Студопедия — Псевдофурункулез
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Псевдофурункулез






Ерте емшек жасындағы әлсіреген және жүдеген балаларға толық күтім жасалмаса, көптеген тері абсцестерінің пайда болуымен сипатталатын, тері бездерінің өз бетінше зақымдануы байқалады. Аурудың қоздырғышы стафилококк.

Клиникалық көрінісі.

Алғашқыда, жиі шүйде және бастың шашты бөлігінде, кейінен мойынның артқы бетінде, арқа, жамбас, санда кішкене беткей пустулалар пайда болады. Олардың құрамындағы сұйықтар жарылып қабыршақ түзіп, тез құрғайды.

Кейде аталған жерлерде үлкендігі бұршақтай немесе орман жаңғағы сияқты, тері беткейінен томпайып тұратын түйіндер пайда болады. Бұл түйіндер қызғылт түсті, басқанда бала ауырсынады. Оларды сипағанда кейбірі қатты, ал басқалары жұмсақ және өздігінен ашылып жасыл – сарғыш түсті қою, қаймақ тәрізді ірің бөледі. Аурудың өту барысы тұрақтылығымен, қайталануымен ерекшеленеді. Баланың жалпы жағдайы күрт өзгермейді, дене қызуы 37,0 - 37,5Ә. Процесс созылмалы болса гипотрофия, қан анализінде септикалық өзгерістер байқалады. Сепсистің пайда болуы мүмкін.

Псевдофурункулезді фурункулезден ажырату керек. Соңғысы емізулі балаларда мүлдем байқалмайды. Фурункулезбен салыстырғанда көптеген абсцестерде некротикалық өзегі болмайды және біріншілікті элемент (пустула) конус тәрізді емес, төмпешік купол тәрізді.

Емі. Псевдофурункулездің емі кезінде жергілікті және жалпы. Абсцестердің үстін жансыздандырусыз тіледі және натрий хлоридінің сорушы 10% гипертониялық ерітіндісін немесе 25% магний сульфатымен таңғыш қояды. Тілуді жасау қажеттігі жұмсарудың, жаңа ошақтардың пайда болуына байланысты және емдеу барысында бірнеше рет қайталайды. Инфильтраттың және абсцестердің ең көп шоғырланған жерлерін кварцтық шаммен сәулелендіру керек.

Созылмалы процестерде (15-20 және оданда көп күн) негізделген (рациональді) антибактериальді және жалпы қуаттандыратын жүйелі емдеу өткізу үшін баланы ауруханаға жатқызу керек.

Тері асты май қабатының флегмонасы

Флегмона дегеніміз тін кеңістіктері арқылы диффузды таралатын қабынудың бір түрі. Флегмонаның абсцестен ерекшелігі процестің шектелмегендігі. Аурудың ең жиі қоздырғышы – стафилокок және стрептококк, бірақ сонымен қатар флегмона басқа да флорамен шақырылады (ішек таяқшасы, анаэробты инфекция).

Инфекцияның тері асты май қабатына енуінің қарапайым жолы – терінің жаралануы, зақымдануы. Сонымен қатар инфекция гематогенді жолмен де түсуі мүмкін. Кейде флегмона басқа да жергілікті процестердің асқынуынан (лимфаденит, фурункул, мастит, омфалит) болады.

Нәрестенің тері асты флегмонасының ересек балалардағы флегмонадан айырмашылығы қабынуға қарағанда некротикалық өзгерістердің басымдығы. Нәресте флегмонасында тері жиі екіншілік зақымданады. Нәресте флегмонасы жеке, ауыр нозологиялық науқас болып саналады (нәрестенің некротикалық флегмонасы).

Клиникалық көрінісі

Кейбір жағдайларда флегмона өздігінен пайда боласа, көбінесе негізгі аурумен қосарланып келеді. Оның орналасуы әртүрлі. Флегмона кезінде қабынудың бес белгісі айқын: ісіну, қызару, жергілікті температураның көтерілуі, ауырсыну және зақымдалған дене бөлігінің қызметінің бұзылуы. Процесс таралуға бейім. Кейде тіндер іріңді ыдырауға ұшырап, инфильтраттың жұмсаруы пайда болады. Ауру айқын көрінетін жалпы белгілермен өтеді (әлсіздік, дене қызуының көтерілуі).

Нәресте флегмонасының ең жиі орналасатын жері: сегізкөз-құйымшақ аймағы, арқа, көкірек. Ауру жедел басталады. Бала әлсірейді, тәбеті төмендейді, дене қызуы 38-40Ә-қа көтеріледі. Теріде тығыздалған және қызарған, басқан кезде ауыратын ошақ пайда болады. Қабыну ошағы тез үлкейеді, зақымдалған жердегі терінің түсі қанық-қызыл, ал кейіннен көгеріңкірейді.

