Студопедия — Семинар сабағы бойынша қойылатын бағаның кестесі 6 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Семинар сабағы бойынша қойылатын бағаның кестесі 6 страница






Дәрістің мақсаты: арнайы формацияның меншік қатынастары қалыптастырған құқықтың мәндік мазмұнын айқындайтын ерекшеліктердің жиынтығын қарастыру.

Жоспары:

1. Құқықтың тарихи типтері.

2. Феодалдық типтегі құқық.

3. Буржуазиялық құқық.

4. Социалистік құқық.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық типін анықтау қазіргі кезеңде екі түрлі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші көзқарас бойынша құқық типі формациялық тұрғыдан анықталады. Оның басты өлшемі ретінде әлеуметтік-экономикалық белгілер алынады. Аталған көзқарас авторларының ойы бойынша базис (өндірістік қатынастардың типі) қоғам дамуының шешуші факторы болып табылады да, тиісінше қондырмалық құбылыстарды – мемлекет пен құқық типін анықтайды. Экономикалық базис типіне сай құл иеленуші, феодалдық, буржуазиялық және социалистік құқық типтері анықталған. Аталған көзқарастың ұтымды тұстарымен (құқықты әлеуметтік-экономикалық факторлардың негізінде бөлумен) қатар осал тұстары да бар. Ол құқықтың нақты тарихи, ұлттық-мәдени және арнаулы заңдық қасиеттерін ашып көрсетуге мүмкіндік бермейді.

Екінші көзқарас бойынша құқық нақты географиялық, ұлттық-тарихи, діни, арнаулы заңдық белгілеріне байланысты жіктеледі. Аталған өлшемдерге байланысты құқықтың мынандай типтері анықталған:

1. Ұлттық құқықтық жүйелер. Ол белгілі бір мемлекеттің нақты тарихи құқығының, заңдық тәжірибенің және үстем құқықтық идеологияның жиынтығы.

2. Құқықтық семьялар. Бұл қайнар көздердің, құқық құрылымының және оның қалыптасуының тарихи жолдары ұқсастығы негізінде ерекшеленген құқықтық жүйелердің жиынтығы. Құқықтық семьялардың мынандай түрлері танылған: жалпы құқық, романо-германдық құқық, славяндық құқық, мұсылмандық құқық, индустық құқық және тағы басқалар.

Бұл көзқарастың ұтымды жағы - онда құқықтың ұлттық-тарихи, нақты географиялық және техникалық-заңдық белгілері ажыратылған. Осал тұсы құқық табиғатындағы әлеуметтік-экономикалық факторлардың ролі толық бағаланбаған.

Қоғамның құқықтық жүйесі. Негізгі элементтері мен олардың сипаттамалары:заң ғылымы, құқықтық ұғымдар, заң техникасы. Заңды тәжірибе. Қазіргі кездегі құқықтық жүйелердің жіктелуі. Романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

 

Глоссарий (терминдер): құқықтық жүйе, заң техникасы, романо-германдық құқықтық жүйе, англо-саксондық құқықтық жүйе, дәстүрлі діни құқықтық жүйе.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

· Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

· Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

· Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

· Көпшілік және жеке құқық

· Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3. Рәсімдеу сапасы

4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

· Романо-германдық құқықтық жүйе

· Англо-саксондық құқықтық жүйе

· Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

· Мұсылмандық құқықтық жүйе

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

 

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

 

Дәріс № 14 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқық нормасы

 

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

 

Академиялық жыл 2011-2012 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: Қоғамдық қатынастарды реттеуге қолданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі ретіндегі құқықтық нормалардың маңызын анықтау.

Жоспары:

1. Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

2. Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

3. Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

Дәрістің қысқаша мазмұны: Әлеуметтік нормалардың маңызды түрі құқықтық нормалар. Құқықтық норма бұл мемлекетпен бекітілген, мақұлданған іс-әрекет тәртібі. Құқықтық норма - заңда және басқа қайнар көздерде мемлекет құқық обьектісінің заңды тыйым салынбаған әрекетін көрсететін өлшем ретінде саналатын жалпыға міндетті іс-әрекет тәртібі. Құқық нормаларына тән сипат жүйелік,формальды-айқындылық, жалпыға міндеттілік,әрекеттің көп мәрте қайталануы, адресаттардың белгісіздігі, мемлекеттің қамтамасыз етуі, белгілі бір құқықтар берумен қатар, міндеттер жүктеу.

Гипотеза, диспозиция, санкция әрекет тәртібі ретіндегі заңдық норманың құрылымдық элементтері. Гипотеза өмірлік жағдайларға сілтейтін солардың болуы арқасында оның диспозициясы жүзеге асатын заңдық норманың элементі.

Гипотезаның көмегімен анықталған, абстрактілі әрекет варианты нақты өмірлік жағдайларға, субьектілерге, уақытқа жеке бекітіледі. Диспозиция - құқықтық қатынастың қатысушылары орындауға тиісті әрекет тәртібіне сілтейтін заңдық норманың элементі.

Диспозиция заңдық норманың тұп тамыры - әрекет тәртібі. Диспозиция әрқашан да қүқықтық әрекеттің моделі. Осыған байланысты қылмыстық құқықтың кейде жалпы теоретикалық әдебиеттерінде гипотезаны диспозиция деп те атайды.

Заңдық норманың санкциясы оны логикалық аяқтайтын құрылымдық элементі. Құқықтық нормадағы санкцияның мазмұны заң әдебиетінде құқық бұзушы үшін пайда болатын мемлекеттік күштеу шаралары, жаза арқылы беріледі. Әрі осындай түсініктің шеңберінде санкцияның ұғымының әр түрлі бейнесі көрсетіледі.Санкция жинақтық түсінік:

а) онда ретроспективтік жауапкершілік шаралары;

б) ескертпелік әсер ету шаралары;

в) қорғау шаралары;

г) субьектінің әрекетінің нәтижесінде пайда болған жағымсыз салдар жинақталады. Олардың мәндік және біріктірушілік ерекшеліктерін жағымсыз салдарға көрсетеді (материалдық, ұйымдастырушылық немесе жеке сипаттағы айырулар), бұлар нормада тағайындалған әрекет тәртібін бұзған немесе оларды орындаудан қашатын субьектілерге қатысты пайда болады. Санкцияның түрлері: абсолютті айқын, біршама айқын және балама санкциялар.

Құқық нормаларының тағайындалуы мен реттеу мүмкіндігі туралы толық түсінік нормаларды әртүрлі негізде жіктеуге мүмкіндік береді. Осыған байланысты құқық нормалары мынадай түрлерге бөлінеді:

1. реттеуші;

2. қорғаушы.

Әрбір норма адамның еркіне, санасына ықпал етеді, оның іс-әрекетін реттейді. Сондықтан реттеуші нормалар құқық тағайындаушы, онда қоғамдық қатынастарға қатысушыларға берілетін құқықтар мен міндеттерді жүктейтін нұсқаулар бар. Осыған байланысты олардың әрекеті тікелей реттеледі.

Қорғаушы нормалар құқықтық жауапкершілікті және басқа субъективті құқықтарды қорғайтын күштеу шараларын белгілейді. Бұл жерде адамдардың әрекетін реттеу жанама түрде асырылады. Құқық нормаларын қолданудың теориясы мен тәжірибесі үшін құқық нормалары мен олардың элементтерінің келесі жіктелуі неғұрлым маңызды.

а)реттеу пәніне байланысты;

б)қолдану аймағына байланысты;

в)бағыныштылығына байланысты;

г)құқық субьектілерінің әрекетіне әсер ету әдістеріне;

д)нұсқау үлгілеріне байланысты;

е)әрекет етуінің шегіне байланысты;

ж)құрылуына байланысты.

Құқық нормалары құқықтық реттеу пәніне байланысты конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілік, экологиялық және т.б. болып бөлінеді.

Қолдану аймағына байланысты нормалар жалпы, арнаулы және төтенше болып бөлінеді. Құқық нормалары нормада қалыптасқан тәртіпке байланысты міндеттеуші, өкілдік беруші, тыйым салушы және көтермелеуші нормалар деп бөлінеді. Құқық нормалары заң нормалары және заңға бағынышты акт нормалары деп бөлінеді. Нұсқау үлгілеріне байланысты құқықтық нормалар императивті, ұсынымдық, диспозитивтік болуы мүмкін..

Әрекет ету шегіне байланысты нормалар кеңістіктегі әрекетке байланысты жалпы және жергілікті, уақыт аралығындағы әрекетіне байланысты мерзімді және мерзімсіз, субьектілеріне байланысты жалпы, арнаулы, төтенше деп бөлінеді. Құқық нормаларының құрылысы бойынша реттеуші, дефинитивті, декларативті, өзге де нормалардың әрекетін реттейтін нормалар деп бөлуге болады.

Құқық нормасы мен нормативті-құқықтық акт бабы бір-біріне дәлме-дәл сәйкес келетін құбылыстар емес. Құқық нормасы гипотеза, диспозиция мен санкциядан тұратын әрекет тәртібі. Заң актісінің бабы мемлекеттік еріктің көрініс табу нысаны, құқық нормасының жүзеге асырылу құралы. Құқық нормасы мазмұнды құраса, заң бабы оның нысаны болып табылады.

Құқық нормасы мен нормативті акт бабының арақатынасы төмендегідей түрде болуы мүмкін:

- әрекет тәртібін мазмұндай отырып, заң шығарушы құқық нормасының барлық үш элементін нормативті актінің бір бабына енгізуі мүмкін. Яғни, бір заң бабында бір құқық нормасы беріледі;

- нормативті актінің бір бабына бірнеше құқық нормасын енгізуі де мүмкін;

- құқық нормасының элементтерін сол нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін;

- құқық нормасының элементтерін бірнеше нормативті актінің бірнеше баптарында беруі мүмкін.

Мазмұндалу тәсілдеріне байланысты құқық нормасы мен заң бабының үш түрлі арақатынасы танылған:

1) тікелей жазылу тәсілі; онда құқық нормасы нормативті акт бабында тікелей және нақты мазмұндалады;

2) сілтемелі жазылу тәсілі; бұнда құқық нормасының белгілі бір бөлігі осы нормативті актінің басқа бабына сілтейді;

3) бланкеттік жазылу тәсілі; онда норманың белгілі бір бөлігі өзге нормативті актіге немесе актілерге сілтенеді.

Глоссарий (терминдер): құқықтық нормалар, диспозиция, гипотеза, санкция, нормативтік актілер, субьективтік құқық.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

· Құқық жүйесі ұғымы және оның мәні

· Құқық жүйесін қалыптастыруға дәстүрлі көзқарас (құқықтық реттеу пәні мен әдісі құқықты салаларға жіктеудің негізі ретінде)

· Құқық саласы, құқық бөлімі, құқықтық институт ұғымдары

· Көпшілік және жеке құқық

· Қазақстан Республикасы құқық салаларына жалпы шолу

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1. Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2. Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3. Рәсімдеу сапасы

4. Сауатты талқылау

СОӨЖ тапсырмасы: Мына еңбекті конспектілеу: Избасов Л. Ценностный подход к правопониманию // Правовая реформа в Казахстане. 1999.№4.

Тақырып көлемінде лекцияда қарастырылған сұрақтар бойынша түсініксіз мәселелерді талдау

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. 1. Деготь В. А. Классификация норм советского социалистического права по их структуре. Саратов, 1989.

2. Искаков А. Административно-правовые нормы и их особенности //Известия Министерства образования и науки РК, Национальной Академии наук РК. 1999. №4

3. Кулапов В. Л. Рекомендательные нормы советского права. Саратов, 1987.

4. Рыбушкин Н. Н. Запрещающие нормы в советском праве. Казань, 1990.

5. Чернобель Г. Т. Структура норм права и механизм их действия //Правоведение. 1983. № 6.

6. Чернобель Г. Т. Формализация норм права //Советское государство и право. 1979. № 4.

7. Эффективность правовых норм. М., 1980

8. Черняков А. Системный анализ: правовые нормы и действующее законодательство.// Правовая Казахстане.1999.№4.

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқықтың мәні. Құқықтың қайнар көздері.» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқықтық норманың түсінігі мен маңызы.

Құқықтық норманың құрылымы, жүйелері және түрлері.

Құқық нормасы және нормативтік акт бабы арақатынасы.

 

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

 

Дәріс № 15 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Қ ұқықтың қайнар көздері

 

 

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

 

Академиялық жыл 2011-2012 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты: Құқық нысанының негізгі түрлерін қарастыру.

Жоспары:

1. Құқық негіздерінің түсінігі.

2. Құқық нысанынының мазмұны.

3. Құқықтық әдет-ғұрып.

4. Прецеденттік құқық нысаны.

5. Құқықтық доктрина.

6. Нормативтік-құқықтық акт.

 

Дәрістің қысқаша мазмұны: Құқық теориясында осы мәселеге қатысты дау әлі де болса дамылдамай отыр. Даудың басы кейбір ғалымдардың нормативті актілер, әдет-ғұрыптар мен прецеденттерді құқық нысаны деп тануы мен екіншілерінің аталған құбылыстарды құқықтың қайнар көзіне жатқызуында десек жаңылмаймыз. Құбылысқа әртүрлі анықтама беру оның мәнінің сан қырлылығын білдіреді дей отырып, аталған екі көзқарасты да қолдауға болатындығын ескеру керек. Аталған қос түсінікті де қолдануға болады, дегенмен де алдымен олардың әрқайсысының жеке мазмұнын анықтау маңызды.

Құқық түп нұсқасы ретінде құқықтың пайда болуы мен әрекет етуін мүмкін ететін факторларды айтады. Бұндай факторларға мемлекеттің құқықшығармашылық әрекеті, халық еркі және қоғам өмірінің материалдық жағдайлары жатқызылады. Құқық қайнар көзі құқықты тану барысында да қолданылатын термин. Бұл жағдайда оның мазмұнын құқықтың тарихи ескерткіштері (Ману заңдары, Орыс правдасы, Жеті Жарғы), археология мәліметтері, қолданыстағы құқық актілері, заңдық тәжірибе, келісім-шарттар, құқықтанушылардың еңбектері құрайды. Құқық қайнар көзінің бұдан да тар ауқымда қолданылатын түсінігі бар. Ол тәжірибеде нақты істі шешу барысында қолданылатын құжат. Бұнда мемлекеттік еріктің сомдалуын білдіретін құқықтың сыртқы нысаны көрініс табады.

Құқық нысаны – жалпыға бірдей міндетті, заңды маңызы бар, қоғамда орын алған құқық нормаларын ұйымдастыру тәсілі. Құқық нысаны мынандай ерешеліктерімен айшықталады:

- азаматтардың нормативті бекітілген еркін бейнелейді, әлеуметтік-экономикалық базиспен негізделеді;

- халықтың саяси билігін бекітеді және қамтамасыз етеді, оның мүддесіне қызмет етеді;

Құқық нысанының негізгі 4 түрі танылған: прецедент, әлет-ғұрыптық құқық, нормативті акт, нормативті келісім.

Прецедент - құзіретті мемлекеттік органның белгілі бір мәселе бойынша қабылдаған шешімінің осыған ұқсас өзге істерді қарағанда міндетті түрде қолданылуы. Прецедент әкімшілік және сот прецеденттері болып екі топқа бөлінеді. Англо-саксондық құқық жүйесінде қолданылады.

Әдет-ғұрып құқығы тарихи қалыптасқан ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әдет-ғұрып, салт-дәстүр нормаларына мемлекеттік мәжбүр ету күші тағайындалатын құқық нысанының бір түрі. Қазіргі кезеңде көбінесе діни-ғұрыптық құқықтық жүйелерде (мұсылман құқығы, иудаистік және индустық құқықтарда) танылған. Қазіргі Қазақстанда дүниежүзілік нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес азаматтық және банк құқығы салаларында істік айналым әдет-ғұрыптары қолданысқа енуде.

Нормативті құқықтық акт – құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі. Үлкен екі топқа жіктеледі: заңдар және заңға бағынышты актілер.

Заң - мемлекеттің жоғарғы өкілді органы немесе тікелей халықтық дауыс беру (референдум) арқылы қабылданған, қоғамдық өмірдің маңызды мәселелерін реттейтін және жоғарғы заңдық күші болатын нормативті құқықтық акт. Оның белгілері.

- заң шығару билігі органдарымен немесе тікелей халықтың дауыс беруімен қабылданады;

- дайындау және қабылдау тәртібі Конституция мен парламент регламентімен анықталады;

- халықтың еркі мен мүддесін көздеуі қажет;

- барынша маңызды қоғамдық қатынастарды реттейді;

- жоғарғы заңдық күші болады.

Ол мынадан көрінеді: 1)өзге құқықтық актілердің барлығы заңнан бастау алуға және оған қарсы келмеуге тиісті, егер белгілі бір қайшылықтар болатын болса, заң үстемдігі танылады; 2)заңдар оны қабылдаған органнан басқа ешкімнің бекітуін қажет етпейді; 3)заңды қабылдаған органнан басқа ешкім оны қайтарып алуға немесе өзгертуге хақысыз.

Заңның өзі заңдық күшіне байланысты бөлінеді: конституциялық заңдар, заңдар. Конституциялық заңдар қоғамдық және мемлекеттік құрылымның аса маңызды мәселелерін реттейді және парламенттің басым көпшілік (депутаттардың 2/3 бөлігінің) даусымен қабылданады.







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 814. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Классификация ИС по признаку структурированности задач Так как основное назначение ИС – автоматизировать информационные процессы для решения определенных задач, то одна из основных классификаций – это классификация ИС по степени структурированности задач...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.013 сек.) русская версия | украинская версия