Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Учебно-тематический план
Балаларға медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру Балаларға медициналық көмек көрсету 3 түрлі бағытта жүргізіледі: 1- профилактикалық (аурулардың алдын алу); 2- емдеу жұмыстарын ұйымдастыру; 3- санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу. Жалпы, медициналық көмек көрсетудің өз принциптері, әдістері бар. Алтайлықтардыі әдәсәне сәйкес медициналық көмек көрсету сатылап өтеді: 1- сатысы – дәрігерге дейінгі көмекті ФАП – та, фельдшер немесе акушерка, мейірбике жүргізеді. 2- Сатысы – бөлімшелік ауруханада дәрігерлік көмек көрсетіледі. 3- Сатысы – аудандық ауруханада мамандандырылған дәрігерлік көмек көрсетіледі. 4- Сатысы – облыстық, астаналық ауруханаларда, зерттеу иниституттарында тереңдетілген зерттеулер мен көмек алады. Кейінгә жылдардағы қоғамда болып жатқан өзгерістерге сәйкес медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыруда да жаңарулар бар. Көптеген бөлімшелік ауруханалар жабылып, аудандық ауруханалардағы төсек саны қысқартылған. Оның орнына балаларға амбулаториялық және үй жағдайында көмек көрсету жұмыстары кеңейтіліп, отбасылық мамандар дайындау, көмек көрсету қолға алынған. Болашақ фельдшер мамандарының балаларға медициналық көмек көрсету жұмысында өз үлестері бар, олар осы жұмыстарын алдыңғы қатарында, алдыңғы шепте жүреді. ФАП- та жұмыс істейтін немесе жедел жәрдем бөлімінде істейтін фельдшердің жұмысынан, білімінен кей жағдайда баланың өмірі тәуелді болады. Сондықтан фельдшер арқалайтын жауапкершілікте өте үлкен. Өз жұмысында, балалрға кқмек көрсету барыс нда фельдшер олардың ата-аналарымен тікелей қарым – қатынаста болуына тура келеді. Сол үшін медицина қызметкері этика, деонтологияға көп көңіл бөлгені жөн, балалармен, олардың ата-аналарымен тіл табыса білу керек. Балаларға медициналық көмек көрсететін мекемелер таблицада көрсетілген. Болашақ медицина қызметкерлерінің жұмысының ең маңызда деп айтуға болатын бөлігі – бұл ауруларды болдырмай, алдын алу жұмысы. Бұл жұмысты жүргізудің де бірнеше әдістері бар – негізгі әдәстері: - балалардың жұқпалы ауруларының алдын алу үшін профилактикалық екпелер (вакцинация) жасау; - баланың денсаулығын кішкентайынан нығайту, шынықтыру; - санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу болып табылады. Біздің халқымызда: «Аурудың емін іздегенше,оны болдырмаудын жолын ізде» - деген қанатты сөз бар. Яғни, баланың сау кезінде, бала ауырмай тұрып, ауырмай жолдарын табу керек. Бұл жұмыспен арнайы ілім – валеология айналысқан. Алғашқы курстың бағдарламасында ол туралы түсінік берілген. Валеология деген терминнің өзі латынның «валео» - дені сау болу, «логос» - ғылым деген сөздерден тұрады. Соннда валеология деп – дені сау адамдардың денсаулығын сақтау жөніндегі ғылым аталады. Валеологияның міндеттері: халыққа гигиенаны, салауатты өмір салтын қалыптастырудың негіздерін, денсаулықты сақтау мен нығайтудың тәсілдерін үйрету адам тәнінің табиғи өміршендік заңдылықтарымен таныстыру. Салауатты өмір салтын қалыптастырудың маңызын Республика Призденті Н.ӘНазарбаев өзінің Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өтеді. Егеменді еліміздің болашағы - қазіргі балалар олардың денсаулығы мықты болса болашағымыз сенімді болмақ.
|