Студопедия — Семинар сабағы бойынша қойылатын бағаның кестесі 7 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Семинар сабағы бойынша қойылатын бағаның кестесі 7 страница






Заңға бағынышты акт дегеніміз заң негізінде және заңға сүйене отырып қабылданатын, қоғамдық қатынастардың заңмен реттелмеген бөлігін қамтитын, міндеттілік күш болатын нормативті-құқықтық актінің бір түрі. Оның түрлері:

- Президенттің жарлықтары мен өкімдері;

- Үкіметтің қаулысы, Премьер-Министрдің өкімі;

- Министрліктер, ведомстволар мен мемлекеттік комитеттердің нормативті бұйрық, нұсқау, ережелері;

- Мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қаулылары мен шешімдері;

- жергілікті өзін-өзі басқару органдарының шешім, өкім, қаулылары.

Нормативті келісім – субъектілердің өзара мүддесін есепке алуды мүмкін ететін құқықтық қатынастар жүйесін жасайтын, әрі азаматтық қоғамның дұрыс өмір сүруін қамтамасыз ететін, оның субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін анықтайтын құқық нысаны. Нормативті келісім - құқықшығармашылық субъектілерінің жаңа құқық нормасын қалыптастыратын келісімі. Нормативті актілермен қатар қолданылуы мүмкін.

Нормативті актілер әрекеті кеңістік, уақыт және адамдар арасында таралады. Нормативті актілердің кеңістіктегі әрекеті территория ұғымымен анықталады. Нормативті актінің қабылдаған органның құзіреті қандай аумақта міндетті болса, актілер сол аумақта орындалады. Қазақстан Республикасының аумағына оның құрғақтағы аумағы, ішкі және территориялық сулар, әуе кеңістігі, жер қойнауы жатады. Сондай-ақ, шет елдердегі дипломатиялық өкілдіктердің аумағы, ашық теңіздегі сауда кемелері мен әскери кеме, әуе кемесінің іші мемлекет аумағы ұғымына кіреді. Сондықтан, аталған жерлерде Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге заңға бағынышты актілерінің юрисдикциясы жүреді.

Нормативті актілердің уақыт аралығындағы әрекеті оның заңдық күшіне енуі және заңдық күшінен айырылуы түсініктерімен беріледі. Заңның уақыт аралығындағы әрекеті үш түрлі қағидаға сәйкес жүреді.

1.Заңның тікелей әрекеті. Қазақстан Республикасының заңдары қабылдағаннан кейін заңмен немесе Парламент палаталарының қаулыларымен өзге тәртіп анықталмаса, 10 күн мерзім ішінде заңдық күшіне енеді де содан кейін пайда болған қоғамдық қатынастарды реттейді.

2.Заңның кері күші. Заңның кері әрекеті немесе кері күші деп заңның заңдық күшіне енгеннен кейін де, соған дейін де пайда болған қоғамдық қатынастарды реттеуін айтамыз. Жалпы қағида бойынша заңның кері күшін қолдануға болмайды. Заңға кері күш беру екі түрлі жағдайда мүмкін деп саналады. Біріншісі, егер заңның өзінде кері күші болу мүмкіндігі туралы тікелей айтылатын болса, екіншіден, егер заң қылмыстық жауапкершілікті жеңілдететін немесе тіпті жоятын болса заңның кері күші танылады.

3.Заңның мерзімінен аса әрекет етуі. Кейбір жағдайларда заңдық күші жойылған заң актілері жаңа заң қабылданғанға дейін толықтай немесе белгілі бір бөлігінде қолданылуы мүмкін. Ол көбінесе азаматтық-құқықтық қатынастар аймағында қолданылады. Бірақ жалпы тәртіп бойынша бұндай заң әрекетіне де жол беруге болмайды.

Сонымен, нормативті актілер мынандай жағдайларда заңдық күшінен айырылады:

-актінің әрекет ету мерзімі аяқталғанда;

-бұрынғы әрекет еткен актінің орнына жаңа акт қабылданғанда;

-нақты органның актінің күшін жою туралы шешімі шыққанда.

Нормативті құқықтық актінің адамдар арасындағы әрекеті жоғарыда айтылған мәселелермен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының заңдары оның аумағындағы барлық мемлекеттік органдарға, кәсіпорын, мекеме, ұйымдарға, ҚР азаматтарына, осы аумақта тұрақты немесе уақытша тұратын шет ел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға міндетті. Дегенмен де аталған қағидадан ауытқу кездеседі. Арнаулы актілерге байланысты мемлекет басшыларының экстерриториялық құқығы болады. Олар қай мемлекеттің аумағында болса да, тек өз елдерінің заңдарына бағынады. Депутаттардың, дипломатиялық өкілдіктердің арнаулы қызметкерлерінің иммунитеті танылған. Сондай-ақ, шет ел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың саяси құқықтары шектелген.

Глоссарий (терминдер): құқық нысаны, құқық актілері, әдет-ғұрып, нормативті келісім.

№1 СӨЖ тапсырмасы: Келесі сұрақтарға өздігінен жауап жазу:

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

1 Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

2 Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

3 Рәсімдеу сапасы

4 Сауатты талқылау

 

СОӨЖ тапсырмасы: Мына тақырыптардың біреуіне реферат жазу:

· Романо-германдық құқықтық жүйе

· Англо-саксондық құқықтық жүйе

· Дәстүрлі діни құқықтық жүйелер

· Мұсылмандық құқықтық жүйе

 

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

Негізгі әдебиеттер:

1. Т.Ағдарбеков.Құқық және мемлекет теориясы. Қарағанды,2002 ж.

2.А.Қ Мұхтарова. Қ.Д Жоламан. А.Н Тәукелев. Мемлекет және құқық теориясы.А.1999ж.

3. С.Өзбекұлы. Қопабаев Ө. Мемлекет және құқық теориясы. А. 2006ж.

4. Коваленко А.И. Теория государства и права. Вопросы и ответы. Москва,1997.

5.Комаров С.А. Общая теория государства и права. Москва,1998.

6.Лазарев В.В. Общая теория права и государства. Москва, 1996.

7.Лазарев В.В., Липень С.В. Теория государства и права. Москва, 1998.

8.Малько А.В. Теория государства и права в вопросах и ответах. Москва, 1997.

Қосымша әдебиеттер:

1. Аюпова З. Вопросы соотношения правовой системы и нац.законодательства. Прав.реф.в Казахстане. № 4. 2001 г.

2. Аюпова З. Место и роль Закона РК «О нормативно-правовых актах» в формирующейся правовой системе РК. Право и государство. № 4. 2001 г.

3. Аюпова З. Определение категории правовой системы. Мысль. № 11. 2001 г.

4. Аюпова З.К. Правовая система – основа концепции современного демократического правового государства. Саясат, 2000, № 2-3, с.98-101

5. Альмухамбетов Ж. О проблеме общего и особенного в правовой системе Казахстана. Фемида. № 12. 2000 г.

6. Карбеков Б.З. К вопросу о понятии категории «правовая система». Саясат. №2. 2002 г.

7. Пузанов О. Об особенностях правовой системы РК (Наука Казахстана, 2000, № 3)

 

 

Семинарлық сабаққа бақылау сұрақтары:

«Құқық жүйесі және заңнама жуйесі» тақырыбына талқылау жасау. Талқылау келесі сұрақтар бойынша жүргізіледі: Құқық жүйесі мен құрылымы, олардың мазмұны. Заңнама жүйесі.

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

 

Дәріс № 16 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық реттеу механизмі

 

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

 

Академиялық жыл 2011-2012 Курс 1 Семестр 2

 

Құқықтық реттеу механизмі дегеніміз құқықтық құралдардың тұтас жүйесінің көмегімен қоғамдық қатынастарға нәтижелі ықпал етуін қамтамасыз етілуі.

Құқықтық реттеу механизмі құқықтық реттеу ұғымынан туындайды. Сонымен құқықтың жалпы теориясындағы құқықтық реттеу механизмі рөлін және маңызын анықтаудан бастау алады. Құқықтық реттеу механизмі құқықтық болмыстағы – нормалар, құқықтық қатынастар, құқықтық актілер және тағы басқа құқықтық құралдарды біріктіріп, олардың тұтастығын қалыптастырып, оларды «әрекет етуші» динамикалы-жүйе түрінде, яғни құқықтық реттеудің нәтижелігін сипаттай келе, заңнаманың алдына қойған мақсатына құқықтық жағынан жетуге кепілдік беру қабілеттілігін көрсетеді. Сонымен қатар құқықтық жүйедегі құқықтық құбылыстар өздеріне тиесілі арнайы функцияларын атқару барысында өзара тығыз байланысқа және өзара әрекетеседі.

Құқықтық реттеу дегеніміз құқықтық (юридикалық) құралдар көмегімен қоғамдық қатынастарға және адамдардың жүріс-тұрыстарына ықпал ету.

Құқықтық реттеудің пәні болып әрқашанда құқық нормасымен реттелетін қоғамдық қатынастар табылады. Қоғамдық қатынастардың көп түрлілігі осы қатынастарды реттейтін құқық нормалардың әртүрін, жиынтығын анықтайды. Яғни, қоғамдық қатынастар өзінің түрлеріне сәйкес қандай да бір белгілері бойынша салаларға немесе топтарға бөлініп, тиісті белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен, тобымен реттеледі. Мысалы, еңбек қатынасы – белгілі бір құқық нормаларының жиынтығымен реттелетін қоғамдық қатынастың бір саласы. Сол сияқты отбасы қатынастары, мүліктік қатынастар бөлек құқық нормаларының жиынтығымен реттеледі. Сонымен, құқықтық реттеудің пәні – құқықпен не реттеледі? деген сұраққа жауап береді. Демек құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар.

Жалпы құқықтық реттеудің пәнін екі топқа бөлуге болады: біріншісі, материалдық және материалдық емес құндылықтарды өндіру, пайдалану, айырбастау бойынша туындайтын қоғамдық қатынастар; екіншісі, қоғамдағы қатынастарды ұйымдастыру, басқару және қорғау бойынша туындайды. Бірінші топтағы қоғамдық қатынастар жеке мүдделер және олардың жалпы әлеуметтік мүдделермен үйлесуі нақты көрініс табады. Олар тараптардың еркіндігіне негізделе отыра, әдетте реттеудің жеке құқықтық сипатын танытады. Ал екінші топтағы қоғамдық қатынастар реттеу аясы бойынша бұқаралық сипатта. Яғни бұл қатынастар қоғамдағы құқықтық тәртіпті қамтамасыз ететін, бұзылған құқықтарды қалпына келтіретін биліктік, өкілеттік құзыреттерді жүзеге асырумен негізделе туындайды. Аталған қатынастар алдымен жалпыәлеуметтік, жалпымемлекеттік мүдделерді және оларды жеке адамдардың мүдделерімен үйлестіре отырып реттейді.

Құқықтық реттеудің әдісі қоғамдық қатынастардың сипатымен және оған қатысушылардың құқықтық мәртебесімен анықталады.

Құқықтық реттеудің пәні – «құқық нені реттейді?» деген сұраққа жауап берсе, әдісі – «қалай реттейді» деген сұраққа жауап іздейді. Егер құқықтық реттеудің пәні материалдық критериясы болса, әдісі – формальді – заңи критериі болып табылады.

Құқықтық реттеудің әдісі – біртекті қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуде қолданылатын заңи құралдардың және тәсілдердің жиынтығы.

Құқық теориясында құқықтық реттеуде қолданылатын үш әдіс туралы көп кездеседі: рұқсат беруші, міндеттеуші, тыйым салушы. Рұқсат беруші дегеніміз субъект өз мүддесін іске асыру үшін белсенді әрекеттер жасау мүмкіндігіне ие болу. Міндеттеу әдісі бойынша адамға бұйрық, парыз арқылы белсенді әрекеттер жасауды жүктейді. Ал тыйым салу дегеніміз қандай да бір әрекетті жасауға тыйым салу, яғни заңда көзделмеген, рұқсат берілмеген әрекеттен бас тарту.

Құқықтық реттеудің басқа да тәсілдері: мысалға, заңи мүмкіндік беру (субъективтік құқық), белсенді және бәсең міндетті (тыйым) жүктеу.

Қоғамдық қатынастарға құқықтық ықпал ету арнайы және құқықтық реттеу көптеген режимдер мен тәсілдер арқылы сипатталады. Сондықтанда екі тәсілге ғана тоқталу пікір-талас тудырады. Құқық теориясында, соның ішінде құқық шығармашылық тәжірибесінде құқықтық реттеудің алты арнайы тәсілін бөліп көрсетеді. Оларға мыналар жатады: тыйым салу, рұқсат беру, құқықтық өкілдік беру, міндеттеу, көтермелеу, санкциялау.

Тыйым салу – азаматқа немесе басқа тұлғаға құқық нормасы арқылы тыйым салынған әрекеттен бас тартуды жүктеген міндет. Рұқсат беру – тұлғаға белгілі жағдайда әрекет ету мүмкіндігін беру. Құқықтық өкілдік беру – азаматқа немесе басқа тұлғаға бөтен адамнан немесе бөтен тұлғадан белгілі жүріс-тұрысты талап ету мүмкіндігін беру. Жағымды міндет жүктеу – құқық нормасында бекітілген ұйғарым арқылы азаматқа, басқа да тұлғаларға бөтен, өкілетті тұлғаның пайдасына қандай-да бір әрекет жасау. Көтермелеу – тұлға құқыққа сай әрекет жасағаны үшін құқық нормасында бекітілген материалдық және/ немесе рухани игілікке, басқа тұлғамен салыстырғанда әдеттегіден артық талап қоюға ие болу. Санкция – мемлекет құқық нормасында жаза түрінде бекіткен шара.

