Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Гипотрофия




Г и п о т р о ф и я- гректің «гипо»- төмен, «трофе» -қоректендіру деген сөздерінен тұрады, яғни бала тәнінің қоректенуінінің төмендегенін, дәлірек айтатын болсақ баланың салмағының бойына салыстырғанда төмендегенін білдіреді.

Гипотрофиялар антенатальды (туғанға дейінгі, құрсақтағы кезеңде дамыған) және постнатальды ( туылғаннан кейінгі мерзімде дамыған) болып бөлінеді.

Себептері:

1.Антенатальды гипотрофиялардың негізгі себептері- әйелдің жүктілік кезіндегі аурулары, ауыр токсикоздары, тамақтануындағы кемшіліктер, жұмыс орнындағы зиянды әсерлер, әртүрлі жүйке күйзелістері, әйелдің жасы, зиянды әдеттері.

2.Постнатальды гипотрофиялардың себептерінің өзі эндогенді және экзогенді факторлар болып 2 топқа бөлінеді. Эндогенді факторлар бала организмінің ішкі ерекшеліктерімен, туа пайда болған ағза атауларымен, әсіресе ас қорыту ағзаларының ақауларымен , нерв жүйесі мен ішкі секреция бездерінің ақауларымен байланысты. Экзогенді факторларға (сырттан әсер ететін) алиментарлық фактор, яғни баланы тамақтандырудағы кемшіліктер, инфекциялық фактор- баланың аурулары, әсіресе ас қорыту ағзаларының өткір қабынулары және баланың күтіміндегі кемшіліктер жатады.

Даму механизмі.Жоғарыда аталған себептердің салдарынан зат алмасу процессі бұзылады, ас қорыту ағзаларының қызметі төмендейді, ферменттердің мөлшері азайып, ауыр түрлерінде мүлде жоғалады. Баланың салмағы ғана төмендеп қоймай, қорғаныш күштері де нашарлайды, сондықтан басқа аурулармен жиі ауырғыш келеді, асқынулары жиі байқалады. Сол себепті гипотрофияны фондық аурулар қатарына жатқызады.

Клиника.Гипотрофияның ең негізгі клиникалық белгілерінің бірі- салмақ төмендеуі. Бала салмағының нормадағы көрсеткіштерінен проценттік кемдігіне қарай гипотрофияның 3 дәрежесін анықтайды: 1-дәреже- жеңіл түрінде- бала салмағы нормадан 10-20% кем, 2-дәрежеде-орташа ауыр түрінде- салмақ нормадан 20-30% төмен болса, 3-дәрежеде- ауыр дәрежеде- салмақ 30%-дан артыққа төмендейді.

Бала салмағының проценттік кемдігін анықтау үшін баланың қазіргі, нақты салмағымен қатар, оның нормада болу керек салмағын анықтап алу керек. Баланың нормадағы салмағы мен бойының көрсеткіштерін арнайы таблицалар, формулалар арқылы анықтауға болады.

Салмақтың проценттік кемдігі келесі формула бойынша анықталады:

H C- Қ C х 100% : HC

HC- баланың нормада болу керек салмағы.

ҚC- баланың қазіргі салмағы.

Гипотрофияның дәрежелерін баладағы сыртқы белгілері арқылы да анықтауға болады.

1-ші дәрежелі жеңіл түрдегі гипотрофиядағы баланың жалпы жағдайы өзгермеген, тәбеті жаман емес, тері қабатының түсі бозғылт, созылғыштығы мен серпімділігі өзгермеген. Тері асты май қабаты қарнында аздап төмендеген, аяқ-қолдарында және бетінде сақталған болады. Ішкі ағзалар тарапынан өзгерістер анықталмайды. Асқазан ферменттері сәл азаяды. Аталған өзгерістер көбінесе байқалмайды, сондықтан гипотрофияның 1-ші дәрежесі дер кезінде анықталмайды, тек өте мұқият тексеру арқылы білуге болады.

2-ші дәрежелі гипотрофия- орташа ауыр түрінде- баланың салмағы нормадан 20-30% кем, бойы 4-5см төмен. Баланың жалпы жағдайы бұзылады, тәбеті төмендейді, дәреті тұрақсызданады, қорғаныш күштері әлсірейді, қимылдары азаяды, ойнамайды, көп жылайды, мазасызданады, ұйқысы нашарлайды. Тері қабаты бозарып, құрғайды, созылғыштығы мен серпінділігі төмендейді. Тері асты май қабаты қарнында және аяқ-қолдарында төмендеп, мүлдем азаяды, тек бетінде Биша кесектері сақталып қалады. Бұлшық ет тонусы төмендеп, баланың психикалық дамуы да артады. Бала жиі-жиі басқа аурулармен ауырып, олардың асқынулары жиі байқалады (пневмония, пиелонефрит) сияқты.

3-ші дәрежелі, ауыр гипотрофия- салмақ кемдігі нормадан 30%-тен жоғары, бойы да нормадан 7-10см кем екені анықталады. Баланың жалпы жағдайы ауыр, енжар, ешнәрсе қызықтырмайды, бала болып ойнамайды, көп жылайды, қимыл дағдылары мен психикалық дамуы қатты артта қалада, бұрынғы белгілерін де ұмытып қалады. Тәбеті қатты төмендейді, анорексия байқалады.

Тері қабаты ақшыл сұр түсті, құрғақ, қыртыс-қыртыс. Тері асты май қабаты барлық жерде жоғалған, бетіндегі Биша кесектеріне дейін, сондықтан баланың түр әлпеті де, бала емес кәрі адамның түріне ұқсап кетеді. Бұлшық еттері де атрофияға ұшырайды, нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты тонусы жоғарылайды. Дем алысы үстірт, ритмі бұзылады. Жүрек тондары әлсіз, брадикардия, қан қысымы төмен. Бала жиі құсады, іші өтеді, организмнен су жоғалту белгілері (эксикоз белгілері) анықталады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 2000. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.001 сек.) русская версия | украинская версия