Сұрақтар
· Биологиялық мембрана туралы жалпы түсінік. · Мембрананы зерттеудің физико-химиялық әдістері. · Биологиялық мембрананың құрылымы · Мембраналық ақуыздар және олардың функциялары. · Фазалық ауысулар · Белсенді емес тасымал. · Белсенді емес тасымалдың түрлері. · Фик теңдеуі · Мембрана арқылы жүретін иондық тасымал Оқыту және сабақ беру әдістері: 1. Негізгі және бақылау сұрақтарды талқылау 2. Типтік және ситуациялық есептерді шығару 3. Тест тапсыру Құзыреттілікті қалыптастыру әдістері: Ø Компьютерде сауалнама тапсыру (студент берілген тақырып бойынша минималды білімді және дағдыны тексеруге арналған теориялық сұрақтардан, негізгі анықтамалардан тұратын сауалнамаға жауап беруі тиіс). Ø Ситуациялық есептерді шығару (студент сабақта типтік есептерді шығаруда нақты дағдыны алу үшін жеке берілген тапсырманы орындауы тиіс). Ø Тақырыпты талқылауда пікір алмасу Студенттің өз бетімен жұмысы: 1. Латериалды диффузия коэффициенті D=45 мм2/c, фосфолипидтің бір молекуласының алатын ауданы А=1,9 нм2 – ға тең саркоплазматикалық ретикулуманың тұрғылықты өмірінің уақытын және мембрана липидтерінің бір қабатынан екінші қабатына секіру жиілігін есептеңіз? 2. Қалыңдығы d= 10 нм, меншікті электр сыйымдылығы С= 1,7мФ/м2 тең мембрана липидтерінің диэлектрик өтімділігін есептеңіз? 3. Мембрананың сұйықкристалдан қаттыкристалл күйге өткен кезде гидрофобты қабатының сұйықкристалл күйіндегі қалыңдығы 3,9 нм, қаттыкристал күйіндегі қалыңдығы 4,7 нм –ге тең болғанда мембрананың электр сыйымдылығы қалай өзгереді? 4. Латериалды диффузия коэффициенті D=10 –12 м2/с – ға тең 2секунд ішінде ақуыз молекуласының орташа квадраттық ығысуын есептеңіз? 5. Мембрана фосфолипидтерінің сұйықкристалл күйден қаттыкристалл күйге фазалық ауысуында биқабат қалыңдығы өзгереді. Осындай фазалық ауысуда мембрананың электр сыйымдылығы және электр өрісінің кернеулігі өзгере алады ма? 6. Егер мембрананың қалыңдығы , диффузия коэффициенті 0,2 см2/с, ал өтімділік коэффициенті Р=21см/с болғандағы заттың К таралу коэффициентін есептеңіз. 7. Мембрана арқылы өтетін заттың ағыны м2с болғандағы заттың өтімділік коэффициентін (Р) анықтаңыз. Жасуша ішіндегі заттың концентрациясы , ал сыртында- . 8. Қандай да бір жасушаның мембранасындағы зат молекуласының концентрациясының айырымы 45 ммоль/л, мембрана мен қоршаған орта арасындағы таралу коэффициенті К=30, диффузия коэффициенті , ағын тығыздығы тең. Мембрананың қалыңдығын анықтаңыз.
Студенттердің оқытушымен бірігіп істейтін жұмысы: Жұмыстың практикалық бөлігі аяқталғаннан соң оқытушы студенттердің практикалық жұмыстан алған нәтижелерін дұрыстығын тексереді. Содан кейін оқытушы тақырыпты студенттермен бірге талқылайды. Биологиялық мембрананың түрлері мен функциясының қолданылуын сұрайды.
|