Анды тексеру
Қанды жалпы тексеру екі түрге бөлінеді: жалпы клиникалық және биохимиялық тексеру. Жалпы клиникалық тексеруде қан құрамындағы қан торшаларының санын және сапасын (эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, гемоглобин санын, эритроциттердің тұну жылдамдығын - ЭТЖ) анықтайды. Дені сау адамның қанының құрамы тұрақты, ал өзгерсе ағзада патологиялық дәріс бар деген мағынаны білдіреді. Кейбір дені сау адамда қанының құрамы өзгеруі байқалады. Ол тамақ ішкенген, физикалық күш түскенген, пайдаланған сұйықтардың мөлшеріне байланысты. Клиникалық анализге қанды зерттеудегі негізгі тәсілі саусақтан қанды алумен өткізіледі. Қалыпты жағдайда эритроциттердің саны 3,7х1012 - 5,1х 1012 әйелдерде, ал ерлерде 4,0 - 5,5 х1012 л. Осы көрсеткіштердің азаюы қан аздықта байқалады. Эритроциттердің санының 1,0х1012 төмендеуі өмірге қауіпті. Қалыпты жағдайда гемоглобиннің саны ерлерде 130-160 г/л, ал әйелдерде 120-140 г/л. Қан аздықта гемоглобиннің мөлшері азаяды. Эритремия кезінде гемоглобиннің саны көбейеді. Түсті көрсеткіш гемоглобин мен эритроциттердің бір-біріне қатынасын көрсетеді. Дені сау адамда түсті көрсеткіш бірлік бойынша (0,86- 1,0). Эритроцит құрамындағы гемоглобин көбейгенде түсті көрсеткіш көтеріледі, эритроцит құрамындағы гемоглобин азайса түсті көрсеткіш төмендейді. Дені сау адамдарда лейкоциттердің саны 4-9 х 109 дейін, лейкоциттердің көбеюі - лейкоцитоз, ал азаюы - лейкопения деп аталады. Лейкоцитоз әр түрлі қабыну ауруларында байқалады. Лейкопения қан аздықта, уланғанда, кейбір жұқпалы ауруларда байқалады. Лейкоциттердің түйіршікті және түйіршіксіз түрлері болады. Түйіршікті түрі гранулоцит деп, ал түйіршіксіз түрі агранулоцит деп аталады. Гранулоциттерге нейтрофилдер, эозинофилдер, базофилдер жатады. Нейтрофилдер қорғаныш қызметін атқарады. Эозинофилдер, базофилдер аллергиялық дәрістерге қатысады. Агранулоциттерге моноцит пен лимфоцит жатады. Қалыпты жағдайда моноциттің саны 4-8%. Олар қорғаныш қызметін атқарады, фагоцитоз түзеді. Кейбір жұқпа ауруларында моноцитоз байқалады. Дені сау адамдарда лимфоциттердің саны 25-35%. Қан құрамында ядросыз торшалар болады, оны тромбоциттер дейміз. Дені сау адамда тромбоциттің саны 200.000 – 400.000 Олардың құрамы қан жасау жүйесінің ауруларында көбейеді. Қансырау жағдайларда тромбоциттердің мөлшері төмендейді. Басты көрсеткіш болып эритроциттердің тұну жылдамдығы (ЭТЖ) табылады. Қалыпты жағдайда ЭТЖ көрсеткіші 1- 15 мм/ сағ. Биохимиялық анализдерді тексеру үшін, көбінесе көк тамырдан веналық қанды венепункция арқылы алады. Венепункцияны арнайы шприц- пробирка және ине қолданылады. Көк тамырдан веналық қанды алу үшін келесі ережелерді талап етеді:
17.2. Көк тамырдан қан алу мейірбикенің технологиясы. Көк тамырдың қан анализін процедура мейірбикесі дәрігердің нұсқауымен орындайды. Қан алуды аш қарында жүргізеді, сондықтан пациентке алдын – ала ескертеді. Қанды тамырдан орташа 10 мл–ге дейін алады. Ә зірлеңіз:залалсыздандырылған мақта түйіршігі, бір рет қолданылатын шприц (10 – 20 мл) инесімен, пробиркалар, үштаған, спирт, бұрау, лоток, резеңке қолғап, жастықша. Процедура барысы: Ø қолыңызды жуып, резеңке қолғап, масканы киіңіз; Ø пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз; Ø пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз; Ø бұрауды иығының орта бөлігіне салып, пациентке қолымен жұмыс істеуін сұраймыз; Ø көк тамырды анықтап жоғарыдан төмен ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта түйіршігімен сүртіп алыңыз; Ø иненің тесігін жоғары ұстап, сол жақ қолмен теріні төмен тартыңыз (тамырды тұрақты қылу үшін); Ø бірінші теріні, екінші тамырды тесіп шприцтің поршенің артқа тартып қанның бар екенін анықтаңыз; Ø шприцке керекті мөлшерде қанды сорып алыңыз; Ø пациент жұдырығын босатып бұрауды шешіңіз; Ø үшінші мақта түйіршігімен иненің үстіне салып шприцпен инені суырып алыңыз; Ø пациентке мақта түйіршігін 5 – 10 минут ұстауын сұраймыз; Ø инені шприцтен алып, абайлап пробирканың қабырға бойына қанды жіберіңіз; Ø пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз; Ø мақта түйіршігін контейнерге тастаңыз; Ø Шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз; Ø Пробирканың сыртына жолдаманы жабыстырып, контейнерға салып, лабораторияға жіберіңіз;
17.3. Қанды вакуумдық жүйесімен алу Көк тамырдан қан алған кезде жабық вакуумдық жүйесі жұмыс барысында толық қауіпсіздікпен қамтамас етіп, қоршаған ортамен ұласуды болғызбайды. Қан алу процедурасы 5-10 секунд болады, пациентке ауыртпаушылық әкелмейді. Бұл жүйесі әдеттегі шприц тәрізді, бірақ поршеннің орнында пробирканың ішіндегі вакуум арқылы теріс қысым қолданылады.Көк тамырдан алынған сарысумен қанның сұйық бөлігін осы пробиркада тікелей центрифугадан өткізеді, сол себептен зерттеуге арналған материалдардың, атмосфералық ауаның антигендық агенттерімен ұласудын көлемі төмендейді. Қанды вакуумдық жүйесімен алу кұрделігі:
Вакутайнер — көк тамырдан қан алған кездегі жабық вакуумдық жүйе.Бұл жүйесі әдеттегі шприц тәрізді, бірақ поршеннің орнында пробирканың ішіндегі вакуум арқылы теріс қысым қолданылады. Вакутайнер жүйесі үш компоненттен құралады:
Қанды вакуумдық жүйесімен алу процедурасы
Керекті құралдар: - бір рет қолданылатын биялайлар; - бұрау; - спиртпен малынған залалсыздырылған тампон; - мақта. 1. Инені боялған жағынан алып, қағаз орауын жыртады. 2.Инені ине ұстағышқа енгізіп, инеден түрлі түсті қабыршығын алып тастайды. 3.Инені алып қорғаныш қалпақшаны жабық резенке мембрана жағынан шешу. 4.Инені ұстағышқа салып, тіреуішке дейін бұрап бекіту. Керекті пробиркаларды дайындау.
5.Иненің екінші жағынан қорғаныш қалпақшаны шешіп, қақпағы бар таңдап алған пробирканы ұстағышқа кіргізу.
6.білектен 10см жоғары бұрауды байлап, пункция жасау үшін көк тамырды таңдайды. 7.ине салатын жерін спиртпен малынған залалсыздырылған мақта түйіршегімен сұртіп, құрғағанша тосады.
8. Инеден қақпақшаны шешіп, пациенттің шынтағына жастықшаны салып, инені көк тамырға жіберу.
9. жинағыш пробирканы ине ұстағышқа жалғау. Көк тамырдағы инені қозғалтпай, бірақ іле қатты қозғалумен пробирканы ине ұстағышың аяғына дейін итеру. Қан пробиркаға аққаннан бастап бұрауды ағытады. Жинағыш пробирканы қан толғаннан кейін алып тастайды. 10. Инемен ине ұстағышты осы қалпында ұстауын, тағыда басқа пробиркаға қан алу үшін жалғастырады. 11. Пробирканы ине ұстағыштан айырады. Пробирканы 8-10 рет, пробиркадағы қан стабилизатормен араласу үшін төнкереді. 12. Ине ұстағышты көк тамырдан алып, мақта түйіршігін салып, 1-2 мин ұстауын сұраймыз. 13.Инемен ине ұстағышты қауіпсіздік техника талабына сәйкес кәдеге жарату. Сынақты лабораторияда қабылдаған ережелер бойынша таңбалау.
17.4.Қақырықты тексерудің мейірбикелік технологиясы Тыныс алу органдарында қақырықты тексеру маңызды орын алады, патологиялық процесстің мінездемесін анықтауға мүмкіндік жасайды. Егер қақырық болса, оның тәуліктік көлемін анықтайды (созылмалы бронхитте 10-15 мл, бронхоэктаз ауыруында (1 литрға дейін болады). Пациентте қақырық болса, микроскопиялық, бактериологиялық тексеруін жүргізу қажет.Бронхоскопия жасағанда дұрыс таза қақырықтың қорытындысын алады, себебі ауыздағы сілекейде микроорганизмдер болады. Бактериологиялық және микроскопиялық зерттеуге ауыз қуысына санация жүргізген соң қақырықты алады. Бактериологиялық және антибиотикалық сезімталдығын анықтау үшін қақырықты арнайы залалсызданған ыдысқа жинайды. Қақырықты туберкулез қоздырғышын анықтау үшін (Кох таяқшасын) қақырықты үш күн қайтара тексереді. Микроскопиялық зерттеуде қақырықтың түсін, құрамын, мөлшерін, иісін анықтап сипаттама береді. Қақырық сілекейлі, іріңді, қан аралас болуы мүмкін. Қақырықтың құрамы бронхтағы және өкпедегі патологиялық дәрістерді көрсетеді. Өкпе қабыну ауруларында қақырық сілекейлі, иіссіз болады. Бронхоэктаздық ауруда, өкпе іріңдігінде қақырық іріңді, жиіркенішті иісті болып келеді. Бронх демікпесінде қақырық шыны тәрізді, жабысқақ, аз мөлшерде қиын түседі. Құрамында Шарко- Лейден кристалы, Куршман шиыршықтары анықталады. Өкпе іріңді ауруларында, туберкулезде, өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қан кездеседі. Өкпе қатерлі ісігінде қақырықта қалыптан тыс торшалар білінеді. Сонымен қатар бактериологиялық зерттеу микробтар мен қатар патогендік саңырауқұлақтарды табады.
Қақырықты жинаудың мейірбикелік технологиясы Қақырықтың жалпы клиникалық анализі Мақсаты: тексеруге қажетті дайындықты қамтамасыз ету, хабарлау, үйрету, сақтау, материалды зерттеуге жеткізу. Көрсеткіштері: тыныс және жүрек аурулары. Жабдықтар: таза шынылы ауызы кең ыдыс, жолдама, кез келген дезинфекциялық ертіндісі, резеңке қолғап, маска. Процедура барысы: құрғақ, таза ыдыс дайындап алыңыз; зерттеуге жолдама жазыңыз; ыдысқа этикетка жапсырыңыз, онда пациенттің аты, жөні, бөлімше нөмірі, палата нөмірі, айы, күні және мейіркештің қолы болу керек; пациентті дайындаңыз: қақырықты таңертең, ашқарында жинау керектігін түсіндіріңіз; қақырық жинар алдында тісін тазалап, аузын қайнаған сумен шаю керек, (тістері қанайтын болса, онда аузын ас содасы ерітіндісімен немесе) 0,01 % калий перманганат ерітіндісімен шайғызу керек); жөтеліп,қақырығын таза шыны ыдысқа 3-5мл.мөлшерде жинау керек; қақырық болмаса, терең дем алып содан соң жөтел соңында қақырықты жинау қажет және ыдыстың қақпағын жабу керек; жиналған қақырықты жолдамамен қоса зертханаға 1 сағаттан кешіктірмей тапсыру керек.
Қақырықты түбіркүлез таяқшасына тексеру Жабдықтар: шынылы ыдыс, маска, клеенкалы фартук, резеңке қолғап. Кез келген дезинфекциялық ертінділері. Туберкулезге күдікті пациенттен қақырықты үш сынақ бойынша тексереді: І сынақ; - пациент ауруханаға немесе поликлиникаға келіп, таңертен мейірбикенің бақылауымен қақырықты жинайды. ІІ сынақ; - қақырықты тапсыру үшін пациентке үйіне контейнер беріледі, содан кейін лабораторияға әкелінеді. ІІІ сынақ; – қақырықты пациент мейірбикенің бақылауымен ауруханада тапсырады. Процедура барысы: · пациентке іс- шараның мақсаты мен барысын түсіндіріңіз; · пациентке белгіленген, аузы ашық түкіргішті беріңіз; · пациенттің арқа тұсынан тұрыңыз және одан түкіргішті аузына апаруын сұраңыз, 3 рет терең дем алып, үшінші демнің соңында қатты жөтеліп, қақырығын түкіргішке түкіруін сұраңыз; · жиналған қақырық мөлшері жеткілікті және ол сілекей емес екеніне көз жеткізіңіз; · түкіргіш қақпағын медицина қызметкері өзі жабады, сосын оны тасымалдау үшін арнайы бикске салады- бұл 1-ші сынақ. · биксті сыртынан спиртпен өңдеңіз; · медицина қызметкері қолғаптағы қолын сабынмен жуу керек; · арнайы киімді шешіңіз,бір реттік болса жойылады, ал көп реттік болса зарарсыздандырылады; · пациент келесі күні таңертең қақырық жинау үшін таза түкіргіш алады және оған қақырық жинап оны емдеу мекемесіне әкеліп тапсырады- бұл екінші сынақ. · үшінші сынақ сол күні мейіркештің бақылауымен жиналады, (осы тәртіптің 1,2,3,4,5 Тарауларын қара). · Қақырық жинайтын бөлмеде тамақтануға, шылым шегуге тыйым салынады. Қауіпті материалмен ластанған заттар тез арада зарарсыздандырылуы немесе жойылуы керек. (5% хлорлы ерітінділерде 4 сағатқа салып қою керек.) Түкіргіштер тасымалдау алдында 5% хлор лы ерітінділерге малынып алынған ветошьпен сүртіп алынады.
Ескертпе: Қақырық қақпағы тығыз бұралып жабылатын түкіргіштерге жиналады. Түкіргіштің сыртына пациенттің аты, фамилиясы, туған жылы, қақырықты жинаған күні көрсетіледі. Әрбір күдікті адамнан зерттеуге үш порция қақырық жіберіледі. Қақырық жинау бөгде адамдар жоқ, жақсы желденетін, желдеткіші және кварц лампасы бар жерде немесе далада медицина қызметкерінің тікелей бақылауымен жиналады.медицина қызметкері маска киіп, алдына клеенка алжапқыш байлап, қолына резеңке қолғап киюі керек. Қақырықты және ыдыстарды зарарсыздандыру Екі әдіспен зарарсыздандырады. І әдіс – кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 1 сағатқа зарарсыздандырады. ІІ әдіс- түбіркүлез пациенттерінің түкіргіштерін, ыдыстарын ҚР-ғы түбіркүлез бұйрығы бойынша зарарсыздандырады.
Қақырықты атипті жасушаларға тексеру Осы анализді алғанда бұл жасушалар тез бұзылатынын ескере отырып, жаңа шыққан қақырықты зерттейді. Қақырықты жалпы клиникалық анализіне жинаған тәрізді жинайды. Ескерту: жөтелген кездегі бөлінген қақырықтың қажеттігін пациенттерге түсіндіреді. 17.5. Пациентті бактериологиялық қақырықтың зерттеуіне дайындау және үйрету Аурудың қоздырғышын анықтау және антибиотиктердің нәтижесін білу үшін, бактериологиялық тексеру жүргізіледі. Пациентті нақты түрде дайындайды. Залалсыздандырылған кең ауызы бар шыны ыдысты, крафтпакеттен жасалған қақпақшаны бактериологиялық лабораториядан алады. Ыдыстың ішінде сәйкестендіріліп алынатын көректік орта болады (қан сорпасы, қан агары және т.б.). Процедура барысы: · з ерттеу алдына бактериологиялық лабораториядан залалсыздандырған Петри табақшасын немесе залалсыздандырған түкіргішті алып қойыңыз; · зерттеуге жолдама толтырыңыз; · залалсыздандырған түкіргішке этикетка жапсырыңыз; · пациентті дайындаңыз: қақырық аш қарында, таңертең ерте жиналуы керек екенін түсіндіріңіз; қақырық тапсырар алдына тістерін тазалап және ауыз қуысын қайнаған сумен шаю керек екенін ескертіңіз; қақырықтың алғашқы порциясы түкіргішке жиналмайды, түкіріп тасталынады; қақырықтың келесі порциялары залалсыздандырған түкіргішке жиналып, қақпағы жабылады; · ж иналған қақырықты жолдамамен қоса зертханаға жеткізіңіз.
17.1-сүрет: пациентті қақырықтың зерттеуіне дайындау
Жөтел болған жағдайда: · а)залалсыздандырылған ыдыстан қақпақшаны алып, шетіне ауызын тигізбей қақырықты тастау; · б) қақпақшасын жауып мейірбикеге беру; · оқыту нәтижелі екеніне көз жеткізу, пациентке ақпаратты қайталауын сұрау; · қақырығы бар ыдысты лабораторияға жолдама құжаттармен, қауіпсіздік ережесін сақтап жеткізу; Ескерту: қақырығы бар ыдысты лабораторияға тез арада жеткізе алмаса, оны тоңазытқышта 1-2 сағатқа температурасы 4°С сақтауға болады. Бактериологиялық лабораторияға арнайы контейнер арқылы апарады.
17.6. Жұтқыншақтан және мұрыннан жұғынды алудың; мейіркештік технологиясы Жұғын тығыз мақта-марлі тампонымен жабылған залалсыздандырылған пробиркаға таңертенгілік ашқарында алынады. Дайындау керек: залалсыздандырылған шпатель, “Ж” (жұтқыншақ) деген белгісі бар тампонды пробирка, үштаган. Процедура барысы: · пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; · пациентке ескертіп, мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз; · қолды жуып құрғатып, маскамен қолғапты киіңіз; · пациентті жарық көзінің тұсына қаратып отырғызыңыз; · пациентке аузын ашуды ұсыныңыз; · сол қолдағы шпательмен тілдің түбін төмен басыңыз; · оң қолыңызбен пробиркадағы залалсыздандырған тампонды алып шығыңыз және онымен тамақ бездерінң айналасын сүртіп алыңыз(сол және оң жағынан), ауыз қуысы мен тілдің кілегей қабатына тигізіп алмай; · ақырындап, пробирканың сыртына тигізіп алмай залалсыздандырған түйіршікті пробиркаға салыңыз; · пробирканы белгілеңіз; · қолғапты шешіп,қолды жуып құрғатыңыз; · жолдама жазып, контейнерге салып лабораторияға апарыңыз.
17.2-сүрет: жұтқыншақтан жұғынды алу 17.7. Мұрыннан жұғынды алудағы мейірбикелік технологиясы Дайындау керек: залалсыздандырылған тампоны бар пробирка. Процедура барысы: · пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; · пациентке ескертіп, мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз; · қолды жуып құрғатып, маскамен қолғапты киіңіз; · пациентті терезеге қарай отырғызыңыз(басы аздап шалқайған болуы керек.) · пробирканы сол қолыңызға алыңыз, оң қолыңызбен пробиркадағы жұғынды алатын темір таяқшаны алыңыз; · сол қолыңызбен пациенттің мұрын ұшын жоғары көтеріңіз,оң қолыңызбен жұғынды алатын таяқшаны жеңіл айналмалы қозғалыстар жасай отырып төменгі мұрын қуысына, алдымен бір жағына, содан соң екінші жағына енгізіңіз; · ақырындап, пробирканың сыртына тигізбей жұғынды алған тақшаны пробиркаға енгізіңіз; · жолдама толтырыңыз (пациенттің фамилиясы, аты,күні, зерттеу мақсаты, емдеу мекемесінің аты, «мұрын жұғындысы»); · пробирканы жолдамамен қоса зертханаға жіберіңіз.
17.3-сүрет: мұрыннан жұғынды алу
|