Құқықтық реттеудің мынандай негізгі әдістері бар.

- императивтік – тыйым салу, жазалауға негізделген биліктік өкім ету, субординация әдісі, императивтік әдіс құқықтық өкімдерден бас тартуға жол бермейді. Бұнда құқықтық қатынастың пайда болу негізі мемлекеттік – биліктік бұйрық болып табылады: соттық үкім, қылмыстық істі қозғау туралы қаулы; ол көбінесе әкімшілік және қылмыстық құқыққа тән болады.

- диспозитивтік – ерік беруге негізделген, тараптардың теңдігі кодификация әдісі. Бұл әдіс құқықтық қатынасқа қатысушыларға өзара қатынастарын өз қалауларынша реттеуге құқық бере отырып, белгілі дәрежеде дербестік береді. Бұл әдіс азаматтық, отбасылық құқықтарға тән. Оған «егер заңда өзгеше көзделмесе» деген қаратпа тән болып келеді.

- қолдау әдісі – қандай да бір лайықты мінез құлығы үшін мадақтау әдісі; ол көбінесе еңбек құқығында кездеседі.

- ұсынбалы әдіс – қоғам мен мемлекет үшін нақты пайдалы кеңес беру әдісі. Ол кәсіпкерлік құқыққа тән.

Құқықтық реттеудің әдісі оның пәнімен анықталады. Мәселен, әкімшілік құқықтағы императивтік әдіс мемлекет басқару саласындағы субъектілерде болатын билік және бағыну қатынастарының сипатынан туындайды.

Егер әр құқық саласында өзінің реттеу пәні болса, онда құқықтық реттеу әдісі бірнеше құқық саласына тән болуы мүмкін (жоғарыда қара).

 

Құқықтық реттеу механизмі құрамдас әлементтерден тұрады, яғни оның құрамындағы құқықтық құбылыстар өзара қарым қатынасқа түсу нәтижесінде белгілі құрылымға ие болады.

Демек құқықтық реттеу механизмі инструментальды (құралдық) сипатта болғандықтан оның мазмұны ықпал етушы құқықтық құралдармен, яғни қоғамдық қатынастарға құқықтық әсер етуші құқықтық құбылыстармен сипатталады. Құрамдас элементтеріне институциональдық және нақты функциональдық қасиет тән.

Институциональдылығы: құқық жүйесінің субстанциялық, статистикалық жағын көрсететін элементтер құқықтық реттеу механизмі құрылымына жатады. Мысалы: құқық шығармашылығы, құқық қолдану құқық құбылысы болғанымен құқықтық реттеу механизмінің құрылымдық элементтер қатарына кұқық қолдану актілері, құқықтық-техникалық актілер кіреді.

Нақты функциональдылығы: құқықтық реттеу механизміне нақты әрекеттенентін құқықтық құбылыстар жатады. Мысалы заңдылық, құқықтық сана құқықтық жүйеде маңызды құқықтық құбылыс болғанымен құқықтық реттеу механизмінің элементтері емес олардың әрекет ететін құқықтық аясы немесе олардың әрекет етуіне жағда тұғызатын құқықтық факторы болып табылады.

Құқықтық реттеудің сатылары:

1. құқықтық нормалардың қалыптасуы және әрекет етуі сатысы – қоғамдық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын бағыттайтын, олар үшін құқықтық режимді көрсететін нормалар (НҚА);

2. құқықтар мен міндеттердің туындайтын сатысы — -қарастырылған жағдайға сай құқық норма негізінде нақты субъектілердің құқықтары мен міндеттерінің пайда болуы немесе жүріс-тұрыстарының даралануы;

3. құқықтар мен міндеттердің іске асырылуы сатысы – құқық нормасында баяндалған және осы жағдайға қатысушы субъектінің жүріс-тұрысының нақты өрнектелуі арқылы өмірге енуі, яғни қоғамдық қатынасқа қатысушылардың нақты жүріс-тұрыстары арқылы іске асуы;

4. құқықтың қолданылу сатысы (қосымша саты) – құзыретті мемлекеттік органдар арқылы жекеленген биліктік құқық қолдану актісінің қабылдануы.

Көрсетілген сатыларға тоқтала отырып құқықтық реттеу механизмінің элементтерін анықтауға болады:

v құқықтық норма;

v құқықтық қатынас;

v құқықтар мен міндеттерді іске асыру актілері;

v құқық қолданудың жеке ұйғарымы (қосымша элементі).

 

ҚАЗАҚ ГУМАНИТАРЛЫҚ-ЗАҢ УНИВЕРСИТЕТІ

 

Пән: Мемлекет және құқық теориясы Кредит саны:_________

 

Дәріс № 17 Соның ішінде сабақ түріне байланысты_________

Дәріс тақырыбы Құқықтық қатынас____

 

Факультет_____________________________ Оқытушы __________________________________

 

Академиялық жыл 2011-2012 Курс 1 Семестр 2

Дәрістің мақсаты:

Құқықтық қатынастардың қоғамдық байланыстың ерекше түрі ретіндегі маңызын көрсету.

Жоспары:

1.Құқықтық қатынастар ұғымы.

2.Құқықтық қатынастардың пайда болуының шарттары. Заң маңызы бар фактілер.

3.Құқықтық қатынастардың субьектілері.

4.Құқықтық қатынастар субьектілерінің субьективтік құқықтары мен құқықтық міндеттері.

5.Құқықтық қатынастардың обьектісі.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

Құқықтық қатынас - қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері болатын, құқық нормалары мен заңда көрсетілген фактілерге сәйкес туындайтын, ерік-ықтиярды білдіретін қоғамдық қатынастар.

Құқық нормасы құқықтық реттеудің статистикалық жағдайын білдіретін болса, құқықтық қатынас оның динамикалық, яғни қозғалыстағы жағдайын көрсетеді. Құқықтық қатынас абстрактілі құқықтық нормаларды жекеленген байланыстар, яғни белгілі бір субъектілер үшін субъективті құқықтар мен заңды міндеттер деңгейіне аударуға мүмкіндік береді.

Құқықтық қатынастардың белгілері:

- әлеуметтік субъектілер арасындағы екі жақты нақты байланысты көрсететін қоғамдық қатынас;

- құқық нормасы негізінде пайда болады (құқық нормасының жалпы талаптары нақты субъектіге және оның жағдайына байланысты дербестенеді);

- адамдар арасындағы субъективті құқықтар мен заңды міндеттер көмегімен жүзеге асырылатын байланыс;

- ерікті қатынастар болып табылады, себебі оның пайда болуына қатысушылардың ең болмаса біреуінің еркі қажет;

- қатынас белгілі бір объектінің, құндылықтың төңірегінде жүргізіледі;

- мемлекеттің мәжбүр ету күшімен қорғалатын және қамтамасыз етілетін қатынас.

Құқықтық қатынас күрделі құрамға ие. Оның құрамының элементтері қатарына мыналар жатады:

- субъект;

- объект;

- субъективті құқық және заңды міндет (заңдық мазмұн).

Қоғамдық қатынастар құқықтық қатынастың материалдық мазмұнын құрайтын болса, субъективті құқықтар мен заңды міндеттер оның заңды мазмұнын білдіреді. Құқықтар мен міндеттер арқылы құқықтық қатынасқа қатысушылардың заңды байланысы жүзеге асырылады.

Субъективті құқық – субъектіге жеке мүддесін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін заңды мүмкін болатын әрекет мөлшері. Оның негізгі ролі, маңызы субъектіге өз мүддесін қанағаттандыруға, белгілі бір құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік беру болып табылады. Субъективті құқықтың құрылымы:







Дата добавления: 2015-09-07; просмотров: 970. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Броматометрия и бромометрия Броматометрический метод основан на окислении вос­становителей броматом калия в кислой среде...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Этапы творческого процесса в изобразительной деятельности По мнению многих авторов, возникновение творческого начала в детской художественной практике носит такой же поэтапный характер, как и процесс творчества у мастеров искусства...

Тема 5. Анализ количественного и качественного состава персонала Персонал является одним из важнейших факторов в организации. Его состояние и эффективное использование прямо влияет на конечные результаты хозяйственной деятельности организации.

Билет №7 (1 вопрос) Язык как средство общения и форма существования национальной культуры. Русский литературный язык как нормированная и обработанная форма общенародного языка Важнейшая функция языка - коммуникативная функция, т.е. функция общения Язык представлен в двух своих разновидностях...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия