Модуль: -Мед.биофизика және биостатистика
Пәні: - «Медициналық биофизика», пәннің коды MB 1112 Мамандығы: - 5В130100 –«Жалпы медицина» Оқу сағаттарының көлемі: - 2 кредит Оқыту к урсы мен семестрі: - 1 курс, 1/2 семестр Оқытушылар туралы мәлімет: тізімі, дәрежесі мен қызметі, ғылыми қызығушылықтағы артықшылығы,жетістіктері және басқалары.
Байланыс ақпараты: Мед.биофизика, информатика және мат.статистика кафедрасының мекен жайы мынандай: Алматы қ..Богенбай батыр көшесі 151, № 2 оқу корпусы, 2- қабат (оң қанат), тел. Ішкі 7295
Пәннің саясаты: Сабақ кестесі бойынша студенттер дәріске және практикалық сабаққа қатысуы тиіс, сонымен қатар оқу материалдарын және сынақты, аралық бақылауларды, емтихандарды уақытылы тапсыру керек. Осындай модулдің жалпы саясаты оқу процессі кезінде болуы керек. Жұмыстың орындалмаған бөлімдерінде студент материалды оқытушымен бірге қосымша өтеу керек.
II.Бағдарлама 1. Кіріспе Биофизика биологиялық пәндерден қалыптасқан, үш ғылымның – физика, химия және биология ғылымдарының үйлесуі жағдайында өмірлік үрдістер негізін түсіндіруге арналған пән.. Биофизика заңдарын білу ғылыми зерттеулер мен талдаулардың жаңа әдістерін жасауға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта көптеген биофизикалық әдістер ішкі және сыртқы орталардың, соның ішінде, физикалық, химиялық, техногендік табиғатының, токсикалық агенттерінің, ағзаға әсерлер механизмін түсіндіру үшін кеңінен қолданылады. Медико-биологиялық зертеулерде әртүрлі техникалық құралдарды қолданудың жоғарғы тиімділігі зерттеуші құралдардың жұмыс істеуінің физикалық негіздерін білген кезінде ғана жүзеге асады.Бағдарлама сонымен қатар қазіргі медициналық техникаларды қолдану кезінде студенттердің ғылыми білімдері мен практикалық біліктіліктерін қалыптастыруға да бағытталған. Пәннің мақсаты: Медико-биологиялық және санитарлық-гигиеналық зерттеулердің теориялық негіздері ретінде ғылыми көзқарастар мен ғылыми әдістемелерді қалыптастыру. Оқытудың міндеті: · Медико-биологиялық зерттеулер есептерін шығару үшін биофизиканың практикалық негізгі жетістіктері туралы білім беру; · Медико-биологиялық, гигиеналық және эпидемиологиялық зерттеулерде қолданылатын биофизиканың негізгі әдістерін оқып үйрету; · Адам ағзасында жүретін үрдістерді түсіндіру үшін физика-химиялық заңдарды қолдану білімдеріне үйрету; Оқытудың соңғы нәтижелері: 1.Когнитивті компоненттің қалыптастыру (білімділік) · Мембрана құрылысы қалыптасуының физико-химиялық ерекшеліктері мен олардың өмір сүру механизмдерін; · Мебрана арқылы зат тасымалдануының биофизикалық механизмі, электрогенез механизмі; · Жарықтың биологиялық құрылымдармен әсерлесуінің физикалық ерекшеліктері; · Жүрек-қан тамырлары жүйесінің, бұлшық ет және тыныс алу жүйелері жұмысының биофизикалық заңдылықтары; · Зерттеулерді метрологиялық қамтамасыз етудің негіздері; · Биологиялық жүйелерді зерттеуде қолданылатын медициналық құралдар мен аппараттардың негізгі топтары. 2.Практикалық дағдыны қалыптастыру: · Зертханалық жұмыстардың орындалуы мен нәтижелерін тексеру, семинарлар,әртүрлі биофизикалық зерттеулердегі: биологиялық объектілердің микроскопиясы, лазерлер, ФЭК және т.б. қолданылатын ситуациялық есептерді шығару; · Стандарт тармақтарда ЭЭГ, РГ, ЭКГ тіркеуді жүргізу; тіркелген параметрлердің негізгі физикалық өлшемдерін жүргізу, есептеу құралдарын пайдаланып өлшеу нәтижелерін өңдеу; · Фотометрлік құралдарды қолдана отырып заттың концентрациясын өлшеу 3. Коммуникативті дағдыларды қалыптастыру: Адам ағзасындағы жүріп отыратын үрдістерді түсіндіруде коммуникативті дағдыны дамыту. ЭКГ алуда және сараптамма жасағанда, электродтарды жапсырғанда, лентаның қозғалыс жылдамдығын анықтауда арнайы терминдер (кәсіби) мен түсініктерді тиімді түрде дұрыс түсіндіру. 4. Құқықтық құзыреттілік: Құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру: құралдар мен аппараттармен және т.б. жұмыс жасағанда техника қауіпсіздігінің ережелерін және пневмограф пен спирометр жұмыс жасағанда гигиена ережелерін және т.б. сақтау. 5. Үздіксіз оқыту және өзін - өзі жетілдіру құзыреттілігі: Студенттерде өзіндік жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру. Ғылыми - зерттеу дағдыларын алу. Берілген тақырыптар бойынша өзіндік сәйкес қорытынды жасауға үйрену. Пәннің пререквизиттері: физика, биология, химия, математиканың негіздері. Пәннің постреквизиті: физиология, молекулярлық биология және генетика, биохимия, патологиялық физиология, профильдік пәндер.
|