Студопедия — АПГАР ШКАЛАСЫ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

АПГАР ШКАЛАСЫ






Белгілері Бағалары
0 балл 1 балл 2 балл
Жүрек соғысы Анықталмайды Минутына 100-ден аз 100-ден жиі
Дем алысы Жоқ Дауысы әлсіз(гиповентиляция) Дауысы қатты щығады
Бұлщық ет тонусы әлсіз Аяқ- қолдары жартылай бүгулі Қимылдары ширақ
Рефлекстері Анықталмайды әлсіз анықталады Жақсы анықталады
Терінің түсі Көкшіл немесе аппақ Денесі қызғыш, аяқ – қолдаы көкшіл Түгел денесі қызғыш

 

 

Анасынан кіңдігі кесіліп ажыратылған баланың бірінші өзінше дем алысы пайда болғаннан кейін, тыныс алу,жүрек қан айналу жүйелерінде өзгерістер пайда болады, бала сырқы қоршаған ортаға біртіңдеп бейімделе бастайды.

Атап айтылытың болса, құрсақтағы кезеңде ашық тұратың 2 жүрекше арасындағы сопақша саңылау жабылады, аорта мн өкпе артериясын жалғап тұратың Боталлов түтігі бітеледі және төменгі қуыс вена мен кіңдік тамырларының арасындағы Аранциев түтігі де жабылады. өкпе арқылы дем алу пайда болғандықтан, кіші өан айналу шеңбері іске қосылады.

Сонымен қатар, бала организімінде негізінен емдеуді қажет етпейтің, өтпелі кезеңге тән, «физиологиялық» деп аталатын жағдайлар байқалады:

1. физиологиялық қызару - тері қабатың қалыптан тыс қан кернеу. бұл жағдайдың себебі: жатырдағмен салыстырғанда сырқы қоршаған ортаның температурасының күрт төмендеуі (жатырда 37-38 гр. Ал бөлмеде 20-22 гр.). физиологиялық қызару 2-3 күнге созылады,емдеуді қажет етпейді. Кейде терісі қабыршақтанып, құрғап кетеді, ондай жағдайда стерильді өсімдік майын жағу керек.

2. токсикалық эритема – баланың тері қабатында 2-3 ші күндері өызыл түсті бөртпелер пайда болады. Себебі:анасынан аллгендердің өтуі, 2-3 күннен кейін өздігінен қайтады. Баланың гигиеналық күтімі нашар болса, іріңдеп пиодермияға айналу мүмеін. Бөртпедер өте көп болған жағдайда антигистаминді дәрілер (димедрол, супрастин, пипольфен т.б) тағайындап, жиі сусын ішкізу қажет.

3. физиологиялық сарғаю – жаңа туылған балалардың 60%-де 2ші-3ші күні пайда болатың тері және шырышты қабаттарының сарғаюы, өтпелі жағдай. Себебі: бала қанындағы жетілмеген эритроциттердің жарылып (гимолизге ұшырап), олардан шыққан билируьинді әлі дамып жетілмеген бауырдың шығарып үлгере алмауы. Бұл сарғаю 7-10 күнге, шала туылған және тұншығып туылған балаларда 2-3 аптаға дейін созылады. Физиологиялық сарғаю кезінде нәжіспен зәрдің түсі өзгермейді, бауырмен көк бауыр үлкеймейді. Балаға көбірек сусын ішкізіп (қайнаған су,5% глюкоза т.б) «С» витаминін берген жөн.

4. дене салмағының физиологиялық кемуі- туылғаннан кейін 3-4ші күндері баланың салмағы бастапқыдан 150-300 г-дан кеміп кетеді де, біртіңдеп салмағын қайта қосып, 7-10 күндері туылғандағы салмағы орнына келеді. Бұл жағдайдың себебі: 1-ші күндердегі ана сүтінің аздығы, баланың бөліп шығарған және қабылдаған сұйықтық мөлшерінің сәйкес келмеуі. Салмақтың кемуі 8% тен аспауы керек, ол үшін баланы анасына емізуге ертнрек беріп, арасында сусын ішкізіп тұру керек.

5.транзиторлық қызба – 3-4-ші күндері жаңа туылған баланың дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтерілуі мүмкін (17%балаларда), баланың жалпы жағ-

дайы көп өзгермейді, кейде бала мазасызданадып, ембей қояды. Транзитор –

лық қызбаның себебі: тері қабатының АФЕ-лері, сұйықтық аз беру және қор-

шаған ортаның температурасының жоғарғы болуы. Көмек: баланың жөргек-

терін ашып, үстін жеңілдету, бірқалыпты температурада күтім жасау, жиі сусын ішкізу. Бөлме температурасы мерзімі жетіп туылған балалар үшін 20-22гр С, шала туылған балалар үшін дәрежесінде сәйкес 24-32гр. С болуы ке –

рек.

6. жыныс мүшелеріндегі өзгерістер: мастопатия – баланың сүт бездері ісініп, қысқан кезде уыз шығады, үстіндегі тері қабаты өзгермейді; қыз балалардың қынабынан қан көріну, ұл балалардың ұмасының ісінуі. Себебі: жүктіліктің соңғы апталарында анасынан балаға эстрогендік жыныс гормондарының өтуі.

Бұл жағдай емдік қажет етпейді, тек гигиеналық күтімді жақсарту керек.

7.Несеп қышқыл инфаркті – несеп қышқылынан болған бүйрек инфаркты,

бүйрек инфаркты, бүйректің концентрациялаушы қызметінің нашар дамуының

салдары, 3-4 күнге созылады. Белгісі: баланың жөргектерінде қоңыр түсті дақ-

тар және құм тәріздес қалдық байқалады. Көмек: жиірек сусын ішкізу.

Жаңа туылған балаға жүргізілетін алғашқы күтім. Алғашқы күтімді боса-

ну бөлмесінде баланы қабылдап алған акушерка жүргізеді. Күтім үшін алдын-

ала залалсыздандырылған жиынтық қолданылады.Жиынтық 2 Кохер қысқышы

Роговин қапсырмасы (скоба) мен қысқышы, жібек лигатура, 4 қабатты дәке салфетка, залалсыздандырылған мақта оралған таяқшалар, тамызғыш, мақта

тампондары, ұзындығы 60 см дәке немесе клеенка лента, 2 клеенка «білезік»,

резеңке баллоннан тұрады. Бала туылңан сәтте, кіндігін байламас бұрын, го-

нобленореяның алдын-алу үшін, тамызғышқа 30% альбуцид ерітіндісін жинап

алып, 2 көзіне 1 тамшыдан, қыз балалардың сыртқы жыныс еріндеріне 2 там-

шыдан тамызылады. 2-ші рет альбуцид ерітіндісі көздеріне 2 сағаттан кейін,

баланы балалар бөлмесіне ауыстырар алдында.

Кіндік бауын кесу, күтім жасау 2 кезеңде жүргізіледі:

І-кезеңде 1 Кохер қысқышы кіндік сақинасынан 10 см қашықтыққа, екіншісі одан әрірек 2 см жерге қойылады. 2 қысқыш аралығындағы кіндік бауын 5%

йодтың спиртті ерітіндісімен немесе 96% этил спиртімен сүртеді де, залалсыз-

дандырылған қайшымен кеседі.

ІІ-кезеңінде кіндік қалдығын спиртке батырылған тампонмен сүртіп, Роговин қысқышына қапсырманы қыстырып, кіндік сақинасынан 0,2-0,3 см қашықтық-

та кіндіктік қысып бекітеді. Қапсырмадан 2-3 см қашықтықта кіндік қалдығын қысқартып кесіп, кесілген жерді қайталап спирт немесе 5% йод ертіндісімен күйдіреді.

Роговин қышқышы болмаған жағдайда кіндік түбін жібек лигатурамен қысып байлап, кәндәк қалдығын 3-4 см етіп қысқартып, кесілген жерге спиртке батырылған мақта тампоны қойылады, үстін 4 қабатты үшбұрышты салфеткамен байлап тастайды. Жаңа туылған баланың тері қабатын стерилді өсімдік немесе вазелин майымен сүртіп тазартады. Баланың терісі қан немесе айнала суы таза болмаған жағдайда баланың денсаулығы көтерсе ғана шомылдыру аланың терісі қан немесе айнала суы таза болмаған жағдайда баланың денсаулығы көтерсе ғана шомылдыру (гигиеналық ванна).

Одан кейін акушерка балаға антрометриялық өлшеулер жүргізіп, оның медициналық құжаттарын (ф. 097/у,ф. 113/у),клеенка білезіктерін, медальондарын толтырады, 2 сағат өткесін барлық құжаттармен бірге балалар бөліміне тапсырады, баланы барлық іс қағаздарымен бірге балалар бөлімінің мейірбикесі қабылдап алады.

Жаңа туылған бала бөлімсешісіндегі барлық күтімді сол жердің мейірбикесі атқарады. Күтім тәулігіне бала неше рет тамаұтандырылса, соған тәуелді жүргізіледі, көбінесе барлығы 6-7 рет 2 рет таңғы сағат 6.00. және 18.00 де толық күтім, қалған уақыттарда жартылай күтім жүргізіледі. Толық күтімге

Баланың дене қызуын, салмағын өлшеу, көзіне, мұрын қуысына, кіндік қалдығы немесе кіндік жарасына күтім жасау, тері қыртыстарын майлау, шат аралығын жуу жатады. Ал жартылай күтім кезінде көбінесе шат аралығын жуып, бетін, қажет болса мұрын қуысын тазалап, жөргектерін ауыстырумен шектеледі.

Кіндік қалдығының күтімі үшін 70% спирт, 3% Н2О2, 2% бриллиант жасылы, немесе 5% перманганат калий ерітіндісі, фурацилиннің 1:5000 сумен

ерітіндісі қолданылады.

Көзін тазалауға 1:8000 перманганат калий ертіндісі қажет болады. Мұрын қуысын залалсыздандырылған өсімдік майына батырылған мақта шиыршықтарымен тазалайды. Шат аралығын жылы сумен шаяды.

Жаңа туылған балаға жүргізілетін күтім, тамақтандыру, жөргектеу техникасына оқушылар практикалық сабақтарда машықтанады.

 







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5358. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Образование соседних чисел Фрагмент: Программная задача: показать образование числа 4 и числа 3 друг из друга...

Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Краткая психологическая характеристика возрастных периодов.Первый критический период развития ребенка — период новорожденности Психоаналитики говорят, что это первая травма, которую переживает ребенок, и она настолько сильна, что вся последую­щая жизнь проходит под знаком этой травмы...

Различие эмпиризма и рационализма Родоначальником эмпиризма стал английский философ Ф. Бэкон. Основной тезис эмпиризма гласит: в разуме нет ничего такого...

Индекс гингивита (PMA) (Schour, Massler, 1948) Для оценки тяжести гингивита (а в последующем и ре­гистрации динамики процесса) используют папиллярно-маргинально-альвеолярный индекс (РМА)...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия