 26 сәуірде Шанхай қаласында бес мемлекет басшылары Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында әскери саладағы сенім шараларын нығайту туралы тарихи келісімге қол қойылды (1998 жылғы 7 мамырда күшіне енді).

1997 жылғы 24 сәуірде елдердің басшылары Мәскеу қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы арасындағы шекара ауданында қарулы күштерді өзара қысқарту туралы келісімге қол қойды (1999 жылғы 6 тамызда күшіне енді).

Екі келісімнің қолданылу мерзімі – 2020 жылдың 31 желтоқсанына дейін және кейіннен бес жылға ұзартылады.

Шанхай және Мәскеу келісімдері Азия өңірінде тұңғыш рет қабылданған бірегей тарихи әскери-саяси құжаттар болып табылады.

1998 жылғы 3 шілдеде Алматы қаласында Қазақстан Республикасы, Қытай Халық Республикасы, Қырғызстан Республикасы, Ресей Федерациясы, Тәжікстан Республикасы мемлекеттері басшыларының кездесуі өтті, оған Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Е. М. Примаков қатысты. Сыртқы істер министрлері Алматы кездесуіне қатысушылардың Бірлескен мәлімдемесіне қол қойды. Құжат «Орталық Азияда және жалпы Азия құрлығында қауіпсіздікті қамтамасыз ету және ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарау үшін қажетіне қарай сыртқы істер министрлерінің сарапшылары, Үкімет басшылары мен мемлекеттер басшыларының деңгейінде кездесулер шақыру туралы» уағдаластықты баянды етті.

1999 жылғы 24–25 тамызда Бішкек қаласында «Шанхай бестігінің» саммиті өткізілді, онда Бішкек Декларациясына, сондай-ақ Бес ел арасындағы үш елдің мемлкеттік шекараларының түйісетін жерлері туралы келісімге қол қойылды.

Қабылданған уағдаластықтарды іске асру мақсатында Алматы қаласында (1998 жылғы 3 шілде) және Бішкек қаласында (1999 жылғы 25 тамыз), Қырғызстан астанасында 1999 жылғы 30 қараша-2 желтоқсанда бес мемлекеттің құқық қорғау органдары мен арнаулы қызметтері басшыларының кездесуі болды, ол халықаралық лаңкестікке, есірткілер мен қарудың контрабандасына, құпия көші-қонға қарсы күрестегі ынтымақтастық мәселелеріне арналды.

2004 жылы ШЫҰ Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым (ЛҚӨҚ) – ШЫҰ-ға мүше елдердің құзыретті органдарының лаңкестікке, сепаратизм мен экстремизмге қарсы күрестегі өзара іс-қимылын үйлестіріп, нығайтуға жәрдемдесу мақсатында тұрақты әрекет ететін орган құрылды.

ШЫҰ-ның 2002 жылғы 7 маусымда Санкт-Петербургте өткен саммитінде ШЫҰ ЛҚӨҚ туралы Хартия мен келісімге қол қойылды.

2003 жылғы 28 мамырдан 29 мамырға дейін Мәскеу қаласында өткен ШЫҰ-ның кезекті саммитінде ұйымды құжат жүзінде рәсімдеу аяқталды.

Мемлекеттердің басшылары ұйымның эмблемасы мен туын бекітті, сондай-ақ ШЫҰ-ның атқарушы хатшысы қызметі белгіленіп, оған Қытай өкілі – ҚХР-дың Мәскеу қаласындағы елшісі Чжан Дэгуан атқарушы болып тағайындалды.

ШЫҰ органдары:

· Мемлекеттер басшыларының кеңесі;

· Үкіметтер басшыларының (премьер-министрлер) кеңесі;

· Сыртқы істер министрлерінің кеңесі;

· Министрліктер және/немесе ведомстволар басшыларының кеңесі;

· Ұлттық үйлестірушілер кеңесі;

· Хатшылық;

· Лаңкестікке қарсы өңірлік құрылым (ЛҚӨҚ);

· ЛҚӨҚ кеңесі

Қазіргі кезеңде мемлекеттердің басшылары ШЫҰ-ның алдына екі бірдей міндет – қауіпсіздікті қамтамасыз ету және сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамыту міндеттерін қойды.







Дата добавления: 2015-09-06; просмотров: 2104. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Мелоксикам (Мовалис) Групповая принадлежность · Нестероидное противовоспалительное средство, преимущественно селективный обратимый ингибитор циклооксигеназы (ЦОГ-2)...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

ПРОФЕССИОНАЛЬНОЕ САМОВОСПИТАНИЕ И САМООБРАЗОВАНИЕ ПЕДАГОГА Воспитывать сегодня подрастающее поколение на со­временном уровне требований общества нельзя без по­стоянного обновления и обогащения своего профессио­нального педагогического потенциала...

Эффективность управления. Общие понятия о сущности и критериях эффективности. Эффективность управления – это экономическая категория, отражающая вклад управленческой деятельности в конечный результат работы организации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.009 сек.) русская версия | украинская версия