Сканерлеу 3 страница
Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері: -ауа жіберіңіз; -мидың оттегі жетіксіздігінің дәрежесін төмендету үшін қысып тұрған киімдерін босатыңыз; -жедел түрде дәрігерді шақырыңыз; - миға қан толтыру пациентті жатқызып, аяғын жоғары көтеріңіз; - рефлекторлы түрде мидың жұмысын жақсарту бетін шапалақтап, су бүркіп, аяғына жылытқышты қойыңыз; -дем орталық жұмысын жақсарту үшін мұрынға нашатыр спиртін иіскетіңіз немесе самайын сүртіңіз; -тамыр соғысын, қан қысымын қадағалаңыз; -егер 5 минуттың шамасында осы қолданылған шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1мл 10% кофеин ертіндісін жіберіңіз; -физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз; -пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз; -осы болған аурудың себебі алдын алу туралы кеңес беріңіз. 21.7.Талықсу болған кезіндегі мейірбикенің; Кірісулері /коллапс/ Мақсаты:Қанқысымын қалпына келтіру. Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері: -толық тыныштықпен қамтамас етіңіз; -дәрігерді жедел түрде шақыртыңыз; -пациентті жастықсыз жатқызыңыз; -мидың жұмысын жақсарту үшін аяғына жылытқышты қойып, жылылап орап, шай немесе кофе беріңіз; -оттегіні қолданыңыз; -қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп, тіркеңіз; -егер осы шаралар нәтижесіз болса, дәрігердің нұсқауы бойынша 2 мл кордиамин немесе 1 мл 10% кофеин ертінділерін тері астына жіберіңіз; Ескерту: тамыр соғысын және қан қысымын көтеру үшін осы жоғарғы айтылған дәрілерді қолданылады. Міндетті түрде пациентті ауруханаға жеткізу керек. -физикалық психикалық тыныштықпен қамтамас етіңіз; -пациенттің жағдайын бақылап отыра, нұсқау қағазында демін, тамыр соғысын, терінің түсін дымқылдығын, сана сезімін температурасын белгілеңіз; -осы аурудың себебі туралы кеңес беріңіз. 21.8. Жалпы шокқа қарсы қолданылатын шаралар Мақсаты:Жедел түрде шокқа әкеліп соғатын факторларды жою, демді қалпына келтіру және ағзаның қанмен қамтамас ету жұмысын жақсарту. Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері -жедел түрде дәрігерді шақырту; -тыныс алу жолдарының өткізу жұмысын тексеру, қалпына келтіру. Кеңірдекке интубация жасау /кеңірдектің ісігінде немесе жарақатында/; -оттегі инголяциясын беру; -қан қысымын, тамыр соғысын әрбір 5 минут сайын өлшеп отыру және тіркеу; -дәрігердің айтуы бойынша жедел жәрдем көрсету; -керекті жағдайда жедел түрде өкпе жүрек реанимациясын жүргізу; 21.9.Гипертоникалық кризде мейірбикенің кірісулері Мақсаты:Біртіндеп бір сағаттың ішінде қан қысымын төмендету. Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері: -жедел түрде дәрігерді шақыртыңыз; -жүректің бұлшық етінің, мидың жұмысының оттегі жетіксіздігі дәрежесін төмендету үшін таза ауамен қамтамас етіңіз; -жүректің бұлшық етінің, бүйрек жұмысын жақсарту үшін төсекте басын көтеріңкі жатқызыңыз; -самайына, аяғының бұлшық етіне қыша, аяғына жылытқыш қойыңыз, қолдарын суға салыңыз; - басының ауырғанын азайту үшін, басына суық компресс салыңыз, -дәрілерді дайындаңыз: а) магний сульфат 25%-10,0 /көк тамырға; б)дибазол 1%-0,5-1мл. 21.10. Жүрек қан тамырлар ауруларындағы лабораториялық тексерістер 1)Қан мен зәрдің жалпы анализі 2)Қанның биохимиялық тексерістері:жалпы ақуыздары,α,β,γ – фракция,фибриноген, С – ақуызға белсенділігі, протромбин индексі, антистрептолизин, Асат,Алат, лактатдегидрогеназа, креатинфосфокиназа, калий,натрий, кальций, креатинин, глюкоза, жалпы холестерин, липопротеиндердің холестерині және төменгі тығыздық холестерин, триглицеридтар, ренин плазманың белсенділігі, альдестерон дәрежесі, ТТГ, Т4 және т.б.) 21.11. Жүрек қан тамырлар ауруларындағы аспаптық зерттеу әдістері. 1)Қан қысымын тәуліктік өлшеу. 3)Рентгендік тексеріс. 4)Велоэргометрия. 5)Ангиография. 6)Компьютерлік томография. 7)Қадамдық көрініс.
21.13.Жүрек - қан тамыр жүйесінің ауруларында мейірбикелік үрдіс І кезең. Пациенттің мәселелерін табу. Пациенттің нақты мәселелері: Ø жүрек маңайының ауырсынуы; Ø ентігу, тұншығу, ісіктің білінуі; Ø жүрек соғуының бұзылуы; Ø іш қуысына сары судың жиналуы (асцит); Ø бастың ауыруы, бастың айналуы, естен тану; Пациентте болуы мүмкін мәселелері: Ø аурудың қайталама ұстамасы; Ø тұншығудың әсерінен өлім сезімінің пайда болуы; Ø жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі; Ø төсек тәртібін сақтау мен орындау мақсатында қозғалыстың аз болуына мәжбүрлейді; Ø мүгедектікке ұшырау; Ø дәретке өз бетімен отыра алмау жағдайы. ІІ –ші кезең. Мейірбике диагнозын қою. Қан айналу қызметінің бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелерге сүйене отырып қойылады. ІІІ – ші кезең. Күтім шараларын жоспарлау. Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды басу; Ø бастың ауырғанын басу; Ø демікпені басу; Ø естен тану жағдайында көмек көрсету; Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: Ø қан қысымын қалыпқа келтіру; Ø жүрек маңайындағы ауырсынуды болдырмау; Ø ауруханадан шығару мезгіліне қарай ентікпені басу және болдырмау; Ø науқас жағдайын ісікке дейін жеткізбеу; Ø емдәмді қатаң түрде сақтауға дағдылату; Ø ауруханадан кейін науқас өзінің қозғалу тәртібі туралы мағлұмат алады; Ø шұғыл жағдайларда өзіне - өзі көмек көрсете алады; ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру. Мейірбикенің кірісулері: Ø тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, науқастың тексерістеріне қатысу; Ø тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалап және бақылау: ыңғайлы жағдай көрсету, демін, тамыр соғуын санау, дене қызуын, қан қысымын өлшеп бақылау құжатына тіркеу; Ø бір – біріне тәуелділік қатынастар – жеке бастың гигиеналық тазалығын сақтау, науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлігін бағалау, науқаспен және оның туыстарымен педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау. 21.14. Жүрек ауруларында мейірбикелік кірісулердің үлгілері
Тарау Асқорыту органдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс Ас қорыту мүшелеріне жатады: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, асқазан, ашы ішек, тоқ ішек. Ауыз қуысында тағамдар сілекейленіп өңеш арқылы асқазанға түседі. Асқазан дененің орташа сызығының сол жағында орналасады. Асқазанға 12 елі ішек жалғасады. Бұл мүшелердің жанында ұйқы безі, бауыр, өт қалтасы, аш ішек орналасады. Асқазанға түскен тағамдар асқазан сөлімен қорытылады. Ас қорыту дәрісіне ұйқы безі қатысады. Ұйқы безінің сөлі 12 елі ішектің ішіне түсіп, өт қалтасының сөлімен қосылып, майларды, көмір қышқылдарын ыдыратады. Асқазан сөлінің құрамына су, сілті қышқылы, пепсин және де басқа ферменттер кіреді. Асқазан ауруларында асқазан сөлі азаяды, көбейеді немесе мүлде жойылады. Гипосекреция дегеніміз - сілті қышқылының азаюы. Гиперсекреция дегеніміз - асқазан сөлі мөлшерінің көбеюі. Гиперхлоргидрия дегеніміз - асқазан сөлі қышқылдығының көбеюі. Асқазан ішек ауруларындағы негізгі шағымдары: - іштің ауруы; - тамаққа тәбетінің өзгеруі; - кекіру; - қыжылдау; - лоқсу; - құсу; - іштің кебуі; - нәжістің кідіріп қалуы; - іштің өтуі; - қансырау.
22.1. Іштің ауруы кезіндегі мейірбикенің кірісулері Шағымдардың ішінде ерекше орында тұратын белгілердің бірі – ауырсыну. Науқастың дәл қай жері ауырғанын анықтап сұрау маңызды роль атқарады. Кейде қабырғалардың төменгі жағында ауырсынудың пайда болуы асқазан ауруымен байланысты болмауы да мүмкін. Ол бауыр ауруларында, ұйқы безінің ауруларында байқалуы мүмкін. Ауырсыну жергілікті немесе жайылмалы түрде кездеседі. Ауырсынудың мінездемесі әртүрлі – ұстама тәрізді, үнемі, жыл мезігілімен байланысты, қабылдаған тамаққа байланысты, күш түсумен, қиналумен байланысты болып өтеді. Асқазан ауруының түріне байланысты тамақтан кейін ауырсыну әртүрлі уақытта білінеді. Сөлі аз асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдаған бетте білінеді, асқазан ойық жара ауруында ауырсыну түнде және аш қарында болады, сөлі көп асқазан ауруында ауырсыну тамақ қабылдағаннан кейін басылады. Егерде ауырсынудың себебін білмесеңіз жансыздыратын немесе ішекте жібітетін дәрілерді беруге, асқазанды жууға, клизма және жылытуға қоюға болмайды. Мысалы: егер ауырсыну іштің тырсылдауы мен немесе асқазан жарасының қозуымен байланысты болса жылытқыш ауырсынуды азайтады, бірақ грыжа немесе соқыр ішектің қабынуына жылытқышты қоюға болмайды. Уланған жағдайда пациенттің жағдайын асқазанды жуумен жеңілдетеді. Ал жүректің өлі еттенуінде пациентке зиян келтіреді. Егер ұстамалы ауырсыну пайда болса жедел түрде дәрігерді шақырту керек.
22.2.Диспепсиялық жағдайларындағы мейірбикенің кірісулері
Кекіру, қыжылдау, жүректің айнуы, құсу – диспепсиялық шағымдар деп аталады. Диспепсия дегеніміз – ас қорыту дәрісінің бұзылуы. Кекірік дегеніміз – кенеттен ауыздан ауаның шығуы. Бұл ауа кекірігі, асқазанның бұлшық еті жиырылғаннан пайда болады. Ауа кекірігі атмосфералық ауаны көбірек жұтып қалғаннан да болуы мүмкін. Кейбір жағдайда кекірік жағымсыз иісті болады. Мұндай кекірік асқазан кеңейіп, тамақ іркіліп тұрып қалғанда байқалады. Қыжылды кекірік көбінесе асқазан сөлі көп бөлінгенде білінеді. Қыжылдау - төстің тұсында күйіп тұрған сезімнің болуымен сипатталады. Бұл кез – келген ауруларда асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғарылағанда байқалады. Жүректің айнуы – рефлекторлық акт, кезеген жүйкенің тітіркенуімен байланысты. Жүрегінің айнуы гастрит, асқазан қатерлі ісігінде болады. Көбінесе жүректің айнуы терінің бозғылттануымен, жалпы әлсіздікпен, терлеумен, аяқ – қолдың мұздауымен бірге кездеседі. Бұл жағдайда құсық болуы мүмкін. Асқазан ауруларында жүрек айнудың ерекшелігі көбінесе тамақтан кейін байқалады. Жүрек айну жиі асқазанның сөлденістік жетіспеушілігінде білінеді. Көбінесе жүректің айнуы құсықпен қатар жүреді. Құсу әр түрлі жағдайда болады (гипертоникалық кризде, инсульт, мидың қатерлі ісігінен асқорыту органдарының ауруларында). Асқазан жара ауруларымен ауыратын науқастарда құсықтан кейін жағдайлары жақсарады. Дерт анықтамасын жүргізгенде құсықтың түріне, түсіне, құрамына назар аударады. Мейірбикенің мақсаты:құсықтың басталған уақытын, тағаммен байланыстылығын, көлемін, иісін, түсін, қанның, сапранның барлығын анықтау. Егер құсық үнемі тоқталмайтын болса, пациент әлсізденуі, жүректің, бүйректің жұмысының бұзылуы болуы мүмкін. Уақытымен көмек көрсетпесе (әсіресе есін білмеген жағдайда) құсық дем жолдарына тіреліп аспирациялық пневмония немесе тұншықтыруға әкеліп соғады. Құсық болған кездегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері 1.Пациентті отырғызып, клеенкамен жабу. 2. Егер тіс протездерін бар болса алып тастау. 3.Дәрігерге хабарлау. 4. Орамалды беріп, екі аяғының арасына леген қою. 5. Құсып жатқанда, пациенттің маңдайын ұстап тұру. 6. Құсқан сайын ауызын шайғызып отыру. 7. Құсықты дәрігерге көрсету. 8. Жағдайын қадагалап отыру.
22.3. Іштің тырсылдауы кезіндегі мейірбикенің кірісулері Метеоризм - ішінде ауаның жиналуы. Себебі: 1. тағаммен байланысты (бұршақ, үрме бұршақ, қырыққабат, қара нан т.б). 2. ішектің микрофлорасының бұзылуымен, ұйқы бездің жұмысының бұзылумен байланысты. Осындай жағдайда активтелген көмір таблеткасын ішу керек. Егер көмектесе алмаса жел шығаратын түтікшені қолданады.
22.4. Асқазаннан қан кеткен жағдайдағы мейірбикенің кірісулері.
Асқазаннан, ішектен қан кету ерекше асқыну болып саналады. Көбінесе асқазан жарасы, қатерлі ісіктерді пайда болады. Асқазаннан қан кеткенде құсықтың түсі “кофе” тәрізді болады, кейбір жағдайда өт аралас болады (өт қалтасының ауруларында), құсықтың қалдықтары араласады. Асқазаннан қан кету – асқазан, ұлтабар ойық жара ауруында жиі кездеседі. Оны қан араласқан құсық және қан араласқан нәжіс арқылы байқауға болады. Пациенттің өңі бозарып, қан қысымы төмендеп, тахикардия және есінен тануы мүмкін.
|