Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сканерлеу 7 страница





ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің дамытылуы бойынша 40-тан астам

мемлекеттерде қозғалыстар бастайды, солардың ішіне бастаушы елдерден Швейцария, АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Голландия, Бельгия, Франция және Австралия кірді.

Осыған сәйкес ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек анықтамасына «кімнің ауруы одан әрі көрсетілетін еммен емделмесе, науқасқа белсенді жан-жақтылық көмек көрсету жүргізіледі, бірінші кезекте ауру сезімі мен басқа да патологиялық симптомдарды шеттету және науқастардағы әлеуметтік, психологиялық және рухани мәселелерді шешу жатады. Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің мақсаты науқас пен оның жанұясының өмір сүру сапасының жақсы болуына қол жеткізу болып табылады». ДДСҰ (1982) ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің алғашқы анықтамасына науқастарға түбегейлік ем көрсеткіштері көрсетілмеген кездегі, көрсетілетін көмек ретінде қарастырған. Бұл анықтама ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек анықтамасын шектейді және ол аурудың соңғы сатысындағы көмек сияқты болып айтылуы мүмкін. Өмірінің соңында мамандандырылған ауруға уақытша жеңілдік беру көмегін талап етушілерді, негізгі науқастардың үш тобына бөлу мүмкін:

- қатерлі ісіктердің 4 сатысындағы науқастар;

- ИЖПС жантәсілім сатысындағы науқастар;

- қатерлі ісік емес аурулардың созылмалы өршуінде жантәсілім сатысының

дамуындағы науқастар (жүрек, өкпе, бауыр және бүйрек жетіспеушілігінің

қалпына келмейтін жағдайлар сатысында, зейін қою склерозы, бас ми қан

айналым бұзылыстарының ауыр салдары және т.б.). Сонымен, емделмейтін науқастарға ауруға уақытша жеңілдік беру көмек жүйесін құрау, әлемдегі көптеген елдердің бірде-бір басымды клиникалық медицинасының бағыты болып

табылады. Қазақстан Республикасы да шетте қалмайды, диагностикалық жетістіктеріне және қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарды емдеу әдістерінің жетілдірілуіне қарамастан, таралған қатерлі ісік түрлерімен ауыратын науқастарға ауруға уақытша жеңілдік беру көмегін көрсету мәселелері ымырасыздық шешімдерді қабылдауды талап етеді. Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек – бұл денсаулық сақтау қоғамының ең маңызды бөлігі. Ол науқастың зардап шегуін жеңілдетуге, оның адамгершілік қасиетін сақтауға, соңғы кезеңінде оның қажеттілігін анықтауға және өмір сапасын қолдауға бағытталған. Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек міндеттеріне сонымен қатар, науқастың жанұясы

мен жақындарына қолдау көрсету жатады.

ДДСҰ-мы паллиативті көмек дегенді: үдемелі аурулардын сонында белсенді тегіс қамти алатын көмектін көрсетуі туралы дәлелдейді. Паллиативті көмектін басты мақсаты: пациенттің ауырсынуын және басқада симптомдардарын басу, өмір сұру қасиеттерін жақсарту.

2002 жылы ДДСҰ-ның берген анықтамасы бойынша, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек – бұл «өлімге әкелетін ауру мәселелерімен қақтығысқан науқас пен оның жанұя мүшелерінің өмір сапасын жақсартуда, туындаған мәселелерді ерте анықтау және дәл бағалау арқылы зардап шегуді шеттету мен жеңілдету және парапар ем араласуларын жүргізу (ауырсыну синдромы және басқа да тіршілік әрекетінің бұзылыстарында), сонымен қатар психоәлеуметтік және рухани қолдаулармен жақындау».

Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек күтімінің бағдарлама принциптері:

- мақсаты – ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекті қажет етушілердің өмір

сапасын жақсарту;

- негізінде науқастардың қажеттілігі жатады, сонымен қатар олардың жанұясы мен

күтімді жүргізетін тұлғалар;

- ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің күтімі – өмірге қауіп төндіретін

созылмалы аурулар кезінде көмектің ажыратылмайтын құрам бөлігі;

- ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек күтімі кез келген жағдайларда

ұйымдастырылуы мүмкін, арнамалы қызметпен шектелмеген;

- негізгі басымдылықты үйінде көрсетілетін көмекке жасау керек, әсіресе қордың шектеулі жағдайларында.

Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекке жаңа көз қарасативна

ЩИ Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің келесі кезеңі, міндетті түрде күнделікті медициналық тәжірибенің тең құқықтық элементі болуы және медициналық қызметкерлерді оқыту бағдарламаларында, сонымен қатар халықты ақпараттандыру бағдарламасы үшін тұрақты орын алуы керек.

Жанұя – науқасты күту және көмек көрсетудің негізгі қоры - науқасты соңғы өміріне дейін белсенді қамтамас ету үшін, өзінің мүмкіндіктерін толық таратуды жасауда әртүрлі саладағы жетілдірілген мамандардың кеңесін қажет етеді. Сол кезде өмірден кеткен жақын адамның соңғы есте қалатын беделді өткізген күндері, оның туыстарының қайғысын және қайғыруын жеңілдетеді. Осы мақсаттарға қол жеткізу кезінде қоғамдықты, сонымен қатар жергілікті саясат деңгейін қажет етеді, ол тәжірибелік жақындауды өзгертуге және өміріне қауіп төндіретін аурулардан зардап шегетін науқастармен жұмыс істейтін медициналық қызметкерлердің кеңінен кемелдендіруін жоғарлатуға әкелуі тиіс. Дәстүр бойынша, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекті негізінен қатерлі ісіктермен ауыратын науқастарға ғана көрсетеді, ол қатерлі ісік аурулар барысының сипаттамасын алдын ала білгендіктен, науқасқа және оның жанұясына қажеттілікті анықтау мен көмекті жоспарлауды жеңілдетеді.

Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсетуі бойынша медициналық;

қызметкерлердің дағдысы

Ауруға уақытша жеңілдік беретін көмекті көрсету үшін, медициналық қызметкерлер көрсетілетін қызметтің сапалы болуы үшін, бірқатар тәжірибелік дағдыларды игере білуі керек. Осы дағдылар қатарына мамандандырылған медициналық (аурудың симптомдарын бақылау және емге келмейтін науқастарды жүргізу) қызметтен басқа, сонымен қатар тіл табыса білу, ақпаратты сауатты және тиімді қылу.

Ауыру сезімі мен басқа да симптомдарды бақылау Ауыру сезімінен тиімді құтылудың әдістері 30 жылдан бері бар, онкологиялық және басқа да

аурулардағы ауыру сезімін жеңілдету үшін тағайындалынатын препараттардың кең таңдаулары бар. Эпидемиологиялық бақылаулар көрсеткіштері бойынша, ауыру синдромын клиникалық ұсыныстарды сақтау арқылы бақылау кезінде, қатерлі ісік үрдістерінің алысқа кеткен сатыларындағы 70-97% онкологиялық науқастарда ауыру сезімін парапар төмендетуге қол жеткізуге болады.

Қарым-қатынас дағдысы

Мейірбике мен науқастың арасындағы сенімді қарым-қатынас бір қатар көрсеткіштерге оң ықпалын тигізеді, оған көбінесе психологиялық жағдайының жақсаруы, ауыру синдромын тиімді бақылау, артериальды қысым мен қандағы қант көрсеткіштерінің жақсаруы кіреді. Медициналық қызметкерлер науқастың жақындарымен тиімді қарым-қатынасын қолдаудағы қабілеті және оларды шешім қабылдау үрдісіне еліктіру, жантәсілім кезеңінде науқасқа көрсетілетін көмектің сапасын туыстарының жағымды бағалауда үнемі маңызды сапа ретінде жүреді.

Ақпараттарды ұсыну

Онкологиялық науқастардың хаттамалармен немесе ең маңызды медициналық

зерттеулермен және кеңес берулермен танысу, көбінесе пайда келтіреді. Бұл психологиялық зақым келтірместен, өзінің ауруы туралы хабардарлықты және көрсетілетін көмек сапасын бағалау деңгейін жоғарлатады. Бірақ, нашар болжама кездерінде сақтықты сақтау керек және өзінің жағдайы туралы толық шындықты науқас білгісі келетін ақиқаттылығын ескеріп, ақпараттарды ұсыну. Медициналық қызметкерлер көрнекті әдістемелерді, кестелерді және т.б. қолдану кезінде, олар науқасқа жүргізілетін емнің маңызын толық түсіндіруге, оны мазалайтын сұрақтарға жауап беруге және соңында көрсетілетін көмектің қанағаттанарлық деңгейін жоғарлатуға көмектесуі мүмкін.

