Бүйрек жұмысының өткір тапшылығы
Себептері:Көп қан жоғалту,дегидратация,күшті интоксикация,токсико-аллергиялық және инфекциялық ауыр бүйрек аурулары,бүйрек және зәр шығару ағзаларының туа пайда болған ақаулары. Белгілері:Олигоурия немесе анурия,гипералиемия,гиперазотемия белгілері-бас ауыру,құсу,іш ауырып,әлсіздену,ентігу,брадикардия,аритмия,бұлшық еттердің тырысуы,аузыннан амиак иісі шығуы. Жедел жәрдем: -2% сода ерітіндісімен немесе басқа ерітіндімен асқазанды шаю; -ішекті шаю(сифонды клизма қою);-симптомдық ем жүргізу(жүрек жұмысын жақсартатын дәрілер)егу; -бүйрек домалақшаларындағы қан айналымын жақсарту үшін эуфиллинді көк тамырға тамшылата егу. Фельдшердің тактикасы: баланы тез арада арнайы санитарлық көлікпен,фельдшердің жетегімен реанимация бөліміне жеткізу.Ауыр жағдайда балаға тек экстракорпоральды гемрдализ жәрдем етеді.
Бүйрек шаншуы Себептері:несеп ағарларының қабынуы,бүйрек-тас ауруы,бүйрек зәр шығару жолдарының ісіктері. Белгілері: бала өте мазасыз,өзін қоярға жер таппайды,іші кебеді,құсады,дене қызуы көтеріледі,зәрге шығуы қиындайды,жиілейді,зәр шығару жолдары мен сыртқы жыныс ағзаларының тұсында зәр шыққан кезде ауырсыну пайда болады,белі,бүйрек тұсы қатты шаншып ауырады. Жедел жәрдем:жоғары температура,қалтырау,дизуриялық белгілер болмаса балаға жылытатын процедуралар тағайындау цистенал-бала неше жаста болса,сонша тамшы;спазмды,ауырсынуды басатын дәрі-дәрмектер;но-шпа2% 0,5-1,0мл бұлшық етке(дозалары бала жасына сәйкес), димедрол 1% және анальгин 25%-50% бұлшық етке егу. Фельдшердің тактикасы: алғашқы көмектен кейін ауырсыру басылмаса тез арада дәрігерге жеткізу.Егер науқастың жағдайы жеңілдесе,дәрігердің коньсултациясына жолдама жазып,үйіне қайтару.
Ан тамырларының өткір жетіспеушілігі Себептері: Ішкі ағзаларға қан кету,жұқпалы аурулардан кейін әлсіреу,қан қысымын төмендететін дәрілердің дозасының артып кетуі,қатты ауырсыну,анафилаксия,қатты қорқып кету,нерв жүйесінің аурулары т.б. Талу белгілері: қатты әлсіреу,бас айналу,құлағы шулау,көз қарауту,тері және шырышты қабатарының бозаруы,аз уақытқа есін жоғалту,қан қысымының төмендеп кетуі,суық тер шығу,жүрегі айнып кекіру,кейде бұлшық еттердің тырысуы. Жедел жәрдем: түймелерін ағытып,кеудесін жеңілдету,таза ауа жеткізу;тегіс,қатты жерге баланың бас жағын төмен етіп жатқызу;бетін мұздай сумен сүрту;мүсәтір спирті немесе эфирге батырылған мақтаны иіскету;бұл әрекеттер жәрдем етпесе дәрілер егу-кофеин 10%-0,05мл/кг, кордиамин 0,02мл/кг бұлшық етке немесе тері астына;есін жинағасын бірден тұрғызбай,ыстық шәй ішкізу. Талықсу(коллапс)-есін жоғалтпайды,бірақ өте төмен,тері қабаты боп-боз,аяқ-қолдары мұздай,көз қарашағы үкейген,мұздай тер шығады. Жедел жәрдем: ыстығы жоқ болса жылытқыштармен жылыту;ылғалдатылған оттегін беру;ыстық шәй,кофе ішкізу;аяқ-қолдарын,ішін уқалау;тері қабатын этил немесе камфора спиртімен ысқылау;қан қысымын көтеретін дәрілер егу-кофеин,корлиамин,адреналин 0,1%-0,1мл/жасына,эфедрин 5% -0,1мл/жасына:жәрдем етпесе мезатон1%норадреналин 0,2%-0,1мл/жасына,преднизалон 1мг/кг,жүрек жұмысын жақсартатын дәрілерді-строфантин 0,05% немесе корглюкон 0,06%-0,0025мл/кг 10% глюкозамен көк тамырға егу. Фельдшердің тактикасы:баланы иез арада арнайы санитарлық көлікпен реанимация бөліміне жеткізу.
Гипергликемиялық кома Себептері: қант диабетіменауыратын балаға инсулин мөлшерінің жетіспеуі. Белгілері:терең,сирек,шулы дем алыс пайда болу;аузынан ацетон иісі шығу;рефлекстердің жоғалуы;тері және шырышты қабаттарының құрғауы;қанда жоғары гипергликемия,зәрде-глюкозурия. Жедел жәрдем:балаға инсулин егуді бастау 0,3-0,7ЕД/кг:1-ші егуге1/3дозаны көк тамырға шапшаты жіберу,2-ші егуге 1/3 дозаны көк тамырға тамшылата,қалған 1/3дозаны III- ші кезекте тері астына егу;асқазанды 2%сода немесе физиологиялық ерітіндімен шаю;тазартқыш клизма жасау,ішекті шаю;тез арада ауруханаға жеткізу.
Гипогликемиялық кома Себептері:Қант диабетімен ауыратын балаға инсулин мөлшерінің көп енгізіліп қоюы,дұрыс күн тәртібін бұзу,күш түсіру. Белгілері:әлсізднеу,бозару,қатты терлеп кету,тез есін жоғалту,құрысып-тырысу,тахи және брадикардия,қанда гипогликемия. Жедел жәржем:көк тамырға 20-40мл 40% глюкозаны шапшыта егу:ылғалдатылған оттегін беру;кофеин 10 %тері астына егу;есін жинағасын тәтті шәй,тез сіңетін тәттілер жегізу.
|