Жасқа дейінгі баланы емізу жиілігі
Сүт көлемін анықтау 1 жасқа дейінгі балаға 1 тәулікке қажетгі сүт мелшерін түрлі әдістермен анықтауға болады: формулалар, келемдш және калориялық әдістер арқылы. 5-кесте
Калориялық әдіс I квартадца — 120 ккал/кг/тәулігіне II квартадца — 115 ккал/кг/ тәулігіне III кварталда —110 ккал/кг/ тәулігіне IV кварталда — 100 ккал/кг/ тәулігіне қажет. Ана сүтінің әр 100 мл қорытылғанда 70 ккал қуат бөледі. Калориялық әдіспен сүт көлемін анықтау үшін де, баланың салмағын анықтап алу керек. Мысалы, 5 айлық баланың дене массасы 7200 г екенін білсек, бір тәулікке қажетті сүі көлемі келесі тәртіппен анықталады: 7200 г = 7,2 кг. 7,2 х 115 ккал = 828 ккал.828 ккал х 100: 70 ккал = 1180 мл сүт керек. Осы санды емізу жиілігіне бөлу арқылы балаға 1 емгенге қажетті сүт көлемі анықталады. Қосалқы тамақ енгізу Ана сүтінде барлық витаминдер бар болғанмен, бала өсе келе ол мөлшер қанағаггандырмайды, сондықтан балаға 5 айлығынан бастап жеміс-жидек шырындарын (алма, шие, қарақат т.б.) алғашқыда 4-5 тамшыдан бастап, айдың аяғында 25-30 мл жеткіземіз. Ана сүтіндегі микроэлементтердің ішінде баланы темір мөлшері қанағатгандырмайды. Темір мөлшерін толтыру үшін балаға 5-6 айлығынан бастап жеміс пюрелері, 7 айлығынан — жұмыртқаның сары уызы, 1-2 айлығынан темір препараттарының профилактикалық дозалары тағайындалады. Қосымша тамақ енгізу Бала 6 айға жақындаганда оны ана сүті мөлшері жеткілікіі болғанмен, қурамы бойынша да қанағаттандырмайды, осы себепті баланың диетасын түрлендіру үшін қосымша тамақ енгізіледі. Қосымша тамақ енгізу ережелері: 1. Қосымша тамақ баланы емізер алдында беріледі. 2. Жаңа қосымша тамақ мөлшерін 5-10 г бастап, 2 апта- ның ішінде біртіндеп көбейте отырып, 1 емгендегі сүт мөлшеріне дейін жеткізіп, 1 емізуді қосымша тамақпен түгелдей алмастыру қажет. 3. 2 түрлі қосымшатамақты бір мезгілде енгізуге болмайды. 4. Тамақ түйіршіксіз езіліп, қоймалжың түрде қасық арқылы беріледі (шайнау рефлексін дамыту үшін).
Сонымен, 9 айлық бала тәулігіне 5 рет тамақтанатын болса, оның 3-ін қосымша тамаққа алмастырып, тек 2 рет емшек емеді, (таңертең 1-ші және соңғы тамақтануда). Осыдан ары қарай, біртіндеп тамақ түрін кеңейте отырып, бала 1 жастан асқасын емшектен шығарылады. Баланы ыстық жаз айларында және ауырып жүрсе емшектен шығаруға болмайды. ЮНИСЕФ ұсынысы бойынша баланы 1 жастан асқаннан кейін де талап етуіне қарай емізе беруге болады. Ана сүті баласынан артылған жағдайларда, оны сауып, арнайы донорлық пункттерге өткізу қажет. Сауылған ана сүтін жинау, стерильдеу, балаға беру әдістеріне және қосалқы, қосымша тамақ әзірлеп, беру әдістеріне практикалық сабақ- тарда машықтанып, үйренесіздер. Баланы емізуге болмайтын жағдайлар 1. Анасы тарапынан — жүрек ауруларының ауыр деком- пенсацияланған түрлері, туберкулездің белсенді кезеңі, асқынған қантты диабет, қатерлі ісіктер, асқынған бүйрек аурулары. 2. Бала тарапынан — асфиксияның ауыр түрлері, бас миының зақымдануы, жаңа туылған баланың гемолиз ауруы (7 — 10 күнге дейін), туа пайда болған ағза ақаулары, 3 — 4 — дәрежелі шала туылған балаларда немесе бас миының зақымдануының ауыр түрлерінде, ауыр асфиксияларда ему, жұту рефлекстерінің жоқ болуы т.б Емізулі ананың диетасы Емізулі әйел кдлыпты жағдайда тәулігіне 1,5 — 2 л сүт бөледі. Сүттің мөлшеріне, сапасына әйелдің денсаулығы, тамақ күрамы және күн тәртібі әсер етеді. Сондықтан емізулі ананың тамағы алуан түрлі, қүнарлы, витаминдерге бай болуы, сұйықтық мөлшері жеткілікті болуы керек. Емізулі әйел сарымсақ, пияз, қыша, бүрыш сияқты тағамдарды аз қолданып, арақ ішіп, темекі тартуына мүлде болмайды.
|