Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Компресс





Компресс – дегеніміз –көп қабаттап орау.

Компрестің түрлері:

Құрғақ суық

Дымқыл ыстық

Жалпы жылы

Жергілікті дәрілік

Суық компресс – теріні суытып, тамырларын жіңішкертеді, бұны жарақаттың бірінші сағатында, мұрыннан қан кеткенде, дене қызуының екінші кезеңінде қолданады. Суық компрессті қою үшін бірнеше қабатты суық суға малынған дәкені сығып салатын жеріне салып 2 – 3 минут сайын ауыстырып отырады. Мұндай жағдайда екі компресспен қолданады. Біреуін салады, ал екіншісін дайындап отырады.

Ыстық компресті – тамырларын кеңейтіп тінге қанның баруын жақсартады, сол себептен тіннің ісігі азаяды және ауру жерін басу үшін қолданады.

 


 

 

 


Жылы компресс қою мейірбикенің стандарты

Мақсаты:ұзақ біркелкі тамырларды кеңейтеді, тіңдердін қан айналысын

жақсартып, ауырғанын басады.

Көрсеткіштері:

· терінің, майлы қабатының аурылары;

· ине салғаннан кейінгі қатаюда, флебитте, лимфоденитте, қабыну процестерінде қолданады;

· буын ауруларында;

· кеңсірек, кеңірдек ауруларында;

· гематомада;

· жарақаттанғанда; катаральдық отитте т. б..

Қарама – қарсы көрсеткіштері;

· терінің тұтастығының бұзылуы

· дене қызуының көтерілуі

· аллергиялық жағдайларда

· терінің ірінді ауруларында

· қатерлі ісіктерде.

Жабдықтар:6-8 қабатты марлі дәке, 40% спирт немесе 2% бір қалай қасық сірке қышқылды су, клеенка немесе целофан, мақта, бинт, қайшы.

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, құрғатыңыз;

-пациенттің терісін қарап, компресс қоятын жерін тексеріңіз;

-6-8 қабатты дәкені 40% спиртке малып, спирт ақпайтындай сығып, ауратын жеріне орналастырыңыз;

 

 

 

12.2-сүрет: компресс қою әдісі

 

-1,5-2см асырып, оның үстіне кесілген клеенканы немесе целофанды салыңыз;

-1,5-2 см асырып мақтамен жабыңыз;

-компресті бинтпен мықтап бекітіңіз;

-уақытын белгілеңіз (компресті 6-12 сағатқа дейін ұстайды);

-екі сағаттан кейін саусақты дәкенің астына тығып жылылығын және дымқылдығын тексеріңіз;

-компресті алып теріні жылы сумен сүртіп құрғатып, жылылап ораңыз;

-қолды жуыңыз.

 

12.3.Жылытқышты қолданудағы мейірбикелік стандарт

Мақсаты:жылытқыш жазық бұлшық еттерді босатып, ішкі мүшелерге қанның толуын күшейтеді, сондықтан ауырғанын басылуына әсер етеді.

Көрсеткіштері:

· дененің әр түрлі бөліктерін жылыту;

· қалтыраудың: 1,3 кезеңі;

· спастикалык аурулар (ауырсынуды басу үшін);

· гипертоникалық криз;

· бүйрек ұстамасында;

· гематома;

· радикулит;

· буындардың қабынуы;

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

· іштің түсініксіз ауырсынуы;

· қан кету;

· терінің зақымдануы;

· ірінді жаралар;

· дене қызуы көтерілгенде;

· қатерлі ісіктер.

Жабдықтар:резеңке жылытқыш, су- температурасы (60-70С), жеке орамал, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, жылытқышты өңдейтін екі дәке, су температурасын өлшетін термометр.

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, құрғатыңыз;

-ыстық суды (600С) жылытқышқа 1/2 - 2/3 көлемде құыңыз;

- су жылытқыштың ауызына дейін келетіндей үстелдің үстіне қойып, ауасын шығарып, бұрандасын жабыңыз;

-жылытқыштың бұрандасын төмен қаратып, сілкіп, судың ақпайтынын тексеріңіз;

 

12.3-сүрет: жылытқышты қолдану әдісі

 

- құрғатып сүртіп, жылытқышты орамалмен орап пациентке беріңіз;

-жылытқышты алып, суын төгіңіз;

-пациенттің терісін қарап, ыңғайлап жатқызып, жылылап көрпемен жабыңыз;

-қолды жуыңыз;

-жылытқышты кез келген дезинфекциялық ерітіндісімен өңдеңіз (екі рет аралығы 15 мин);

-сумен жуып, құрғатып, арнайлы жеріне қойыңыз;

-қолды жуыңыз.

12.4.Мұздатқышты қоюдағы мейірбикелік стандарт

Мақсаты:суықтың әсері терінің тамырларын жіңішкертеді және тереңдегі мүшелер мен тіндердегі ауырсынуды және қабыну процессін басады, нервтік рецепторлардың сезімталдығын төмендетеді.

Көрсеткіштері:

· жедел қабыну процестері;

· қан кету;

· жарақаттану;

· дене қызуы көтерілуі;

· жәндіктердің тістеуі;

· іштің ауырсынуы.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

· созылмалы қабынулар;

· тері аурулары.

Жабдықтар:мұздатқыш, ұсақ мұзды кесіндер, су (14-160С), жеке орамал, кез келген дезинфекциялық ерітіндісі бар ыдыс, дәке.

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, құрғатыңыз;

-мұздатқышты ұсақ мұздармен ортасына дейін толтырып, суық су құйыңыз;

-көлденеңінен қойып, ауасын шығарып, бұрандасын жабыңыз;

12.4-сүрет: мұздатқышты қолдану әдісі

 

-сыртын құрғатып,орамалмен орап пациенттің керекті жеріне беріңіз;

- 20 -30 мин. ұстаңыз (аралығы 20 мин);

Ескерту:жалпы уақыты үзілістермен қоса екі сағаттан аспайды;

· мұздатқышты алып, суын төгіп мұздарды алып тастаңыз;

· пациентті ыңғайымен жатқызыңыз;

· мұздатқышты дәкемен кез келген дезинфекциялық ерітіндісі екі рет (аралығы 15 минуттн) өңдеңіз;

· қолды жуып, құрғатыңыз.

Ескерту:егер терісінің тұтастығы бұзылса мейірбике резенке қолғаппен жұмыс істеп оны кез келген дезинфекциялық ерітіндісімен зарарсыздандырады.

12.5.Қыша қоюдағы мейірбикелік стандарт

Мақсаты:қышаның емдеу әсері эфирдің қыша майы арқылы білінеді, ол теріні тітіркендіріп, тамырларын кеңейтеді, сол себептен ауырғанын, қабыну процессін басады.

Қыша тығыз қағаздан жасалып, (8х12,5) оған қыша өсімдіктің ұнтағын жабыстырған. Әрбір қышада сақтау мерзімі көрсетілген.

Көрсеткіштері:

· тыныс алу органдарының қабыну процесстері;

· нерв жүйесінің аурулары;

· невралгиялар;

· остеохондроз;

· гипертониялық криз;

· жүрек тұсына шаншу қадалғанда.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

· қан кету;

· қатерлі ісіктер;

· қышаға аллергия болуы;

· терінің аурулары;

· дене қызуы көтерілгенде.

Жабдықтар: қышалар, суы бар лоток (температурасы 40-450С), пайдаланған жабдықтарға арналған лоток, орамал, марлі, дәкелер, су температурасын өлшейтін термометр.

Қыша қояр алдында қышаның сақтау мерзімін тексеру, егер қыша ұнтағы түсіп жатса қолдануға болмайды.

 

12.5-сүрет: қыша қою әдісі

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, құрғатыңыз;

-пациентті ыңғайлап жатқызып, теріні қарап тексеріңіз;

-қышаның салатын судың температурасын өлшеңіз (40-450С);

-қышаны 5 сек. суға малып, керекті жерге салып, үстінен орамалмен жабыңыз;

-пациентті қымтап көрпмен жабыңыз;

-қышаны 10-15 мин. ұстаңыз;

-қышаны алып,терісін жылы дымқыл дәкемен сүртіп, құрғатыңыз;

-киімін кигізіп, пациентті 30-40 мин. ыңғайлап жатқызыңыз;

-қолды жуып құрғатыңыз.

 

12.6.Сүлікті қою тәсілі

Мақсаты:жергілікті қан алу.

Сүлікті қоюға қажетті құралдар:Пробирка, пинцет, залалсыздырылған дәке, глюкоза, мақта, бинт, тұзды су.

Көрсеткіштері:

· гипертоникалық криз;

· глаукома;

· мидың қан айналымының бұзылуы;

· миокардтың өліеттенуі;

· бауырдың іркілуі;

· геморрой;

· тромбофлебит.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

· қан кетуге бейімділігі;

· қан кету;

· қан аздық;

· терінің аурулары;

· аллергиялық, септикалық аурулар;

· гипотензия;

· антикоагулянттармен емделу.

Қоятын жерлері:

Гипертоникалық кризде

· құлақтың сыртқы шығыңқы сүйегінің үстіне қарай қояды;

Көз ауруларында

· көздің сызық деңгейінен самай аймағына қарай қояды;

Стенокардияда, миокарттың өліеттенуінде

· жүректің манайының 3 – 4 қабырға аралығына қояды;

Бауыр іркілуінде

· 10 жақ қабырға астына қояды;

Тромбофлебитте

· тромбысы бар венадан 1см артқа, шахмат тәртібімен қояды;

Геморройда

· тік ішектің аузына айналдыра қояды;

 

 

12.6-сүрет: сүлік қою әдісі

 

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;

- сүлікті қоятын тері аймағын жылы қайнаған суға малынған мақта түйіршіктерімен сүртіңіз;

-сүлік теріге жақсы жабысу үшін, сол аймақты екінші рет глюкоза ертіндісімен сүртіңіз;

- сүлікті ыдыстан пинцетпен алып, бас жағын пробирканың ауыз жағына қаратып пробиркаға салыңыз;

- пробирканы қолға ұстап тұрып қойылатын жерге сүліктің тұмсығын тигізіңіз;

- сүлік қойған жерді тістеп, сора бастаса, онда пробирканы жайлап алып тастаңыз;

-сүліктің артқы қан сорғыш түтүкшесінің астына залалсыздандырылған дәке қойыңыз;

-сүлік 60-90 мин. Кейін түсіп қалады. Егер ол өздігінен түспесе немесе оны уақытысынан бұрын алу керек болған жағдайда тұзды су ерітіндісіне мақта түйіршігін матырып алып, сүліктің тұмсығы кіріп тұрған жерге қояды;

- қойылған сүліктің бәрі түсіп болғаннан кейін, қан сорған жерлерге бір тәулік бойы /24 сағат/ стерильді бинтпен астына қалың мақта салып, таңып қойыңыз.

Есте сақтаңыз! Таңбаны бір тәулік бойы ауыстыруға болмайды, ол жерде тромб пайда болып жатады.

Ескертпе. Қан кету қауіпсіздігінен сүлікті көк тамырдың үстіне қоюға болмайды. Егер сүліктің белсенділігі төмендесе, үстін жылысумен сүртуге болады.

 

А сқынулары:

1. Сүліктің тістеп, сорған жері кейіннен қышып, ірің пайда болу мүмкін, бұл тазалық сақтамаған жағдайда болады.

2. Сүлікті қойғанда қан сорғызатын жерді білмеудің кесірінен қан кетуі мүмкін.

3. Тері астына аздап қан кетуі мүмкін.

 

 

12.7.Емдік ванналар

Ванна – сумен емдеудің көп тараған түрлерінің бірі. Ваннаны негізінен тазалыққа емдеу мен ауруды алу үшін пайдаланады. Оны пациент дәрігердің нұсқауымен қабылдайды. Ваннаға түсу тәртібін дәрігер белгілейді.

Ванна бірнеше түрге бөлінеді:

1. Жалпы ванна. Ваннаның бұл түрін қабылдаған адам оған денесін түгел батырып шомылады.

2. Жартылай ванна. Бұған түскен пациент денесін суға беліне дейін батырады.

3. Дененің жекелеген мүшелері үшін қолданылатын ванна. Мысалы:

аяққа, қолға, мүшелерге арналған ванналар болады.

Судың температурасына байланысты ванна бірнеше түрге бөлінеді:

1. Суық ванна, судың температурасы 200С дейін.

2. Салқын ванна 21-330С.

3. Индифферентті ванна – 34-360С /аса салқын да, аса жылы да емес/.

4. Жылы ванна – 37-390С.

5. Ыстық ванна – 400С және одан жоғары.

 

 

Емдік ванна жүргізу әдісі

Мақсаты: келесі ағзаның жүйелеріне әсер ету үшін пайдаланады:

-нервтық;

-жүрек- тамыр;

-бұлшық ет;

-тыныс алу.

Көрсеткіштері:

1.Суық ваннаны дененің бір мүшесі жаңа зақымданғанда, сіңір созылғанда ваннаға 5-10 минут батырып отырады.

2.Салқын ваннаны – нерв жүйесі бұзылғанда, көңіл-күйі қобалжығанда, ұйқы бұзылғанда пайдаланады.

3.Индифферентті және жылы ваннаны – пациенттің ұйқысы бұзылғанда, нерв жүйелері өте қозғыш болған жағдайда /нервоз/, тері аурулары немесе қышымасы пайда болғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау мерзімі 20-30 мин.

4.Ыстық ванна - ваннаның бұл түрін созылмалы буын ауруына шалдыққанда, нерв ұштары қабынғанда, зат алмасу процессі бұзылғанда пайдаланады. Ваннаны қабылдау ұзақтығы 5-10 мин.

Ыстық ваннаға қолдың, аяқтың буындары ауырғанда 20-30 минуттай батырып отырады.

Қарама – қарсы көрсеткіштері:

1. Өткір жүрек –тамыр аурулары.

2. Суық тию кезінде.

3. Терінің аурулары.

4. Қатерлі ісіктер.

Жабдықтар:дез. ертінділер, су термометрі, орамал, резеңке жастықша, аяқ астына қоятын тіреуіш.

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

- процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-қажетті жабдықтарды дайындаңыз;

-қолды жуып, залалсыздандырылған биялайды киіңіз;

- ваннаның ішіңдезинфекциялық ерітіндісімен екі рет (аралығы 15 минут) өңдеңіз;

-ваннаны керекті температуралы сумен немесе дәрілік ертіндімен толтырады;

- пациентке шешініп, ваннаға жатуға көмектесіңіз;

- пациенттің басын көтеріп, резеңке жастықшаны салыңыз, ал аяғының астына тіреуішті беріңіз;

-судың температурасын тағыда бір рет тексеріңіз;

-пациенттің ваннада болған уақытың белгілеңіз;

-пациенттке ваннадан шығуға, сүртінуге, киінуге көмектесіңіз;

-пациенттің жалпы жағдайын, тамыр соғысын қадағалаңыз;

-пациентке 30-40 минут демалуын ескертіңіз.

 


Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Дәрісіз емдеудің маңыздылығын түсіндіріңіз?

2. Дәрісіз емдеудің түрлерін атап шығыңыз?

3. Жылы компресс қою әдісін айтып көрсетіңіз?

4. Қыша, оның түрлерін атап, қою әдісін көрсетіңіз?

5. Оңқа қою әдісін, қауіпсіздік ережесін сақтау туралы айтып, көрсетіңіз?

6. Суық компрессті қолдану ережесін атап шығыңыз?

7. Жылытқышты қолдану ережесін атап шығыңыз?

8. Мұздатқышты қолдану, қолданбау ережесін атап шығыңыз?

9. Ваналардың қолдану қасиеттерін түсіндіріңіз?

10. Сүлік салу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

Тарау

Пациенттің функционалдық жағдайын бағалау







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 15792. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...


Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Основные симптомы при заболеваниях органов кровообращения При болезнях органов кровообращения больные могут предъявлять различные жалобы: боли в области сердца и за грудиной, одышка, сердцебиение, перебои в сердце, удушье, отеки, цианоз головная боль, увеличение печени, слабость...

Вопрос 1. Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации Коллективные средства защиты: вентиляция, освещение, защита от шума и вибрации К коллективным средствам защиты относятся: вентиляция, отопление, освещение, защита от шума и вибрации...

Задержки и неисправности пистолета Макарова 1.Что может произойти при стрельбе из пистолета, если загрязнятся пазы на рамке...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия