Студопедия — ЛЕПТОСПИРОЗ
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

ЛЕПТОСПИРОЗ






Син. Васильев -Вейль ауруы.

Анықтамасы. Лептоспироз Leptospira туыстығына жататын қоздырғыштарымен шақырылатын, зооноздар тобына жататын, бүйрек, бауыр және жүйке жүйесінің зақымға ұшырауымен, қызбамен, миалгиялармен, улану, геморрагиялық синдромдарымен сипатталатын табиғи ошақты жедел жұқпалы ауру.

Тақырыптың маңыздылығы. Лептоспироз кең таралған ауру. Барлық континенттер мен елдерде кездеседі: Ресейде –77%, Қазақстанда – 9,7%, Украинада –6,4%, Белоруссияда 2,6%, Өзбекістанда- 2,3%. Өлім-жітімділігі жоғары көрсеткіштерде:3-10% - 25-40%.

Тарихи мәліметтер. Аурудың клиникалық көріністерін (жұқпалы сарғыштану) неміс ғалымы А.Вейль 4 науқаста анықтап жазған. 1888ж. С.П.Боткиннің шәкірті Н.П.Васильев осы аурудың 17 жағдайы жайлы жариялаған. Бұл ғалым жаңа ауруды Боткин ауруынан (катаралді сарғыштану) айырмашылығын дәлелдеп дара нозологиялық бірлікке жатқызады. Ауруды Васильев -Вейль ауруы деп атап кеткен. 1914-1915 жж. жапондықтар А.Инадо мен басқалары науқастан Leptospira icterohaemorrhagica қоздырғышын бөліп алып, оны спирохеталар тұқымдастығын анықтаған. Сонғы жылдары барлық елдерде лептоспиралардың әр түрлі типтері зерттелген.

Этиологиясы.

Лептоспироздың қоздырғыштары - лептоспиралар Spirochaetaceae тұқымдастығына Leptospiraceae туыстығына жатады. Олар екі түрге бөлінеді: паразиттік Interrogans және сапрофиттік Biflexa. Лептоспиралар антигендік құрылымына байланысты серологиялық топтар мен вариантарға бөлінеді. Адамның патологиясына маңызды серологиялық топтар: L.icterohaemorrhagica, L.pomona, L.hebdomadis, L.grippothyphosa, L.canicola, L.tarassovi. Лептоспиралар - Грам «теріс» микроорганизм. Қанның сары суы қосылған арнайы орталарда өседі. Лептоспиралар морфологиялық жағынан сансыз көп ұсақ шиыршықтануымен (15-20) ерекшеленген. Ұзындығы –6-15 мкм, жуандығы –0,25 мкм. Олардың денесінің артқы жағы ілмектәрізді бүгілген. Лептоспиралар жылжымалы. Олардың үдемелі, айналмалы, бүгілмелі қозғалыстары байқалған. Лептоспиралардың әртүрлі ферменттері бар: гемолизин, фибринолизин, плазмокоагулаза, липаза.

Лептоспиралар төменгі ауа температурасына тұрақты, суда 2-3 апта, ылғалды топырақта 3 айға дейін тіршілік етеді. Сол себептен гидрофилдарға жатады. Бірақ, лептоспиралардың ультрафиолет сәулесіне, қышқылдарға, дезинфекциялаушы заттарға, сілтілектерге, қыздыруға тұрақтылығы аз.

Эпидемиологиясы. Лептоспироз – табиғи ошақты зооноз. Аурудың көзі - әртүрлі жабайы және ауылшаруашылық жануарлар. Жануарлардың арасында ауру урино-оралді механизм арқылы тарайды. Ауру жануарлар қоздырғышты зәр арқылы бөліп суды, топырақты, шөпті залалдап аурудың табиғи және антропургиялық (шаруашылық) ошақтары пайда болған. Табиғи ошақтарда (орман, дала, тундра, көл аймақтары) аурудың көзі және резервуары – жабайы жануарлар: кеміргіштер, кірпілер. Антропургиялық ошақтарда (ауыл, қала) аурудың көзі – ауылшаруашылық жануарлар (әсіресе, ірі қара мал, ұсақ қара мал, шошқалар), егеуқұйрықтар, тышқандар, үй жануарлары (иттер). Қалалық ошақтарда аурудың негізгі көзі қара және сұр егеуқұйрықтар, иттер. Олардың эпидемиологиялық ролі өте маңызды.

Адам аурудың көзі болып табылмайды.

Аурудың берілу жолдары:

1) контактілі – тері, шырышты қабықшалар арқылы. Адамдар ағымы жоқ суаттарда шомылу үстінде, сонымен қатар балық аулау, шаяндарды ұстау, шөптің үстінде жалаң аяқ жүру, егістіктерде, бау-бақшаларда өнімдерді жинау, саңырауқұлақтарды жинау, сырқат жануарларды күту, мал сойып ет бөлшектеген кезінде ауруды жұқтыруы мүмкін;

Алиментарлы - кеміргіштер арқылы залалданған су, әр түрлі азық-түлік өнімдерін пайдалануға байланысты (әсіресе сүтті) ауруды жұқтыруы мүмкін.

Бұл ауру әсіресе суға шомылу мерзімінде, яғни жаз айларында өршиді – тамыз айында жиі кездеседі. Бірақ қалалық ошақтарда ауру жыл бойы кездеседі.

Қабылдаушы макроорганизм. Ауруға барлық жастағы адамдар сезімтал, жиі ересектер мен жас өспірімдер аурады. Қауіпті топтарға ауылшаруашылық, жұмысшылары, ет комбинатының қызметкерлері, күріш өсіріп жинайтын адамдар, дератизаторлар, ветеринарлар, зоотехниктер, аңшылар, шахтерлер, ит ұстайтын адамдар жатады.

Патогенезі және патологиялық анатомиясы.

1 сатысы – жұқтыру сатысы. Аурудың кіру қақпалары – тері мен шырышты (ас қорыту жолдарының) қабықшалары. Асқазан қышқылы лептоспираларға әсер етпейді.

2 сатысы – біріншілік қысқа бактериемия және біріншілік паренхиматозды бекіну. Лептоспиралар қимылдығына байланысты организмге еніп аз уақытта 3-5 минуттан кейін қанға түседі. Бірақ олардың аз мөлшерде болғанынан соң, қанда сақталу мерзімі өте қысқа. Сосын лептоспиралар әр түрлі паренхиматозды ағзаларға ошақтанып, әсіресе бауырдың, көкбауырдың, бүйрек пен өкпенің ретикулогистиоцитарлы жасушаларында қарқынды көбейеді.

Патогенездін осы еқі сатылары аурудың жасырың кезеңіне сәйкес келеді.

3 сатысы – қайталанған бактериемия мен токсинемия. Көбейген лептоспиралар көп мөлшерде қайтадан қанға өтеді. Қанда бұл уақытта арнайы (лептоспираларға қарсы) антиденелер түзіліп, олардың әсерінен қоздырғыштар ыдырап қанға токсиндерін бөледі – гиалуронидаза, фибринолизин, гемолизин және т.б. Аурудың клиникалық белгіліері басталады – қызба, қалтырау, улану симптомдары. 1-ші аптаның соңында жайылмалы капилляротоксикоз қалыптасып – ішкі ағазаларда, тері бетінде геморрагиялар пайда болады. Улы заттардың салдарынан эритроциттер гемолизге ұшырап, анемия мен сарғыштану дамиды.

4 сатысы – екіншілік паренхиматозды бекіну. Қанда ыдырамаған лептоспиралар паренхиматозды ағзаларға (бауыр, бүйрек, ми қабығы және т.б.) қайтадан бекініп, ісіну және дегенеративті өзгерістер тудырады. Аурудың бұл сатысы 2-4-5 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Лептоспиралар бүйрек тұтқыларында ұзақ сақталады. Ал жұлын сұйықтығында лептоспиралардың жиналуы менингит дамуына алып келмек.

5 сатысы - иммунитет қалыптасу, аурудың ақыры немесе нәтижелері. Аурудың 2-3-ші аптасында қанда антиденелер жиналады да, қоздырғыштар қаннан жойылады, бірақ әртүрлі мүшелерде табылатын кездері болуы мүмкін. Бұл жағдайда түрлі асқынулар дамиды.

Аурудан кейін гомологиялық (тек қана бір серологиялық түріне қарсы) тұрақты иммунитет қалыптасады.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 4809. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Реформы П.А.Столыпина Сегодня уже никто не сомневается в том, что экономическая политика П...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Сущность, виды и функции маркетинга персонала Перснал-маркетинг является новым понятием. В мировой практике маркетинга и управления персоналом он выделился в отдельное направление лишь в начале 90-х гг.XX века...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия