Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Дизентерия





Д и з е н т е р и я- дизентерия таяқшаларымен (шигеллалар) шақырылатын, тоқ ішектің зақымдануымен, интоксикация және колиттік симптомдармен сипатталатын жұқпалы ішек ауруы.

Дизентерия барлық жастағы балаларда кездеседі. Қоздырғыштардың бүгінгі күнге 50-ден астам серотиптері белгілі. Солардың ішінде көбірек байқалатын түрлері: Григорьев-Шиг, Флекснер, Штутцер-Шмидт, Зонне қоздырғыштары. Дизентерия қоздырғыштары ылғалды, жылы, қараңғы жерлерде ұзақ уақыт тіршілігін сақтайды. Оларға тікелей күн сәулелері, қыздыру, кептіру және дезинфекциялаушы ерітінділер әсер етеді.

Эпидемиоологиясы. Аурудың көзі науқас адам және қоздырғыш тасымалдаушылар болып табылады.әсіресе, аурудың дағдылы емес және жасырын түрлерімен науқастанған балалар айналасындағыларға мейлінше қауіпті. Аурудың жұғу жолдары- жанасымдық тұрмыстық жол- күнделікті тұтынатын заттар, ойыншықтар, ыдыс-аяқ, тамақ өнімдері мен су арқылы және «кір қолдар» арқылы өтеді. Бала ауырып жазылғаннан кейін қалатын иммунитет тұрақсыз, дизентерия қоздырғышының басқа түрі жұққан жағдайда қайталап ауруы мүмкін,

Патогенезі. Қоздырғыштар ас қорыту ағзаларының шырышты қабаты арқылы енеді де, тоқ ішекте қоныстанады. Қоздырғыштар бөліп щығарған токсиндер қан арқылы барлық ағзаларды уландырады. Ең бірінші орталық және вегетативтік жүйке жүйесіне әсерін тигізеді. Содан кейін барып, барлық қалған ағзалардың қызметі бұзылады: зат алмасуы, ас қорытылуы, жүрек жұмысы, дем алысы т.б.

Клиника. Аурудың жасырын кезеңі 1-7 күнге (жиірек 2-3 күнге) созылады. Ауру әдетте жедел, дене қызуы 38-39 градусқа көтерілуден басталады. Бала сылбыр тартып, тәбеті нашарлайды, кейде құсады. Іші жиі-жиі бүріп ауырып, мазасызданады. Дәреті сұйылады-алғашқыда шырыш, жалқақ кейде қан аралас болады да, кейіннен нәжіссіз, аз мөлшерде (қақырық сияқты) қан аралас жалқақ түрінде өтеді. осы кезде дизентерия ауруына тән т е н е з м д е р (босқа күшену) байқалады: баланың іші қатты бүріп ауырып, дәретке шықпақшы болып күшенеді, сол кезде беті қызырып, кейде көтен ішегі айналып сыртқа шығып кетеді. Бұл күшеншек, тенезмдер көтен ішектің төменгі бөлігі мен анустық қысқыш бұлшық еттерінің қысылуынан пайда болады. Дизентерияның ауыр түрлерінде қысылу, сфинктердің парезі мен параличіне ауысып, анустың үңірейіп, ашық тұруына әкеп соғады.

Аурудың даму барысында, 2-3 күндері интоксикация белгілері: жоғары температурамен қатар, басы ауруы, тәбеті төмендеу, ұйқысы нашарлау, жүрек-қан тамыры жүйесінің қызметінің бұзылу белгілері және эксикоз белгілері қосылады.

Кішкентай балаларда дизентерия өзіндік ерекшеліктермен өтеді: дизентерияға тән колиттік белгілер, нәжістегі патологиялық өзгерістер анық білінбейді, тенезмдер байқалмайды. Оның орнына іші ауырып, дәретке шығарда бала қатты шыңғырып жылап, қызарып кетеді. Анустың үңіреюі болмағанмен, анустың «тез ашылуы» байқалады. Баланың нәжісі сұйық, жасыл түсті, шырыш араласқан, диспепсиялық сипатта болады. Организмнің жалпы улану белгілері басымырақ айқындалады, эксикоз белгілері де ауырырақ дәрежеде дамиды, бала қатты әлсіреп, асқынулары басталады.

Асқынулары:біріншілік-энцефалит, неврит, көтен ішектің түсіп кетуі; екіншілік- бронхопневмония, стоматит, отит, пиодермиялар, пиелоцистит, дистрофия, авитаминоздар.

Диагноз қою үшін эпидемиологиялық анамнезге; ауруға тән клиникалық белгілерге; нәжістің копрологиялық және бактериологиялық тексерістеріне; ректороманоскопиялық зерттеудің (тоқ ішектің төменгі бөліктерін арнайы аспап арқылы тексеру) нәтижелеріне сүйенеді.

Емдеу кешенді түрде жүргізіледі:

- Диета- баланың жасына сәйкес тамақтармен аз мөлшерде, жиірек тамақтандыру; емізулі балаларды ана сүтімен қамтамасыз ету жоқ болса, қышқыл сүт қоспаларын тағайындау; тамақ құрамында ішектің қимылын күшейтетін тағам түрлерін шектеу (сүт, қара нан, газдалған сулар т.б.) түрінде тағайындалады.

- Аурудың қоздырғышына қарсы, патогенді микроорганизмдермен шығарылған болса, оларға әсер ететін антибиотиктер тағайындалады.

- Арнайы препарат-дизентериялық бактериофаг енгізіледі.

- Дезинтоксикациялық және регидратациялық ем: алғашқыда ауыз арқылы регидратация жүргізуден бастау (ЮНИСЕФ ұсынысына сәйкес), ауыр интоксикацияда- сұйықтықтарды көк тамырға тамшылата енгізу арқылы жүргізіледі.

- Ферменттер мен витаминдер тағайындау; жергілікті ем жүргізу- дәрілік клизма жасау; энтеросорбенттер (карболен, смекта) ішкізу; дисбактериозды жою үшін-биопрепараттар тағайындау (бифидобактерин, бифилакт, лактобактерин, колибактерин) қолданылады.

Алдын-алу шараларына- аурудың диагнозын ерте анықтап, ерте

оңашалау; қарым-қатынастағыларды есепке алып, 7 күн бойы бақылау жүргізу, қарым-қатынастағыларды бактериологиялық тексерістен өткізу; жеке бастың гигиенасын қатаң сақтау; санитарлық ағарту жұмыстарын жүргізу жатады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3387. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Типовые примеры и методы их решения. Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно Пример 2.5.1. На вклад начисляются сложные проценты: а) ежегодно; б) ежеквартально; в) ежемесячно. Какова должна быть годовая номинальная процентная ставка...

Выработка навыка зеркального письма (динамический стереотип) Цель работы: Проследить особенности образования любого навыка (динамического стереотипа) на примере выработки навыка зеркального письма...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.031 сек.) русская версия | украинская версия