АСТАНА – 2012
ЛТТЫҚ ҚҰҚЫҚ ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (әділсот, адвокатура және кәсіпкерлік құқық)
Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus)
Пәннің атауы «Мемлекет және құқық теориясы»
Мамандықтар 5В030100 «Юриспруденция» (шифр, атауы) Оқу нысаны __ күндізгі ____________________
Пәннің коды _____________________________
Барлығы __3_ кредит
Курс ___ 1 __ Семестр ___ 2 ___
Дәріс ___ _30 __сағат Семинар ___15_ сағат
АБ саны __ 2 __
СОӨЖ __ 23_ __сағат
СӨЖ __ 67_ __сағат
Емтихан __ 2 _ сағат Еңбек көлемі 135 сағат АСТАНА – 2012
ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ (syllabus) «Мемлекет және құқық теориясы» пәнінің типтік оқу бағдарламасы негізінде дайындалды.
Пәннің оқу бағдарламасын (syllabus)мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры, з.ғ.д., У. Шапак дайындады.
Пәннің оқу бағдарламасы (syllabus)мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының мәжілісінде талқыланды.
«___» желтоқсан 2011ж. Хаттама № __
Кафедра меңгерушісі ______________________________А. Наурызбай (қолы, аты-жөні)
Ұлттық құқық жоғары мектебінің оқу әдістемелік кеңесінде мақұлданды.
«27» қаңтар 2012 ж. Хаттама № 5
Мазмұны
1. Оқытушы туралы мәліметтер: Шапақ У. Ш. – мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының профессоры м.а., заң ғылымдарының докторы. Кандидаттық диссертация тақырыбы – «1640 жылғы Монғол-Ойрат заңы» – Докторлық диссертация тақырыбы – «Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)» Унзила Шапақ 1996 жылы Е.А: Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетін үздік дипломмен тәмамдап, факультет Ғылыми кеңесінің шешімімен Мемелекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасына оқытушылық қызметке қалдырылған. 2001 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-нің Диссертациялық кеңесінде заң ғылымдарының проф. З.Ж: Кенжалиевтің жетекшілігімен «1640 жылғы Моңғол-Ойрат заңы» тақырыбында 12.00.01-құқық және мемлекет теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы мамандығы бойынша заң ғылымдарының кандидаты дәрежесін табысты қорғаған. 2001-2004 жылдар аралығында Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің заң факультетінің мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасында аға оқытушы, доцент міндетін атқарушы қызметтерін атқарған. 2004-2006 жылдар Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінің ұлттық және халықаралық құқық факультетінің Мемлекет және құқықы теориясы мен тарихы кафедрасы доцент қызметін атқарған. 2006-2008 жылдары 12.00.01-құқық және мемлекет теориясы мен тарихы; құқықтық және саяси ілімдер тарихы мамандығы бойынша ҚР БҒМ жолдамасымен университет докторонтурасында оқыды. Ғылыми кеңесшісі-з.ғ.д., профессор Кенжалиев З.Ж. 2008 жылдың қараша айынан бастап бүгінгі күнге дейін аталмыш университеттің Ұлттық құқық жоғары мектебінің Мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының меңгерушісі қызметін атқарады. 2010 жылы «Қалмақ хандығының мемлекеттік құрылысы және құқықтық жүйесі (1664-1771 ж.ж.)» тақырыбында заң ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін қорғаған. 60 жуық ғылыми мақаланың авторы. Ғылыми мақалалары Ресей Федерациясы, Моңғолия Республикасы, Қырғыз Республикасы және Болгария Республикасында, қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жарияланған. Мемлекет және құқық теориясы, Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы оқу құралдарының авторы. Мемлекет және құқық теориясы пәнінен жоғары оқу орындары студенттеріне және құқық теориясы бойынша магистранттарға арналған 10 типтік бағдарлама бойынша авторлық ұжым мүшесі. 2006 жылдан бері Қазақстан Республикасында қабылданған нормативтік-құқықтық актілерге ғылыми-құқықтық, жемқорлыққа қарсы сараптама жасаушы тәуелсіз сарапшы болып табылады. 2004 жылдан бері мемлекет және құқық теориясы пәні бойынша МАБ тапсырмаларының сарапшысы. 2011 жылдан бастап ҚР Әділет министрлігінің заң шығару институтының лингвистикалық орталығының сарапшысы. Молдашева Жазира Касымбекқызы – құқық магистрі, аға оқытушы 2009-2011 жылдары аралығында Қазақ Гуманитарлық Заң Университетінде магистратураға түсіп, мамандығы: «Конституциялық құқық және мемлекеттік басқару», магистрлық диссертацияның тақырыбы: «Қазақстан Республикасының саяси мемлекеттік қызметшілердің құқықтық жағдайы». 2007-2011 жылдар аралығында «Астана Медицина Университетінде» аға оқытушы қызметін атқарған. Қазақ гуманитарлық заң университеті, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасы. каб. № 226. Жұмыс телефоны – 70-30-26.
Курстың пререквизиттері: Аталған курсты меңгеру үшін алдын-ала орта жалпы білім беретін мектептерден алынуы тиісті құқықтық және тарихи білімдері болуы қажет. Қазақстан тарихы, шетелдердін мемлекет және құқық тарихы, қоғамтану, философия, әлеуметтану, саясаттану пәндерін оқып үйрену қажет.
3. Курстың постреквизиттері: Студенттер аталған пәнді оқып игергеннен кейін, саяси құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясының мәселелері, салыстырмалы құқықтану және өзге де салалық заң ғылымдарын оқып үйренген абзал.
4. Пәннің жалпы сипаттамасы: Мемлекет және құқық теориясы юридикалық ғылым және құқықтық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Оларға қарағанда, жалпы теориялық және әдістемелік функцияны орындай отырып, ол белгілі бағдарлық қызмет атқарады. Әдетте, оның мемлекеттік-құқықтық даму заңдлығы мен пән қарқынан ашатын сипаты әдістемелік жалпы заңдық пән, ол барлық мемлекеттік-құқықтық құбылыстарға қатысты бастапқы базалық білімдерді береді, соның ішінде салалық заңдық ғылымдармен де қолданылатын негізгі түсініктер мен категорияларды қалыптастырады, сондай-ақ құқық тиімділігіне және құқықтық реттеу механизмін жетілдіруге қатысты тұжырымдар мен ұсыныстар жасалынады. «Құқық теориясы» курсы студенттерге әлеуметтңк өмірдегі ерекше сала болып табылатын құқықтық болмыстың жалпы даму заңдылығын қарастырады. Қазіргі қоғам өміріндегі және саяси жүйедегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролі туралы, заңдылық, құқық шығармашылық пен құқық қолданушылық, құқықбұзушылық пен құқықтық жүріс тұрыс, адам құқықтары мен бостандықтары, тұлға мен мемлекет өзара қатынасы туралы қазіргі білім жүйесін беруге арналған. Мемлекет және құқық теориясы пәнінің құқық теориясы бөлімінде құқықтың болмысын құқық (статикалық күйінде) және құқықтық реттеу (динамикалық күйін), яғни құқық қоғдырғысына және құқықтық реттеу механизміне кіретін құқықтық құбылыстар қарастырылады. Сонымен, құқық теориясы бөлімі заң факультетінің бірінші курсында оқытудың мақсаты студенттерге мемлекет және құқық мәніне, қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу механизміне қатысты негізгі ережелерді, сондай-ақ барынша мәнді өзекті мәселелерді, мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы тұжырымдарды Қазақстан Республикасы ерекшелігін ескере отырып үйрету болып табылады. Құқық теориясы курсын оқып-үйрену барысында студенттер сонымен бірге құқық салалары бойынша білімдерді игереді, заң шығармашылықпен танысады, заңнаманың даму бағытын және Қазақстан Республикасындағы қолданыстағы құқық тиімділігін талдайды. Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет қалыптастырудың алғы шарттарымен танысады. Құқық теориясы оқу пәні ретінде белгілі бір мағынада мамандыққа кіріспе болып табылады, аталған курсты оқыту барысында қоғам өмірінің тиісті мемлекеттік-құқықтық құбылыстарына дәстүрлі де, жаңа да көзқарастар есепке алынады, мемлекеттік-құқықтық практика шығармашылықпен пайдаланылады. Мемлекет және құқық теориясын оқып үйренген соң студенттің меңгеретін білімі: · Құқық туралы жалпы теориялық білімдер жүйесін тұтас қарастыра отырып мемлекет және құқық теориясының өзара біртұтастығын негіздейді. · Көрсетілген білімдер жүйесі мемлекет және құқық теориясынан құқық теориясын бөліп қарастыруға боатынын және мемлекет теориясы бөлімінен дараланып бөлініп кетпейтінін жеке дара ғылыми бөлік құра алатынын дәйектей алуы керек. · Құқық болмысын, объективтік және субъективтік құқық, құқықтық норма, құқық шығармашылық, құқыққа сай мінез құлық, құқық бұзушылық, құқықтық сана, құқықтық мәдениет, заңдық дерек сияқты ұғымдардың мазмұнын білуі керек: · Мемлекеттік-құқықтық оқиғаларда дұрыс бағдар ұстана білу, оларға баға беру, заң нормаларын талқылау, құқықтық ұйғарымға сәйкестік (сәйкес емес) тұрғысынан адамдардың әрекеттері мен қимылдарын талдай білуі керек. · Келесі дағдыларды игеруі қажет: мемлекеттің кейбір нормативтік актілерінің жобаларын жағымды жақтары мен жетіспеушіліктерін көрсете отырып, соңғысын жою туралы ұсыныстарын енгізе отырып құру; студенттердің ғылыми конференциялары мен үйірмелеріне рефераттар мен баяндамалар әзірлеу; курстық және бітірушілік жұмыстар жазып, оларды оқытушылар мен комиссия алдында жария қорғай білу.
5. Пәннің мазмұны
Тақырыптық жоспар
|