Дәрістің қысқаша мазмұны. 1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс
1218-1219 жж. Монғолдар Енисей қырғыздарын, Оңтүстік Сібірдің өзге халықтары және Шығыс Түркістанды өзіне бағындырып, Солтүстік Қытайды басып алды. Монғолдардың Қазақстанға басып кіруіне “Отырар опаты” сылтау болды. Шыңғыс хан мен Хорезм шахы арасында байланысты қалпына келтіру мақсатында өзара елшілік алмастыру басталды. 1218 ж. жазда Отырарға монғолдардан сауда керуені келді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді тыңшыларға балап оларды өлтіруге бұйрық берді және керуен тоналды. 1219 ж. қыркүйегінде 120-150 мың адам мөлшеріндегі монғолдар Ертіс жағалауынан бастап Қазақстанға басып кірді, олар Жетісу арқылы Сырдарияға бағыт алды. 1219-1224 жж. Монғолдардың шапқыншылығы нәтижесінде Қазақстан Шыңғыс хан империясы құрамына енді. Монғолдар Отырар, Сығанақ, Ашынас қалаларын қиратып, жойды. 1224 ж. күзінде Шыңғыс хан Монғолияға оралып, 1227 ж. қайтыс болды. Бақылау сұрақтары Алтын Орданың құрамындағы және оның құлауы кезіндегі Қазақстан. Ортағасырлық Ақ Орда мен Моғолстан мемлекеттері. Темірдің Ақ Орда мен Моғолстанға жорықтары. Әбілқайыр хандығы мен Ноғай ордасының пайда болуы және этносаяси тарихы. Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): СӨЖ 4. Монғол дәуіріндегі Қазақстан. XIV –XV ғғ. феодалдық мемлекеттер «Монғол шапқыншылығы - ның зардаптары» туралы хабарлама дайындап қорғаңыз
Студенттердің оқытушымен өзіндік жұмысы Қазақстан монғол жаулап алуы кезеңінде (XIII ғ. басы- XV ғ.ғ.) 1.Керей, Найман тайпаларының тарихы бойынша жазбаша эссе дайындаңыз 2.Алтын Орда ыдырағаннан кейінгі Қазақстан территориясында пайда болған мемлекеттерді сипаттайтын кесте жасап толтырыңыз 3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз [1,2нег.6,4,11 қосымш.] Глоссарий
Зін-өзі тексеру Моңғол армиясы Қытай жеріне басып кірді А)1211-1215жж В)1215-1216жж С)1207-1209жж Д)1209-1210жж Е)1211-1213жж Моңғолдар Баласағұнды қарсыласпай берілгені үшін, қойған атауы А)Жасақ В)Гуньмо С)Гобалық Д)Жошы Е)Жасақ Моңғолдар Жетісу жеріне енді А)1209ж В)1212ж С)1208ж Д)1218ж Е)1210ж Алтын Орданың астанасы А)Сарай-Бату В)Сарайшық С)Алмалық Д)Сайрам Е)Балықты Алтын Орданың негізін қалаған А)Берке хан В)Мүбәрәк хан С)Шейх Ахмед Д)Шайбани Е)Батый
Дәрістің қысқаша мазмұны 1456-1457 жж. Әбілқайыр Сығанақ түбінде ойраттардан үлкен жеңіліске ұшырады. Ойраттар Түркістан және Ташкент қалаларын тонады. Кетер алдында Өзтемір Тайшы Әбілқайырмен ол үшін масқара болған келісім жасады. Мұның өзі Жәнібек пен Керей сұлтандар басқарған тайпалардың бір бөлігінің Моғолстан жеріне көшіп кетуге әкелді. . Соның нәтижесінде Жәнібек пен Керей бұл жерде өздерінің жақтастары – 200 мың көшпендіні шоғырландырды.Ол ерте және ортағасырлардағы этносаяси процестермен тығыз байланысты болды. Жәнібек пен Керей бастап Өзбек ұлысынан көшкен тұрғындардың бір бөлігі өздерін “өзбек-қазақ”, ал кейіннен “қазақтар” деп атады. Жәнібек пен Керейдің дербес хандығын құру кезеңінде қазақ атауы жалпы мәнге ие болды. “Қазақ” терминінің этимологиясы өзінің түп-тамырымен түркі дәстүрлерінен бастау алып, белгілі шығыстанушы-ғалымдардың пікірінше еркін, азат, тәуелсіз адам дегенді білдіреді. Бақылау сұрақтары 1. Қазақ халқының құрылуының тарихи алғы шарттары. Қазақ халқының этникалық құрамы. 2. Қазақ хандығының құрылуы – ХІV-ХV ғғ. Қазақстан аумағындағы феодалдық мемлекеттердің саяси дамуының заңды нәтижесі. 3. Қазақ мемлекетінің алғашқы билеушілер тұсында нығаюы. Мұрындық (Бұрындық) (1480-1511) және Қасым хан (1511-1523). 4. Қазақ халқының қалыптасуының аяқталуы. Жүздер және олардың жер аумағы. Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ): Азақ халқының қалыптасу үрдісі «Керей мен Жәнібек Қазақ хандығының ірге тасын қалаушылар» - саяси сипаттама дайындап қорғаңыз Студенттердің оқытушымен өзіндік Азақ хандығының құрылуы 1.Қазақ жүздеріне арналған кесте дайындаңыз 2.Қазақ этнонимі туралы эссе дайындаңыз 3.Тақырып бойынша он сұрақтан сөзжұмбақ дайындаңыз [1,2нег.6,4,11 қосымш.]
|