БӨРТПЕ СҮЗЕГІ НЕМЕСЕ БРИЛЛ АУРУЫ
№19 кесте Бөртпе сүзегінің және іш сүзегінің, А және В парасүзектерінің салыстырмалы-диагностикалық белгілері
Бөртпе сүзектің арнайы диагностикасы науқастың қанынан Провачек риккетсияларының таза дақылын немесе оларға қарсы антиденелерді бөлуге негізделген. Риккетсияларды өсіру техникалық қиындығына байланысты практикалық маңызы жоқ, сондықтан бөртпе сүзектің лабораториялық диагностикасы үшін сероиммунологиялық әдісті (КБР, ТеГАР, РАР, МФА) пайдаланады. КБР-ның диагностикалық титрі (1:160 және одан артық) аурудың 6-7 күні анықталады, аурудың 12-20 күні максималді мәніне (1:640 – 1:1280) жетеді. Бөртпе сүзектің реконвалесценттерінде комплемент байланыстырушы антиденелер ұзақ жылдар бойы сақталады да, РСК-ны аурудың ретроспективті диагностикасына қажетті етеді (1:10 титрында). Бөртпе сүзектің серодиагностикасында ТеГАР-ның маңызы зор, себебі бұл реакция тек антиденелердің қосынды титрін анықтап қана қоймай, олардың иммунноглобулиндерінің қай класына жататынын анықтайды. Бөртпе сүзекте аурудың 5-7 күнінде диагностикалық титрі 1:1000 немесе одан артық болады. Бұл классқа жататын антиденелер анықталынады. Аурудың 15-20 күнінде антиденелердің максимальды титрі (1:12800 және одан артық) анықталады. Оның ішінде аурудың 3-4 аптасында қан сары суында класына жататын антиденелер басым болады. Бөртпе сүзек ошақтарындағы тұрғындардың иммунологиялық құрылысын анықтау үшін теріге аллергиялық сынама жүргізеді. Емдеуі. Эпидемиялық бөртпе сүзек кезінде этиотропты, патогенетикалық, симптоматикалық ем қолданады. Қазіргі уақытта негізгі этиотропты препараттар, бұл тетрациклин тобының антибиотиктері екені белгілі. Тетрациклинді пероралдьы ересектер үшін 0,3-0,4 г. күніне 4 рет белгілейді (тәулегіне 1,2 – 1,6 г.) немесе доксициклин 0,1 г күніне 2 рет (тәулегіне 0,2 г.) Емдеу курсы- бүкіл қызба кезеңі бойы және апирекцияның 2 күніне тағайындайды. Сирек левомицетинді 0,5-0,75 г. тәулігіне 4 реттен белгілеген. Аурудың ауыр өту кезеңдерінде антибиотиктерді парантеральды енгізеді. Этиотропты антибиотикотерапия өте тез әсер береді және сондықтан да патогенетикалық терапияның көп әдістері қазіргі уақытта тек тарихи маңызға ғана ие болып отыр. Патогенетикалық терапия көрсеткіштер бойынша дезинтоксикациялық препараттар, диуретиктер, тамырлық аналептиктер, жүрек гликозидтері, витаминдер, әсіресе аскорбин қышқылы және Р-витаминді препараттарды қарастырады. Аурудың ауыр өтуі кезінде интенсивті терапия жүргізеді. Делирий дамығанда бромидтер, барбитураттар, аминазин, седуксен, галоперидол немесе натрий оксибутиратты қолданады. Тромбоз бен тромбоэмболиялық асқынулардың алдын-алу үшін антикоагулянттар тағайындайды. Стоматит, паротит, жара (пролежни) болдырмау үшін міндетті түрде ауыз қуысы мен теріні тазалау қажет. Апирексияның 5-6 күніне дейін төсектік тәртіп, дене қызуы қалпына келгеннен кейін 6-7 күннен бастап науқасқа жүруге болады, аурудың асқынуы болмаған жағдайда апирексияның 12 күнінде ауруханадан шығарылады. Болжамы. Антибиотиктерді практикаға енгізгенге дейін ауру болжамы күрделі болып, науқастар қайтыс болып отырған. Қазіргі уақытта науқасты тетрациклиндермен емдеу оң нәтиже беріп отыр. Өлім қаупі де сирек, ал практикаға антикоагулянттарды енгізгеннен кейін өлім қатері тіптен байқалмаған. Аурудың алдын-алу шаралары. Бөртпе сүзекпен ауырған науқас міндетті түрде ауруханаға жатқызылады. 5 күннен артық қызуы көтерілген, анық диагноз қойылмаған науқастар провизорлы ауруханаға жатқызылады. Бөртпе сүзегінің профилактикасы үшін үлкен маңызды биттер мен күрес жүргізу жолдары алады. Инфекция ошағында келесі шаралар жүргізіледі: науқаспен жанасқан адамдар санитарлық тазартудан өтеді, науқастың және қарым-қатынаста болған адамдардың киімі, төсек орны камералық дезинфекциядан өткізіледі. Ошақта дезинфекция мен дезинсекция 3-5% лизол ерітіндісімен жүргізіледі. Науқасты ауруханаға жатқызғаннан кейін, эпидемиялық бөртпе сүзек ошағына бақылау 71 күнге (дене қызуын өлшеу, қарау) ал Бриллm ауруы ошағына 25 күнге бекітіледі. Эпидемиялық көрсеткіш бойынша қауіпті контингентке құрғақ химиялық бөртпе сүзектік вакцинамен активті иммунизация жүргізіледі. Вакцина 0,5 мл мөлшерінде 1 рет енгізіледі. Брилль-Цинссер ауруы (спорадикалық бөртпе сүзек) Бриль-Цинссер ауруы – эпидемиялық бөртпе сүзегінің қайталанған түрі, ол эпидемиялық бөртпе сүзектің эндогенді рецидиві. Сондықтан Брилль ауруын спорадикалық бөртпе сүзек деп атайды. Брилль ауруы 1-ші аурудан кейін, көп жылдардан соң білінеді, өте жеңіл ағыммен, бірақ бөртпе сүзегі үшін типті клиникалық белгілерімен сипатталады. Тарихи мәліметтер. Ауруды алғаш рет 1898 және 1910 жылдары Нью-Иоркте американ зерттеушісі Брилль жазған. 1934 жылы Цинссер 538 ұқсас науқастарды зерттеу бойынша, бұл ауру бұрын бастан кешкен бөртпе сүзегінің қайталануы екенін анықтаған. Одан әрі (1955-1965 ж.) қайтыс болған 2 адамның лимфа түйіндерінде Провачек риккетсиясының бар екендігі дәлелденген. 1934 жылы Цинссер «Брилль ауруы» деген атауды ұсынды. Ал 1952 жылы Loeffler және Mooser бұл ауруды Брилль-Цинссер деп атауды ұсынады, сонымен аурулардың халықаралық жіктелуіне осылай енген. Этиологиясы. Бриль ауруының және эпидемиялық бөтпе сүзегінің қоздырғышы Rickettsia prowazekii болып табылады. Эпидемиологиясы. Брилль ауруының эпидемиологиялық ерекшеліктері бар. 1. Аурудың көзі бұрын эпидемиялық бөртпе сүзекпен ауырған науқастың өзі болады, яғни оның организмде қоздырғыш сақталып қалған. 2. Осымен байланысты аурудың дамуына биттің де қажеті жоқ. 3.Брилль ауруымен ауыратын егде және қарт адамдар. Аурудың жиілігі адамдардың санына байланысты, бұрын бөртпе сүзегінің эпидемиялық өршуі байқалған жерде жоғары болады. Бірақ бір эпидемиологиялық қауіпі бар. Брилл-Цинссер ауруымен ауратын адам эпидемиялық бөртпе сүзегі инфекциясының көзі болуы мүмкін. Патогенезі. Бұл аурудың пайда болуы, риккетсиялардың жасырын түрге ауысуы болып табылған. Жасырын жағдайда Провачек риккетсиялары лимфа түйіндерінің жасушаларында, бауырда, өкпеде ұзақ сақталып, қандай да бір өзгерісті тудырмайды. Ал адамның иммунитеті төмендеген кезде, қоздырғыш қанға түсіп аурудың көріністерін шақырады. Бұл жағдайда аурудың патогенезі эпидемиялық бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл-Цинссер ауруын бастан өткізгеннен кейінгі, аурудың қайталануы сирек. Клиникасы. Брилль ауруы эпидемиялық бөртпе сүзек заңдылықтарына бағынады. Бірақ одан айырмашылығы симптомдарының белсеңділігі төмен болады. Бастапқы кезеңнің ұзақтығы 3-4 күн, айқын емес интоксикациямен, бас ауыру, ұйқысы келумен, дене қызуының 38-39° С көтерілуімен сипатталады. Экзантема аз байқалады - 20% жағдайларда. Өршу кезең; әдетте 5-7 күннен аспайды да, 38-39°С шамасындағы ремиттерлеуші немесе сирек қалыпты типтегі гипертермиямен сипатталады. ОЖЖнің зақымдалу белгілері айқын емес, эпидемиялық бөртпе сүзектің жеңіл және орташа ауырлықтағы түрлеріне сәйкес келеді. Науқастарда бас ауру, кейде өте күшті, ұйқысы бұзылу, эйфория және жоғары сөйлегіштік байқалады. Гиперестезия болмайды. Науқастың ақыл - есі бұзылмайды, бірақ кейбір науқастар қорқынышты түстер көреді. Сопақша мидың зақымдалу белгілері Говоров-Годелье симптомымен шектеледі, менингеальды симптомдар сирек анықталады. Брилль ауруымен ауырған науқастарда 60-96% жағдайда экзантема байқалады. Оның саны аз болса да розеолезды-петехияльды бөртпе элементтері басым болады. Брилль ауруында жүрек қантамыр жүйесінің жиі зақымдалуы байқалады, әдетте ол науқастардың арасында жүрек қантамыр аппаратында физиологиялық өзгерістер мен әр түрлі аурулары бар жасы үлкен кісілердің болуына байланысты. Бауыр мен көкбауырдың ұлғаюы әрдайым кездесе бермейді. Брилль ауруында асқынулар өте сирек байқалады, негізінен үстүрт орналасқан көктамырлардың тромбозы мен тромбофлебиті, пневмония кездеседі. Брилль ауруында қызу кезеңінің жалпы ұзақтығы 9-11 күн, кейде 7-13 күнге созылады. Әдетте айығу кезеңі бірқалыпты өтеді. Бөртпе сүзек пен Брилль ауруының реконвалесценттері ауруханадан 11-12 күнінде шығарылады. Болжамы қолайлы. Диагностикасы мен емі бөртпе сүзегіне ұқсас. Брилл ауруымен ауратын науқастарда аурудың 1-ші күнінен бастап комплемент байланыстырушы антиделер жоғары титрде анықталады (РСК 1:10240 және одан артық, РНГА 1:64000 және оданда артық).
|