Рухани көмекпен психологиялық қолдаулар

Адамдардың рухани және діни қажеттіліктері терең өзіндік сипаттамаға ие. Олар көбінесе өлімнің жақындауына қарай бірінші жоспарға шығады, сондықтан ауруға уақытша жеңілдік кезінде ескерілуі тиіс. Дінге сенулерде науқас адам өзінің жағдайымен, тіпті өзінің ауруының нәтижесімен игеру әсерін тигізетіндігі туралы алдын ала шындық мәліметтер бар. Олар сонымен қатар туыстарының қазалы жоғалтуында олардың өздерін игерулеріне әсер етеді.

Үй жағдайларында көмек көрсетуде қажеттілікті қанағаттандыру

Басқа да маңыздылау сұрақ: өлім халіндегі науқас соңғы сағаты мен минутын өз үйінде өткізгісі келсе, егер оның соңғы тілегі солай болса, көмекті үйлестіруді жақсарту жолымен қажетті жағдайларды жасау мүмкін бе. Ауруханалық және коммунальдық қызмет үйлестірулеріне әртүрлі жақындаулармен жүргізілген зерттеулердің көрсетулерінде, адамдар өз үйінде өлгенін қалаған кезде, көмектің көрсетілу пайызының көп жағдайларында мүмкіндіктер береді. Жақсы үйлестірілген қолдаумен қамтамассыз ету, сонымен қатар науқасты күтетін туыстарының күйін жеңілдететіндігі туралы дәлелдеуші шындық мәліметтер бар.

Жанұясы мен туыстарына көрсетілетін қолдаулар

Егде жастағы адамдарды күтуді жүзеге асыруда, адамдарды қолдайтын әртүрлі

қызметтер бар. Оларға үйге көрсетілетін көмек, күтім қызметі, еріктілердің қоғамдық ұйымдар қызметі, қолдау тобы, жеке тұлғалық психотерапия мен оқытулар кіреді. Күтімді жүзеге асыратын тұлғалар, көбінесе үйге көрсетілетін көмектің сапасымен қанағаттанады және егер олар уақыт ара науқастан кеткен жағдайда, күтуші қызметін қолдану мүмкіндіктерін бағалайды. Қартайған адамдарды күтудегі қажетті басымдылық тұлғаларды анықтау бойынша, одан әрі қарай жұмыстар қажет, сонымен қатар қазіргі кездегі қызметтер оларға қандай шамада айқын көмек көрсете алады. Естен шығармайтын маңызды жай, бұл кезде адамдар оларға көңілмен және түсінікпен қарайтындығын сезінуі тиіс, - бұның өзі көрсетілетін көмектің маңыздылығына жатады. Қобалжу мен депрессия – жақын адамынан айрылу немесе жоғалту қаупі кезіндегі болатын қалыпты реакция. Көп жылдық байланыстың үзілуге жақын тұрған осы кездегі адамдармен кездескенде, медициналық қызметкерлер бұл терең эмоцияларға әсер ете алмайды. Соған

қарамастан, олар оқшауланған қосымша уайымдардан немесе абыржудан парапар мен келісімді көмек жолымен қайғыруды жеңілдетеді.

Науқастың қазасынан кейінгі туыстарына психологиялық қолдау

Өлгендердің туыстарына қолдау жасау және кеңес беру қажеттілігін бағалау, ауруға уақытша жеңілдік беретін көмектің маңызды бөлігі болып саналады. Мамандандырылған медициналық мейірбикелер

Зерттеулер нәтижелерінің көрсеткіштері бойынша, мамандандырылған мейірбике қызметі жалпы науқастардағы жүрек жетіспеушілігіне жағымды әсер етеді және көмектің үздіксіздігімен қамтамас етеді.

Ақыл кемділік науқастары үшін хоспис қызметі

Ақыл кемдігінің жантәсілім сатысындағы науқастарға ауруға уақытша жеңілдік беретін көмек көрсету экспериментальды бағдарламасының жүргізілген нәтижелері мен хоспис қызметі бойынша, бұл әдіс науқастар жайлылығының жоғарлауына ықпал жасауы және оларды күтетін адамдарға көмектесуі мүмкін.

Соңғы кездері алдын ала жоспарлау сұрақтарында, егер олардың өміріне қауіп төндіретін аурулар кезінде қандай көмекті қалайтындығын шешуде, адамдардың мүддемелік танытулары жоғарлауда.

Паллиативті медицинадағы этикамен деонтологиясы

Медициналық этикасында төрт негізгі қағидалары бар: "жақсылық жаса", "зиян келтірме, "өзін-өзі силау," "әділді бол". Осылар қай сала болсада қолданады, бірақ паллиативті медицинада ерекше қолданылады.

Паллиативті медицинаның этикалық қағидалары:

-өміріңді сила;

-өлім шарасыздығын жібер;

-керекті қорларды тиімді қолдан;

-жақсылық жаса;

- зиян келтірмеуге тырыс.

Пациент өзінің тәндік проблемаларымен кездеседі. Мысалы, ең басында қорқыныш сезім туындайды, содан әрі қарай сенбеушілік үмітсіздік пайда болады. Осындай жағдайда бұл адамға көмектесіп жалпы өмір сұруге ынталану керек. Егер жақсы қарым қатынас болса,пациент сіздің қамқорлығыңызды сезінеді.

Паллиативті медицинаның этикалық проблемалары:

-емін таңдау;

-пациенттің ағзасының қабілеті;

-емнің мақсаты;

-асқынулары;

-пациенттің қалауы;

-жазылмайтын пациентпен қарым қатынас жасау;

-тұған-туыстарына қамқор көрсету;

паллиативті күтім пациенттерге жақсы өлім ұсынады. Дәрігермен мейірбике пациенттерді қорғап, қолдап өзінің борышын білуге тиіс..

Хоспистер, онкоорталықтары, онкодиспансерлері, онкологиялық бөлімшелері және паллиативті бөлімшелер практика жүзінде медициналық өсиеттінің этикалық құндылығының ақтайды: SALUS AEGROTI SUPREMA LEX - "Аурудың игілігі бәріненде жоғары".

Паллиативті көмек көрсетудегі мейірбикенің рөлі

 

«Мейірбике үш түрлі маманға ие болуы керек: ғылыми – аурудың мағынасын түсіну үшін, шын жүректі – аурудың ауруын түсіну үшін, шеберлі- аурудыкүту үшін»
Флоре нс Найтинге й л ь

Денсаулық сақтау жұйесінде пациенттерді күту сапасының табысы мейірбикелерден байланысты болғандықтан мейірбикелерге маңызды орын беріледі. Кәсіби мейірбике өзінің білімін пациенттерді күтуге бағыттауы тиіс. Пациенттің ең соңғы кезеңінде мейірбике қасында болып, өзінің мейірділігімен игілігін көрсетеді. Қайғысына ортақтас болуына үйрену қиын! Бірақ ол мейірбикенің жүрегінде болуы тиіс.

Паллиативті күтім - ол пациентпен оның жанұясына психологиялық, физикалық, әлеуметтік, рухани қажеттілігін қамтамас ету үшін белсенді түрде көмек көрсету.

 

«Паллиативті» деген сөз латын тілі «pallium» - қабық, жабын.
Мейірбике паллиативті күтім жасағанда келесілерді білуі керек
:

Бірінші – паллиативті күтімнің қағидаларын:
1) өлімді тәбиги үрдіс ретінде қарап өмірді бекіту;
2) өлімді ұзартпай, тездетпей, эвтаназияны қарастырмай, агрессивті ем қолданбайды;
3) ауруын жеңілдетеді, қайғысын алуға тағыда басқа сезімдерін алып тастауға тырысады;
4) рухани, психологиялық аспектерін қосады;
5) өлім келгенше белсенді өмір сүруіне көмектеседі;
6) пациенттің ең соңғы өмірінде содан кейінде жанұяларың қолдау.
Екінші: медициналық этикамен деонтологиясын:
1) өмірін силау;
2) өлім шарасыздығын жібер;
3) керекті қорларды тиімді қолдан;
4) жақсылық жасау;
5) пациенттің пікірін силау, мысалы емнен тамақтан бас тарту.
Үшінші: мейірбикелік құзіреттілік шегінен консультация беру дағдысын меңгеру
Төртінші: пациенттің діни, әлеуметтік, физикалық, психологиялық қажеттіліктерін есепке алу.
Бесінші: тиімді тамақтанудын қағидаларын әр түрлі ауруларда қолдану.
Алтыншы: ауру асқынған жағдайдағы болатын симптомдарды білу.
Білімнен басқа мейірбике өз шеберлігін практикада көрсетуі тиіс,сондықтан келесілерді істеуі керек:
1) қиын жағдайдан шығу және тиімді шешім қолдану;
2) жеткілікті, білімді түрінде пациенттің жағдайы туралы туыстарына айту;
3) жұмыс уақытын тиімді бөлу;
4) мейірбикелік манипуляцияларды тиімді орындау;
5) пациентпен оның туыстарын күту элементерін үйрету;
6) пациенттің өтінішін силықпен орындау;
7) пациентке оның туыстарына психологиялық көмек көрсету.
Пациенттермен жұмыс істегенде мейірбике арнайы дәптерге жекелік күту жоспарын жазады.

 

 

Тарау

Мейірбикелік үрдістегі стандарттар

 

Стандарттар Мейірбикелік кірісулер
  №1 Стандарт Өкпедегі жабыспақ қақырықтың болуына байланысты нәтижесіз, жеткіліксіз демдік процесс. 1. Өкпенің гигиенасын жақсарту үшін пациентке: - терең демнің жаттығу маңыздылығын түсіндіру және оларды орындау. 2. Қақырықты нәтижелі шығару үшін «Жөтел әдісін» пациентке үйрету: - демді ішке біртіндеп тереңнен алу; - 2 секундқа демін ұстау; - аузын ашып, демді шығарған кезде қақырықты шығару. 3. Демнің шығуын ұзарту үшін еркін жай ғана қосылуына талап ету. Осы кезде жөтел нәтижелі болады. 4. Пациентті жөтелуде қолдап отыру. 5. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді беру.
  №2 Стандарт Пациент ентігуді және ауырсынуды басу үшін қандай жағдай болу екенін білмейді, істей алмайды. 1. Табиғи ретінде қақырықтың шығуын үйрету үшін постуральдық дренаждың керектілігі мен маңыздылығын түсіндіру. 2. Дәрігер тағайындаған төсектегі дренаждың жағдайын пациентке үйрету. 3. Ауырсынуды басу үшін ауырған жағына жатқызуын талап ету 4. Емдеу процессінде пациенттің белсенді қатысуын қолдау.
  №3 Стандарт Су ішуінің керектілігін түсінбеуі. 1. Қақырықты жібіту, улануды азайту, су балансын біркелкі ұстау үшін, көп мөлшерде суды қолдану маңыздылығын түсіндіру. 2. Суды көп ішуін талап ету. 3. Қанша ішкен сұйықтығын қадағалау, қағазына тіркеу.
  №4 Стандарт Жөтел, жұқпа, гипертермиямен байланысты ыңғайсыз жағдай. 1. Жөтелгенде жастықшаны ішіне және кеудесіне қарай қысуын пациентке үйрету. 2. Бөлмені біркелкі температурамен ұстау. 3. Ауыз гигиенасын үнемі сақтау: - ауызын шайып отыру, қасында орамал, лоток т.б. болуы тиіс. 4. Төсек орнын, ішкі киімін құрғақ және таза ұстау. 5.Физиологиялық белсенділігінің азайтуын талап ету 6.Жеке түкіргішпен қолдануын үйрету. 7. Тәуліктегі қақырығын анықтау. 8. Бактериологиялық зерттеуге және жалпы анализге қақырықты жинауын үйрету. 9. Дәрігердің нұсқауы бойынша дәрілерді жіберу.

 

 

  №5 Стандарт Пациенттің қорқыныш сезімі пайда болуынан ұйқысының бұзылуы 1.Сөйлесу арқылы қорқыныш сезімін анықтау. 2.Пациентті тыңдап алуға дайын болу, кеңес беру және аурухананың ішінде психологиялық көмек көрсету. 3.Пациентке оның жанұясына стационарлық ем қолдану керектілігін түсіндіру. 4.Туыстарына күнде пациентке келіп отыруына кеңес беру. 5.Пациент жақсы ұйықтау үшін (жылы ванна, сүт беруге) керекті шараларды қолдану. 6. Ұйықтайтын бір уақытты белгілеу, осы кестені бұзбау. 7.Дәрігердің нұсқауы бойынша ұйықтататын дәрілерді беру.
  №6 Стандарт Өзінің ауруы туралы білімінің жеткіліксіздіп. 1.Пациентке оның жанұясына осы ауру туралы мағынасын, оның ағзаға әсер етуін түсіндіру. 2.Барлық жанұя мүшелеріне пациентке көмек көрсету керектігін келтіру. 3.Ауруханадан шықаннан кейін пациентке көп жұмыс істемеуін, белсенді қозғалмауын уақытша азайту туралы түсіндіру.    
  №7 Стандарт Әлсіреген жағдайда құлап қалуына шалдығу. 1. Дәретханаға біреудің көмегінсіз өз бетінше баруға болмайтынын түсіндіру. 2. Пациентті мейіркеш постыға таяу палатаға жатқызу. 3. Пациенттің палатасына мейіркешпен байланыс жасау үшін сигнализаторды қою. 4. Пациенттің аяқ-киімі ыңғайлы болу керек. 5. Пациентті дәретхана баруына көмектесу. 6. Жолында ыңғайсыз заттар болмау керек.
  №8 Стандарт Пациенттің ауруханада болған жағдайға байланысты үйқысының бұзылуы. 1. Пациентпен жақсы қарым-қатынаста сөйлесу. 2. Пациентке назар аударып тыңдау, кеңес беру, психологиялық түрде қолдау. 3. Емдәм, үйқысын ашатын қою шай, кофе тәрізді заттарды алып тастау. 4.Пациенттің жан-жағына ыңғайлы жағдай жасау. 5. Үйқының бір уақытын белгілеу, осы уақытты бүзбау. 6. Пациентке үйықтататын шараларды қолдану (арқасын сипау, жылы ванна, жылы сүт) 7. Дәрігердің нүсқауы бойынша үйықтататын дәрілерді беру.

 

 

  №9 Стандарт Тесілудің пайда болуы. 1. Күнде бір рет Нортон шкала бойынша пациенттің жағдайына баға беру. 2. Төсек тартып жатқан пациентті 2- сағат сайын орнынан ауыстырып отыру. 3. күнде белгілі уақытта тесілуге шалдыққан жерлерін сүрту. 4. Төсек орнын тексеріп отыру 5. Туыстарына пациентті дүрыс қозғалтуын үйрету. 6. Ішкен тағамын қадағалап отыру (ақуыздың мөлшері тәулігіне 120 г болуы тиіс) 7. Тәулігіне 1,5 л су ішуіне қамтамас ету. 8. Поролон жастықшаларады қолдану. 9. Зәрі, нәжісі түрмаған кезінде, памперсті қолдану оны айырбастап отыру. 10. Ауырсыну пайда болғанда дәрігерді шақыру.
  №10 Стандарт Тесілу. I Ауырсыну дәрежесі. - биооклюзиондық тану - солкосерил-мазь немесе басқа дәрігердің нүсқауы бойынша дәрілерді қолдану. II Ауырсыну дәрежесі: - Өңдеу алдында тесілуді, жараны жуу. - Активтелген көмір дәкемен сору. - Ауаны желдету. - Дистиленген су немесе физиологиялық ертіндімен жуу. III және IV дәрежесі: Хирургиялық емдеу, ойықты кесіп, зарарсыздандырып, өлі еттерді алып тастау (ферменттік препараттарды қолдану). Дәрігердің нүсқауы бойынша солкосерилді қолдану(зат алмасуды жақсарту үшін).
  №11 Стандарт Тесілудің айналасының қабынуы және жағымсыз иістің шығуы Жараны байлау (иісі шықпау үшін және сырттан инфекция түспеу үшін). - Байламның ішіне активтелген көмір салуға болады. - Хлорофилы бар дайын байламды қолдануға болады.
  №12 Стандарт Үзақ емге байланысты көңіл-күйдің болмауы. Аурудың туыстары жағынан психологиялық көмек.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5918. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Почему важны муниципальные выборы? Туристическая фирма оставляет за собой право, в случае причин непреодолимого характера, вносить некоторые изменения в программу тура без уменьшения общего объема и качества услуг, в том числе предоставлять замену отеля на равнозначный...

Тема: Изучение фенотипов местных сортов растений Цель: расширить знания о задачах современной селекции. Оборудование:пакетики семян различных сортов томатов...

Тема: Составление цепи питания Цель: расширить знания о биотических факторах среды. Оборудование:гербарные растения...

В эволюции растений и животных. Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений Цель: выявить ароморфозы и идиоадаптации у растений. Оборудование: гербарные растения, чучела хордовых (рыб, земноводных, птиц, пресмыкающихся, млекопитающих), коллекции насекомых, влажные препараты паразитических червей, мох, хвощ, папоротник...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия