Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Тері қабатының іріңді аурулары




Тері қабатының жас балалардағы ерешеліктеріне сәйкес күтім жасалмағандықтан пайда болатын ауруларын 2 топқа бөлуге болады.

1)Бактериялар шақырмаған тері аурулары-баздану(опрелость),ыстықтық(потница),склерема.

2)Бактериялар шақырған тері аурулары-пустулез,везиулопустулез,пузырчатка(көпіршіктену),псевдофурункулез,Риттер дерматиті(эксфолиативный дерматит Риттера).

Баздану-тері қабатының батериялар шақырымаған ауруларына жатады.Тері қыртыстарында температуралық режимді дұрыс сақтамаған және күтім нашар болған жағдайларда пайда болады,көбінесе экссудативті диатезбен ауыратын балаларда кездеседі.Тері қыртыстары қызарып,кейіннен суланып,ісініп кетеді,бала қатты мазасызданады.

Емдеу:Температуралық режимді реттеу,ауа ваннасын жүргізу,бос жөргектеу,дәрілік шөптердің(ромашка,шалфей,череда т.б)қайнатпаларын қосқан сумен шомылдыру,тері қыртыстарына стерильденген өсімдік майын жағу,1-2% танин,0,1%риванольмен таңғыш(примочка)жасау,ультраүлгін сіулелері немесе тіке күн сәулелерімен ванна жүргізу.

Пиодермиялар.Себептері:құрсақтағы кезеңде,туылу кезінде және туылғаннан кейін,баланың күтімінде санитарлық-гигиеналық тәртіпті сақтамаған жағдайда тері қабаты арқылы стафилакок,стрептокок т.б.микроорганизмдердің өтіп,оны қабындыруы.

1)Пустулез-тері қабатында іріңді бөрітпелер-пустулалар пайда болуымен сыйпатталады,бөртпелер арасындағы тері қабаты өзгермеген.Емі:өте сақтықпен 96% спиртке батырылған мақта домалақшасымен бөрітпе ішіндегі іріңді шығарып,бриллиант жасылымен күйдіру.

2)Көпіршіктену(пузырчатка)-жаңа туылған балалардың өте жұқпалы тері ауруы.Тері қабатында көпіршік тәрізді,іші іріңге тола,жұқа қабатты,әртүрлі көлемдегі бөртпелер пайда болады.Көпіршіктер тез жарылғыш,ара-арасындағы тері қабаттары да ,қызарып ісінеді.Баланың жалпы жағдай бұзылады,әртүрлі асқынулар пайда болады.

Емдеу:баланы тез оңашалау қажет,көпіршіктерге пустулездағыдай жергілікті ем жасауға болады,антибиотиктер тағайындалады,ауыр түрлерінде плазма,стафилакокқа қарсы гамма глобулин егіледі.

3)Реттер дерматиті-көпіршіктенудің өте ауыр түрі десе де болады,баланың тері қабаты түгел зақымданып,сыпырылып түседі,асқынулары жиі кездеседі(сепсис).Емдеу дұрыс және дер кезінде жүргізілсе,бала жазылып кетедіантибиотиктер,плазма,альбумин,гамма глобули егіледі,көпіршіктерді спиртпен сүртіп,бриллиант жасылымен күйдіру,стерильді салфетаны синтомицин эмульсиясы немесе залалсыздандырылған өсімдік майына батырып,тері үстіне жауып қою керек.

Кіндік жарасының іріңді аурулары

Себептері:баланы санитарлық гигиеналық күтімінің нашар болуы,кіндік қалдығы мен кіндік жарасының күтіміндегі кемшіліктер,баланың иммунитетінің төмендігі.Қалыпты жағдайларда кіндік қалдығы 3-4 күндері түсіп,кіндік жарасы 7-10 күндері жазылуға тиісті.Инфекция түскен кезде кіндік қалдығының түсуі және кіндік жарасының жазылуы ұзаққа созылады,қабыну белгілері пайда болады.

Кіндік жарасының қабынуы омфалит деп аталады,оның түрлері катарльды,іріңді,гангренозды болып бөлінеді.

Катаральды омфалит-кіндік жарасы суланып,жазылуы ұзарады,кіндік жарасынан кейде қандыы су шығып тұрады,үстінде қабыршық пайда болады,кіндік сақинасы өзгермейді.

Іріңді омфалит-кіндік жарасынан ірің,кейде қан аралас ірің шығады,кіндік сақинасы,айнала тері қабаты қызарып ісінеді.

Флегмонозды және гангренозды омфалиттерде іріңді процесс кіндік айналасындағы тері асты май қабатына тарап,сол жердің гангренасына дейін әкеледі.Іріңді омфалиттерде баланың жалпы жағдайы да бұзылады:емуі нашарлайды,салмағы төмендейді,организмнің улану белгілері пайда болады,қанда қабыну процессіне тән өзгерістер байқалады.

Емдеу:кең спектрлі антибиотиктер егу,кіндік жарасын 3% сутегі асқын тотығымен жуып,1%метилен көгі,2% бриллиант жасылы,5%парманганат калий,96 градустық спирт ерітінділерімен күйдіру,2,5% метацил немесе пентоксил майын жағу,витаминдер комплексін тағайындау,қан,антистафилококты плазма және гамма глобулин егу.

Алдын алу.Жүкті әйелдердің ауруларын емдеу,туылу кезінде және туылғаннан кейін балаға күтім жасауда санитарлық гигиеналық тәртіпті қатаң сақтау болып табылады.

Сепсис

Сепсис-жалпы және жергілікті иммунитеттің төмендеуімен,бала организміндегі іріңді ошақтардан микроорганизмдердің қанға таралуымен сипатталатын созылмалы ауру.Микроорганизмдердің ішінде сепсистің ең жиі себепшісі стафилококтар(50-60%)және басқа топтағы (36%) Грам теріс,Грам оң микробтар болып табылады.

Сепсиске бейімдеуші факторлар:

-анасының жүктілік кезіндегі жұқпалы аурулары;

-анасының жыныс мүшелерінің қабыну процесстері;

-бала организмінің қорғаныш күштерінің төмендеуі.

Даму механизмі.Инфекция организмге кіндік жарасы,тері және шырышты қабаттары,тыныс алу,ас қорыту ағзалары да арқылы өтуі,енуі мүмкін.Алғашқы организмге енген жерде бірінші қабыну ошағы пайда болады,яғни омфалит,пиодермия,абсцесс,энтерит белгілері пайда болады.Егер қорғаныш күштері жеткілікті болса,ауру ары қарай дамымай,тоқтайды,бала біртіндеп жазылады.Ал қорғаныш күштері төмен балаларда қабыны ұлғая түседі,айнала тканьдерге,қанға тарайды,бактериемия,токсемия белгілері басталады.

Клиника.Клиникалық ағымы бойынша сепсистің 2 түрін анықтай аламыз:септикопиемия және септицемия.

Септикопиемия-организмнің жалпы улану белгілері,анемия және гипотрофия белгілерімен қатар іріңді ошақтар пайда болуымен сипатталатын сепсис түрі.Баланың жалпы жағдайының бұзылу белгілерінен біртіндеп басталады-бала әлсіреп,тәбеті төмендейді,құсады,іші өтеді,салмағын қоспайды,дене температурасы субфебрильді,тері қабаты сұрғылт тартады.Жүрек тондары әлсіреп,бауыр,көкбауыр үлкейеді.Септикопиемияның өтуі бірде клиникалық белгілері әлсіреп,бірде күшейе түсіп 1,5-2 айға созылады.Қанның анализінде лейкоцитоз,ЭШЖ жоғарылап,анемия байқалады.

Септицемия-көбінесе шала туылған балаларда кездеседі,организмде іріңді ошақтар анықталмайды,ауыр интоксикация белгілерімен айқындалады.Тері қабаты сұрғылт,жер түсті,ісіңкі,кейде құрғақ,рефлекстері,бұлшықет тонусы төмендеген,іші кебіңкі,іші жүрмей қалуы мүмкін,жүрек тондары әлсіз,ентігу байқалады.

Диагнозды анықтау үшін анамнезге,клиникалық белгілерні және лабораториялық тексерістерге сүйенеміз:қанның жалпы анализі,зәр мен нәжістің жалпы анализдері,

Қанның биохимиялық анализі және қанның,зәрдің,нәжістің бактериологиялық тексерістері жүргізіледі.

Жаңа туылған балаларда сепсистің өту ерекшеліктері-аурудың бастапқы кезеңінде клиникалық белгілері айқын болмайды,ұзақ уақыт бала біртіндеп әлсіреп,көп салмақ жоғалтады,баланың жалпы жағдай өте ауыр болады.

Асқынулары:ДВС синдромы,дисбактериоз,жаралы- неротикалық энтероколит.

Емдеу.Сепсисті емдеу комплексті түрде және ұзақ жүргізіледі.

-кең спектрлі антибиотиктер,алғашқыда ең жоғарғы дозасы тағайындалады,2 түрлі кейде 3 түрлі антибиотик бір мезгілде(1 антибиотик көк тамырға егіледі)қолданылады.Кейіннен антибиотик түрлері алмастырылып отырады.Қоздырғыш анықталса,оған сезімталдығын анықтай отырып,тағайындаған дұрыс;

-детоксикалық ем-көк тамырға тамшылата гемодез,реополиглюкин,10-20%альбумин,плазма 7-10 мл/кг егіледі;

-организмнің қорғаныш күштерін арттыру үшін-ана сүтімен қамтамасыз ету,қан құю 5-7 мл/кг,антистафилококты плазма,антистофилококты гамма глобулин,стафилакокты бактериофаг егу;

-дисбактериоз белгілерінде-бифидум бактерин 5 дозадан т.б егу керек;

-витамндер комплексі тағайындалады;

-антигистаминді дәрілер-димедрол,пиполфен т.б егіледі;

-ауыр жағдайларда преднизолон 2мг/кг тәулігіне тағайындалады;

-барокамераларда оттегімен емдеу қолданылады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 6422. Нарушение авторских прав


Рекомендуемые страницы:


Studopedia.info - Студопедия - 2014-2020 год . (0.003 сек.) русская версия | украинская версия