2-3 тәулікте зақымданған жердің ортасында жұмсарулар пайда болып, кейіннен осы жердегі тері ыдырап, жыланкөз түзіледі. Одан бұлыңғыр түсті шіріген тіндер (некрозданған клетчатка) бөлінеді.

Жыланкөз шеттеріндегі тері біртіндеп ажырап, іріңді ыдырауға ұшырайды, соның нәтижесінде жиектерінде шұңқыр жара түзіледі. Процестің өту барысы асқынусыз болған кезде шіріген тіндер сылынып, жара біртіндеп тыртықтанады. Егерде уақытылы ем қолданылмаған болса, некроз тереңге таралып, сүйектерге жетеді. Балаларда сепсис дамиды.

Ажыратпалы диагнозы

Үлкен жастағы балаларда айқын көрінетін белгілер негізінде флегмона диагнозы еш қиындықсыз қойылады. Бірақ дәрігердің есте сақтайтыны, тері асты флегмонасының кейде тереңде орналасқан іріңді процестердің болу мүмкіндігі, мысалы остеомиелит. Сондықтан қабынудың негізгі көзін анықтау қажет.

Нәресте флегмонасын тілме ауруынан, тері асты май қабатының қабынуынан (склерема) ажырату қажет. Аталған аурулар арасында ажыратпалы диагнозды мұқият жүргізу керек, себебі олардың емдеу әдістері әр түрлі.

Нәрестелерде тілме ауруы өте сирек кездеседі. Тілменің флегмонадан айырмашылығы: терідегі гиперемияның анық шеттері болады, терісі қызғылт түсті және жылтыр, ісіну шекаралары жақсы білінеді, зақымданған тері бетінде жұмсару аймағы болмайды.

Тері асты май қабатының қабынуы (склерема) кезінде біртіндеп көптеген ірі емес инфильтраттар пайда болады. Оларды пальпация жасағанда ауырмайды, терісі өзгермеген, ал баланың жалпы жағдайы қанағаттанарлық. Тері асты май қабатының қабынуы арнайы емдеу шараларын өткізуді қажет етпейді, 5-6 аптадан кейін өздігінен қайтады.

Емі. Флегмонасы бар науқастарды аурухана жағдайында емдейді. Емхана хирургінің міндеті – науқасты дер кезінде ауруханаға жатқызу.

Тері асты май қабатының абсцесі

Абсцесс (іріңдік) тері асты май қабатында әртүрлі себептерден пайда болады. Абсцесс жиі лимфаденит, фурункул, флегмона кезінде жедел іріңді процестің нәтижесі ретінде, ал сирек жағдайдарда тері жамылғыларының зақымдануы кезінде (тыртық, егулер, жаралар) дамиды. Іріңдіктер басқа ошақтардан гематогенді метастаз нәтижесінде де пайда болуы мүмкін (метастаздық абсцесс).

Инъекциядан кейінгі абсцестердің себебі шприцтердің, инелердің залалсыздануы жеткіліксіз болған жағдайларда және медицина қызметкерінің асептика ережелерін сақтамау салдарынан. Мұндай асқыну “шприцті ауру” деп аталады, бірақ кейде енгізілетін заттың өзіндік реакциясынан да туындауы мүмкін.

Абсцестің пайда болу алдында, іріңді қуысты қабыну инфильтраты қоршап тұрады, кейіннен одан «қапшықң тәрізді дене (капсула) түзіледі. Бөгде зат кезіндегі және инъекциядан кейінгі іріңдіктерде түзілетін капсула тығыз және ол қоршаған сау тін мен іріңдікті шектеп тұрады. Сондықтан мұндай абсцестер сыртқа сирек шығады.

Клиникалық көрінісі.

Пайда болу себебіне байланысты абсцестердің орналасуы әртүрлі (жақ асты, мойын, шаптық лимфаденит, бастың және дененің сыздауықтары, егуден кейінгі, жарақат орындарында және т.б.).

Абсцесс бірнеше күннің ішінде дамиды. Белгілері шектелген ісіну, тері гиперемиясы, жергілікті және жалпы дене қызуының жоғарлауы, күрт ауырсыну. Абсцестің классикалық белгісі – пальпация кезіндегі флюктуация феномені. Жедел іріңдік кезінде теріге жанасатын капсула тез бұзылып, ірің сыртқа шығады. Іріңдік тазаланғаннан кейін тыртық пайда болып жазылады. Кейбір жағдайларда іріңдіктің түзілу процесі ұзаққа созылады, жергілікті және жалпы белгілері анық көрінбейді.

Соңғы жылдары процестің жеделдеу ағымы көптеп кездесуде. Ол антибиотиктерді кеңінен қолданғаннан кейінгі микрофлора вируленттілігінің өзгеруіне байланысты.

Бөгде зат айналасында дамитын және инъекциядан кейінгі іріңдіктер созылмалы түрде өтеді. Алғашқы сатыларында тері гиперемиясы мен жалпы қызу болмайды, тек аздаған шектелген ісіну тән. Субъективті шағымдары жоқ. Бірнеше апта, ай және тіпті жылдар аралығында ісіну біртіндеп ұлғайып кейіннен тұрақтанады. Пальпация жасау кезінде патологиялық түзіліс қозғалмалы, ауырсынуы аз және шекарасы анық болады. Флюктуация белгісі анықталады. Кейбір жағдайларда ауру жедел өтеді: ауырсыну пайда болады, ісіну ұлғаяды, терісі қызарады, кейіннен терісі жұқарып, іріңдік сыртқа шығады. Іріңнің тұрақты түрде бөлініп тұратын жыланкөзі түзіледі. Бірақ созылмалы іріңдік кезінде өздігінен емделу нәтиже бермейді, себебі қабыну процесін тудыратын бөгде заты немесе пиогенді капсуласы бар.

Ажыратпалы диагнозы. Абсцесс диагнозын қою әдетте қиындық тудырмайды. Бірақ, іріңдік қабырғасы қалың болса немесе ол тереңде орналасқан болса, флюктуация феноменін анықтау мүмкін емес. Балаларда іріңдіктерді туберкулезді ісінулерден, ісіктерден, тамыр дамуының ақауларынан ажыратпалы диагноз жүргізу керек.

Күмәнді жағдайларда іріңдікті анықтау үшін жуан инемен пункция жасалынады. Инъекциядан кейінгі абсцестерді анықтауға мұқият жиналған анамнез және белгілі ине салған жерлерде орналасуы көмектеседі (жауырын асты аймағы, жамбас, иықтың сыртқы беткейі).

Емі көп жағдайларда амбулаторлы. Тек жалпы жағдайының ауыр бұзылулары кезінде, сонымен қатар іріңнің метастазына күдіктенгенде науқасты ауруханаға жатқызылады.

Іріңдікті емдеудің негізгі әдісі – оны бір немесе бірнеше жерден тілу жасап іріңнің жақсы ағуын қамтамасыз ету. Операция жергілікті немесе қысқа уақытты жалпы жансыздандыру арқылы орындалады. Тілу тері қатпарларының жолы бойымен жасалады. Тілік жасап, қуысты іріңнен тазартқаннан кейін жара жиектерінің жабысуының алдын-алу үшін және іріңнің кедергісіз ағып тұруын қамтамасыз ету мақсатында шығарғыш түтікшелер қолданылады. Әдетте дәкіден немесе резеңке қолғаптан жасалған жұқа дренаждар пайдаланылады. Жараға риванол, магний сульфаты, натрий хлоридінің гипертониялық ерітінділері бар таңғыш таңады.

Қуыс іріңнен толық тазарғанша дренаж қалдырылады, одан кейін оны алып тастап жара толық жазылғанша мазьді таңғыштар (Левомеколь мазі, антибиотик эмульсиялары) қолданылады.

Іріңдікті емдеудің басқа да түрлері бар. Олардың таңдалуы іріңдіктің орналасуына және оның сипатына байланысты. Мысалы, дененің ашық бөлімдерінде орналасқан іріңдік болса, косметикалық тиімділік үшін пункция әдісі қолданылады. Іріңдікті тазартқаннан кейін, абсцесс қуысына антибиотиктердің концентрациялық ерітіндісін енгізеді. Бірақ, 1-2 күнде жасалған 2-3 пункциядан кейін нәтиже болмаса, аздап кесу керек. Созылмалы абсцестердің емделуі басқаша. Оларды капсуласымен бірге тіледі. Егер қуыста бөгде зат болса, сіреспеге қарсы анатоксинді енгізеді.

Инъфекциядан кейінгі абсцестер кезінде кейбір бала хирургтері аздап тілік жасап кейіннен пиогенді капсуланы үшкір қасықпен тазалайды. Тігілмеген жараны жалпы ережелер бойынша емдейді.







Дата добавления: 2015-10-01; просмотров: 3862. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Тема: Кинематика поступательного и вращательного движения. 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью, проекция которой изменяется со временем 1. Твердое тело начинает вращаться вокруг оси Z с угловой скоростью...

Понятие метода в психологии. Классификация методов психологии и их характеристика Метод – это путь, способ познания, посредством которого познается предмет науки (С...

ЛЕКАРСТВЕННЫЕ ФОРМЫ ДЛЯ ИНЪЕКЦИЙ К лекарственным формам для инъекций относятся водные, спиртовые и масляные растворы, суспензии, эмульсии, ново­галеновые препараты, жидкие органопрепараты и жидкие экс­тракты, а также порошки и таблетки для имплантации...

Тема 5. Организационная структура управления гостиницей 1. Виды организационно – управленческих структур. 2. Организационно – управленческая структура современного ТГК...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.007 сек.) русская версия | украинская версия