Дәрістің қысқаша мазмұны. 1917 ж. 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша самодержавиесі құлатылды
1917 ж. 27 ақпанда Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция жеңіп, патша самодержавиесі құлатылды. Барлық жерде, соның ішінде Қазақстанда жұмысшы және солдат депутаттарының Кеңестері құрылды (1917ж. наурыз-сәуір). Кеңестермен бір сәтте (Бөкей ордасында Орталық Атқару Комитеті құрылды.) Уақытша үкімет органдары жұмыс істеді. Азамат соғысының Қазақстандағы алғашқы ошақтарының бірі 1917 ж. соңында Торғай облысының әкімшілік Орталығы Орынборда пайда болып, онда казак әскерлерінің атаманы Дутов Кеңес өкіметін құлатты. 1917 ж. қарашада Оралда контрреволюция ошағы құрылды. 1918 ж. мамырда Антанта империалистері Чехословак бүлігін ұйымдастырды. Жетісу өлкесі Колчак әскерінің басып алу қаупінде қалды. Азамат соғысы жылдарында Қызыл армияны құру жүргізілді. БОАК-тің 1918 ж. 29 мамырдағы дектеріне сәйкес әскер құру еріктілігі міндетті әскери парызбен алмастырылды. 1918 ж. күзде Бөкей ордасында алғашқы кеңестік үлгілі қазақ атты әскер жасағы құрылды. Азамат соғысында 8 млн. адам қаза болды. Партизан қозғалысы кең өріс алды. Солтүстік Жетісуда Кеңес өкіметі жолындағы күресте Черкасск қорғанысы (1918 ж. маусым – 1919 ж. қазан) үлкен роль атқарды. 1920 ж. мамырда Қазақстандағы азамат соғысының соңғы майданы – Жетісу майданы жойылды. РСФСР ХКК-нің 1919 ж. 13 шілдедегі дектерімен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет (Қазревком) құрылды. Оның бірінші құрамына С. Пестковский (төраға), А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин, М.Тұнғаншин, С.Меңдешов, Б.Қаратаев енді. Қазревком 1919 ж. шілдесінен 1920 ж. қазанына дейін 15 ай бойы жұмыс істеді. 1920 ж. 26 тамызда Кеңес үкіметі “Автономиялық Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы” декрет қабылдады. Бақылау сұрақтары .1. ХХ ғ. басында отарлау саясатының күшеюі. 2. Алаш қозғалысы және көсемдері. 3. Алаш саяси партиясының құрылуы. 1-ші Жалпықазақ съезі. Партияның бағдарламасы. 4. 2-ші жалпықазақ съезі. Алаш Орданың азамат соғысы жылдарындағы қызметі.
Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): Ж. Қазан революциясы және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы «Алаш қозғалысы және Алаш Орда» туралы шығармашылық тапсырма дайындаңыз.
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы XX ғасырдың басындағы Қазақстан 1. «Әскери коммунизм» саясатының мәнін жазбаша көрсетіңіз 2.«Қазақ АКСР-нің құрылуы» тақырыбына тірек конспект дайындаңыз 3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз [1,2нег.6,9,11 қосымш.] Глоссарий
Зін-өзі тексеру
Жылы Қазан төңкерісі қарсаңындағы халықтан тартып алынған жер көлемі А) 4 млн десятина В) 9 млн десятина С) 17 млн десятина D) 40 млн десятина Е) 45 млн десятина Алаш» партиясының бағдарламасының жобасы А)10 бөлімнен B)11 бөлімнен C)9 бөлімнен Д)12 бөлімнен E)8 бөлімнен Мұсылмандардың орасан зор манифестациясы өтті А)Хиуа В)Қырғыз С)Қоқан Д)Түркістан Е)Орынбор Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезі ашылды А) 1917ж 23қараша В) 1918ж 22қазан С) 1919ж 24қазан Д)1917ж 22қараша Е) 1920ж 12қараша Бүкілтүркістандық Төтенше IV съезді А)Ә. Бокейханов ашты В)М.Шоқай ашты С)М.Тынышпаев ашты Д)А. Розыбакие ашты Е) Ж. Бабаев ашты Ж басында Кеңес үкіметі А) Ырғыз, Торғайда орнады В) Жетісуда орнады С) Верныйда орнады Д)Ақтөбеде орнады Е)Оралда орнады
|