Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Лимфаденит





Микроб және олардың токсиндерін, тіннің ыдырау өнімдерін ұстап қалатын фильтр қызметін атқаратын лимфа бездерінің (түйіндерінің) қабыну реакциялары балаларда жиі кездеседі.

Аурудың қоздырғышы стафилококк, стрептококк және басқа да іріңді микробтар. Олар без тініне лимфа және қан ағысымен келіп түседі.

Инфекция көздері және ену қақпалары әртүрлі: зақымданған тері, пиодермия, фурункул, флегмона және т.б. Мойын лимфа түйіндерінің зақымдалуы кезінде кіру қақпасы жиі ауыз қуысында орналасады (кариозды тіс, миндалина, стоматит). Одан басқа, балаларда лимфаденит инфекциялық аурулардың (қызылша, жел шешектің) асқынуы ретінде көрінуі мүмкін.

Лимфа түйініндегі қабыну процесі ісіну, томпаю немесе іріңді жұмсару түрінде өтеді. Балаларда процесс түйін капсуласынан оңай өтіп, аденофлегмона сияқты ауыр асқынуға әкелуі мүмкін.

Клиникалық көрінісі. Лимфадениттің ең жиі орналасатын жері – жақ асты және мойын аймағы, сирек – шап және қолтық асты аймақтары. Клиникалық көрінісі қоздырғыш вируленттілігіне, оның әсер ету күшіне, ұзақтығына, организмнің жалпы жағдайына байланысты өзгереді. Аурудың жедел, жеделдеу және созылмалы түрлері ажыратылады.

Жедел түрі – бір немесе бірнеше топ түйіндердің ұлғаюымен, олардың ауырсынуымен және әлсіздік, дене қызуының 37,5Ә-қа дейін көтерілуімен жүретін организнің жалпы реакциясымен өтеді. Зақымдалған түйін тығыз, пальпация жасағанда ауырады, қоршаған тіндерден шектелген. Біршама уақыттан кейін, әдетте 3-4 күн ішінде, қоршаған тері асты майының ісінуі, түйін үстіндегі терінің қызаруы, жергілікті температураның көтерілуі байқалады, кейіннен флюктуация анықталады. Асқынған жағдайларда тері жұқарады, ісіну үлкее бастайды. Көп жағдайларда түзілген іріңді ошақ сыртқа ашылып, ірің бөлініп тұратын жыланкөз пайда болады, кейіннен процесс біртіндеп қайта бастайды. Лимфадениттің жедел түрінде қан анализінде лейкоцитоз, лейкоцитарлы формула солға ығысады. Эритороциттердің тыну жылдамдығы жоғарылаған болады.

Жеделдеу түрі клиникалық көріністердің айқын болмауымен ерекшеленеді. Ауру жедел басталмайды, ауыр сезімі әлсіз, дене қызуы 2-3 апта бойы 37-37,5Ә, кейде одан да көп мерзімге лимфа түйіндерінің тұрақты ұлғаюы болады. Түйін қоршаған тіндермен жабысқан, тығыз және басқанда ауырады. Терінің қызарғандығы шамалы, асқыну қоршаған тері асты майына тарамайды. Емдеудің әсерінен процесс кері дамиды немесе ірің ошағы түзіледі, болмаса процесс созылмалы түрге өтеді. Түйіннің іріңдеуі кезінде дене қызуы жоғары болады.

Созылмалы түрі біріншілік пайда болуы мүмкін немесе жеделдеу түрінің жалғасы ретінде дамиды. Ол ұлғайған, бірақ ауырсынуы аз, қоршаған тіндермен жабыспаған, бір немесе бірнеше түйіндердің болуымен сипатталады. Түйін үстіндегі тері өзгермейді, сипағанда ауырсынбайды. Созылмалы түрінде қолданған антибиотиктерге қарамастан, продуктивті қабыну басым болып асқыну емге көнбейді. Дене қызуы қалыпты болады, қан анализінде өзгеріс жоқ.

Лимфадениттің соңғы екі түрі кейінгі жылдары жиі байқалуда. Оны флора вируленттілігінің өзгеруімен және микробтардың антибиотикке тұрақты іледі түрлерінің пайда болуымен түсіндіріледі.

Ажыратпалы диагноз.

Жедел лимфаденит диагнозын қою көптеген жағдайларда қиындық тудырмайды. Қолдың жұмсақ тіндерінің зақымдануы мен қабынулары кезінде қолтық асты және шынтақ түйіндері, ал аяқтың зақымдануы мен аурулары кезінде шап және тізе асты лимфа түйіндерінің ұлғаюы болады. Мойын түйіндерінің қабынуы кезінде инфекцияның кіру қақпасын анықтау қиын.

Абсцесс тереңде орналасса және флюктуация феномені жоқ болғанда түйіннің іріңдегендігін анықтау қиын. Осындай жағдайларда анықтау мақсатында жуан инемен пункция жасалынады.

Жеделдеу және созылмалы өтетін лимфадениттерді туберкулез, лимфогранулематоз, ісік, актиномикоз, мерезден ажырату қажет. Консервативті ем нәтижесіз болған жағдайда науқасты толық зерттеуден өткізу керек. Туберкулез сынамаларын, Вассерман реакциясын жасайды. Түйін пунктатын гисталогиялық зерттегенде оның биопсиясынан бағалы мәліметтерді береді. Барлық белгісіз жағдайларда, консервативті емді ұзаққа созбай, балаларды мамандардың кеңесіне жіберу керек немесе ауруханаға жатқызу қажет.

Емі. Лимфаденит ауруының бастапқы сатыларында консервативті ем пайдалы. Зақымдалған мүшенің тыныштығы сақталынады. Соллюкс, УВЧ және антибактериальді емдеу өткізіледі. Бастапқы кезде жылуды ұзақ, 10-12 сағат сайын қолданған дұрыс.

Сульфаниламид препараттарын ауыз арқылы немесе әсер ету спектрі кең антибиотиктерді бұлшық етке инъекция ретінде тағайындайды.

Инфекцияның кіру қақпасы болған активті ошақ көп жағдайларда емнің әсерінен толық жазылады.

Жұмсарған жерлер пайда болса оперативті жол - тілу көрсетілген. Оны жергілікті жансыздандыру немесе қысқа уақытты наркоз арқылы өткізеді. Баланың жалпы жағдайы нашарласа, аденофлегмонамен асқынса, науқасты ауруханаға жатқызған жөн.

Лимфаденит мойын бөлімінде орналасса, жеделдеу және созылмалы түрлерінің емделуі қиын. Ол инфекциялық процесті ұстап тұратын созылмалы аурулардың болуына байланысты. Мысалы, созылмалы тонзилит, мұрын – жұтқыншақтың, мұрын - ауыз қуысының аурулары. Бұл жағдайларда қолданылатын антибиотиктің емдік әсері болмайды, оларға тек арнайы стационарда жүргізілетін инфекция ошағын емдеу тиімді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 5287. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...


Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Демографияда "Демографиялық жарылыс" дегеніміз не? Демография (грекше демос — халық) — халықтың құрылымын...

Субъективные признаки контрабанды огнестрельного оружия или его основных частей   Переходя к рассмотрению субъективной стороны контрабанды, остановимся на теоретическом понятии субъективной стороны состава преступления...

ЛЕЧЕБНО-ПРОФИЛАКТИЧЕСКОЙ ПОМОЩИ НАСЕЛЕНИЮ В УСЛОВИЯХ ОМС 001. Основными путями развития поликлинической помощи взрослому населению в новых экономических условиях являются все...

Репродуктивное здоровье, как составляющая часть здоровья человека и общества   Репродуктивное здоровье – это состояние полного физического, умственного и социального благополучия при отсутствии заболеваний репродуктивной системы на всех этапах жизни человека...

Случайной величины Плотностью распределения вероятностей непрерывной случайной величины Х называют функцию f(x) – первую производную от функции распределения F(x): Понятие плотность распределения вероятностей случайной величины Х для дискретной величины неприменима...

Схема рефлекторной дуги условного слюноотделительного рефлекса При неоднократном сочетании действия предупреждающего сигнала и безусловного пищевого раздражителя формируются...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2026 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия