Электрокардиография
Электрокардиография - жүректің жұмысын электр тоғы арқылы анықтайтын тексеру әдісі. Миокардта әр түрлі биохимиялық үрдістер жүреді. Бұл кардиомиоциттердің мембраналарынан иондардың өтуін тудырады. Нәтижесінде биоэлектрикалық үрдіс байқалады, электроқозғалушы жүрек күші электрокардиограмманы (ЭКГ) сызып шығарады. ЭКГ дененің әр түрлі аймағынан белгіленеді. Қазіргі уақытта бізге ЭКГ-нің 12 түрлі электродтық комбинациясы белгілі. ЭКГ жүрек – қан тамыр жүйесінің ауруларында дерт анықтамасын жүргізуге көмектеседі.
Электрокардиографияға пациентті түсіруге дайындау - тыныштандырып барып түсіру (физикалық күш түскеннен кейін пациент демалу керек); - тамақтанғаннан соң түсіруге болмайды, себебі зат алмасу процесі күшейіп, денеде жылу алмасуы жоғарылайды. Сол себептен жүрек жұмысы күшейіп, ЭКГ-ның тістері өзгереді және нақты сапасы анықталмайды. Стандарттық 12-каналды ЭКГ ЭКГ арқылы жүректін жұмысын анықтауға болады:
ЭКГ –ні жасау үшін пациент кеудесіндегі киімдерімен аяқ қолдарындағы киімдерін босатады.Пациентті кушеткаға жатқызып, электродтарды салады. Жазуы басталғанда (10секундтан 30 секундқа дейін) пациент байсалдылықпен қозғалмай жатуы тиіс.
|