Алдын алу.
Пациенттің төсектегі жағдайын әрбір екі сағат сайын ауыстырып отырыңыз. Егер пациент өздігімен қозғала алмаса, мейірбике оны екі сағат сайын ұмытпай ауыстырып отырады, ол үшін мейірбике түнгі уақытта қоңыраулы сағатты қолданады. Пациенттің әрбір дене мүшесіне ең аз қысым түсетіндей етіп ыңғайлы жағдайды ойластыру керек. Ол үшін жастықшаларды қолданыңыз. Пациентке креслода отырғандай жағдайды туғызыңыз, ол үшін төрт жастық алыңыз, біреуін кереуеттің бас жағына 450 қойып, екеуін екі қолдарының астына қойыңыз. Қосымша жастықтарды қолданып қолының басына және табан астына қойыңыз. Ешқашанда резеңке домалақтарды және астарларды қолданбаңыз – олар терінің тесілуіне себепкер болады. Қысым түсетін дене аймақтарын пациентті әрбір қозғалтқан сайын тексеріп отырыңыз. Пациентің жеке бастық гигиенасын бақылап отырыңыз. Төсек жабдықтары таза, құрғақ, қыртыссыз және түйіншексіз болуы керек. Ішектің жұмысын ұдайы бақылап отырыңыз. Зәрдің және нәжістің тоқтамауын емдеп алдын алып отырыңыз. Пациентті баланста көрсетілмеген тағам қабылдауына жол бермеңіз. Тағам қабылдауда көмек көрсетіңіз. Қан аздықты емдеп, оның алдын алу шараларын жасаңыз, себебі ол тіндердегі оттегі жетіспеушілігін тудырады. Пациенті өз өзіне көмек көрсетуін дамытыңыз, оның әрбір өздігімен қозғалғанын ескеріп отырыңыз. Пациентке күтім көрсету қағмдаларын оның туыстарына және жақын адамдарына оқытып үйретіңіз. 9.6.Төсек орнын және ішкі киімдерін ауыстырудағы мейірбикенің технологиясы. Пациенттің төсек орнын, ішкі киімін аптасына бір рет ауыстырып, ал қалы нашар төсек тартып жатқан пациенттің төсегін кірлегеніне қарай ауыстырады. Үнемі таңертең, және кешке жатар алдында қалы нашар пациенттің төсегін қағып, сілкіп дұрыстап жатқызады. Төсек орнын ауыстырудың екі тәсілі бар. Бірізділік іс - әрекетті: - таза ақ жайманы ұзындығы мен ортаңғы бөлігіне дейін ораңыз; - пациенттің басын көтеріп, жастығын алып тастаңыз; - пациентті төсектің шетіне қырымен жатқызыңыз; - кірлеген ақ жайманы ұзындығы бойынша ораңыз; - таза ақ жайманы босаған жеріне жайыңыз; - пациентті біріншіден арқасына жатқызып, содан кейін басқа қырына таза жаймасы бар жерге аударыңыз; - кірлеген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз; - жайманың шеттерін матрац астына жіберіңіз.
9.6-сүрет:төсек орнын ауыстыру Екінші әдіс пациентке белсенді қозғалыстар рұқсат етілмесе қолданады.
9.7-сүрет:төсек орнын ауыстыру Бірізділік іс - әрекетті: - таза ақ жайманы толығымен шиыршықтаңыз; - пациенттің жоғарғы кеудесін байқап көтеріп, жастықты алып тастаңыз; - кір жайманы жамбасына дейін шиыршықтап, таза жайманы салыңыз; - таза жаймаға жастықты салып, пациентті жатқызыңыз; - аяқ жағын көтеріп, кірлеген жайманы алып тастап, таза жайманы дұрыстап жайыңыз; - аяғын түсіріп жайманың шеттерін матрас астына жіберіңіз.
9.7.Іш киімін ауыстырудағы мейірбикенің технологиясы. Халі ауыр пациенттердің көйлектерін шешіндіріп-киіндіру оңай емес, сондықтан киімнің алды ашық болғаны қажет. Бірізділік іс - әрекеті: - ішкі киімін арқасынан шиыршықтап, басынан шешіңіз; - егер бір қолы жарақаттанған болса онда сау қолынан шығарыңыз; - содан кейін жарақаттанған қолынан шығарыңыз. Кигізгенде қарама – қарсы істелінеді.
9.8-сүрет:ішкі киімін ауыстыру 9.8.Дәрет ыдысын қолдану мейірбикенің технологиясы. Мақсаты:Пациенттің қуығын және ішегін босату. Жабдықтар: дәрет ыдысы, 2 таңбаланған клеенка, (дәрет ыдысына арналған), астына салынатын клеенка, жөргек, перде, дәретке арналған қағаз, екі резеңке қолғап, таңбаланған дезинфекциялық ертінділер. Мысалы: қолғаптарды зарарсыздандыратын ерітінді, клеенкаларды зарарсыздыратын ерітінді, дәрет ыдыстарды зарарсыздандыратын ерітінділер бөлек дайындалады. -пациенттің ұсыну бойынша оған төсекте ыңғайлы жағдай жасаңыз; -пациенттің жамбасынын астына клеенка және жөргек салыңыз;
9.9-сүрет:Дәрет ыдысын қолдану -дәрет ыдысын жылы сумен шайып кішкене су қалдырыңыз; -пациентті пердемен көленкелеңіз; -көрпесін алып тастаңыз; - аяғын бүгіуін сұраңыз; -резеңке қолғапты қиіңіз; -дәрет ыдысын клеенканың үстінен, пациенттің жамбасының астына қойыңыз; -дәрет ыдысының сырты құрғақ екенін анықтаңыз; -қолғапты шешіп, дезинфекциялық ертіндіге тастаңыз; -пациентпен байланысу тәсілімен келісіңіз; -төсек орнын жөндеп, пациентке көрпе жабыңыз; -пациентпен қарама – қарсы байланыс алыңыз; -резеңке қолғапты киіңіз; -дәрет ыдысын алып, клеенкамен жауып, арнайлы орнына қойыңыз; -клеенкамен, жөргекті алып тастап, төсек орнын жөндеңіз; -пациентті ыңғайлап жатқыздырып, жылы көрпемен жабыңыз; -клеенкаларды, дәрет ыдысын шығарып алып, дәрет ыдысының ішіндегісін канализацияға төгіп, шайып, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз; -резеңке қолғапты шешіп, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз; -қолынызды жуып құрғатыңыз.
9.9.Ауыз қуысының күтудегі мейірбикенің технологиясы Ауыз қуыста көп микробтар жиналады, олар әлсірегенде, ауыз қуысының ауруларын шақырып, адамның жалпы жағдайын төмендетеді. Жалпы тәртіптегі пациенттер өздері ауыз қуысын қадағалап отырады. Халы нашар пациенттердің ауыз қуысын әрбір тамақтан кейін мейірбике немесе туыстары өңдеп отырады. Бұл пациенттерде жиі стоматит кездеседі, тамақ ішкенде ауырып, сілекейі ағады, дене қызуы көтеріледі. Кейбір пациенттердің ернінде құрғақ жаралар пайда болады, жағдайын жеңілдеті үшін дымқылданған дәке салып, май жағады. Пациенттерге ауызын қатты ашуға, жараның қабыршықтарын алуға, тіс қылшағын қолдануға болмайды. Пациент ауызын әрбір тамақ ішкеннен кейін шайып отырады. Тіс протездері бар пациенттер жатар алдында протезін шешіп, сабынмен жуып, құрғатып, жеке таза шыны ыдысқа салады, ал таңертең ағынды сумен жуып, қайтадан салып алады. Жабдықтар:лоток, екі пинцет, дәкелер, екі шпатель және шприц немесе резеңке баллон 2 % гидрокарбонат натрий ерінітдісі, 1 % жасыл бриллиант ертіндісі, мензурка, орамал, су, дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыс. -пациентке процедура мақсатын түсіндіріңіз, жағымды қарым – қатынас жасап, келісімін алыңыз; -мензуркаға антисептикалық ертіндіні құйыңыз; -пациенттің басын қырына қаратып, алдына клеенка салып, лоток қойыңыз; -қолды жуып, резенке қолғапты киіңіз; -пациенттің тістерін қабыстыру, егер тіс протезі болса алып тастаңыз; -шпательмен пациенттің жағын итеріп, дымқылдаған марлі шариктері бар пинцетпен әрбір тісін өндеңіз;
9.10-сүрет:ауыз қуысын күту
-марлілі шаригін тастап, қайтадан бірізділік бойынша өндеңіз; -шаригін өзгертіп, тілін өндеп жуыңыз; -резеңке баллон арқылы ауыз қуысын жуыңыз; -ауыздың жан-жағын құрғақ дәкемен сүртіп, вазелин майын жағу және жарылған жерлері болса 1 % бриллиант жасыл ерітіндісімен өндеңіз; -қолданған құрал – саймандарды дезинфекциялық ертіндіге, марлі түйіршіктерді контейнерге салыңыз; -резенке қолғапты шешіп контейнерге салыңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз. Кейбір жағдайда ауыздың шырышты қабатына аппликация арқылы залалсыздырылған 0,1% фурацилин ертіндісіне малынған дәкені салады. Осы процедураны күніне бір неше рет қайталайды. Егер еріні жарылып, аузының шеттері тілінсе оған фурацилин ертіндісіне малынған дәкемен сүртіп, вазелин немесе өсімдік майын жағады. Ұзақ төсек режимінде жатқан пациенттердің дәрумендік жетіспеушілігінен стоматит дамиды. Сол себептен аузында әр түрлі жаралар және ауырсыну пайда болады. Осындай жағдайда жергілікті майлы және дәрілік аппликацияларды қолданады. Стоматиттік жағдайда Жанә шприці арқылы ауыз қуысты антисептикалық ерітінділермен жууға болады. 9.10.Көзді күтудегі мейірбикенің технологиясы Халы нашар пациенттерде көздерінде әр түрлі жұғындар, кірпіктердің жабысуы жиі кездеседі. Сол себептен күнделікте көзді антисептикалық ертінділермен сүртіп отырады.. Құрал – жабдықтар: лоток, пинцет, марлі шариктері, ундинкалар (көзді жуатын ыдыс) 1:2000 қатынастағы фурацилин ерітіндісі, вазелин майы, физиологиялық ерітіндісі, пипеткалар, резеңке қолғап, дезинфекциялық ерітінділері бар ыдыстар. -пациентпен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз; -пациентке процедура жасау мақсатын түсіндіріңіз, келісімін алыңыз; -пациентің көзіне қарап, баға беріңіз; -қолды жуып, резеңке қолғап киіңіз; -жабдықтарды дайындаңыз; -бір мензуркаға вазелин майын, екінші мензуркаға фурацилин ерітіндісін -ұйыңыз; -пациентке марлі шарикті вазелин майына малыңыз, кішкене сығып дайындаңыз; -оң жақ қолына шарикті алып бір көзінің кірпіктерін сыртынан ішіне қарай сүртіңіз; -құрғақ шарикпен осы бағыт бойынша қайталап сүртіңіз; -марлі шарикті фурацилин ерітіндісіне малыңыз, 4-5 рет көздің кірпіктерін өңдеңіз; -егер көздің бұрышында былшық болса онда: а) сол жақ үлкен саусақпен және 2 саусақпен көзді ашыңыз, оң жақ қолымен физиологиялық ерітіндімен жуыңыз; ә) құрғақ шарикпен сол бағытпен сүртіңіз; б) екінші көзді осы әдіспен өңдеңіз; -резенке қолғапты шешіңіз, дезинфекциялық ерітіндіге салыңыз; -қолды жуып құрғатыңыз. Көзге тамшыны тамызу мейірбикенің технологиясы Көрсеткіштері: · емдеу диагностика жүргізу әр түрлі манипуляциялардың алдында жансыздандыру
9.11-сүрет:көзге тамшықолдану
Құрал – жабдықтар:тамшы, пипетка, мақта немесе марліленген шарик. Ø Пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз; Ø иегін жоғары көтеріңіз; Ø басын жоғары шалқайтып ұстауын айтыңыз; Ø резеңке қолғапты киіңіз, пациентті отырғызыңыз; Ø сол жақ қолының саусағымен төменгі кірпікті төмен қарай тартыңыз; Ø пипеткамен төменгі кірпіктің ішкі шырышты қабатына 1 – 2 тамшы жіберіңіз; Ø пациентке көзің жұмып мақта шаригін 3 – 5 минут ұстауын сұраңыз; Ø қолды жуып құрғатыңыз; Ø пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз. Көзге май салу мейірбикенің технологиясы. Көрсеткіштері:жұмсақ майды көздің шырышты қабаты қабынғанда қолдану. Құрал – жабдықтар:қолданылатын май, залалсыздандырылған шынылы таяқша, мақта тампоны. Ø Пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз; Ø иегін жоғары көтеріңіз; Ø басын жоғары шалқайтып ұстауын айтыңыз; Ø резеңке қолғапты киіңіз, пациентті отырғызыңыз; Ø стерилденген шынылы таяқшамен майды алыңыз; Ø төменгі кірпігін төмен тартып, майды төменгі кірпіктің шырышты қабатына салыңыз; Ø пациентке көзің жұмып мақта шаригін 3 – 5 минут ұстауын сұраңыз; Ø қолды жуып құрғатыңыз; Ø пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз. 9.11.Мұрын қуысының күтіміндегі мейірбикенің технологиясы Халі нашар пациенттің мұрнының шырышты қабаттарында көп мөлшерде сілекей және шаң жиналауынан, демнің шығуын қиындатады. Әлсізденген пациенттер өз бетінше мұрның тазалай алмайды, сондықтан мейірбике күнде мұрынның ішіндегі қабыршықтарды алып отырады. Мақсаты:Мұрынның, демінің бұзылуын алдын алу. Көрсеткіштері:пациенттің ауыр жағдайы, мұрынның шырышты қабатынан бөлінуінің шығуы. Жабдықтар:лоток, мензурка, пинцет, вазелин майы, мақта, турундалар, резеңке қолғаптар, дезинфекциялық ертінділері бар ыдыстар. Процедура барысы: -Пациентпен немесе оның туыстарымен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз; -процедура жүргізу мақсатымен таныстырып, және келісімін алып, іс-әрекетінің бірізділігін түсіндіріңіз; 9.12-сүрет:мұрын қуысына тамшы жіберу
-қолды жуып, құрғатып резеңке қолғап киіңіз; -мензуркаға вазелин майын құйыңыз; -пинцетпен турунданы алып вазелин майын салып жайғана сығып алыңыз; -турунданы оң жақ қолына алып, мұрынның ішіне айналандыра 1-3 мин кіргізіп, сол жақ қолымен мұрынның ұшын көтеріп тұрыңыз; -турунданы алып шығып, екінші мұрынның қуысын жоғарғы айтылған әдіспен өңдеңіз; -қолданған турундаларды, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ертіндіге салыңыз; -қолғапты шешіп, зарарсыздандырыңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз. 9.12.Құлақтың күтіміндегі мейірбикенің технологиясы Сыртқы есту өткелінде сарғыш – қоңыр түсті қоспа бөлінеді – құлық, ол жиналып құлақтың естуін төмендетеді. Жуынған сайын құлақты тазалап отыру керек, бірақ тазалауға өткір заттарды қолдануға болмайды. Егер құлықтар жиналса, мейірбике дәрігердің қадағалауы бойынша құлақты тазалайды. Мақсаты:есту қабілетінің төмендеуінің алдын – алу. Көрсеткіштері:төсек тартып жатқан пациенттер. Қарама қарсы көрсеткіштер:құлақтардың ішіндегі қабыну процесстерінде. Жабдықтар:лоток, пинцет, мензурка, мақта жіпшелері, қолғап, 3% асқын тотығы, дез ертінділері бар ыдыстар. Процедура барысы: -пациентпен немесе оның туыстарымен сенімділік қарым – қатынас жасаңыз; -процедура мақсатын түсіндіру және келісімін алу іс - әрекетінің бірізділігімен түсіндіріңіз; -қолын жуып, құрғатыңыз; -мензуркаға 3% асқын тотығы ерітіндісін құйыңыз; -сабын ерітіндісі бар ыдысты дайындаңыз. -дәкені сабын ерітіндісіне салып, құлақтың шеміршегін сүртіп, құрғатыңыз; -мақта турунданы 3% асқын тотығы ерітіндісіне малып алыңыз; -турунданы оң жақ қолына алып сыртқы есту өткелін ашу үшін сол жақ қолымен құлақ шеміршегін ұстап тұрыңыз; -турунданы айналдыра өткелге 1см ұзындыққа 2 – 3 мин енгізіңіз; -содан кейін айналдыра турунданы алып тастаңыз; -екінші құлағын осы тәсілмен өндеңіз; -қолданған турундаларды, пинцетті, мензурканы дезинфекциялық ертіндісі бар ыдысқа салыңыз; -қолғапты шешіп дезинфекциялық ертіндіге салыңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз. 9.13.Шаштың күтімі Ұзақ төсекте жатқан пациенттердің үнемі шашын күтуге қажет. Шаштардың арасында қайызғақ, сірке, биттердің пайда болуы мүмкін. Ер пациенттердің гигиеналық ванна қолданғаннан кейін шашын алып тастайды. Егер ваннаға түсе алмаса, кереуетің үстінде жуады. Ұзын шашты әйелдердің шашын күту қиындау болады. Күнде шашын тарап, өріп отыру керек, сірке қышқылы ерітіндісіне малынып алынған тарақпен тарайды. Пациенттің басын аптасына бір рет жуады.
9.13-сүрет: шашты күту
9.14.Пациенттің жыныс мүшелерінің күтімі Халі нашар, ұзақ уақыт бойы төсек тартып жатқан пациенттер уақытымен суға түсіп, денелерін тазарта алмайтыны бәрімізге белгілі. Оның үстіне кейбір науқастар кіші дәреттерін немесе үлкен дәреттерін алатындары да болады. Міне соның салдарынан науқастардың шаттары, терілері ойылып (тесілу, ойылу), жара пайда болады. Сондықтан теріге жара түсірмеу үшін ойылатын қауіпті жерлерді перманганат калий, риванол ертінділерімен және тағы басқа дезинфекция жасайтын сұйықтармен сүртіп, тазалап отыру керек. Жыныс органдарын жууға қажет құралдар және жуудың әдісі: 1. Құмыра - жуу ертіндісін құятын ыдыс. 2. Залалсыздандырылған тампон. 3. Қысқыш корнцангі. -жыныс мүшесін жуу үшін пациентті шалқасынан жатқызады; -аяғын бүгіп, бұтының арасын сәл ашады; -жамбасының астына судно қойылады; 9.14-сүрет: жыныс органдарын күту -ертінді толтырылған құмыраны мейірбике сол қолына ұстап, ол оң қолына тампон қыстырылған қысқышты алады; -жуғанда жоғарыдан төмен қарай, яғни тыныс мүшесінен тік ішекке қарай жуады; -жуып болғаннан кейін жыныс мүшесін құрғақ мақтамен жоғарыдан төмен қарай сүртіп құрғатады; -құрғатылып болғаннан кейін жуылған жерге вазелин жағылады. Міне осы аталған жууға керекті құралдары және жуу әдістерін әрбір мейірбике білуі қажет. Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 1. Пациенттің төсектегі жағдайына сипаттама беріңіз? 2. Теріні күту маңыздылығын түсіндіріңіз? 3. Тесілудің себептеріне және дәрелеріне сипаттама беріңіз? 4. Тесілудің алдын алу шараларын тізіп беріңіз? 5. Көзді, ауызды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз? 6. Құлақты, мұрынды күту ерекшеліктерін айтып, көрсетіңіз? 7. Халы нашар пациенттерді күту ерекшеліктерін айтып беріңіз? 8. Жыныс органдарын жуу тәсілін көрсетіңіз? 9. Судно беру әдісін айтып көрсетіңіз? 10. Басың күту әдісін айтып көрсетіңіз? 10-тарау. Термометрия Термореттеу (терморегуляция) ағзаның қалыпты жағдайда дене қызуының ұстауының қамтамассыз ететін физиологиялық процесстің біртұтастығы. Тамырлық термореттеуінде қан тамырлардың қуыстары кеңейеді немесе жіңішкереді. Физикалық термореттеуінде ағзаның жылыны сыртқа беру өзгерісімен орындалады. Химиялық теромореттеуіндегі жылының шығуы ағзаның тіндерінде жүргізіледі. Негізінен қалтырау дегеніміз – ағзаның қорғаныш әсері, осы кезеңде вирус пен микробтар болуы мүмкін. Егер дене қызуы жоғары болса, ағзада оттегі жетіспеушілік пайда болады да, орталық нерв жүйесін зақымдайды, сол себептен есінен тану, сандырақтау, тырысу белгілері ағзада ұлғайуымен байланысты. Бұл жағдайда жедел түрде жәрдем көрсету керек, дене қызуы көтерілгенде демнің жиілігі жоғарлайды, тамыр соғысы көбейеді. Дене қызуын өлшеу әдістері екі түрге бөлінеді: қатынастық – жылыны прибор арқылы денеден алуға болады, қатынассыз – дененің жылуы прибормен ауа арқылы, немесе айналдағы орта арқылы өлшенеді. Дене қызуын өлшеу үшін көбінесе сынапты термометр қолданады. Қазіргі уақытта электрондық, сұйық – кристалликалық термометрлар қолданылады.
10.1-сүрет: термометрлердің түрлері
10.1.Дене қызуын өлшеу стандарттары. Мақсаты:Пациенттің дене қызуын өлшеу ағзаның фукционалдық жағдайын бақылау үшін қолданады. Ішкі ауру жұқпалардың алдын-алу. Дене қызуын көбінесе қолтықтың астынан өлшейді 2 мезгіл. Қолтық астының қалыпты температурасы – 36,4 – 36,80С. Қолтық асты температураны өлшегенде құрғақ болуы тиіс. Ең жоғарғы температура 17 – 21 сағаттың арасында, ең төменгі 3 – 6 сағат арасында болады. Тамақтан кейін физикалық, психикалық жағдайда, ыстық бөлмеде дене температурасы көтеріледі. Балалардың температурасы 0,3 - 0,40С – ға жоғары болады. Ал қарт егде жастағы адамдардың температурасы төмен болады. Ауыздың қалыпты температурасы 36,0 – 37,30С (орташа 36,80С). Термометрді тіл астына оң жақ немесе сол жағына салып аузын жапқызады да, 3 минут өлшейді. Бұл тәсілді балаларға 4 жасқа дейін және қоздырғыштық балаларға қолдануға болмайды. Қазіргі уақытта электрондық - сорғыш термометрларды балаларға қолданады. Тік ішектің қалыпты температурасы 36,70С – 37,60С. Термометрді тік ішекке тереңдігі 2 см – ге жібереміз, 1 – 2 минутта өлшейміз. Қандай жағдайда қолданбайды:қолтықтың астына жаралар және қызару болса. 10.2.Термометрді қолдану тәсілдері - Пациенттпен жақсы көз қараспен сөйлесу, процедура мақсаты мен жүрісімен таныстырып, келісімін алыңыз; - қолды жуып, құрғатыңыз; - термометрді алып сілкілеп, сынабын 350 градустан төменге дейін түсіріңіз; - құрғатып дәкемен сүртіңіз; - термометрді сынап жағынан салыңыз; - пациент қолын төсіне қысып алады; - салған уақытты белгілеп отырыңыз; -термометрді 10 минуттан кейін алыңыз;
10.2 –сүрет: термометрлерді қолдану әдістері
-нәтижесіне баға беріңіз; -пациентке нәтижесін хабарлаңыз; -дене қызу көрсеткіштерін журналға, нұсқау қағазына белгілеңіз; -термометрді зарарсыздандырыңыз (толығымен салу); -биялайды киіңіз;
10.3-сүрет: температураны тіркейтін қағаз
-термометрді дезинфекциялық ертіндігі 15 мин салып, ағынды сумен жуып құрғатыңыз; -биялайды шешіңіз; -термометрдің сынабы түскенше сілкілеңіз; -термометрді қабығына кигізіңіз; -қолды жуып құрғатыңыз. 10.3.Қалтырау кезеңдері 1 кезең;.Пациенттің дене қызуының көтерілуі басталған кезең. Жылуды сыртқа көп шығармайды. Соның салдарынан адамның денесі мұздап тоңады. Қалтырап, дірілдейді. Мұның себебі қан тамырлардың нерв талшықтары тітіркенеді де, олар тамырларды тарылтады. Әдетте дене қызуы көтерілгенде жүрек жиі соғып, адамның дем алысы жиілейді, басы ауырып мазасы кетеді, егер температура қалыпта бір градус жоғары көтерілсе, онда қан тамырының соғысы минутқа сегіз-онға дейін, ал тыныс алу төрт есе жиілейді. Осы кезеңде мейірбике немесе күтуші пациентке үлкен жауапкершілікпен қарап көмек көрсетеді. Қызуы көтерілген пациенттің аяғына жылытқыш қойып, ыстық шай беріп, жан жағын қымтап жауып, денесіне жел тигізбеген жөн. 2 кезең;.Бұл пациенттің температурасының өте жоғары көтерілу кезеңі. Осы кезенде пациенттің басы қатты ауырып, аузы, ерні құрғап кебірсиді. Денесі ауырып, әлсіздік пайда болады. Кейбір кезде пациент сандырақтайды. Есі ауып қалуы мүмкін. Сондықтан мейірбике мұндай жағдайда пациенті жалғыз тастап кетпей, оның қасында жағдайын қадағалап, бақылап отырады. Бұл кезеңде пациентке жеңіл тамақ беріп, күніне 5-6 рет тамақтандырған жөн. Сұйықты көбірек берген жөн. Жеміс сусындармен, минералды сулар ішкізген жөн, басы ауырып мазасы кетсе, онда пациенттің басын суық су құйылған жылытқыш немесе мұзды мұйық қою керек. Компресс қоюға да болады, ол үшін екі ас қасық сірке қышқылын жарты суға араластырып дәкені салып алады. Содан соң оны қабаттап ауырған адамның маңдайына қояды. Мейірбике бұл кезеңде пациенттің тамыр соғысын, қан қысымын міндетті түрде тексеріп отырады. 3 кезең;.Пациенттің дене қызуының төмендеу кезеңі. Дене қызуы төмендегенде де, әр түрлі жолмен төмендейді. Мысалы:температура біртіндеп бірнеше күн ішінде төмендеуі мүмкін. Мұны литикалық төмендеу немесе лизис деп атайды, дене қызуы күрт төмендегенде науқас адамның жағдайы нашарлайды. Мұндай жағдайда мейірбике пациентке жедел жәрдем көрсетуін керек, және дәрігер шақыртқан дұрыс. 10.4.Дене қызуының түрлері 1. Тұрақты қызба (febris continua) кезінде жоғарғы температурасы бірнеше күнге дейін созылып 10С аралығында ұсталынып отырады. Дене қызуы 390С – қа дейін болады, бірақ қалшылдау, тердің шығуы болмайды, терісі ыстық, құрғақ. Осындай температура крупты пневмонияға, іш бөртпе сүзегіне тән.
2.Босататын (febris remittens) ірінді ауруларда (экссудативтық плевритте, өкпе абцессінде) кездеседі. Дене қызуы тәулік бойы 20С – ға дейін көтеріліп отырады да, пациенттерда қалтырау, содан кейін дене қызуының аяғында тершендік болады. 3.Қозғалып тұратын (febris intermittens) – қалыпты және жоғарғы температурасы алмастырылып отырады. Осындай жағдайда дене қызуының күрт жоғарлауы (малярияда) немесе тұрақты (бруцеллезда) немесе күрт төмендеуі байқалады. Дене қызуы жоғары болған кезде – қалшылдау, төмен болған кезде – көп мөлшерде тершендік пайда болады. 4.Қалжырататын (febris hektica) – қызбада дене қызуының көтерілуі 3–40С–қа, 3–4 күнге дейін барады. Осы қызба түбіркүлез, сепсис ауруларында жиі кездесіп, қалшылдау, дірілдеу, содан кейін мүлде тершендікпен сипатталады. 5.Толқымалы (febris undulans) – қызбада дене қызуы бір көтеріліп, бір төмендеп арасында қалыпына келеді. Бұл қызба лимфогрануломатоз, бруцеллез, қатерлі ісіктерде кездеседі.
Дене қызуының түрлері
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары 1. Дене қызуын өлшейтін жерлерді атап шығыңыз? 2. Термометрді қолдану ережесін айтып беріңіз? 3. Қызбаның І – ші кезеңіндегі мейірбикенің рөлін атап шығыңыз? 4. Қызбаның ІІ – ші кезеңіндегі мейірбикенің рөлін атап шығыңыз? 5. Қызбаның ІІІ – ші кезеңіндегі мейірбикенің рөлін атап шығыңыз? 6. Субфебрилді температура туралы сипаттама беріңіз? 7. Дене қызуын құжатқа толтыруын түсіндіріңіз? 8. Температура қағазына графикалық тәсілмен жазып көрсетіңіз? 9. Дене қызуы күрт төмендесе не деп атайды? 10. Дене қызуы өте жоғары болса не деп атайды?
Тарау Тамақтандыру Тамақтану – ағзаның өмірлік қажеттілігі болып саналады. Ол адамды сумен, энергиямен қамтамасыз етеді. Жасушаларды құрау және ағзаның ауруға қарсы қабілетін көбейтеді. Тамақтану тиімді болу үшін, сол себептен әр-түрлі жағдайда емдәм – терапиясы қолданылады. Сау адамның бір тәуліктегі тиімді тамақтану рационы (1280-3000 ккал) бұл өмір сүру деңгейіне байланысты. Азықпен адам жалпы тіршілікке қажетті белок, май, көмірсутегі, минералды тұз, су, витаминдер мен тіндерді қалпына келтіруге, энергия шығынын және ағзаның қажеттерін толтыруға арналған басқа да заттар алады. Осы заттардың барлығы күрделі алмасу үрдісіне қатысады. Ақуыздар, көмірсулар, майлар ағзаны энергиямен қамтамасыз етуде басты қызмет атқарады. Метаболизм үрдісі кезінде ақуыздан, майдан, көмірсулардан энергия бөлінеді, олар құнарлықпен өлшенеді (калория). Ағзадағы 1 гр ақуыздың тотығуынан - 4 ккал, 1 гр майдан - 9 ккал, 1 гр көмірсудан - 4 ккал энергия түзіледі. Тағам құнарлығы арнайы кестемен көрсетіледі. Дені сау адамға тәуліктік үлестегі жануар ақуызының мөлшері көрсетілген қалыпқа сәйкес құрастырылуы керек: өсімдік – 40 гр, жануар майы — 85 – 90 гр, көмірсулар — 400 – 500 гр, төрт мезгіл тамақтануда жалпы тамақ салмағы 3кг дейін жетуі қажет. Физикалық жұмыспен айналыспайтын ауруханада жатқан науқастарда тағамның құнарлығы қалыптан аспауы керек. Төсек тартып жатқан пациенттерде энергияға қажеттілік біршама төмен болады. Ақуыздар, майлар, минералдық заттар ұлпалар мен тіндердің қызметін қалпына келтіру үшін “құрылыстық” заттар болып табылады. Ақуыздар - тірі жасушалардың негізі болып, олар ферменттер мен гормондардың құрамына кіреді, тыныс алуға, бұлшық еттердің жиырылуына және босаңсуына қатысады, ағзаны микробтар мен вирустардан қорғайды. Ақуыздар жануар тағамдарының (сүт, ет балық), және өсімдіктердің (нан, жарма, бұршақ) құрамында кездеседі. Майлар - ағзаның негізгі энергия көзі болып табылады. Жасушалар мембраналардың, нерв тіндерінің негізгі құраушысы. Экономикасы дамыған елдерде тамақ өнімдеріне жануар майлары көп мөлшерде қолданылады. Көмірсулар - тамақтану мәзірінің негізгі бөлігін құрайды және оның энергия құндылығының 50-60 % қамтамасыз етеді. Олар ақуыздар мен майлардың қалыпты алмасуы үшін қажет. Көмірсулар негізі өсімдік тағамдарында болады. Талшықтар, пектиндер, гемцеллюлозалар ішекте қорытылмайды және энергияны аз мөлшерде бөледі. Көмірсуға тәуліктік қажеттілік дені сау 18 – 30 жастағы ерлер мен әйелдерде 360 және 300 гр, немесе 1кг қалыпты дене салмағына 5 гр. Көмірсулардың жалпы мөлшерінің 80% жуығы крахмалдың (дәмді тағамдар, бұршақ, картоп), 15% - жеңіл қорытылатын жай көмірсулардың, оның ішінде қант және құрамында қанты бар тағамдардың, 5% - тағамдық талшықтардың (жеміс – жидектер, дәндер) үлесіне жатады. Су - тағамдық мәзірдің маңызды бөлігі болып табылады. Ол зат алмасу әрдістерін, тағамның қорытылуын, зат алмасу заттарының шығарылуын, жылу реттеудің және т.б. қамтамасыз етеді. Су адамның дене салмағының 2/3 бөлігін құрайды және ағзаның суды 10%-тан артығын жоғалтуы адам өміріне қауіп төндіреді. Суға қажеттілік тамақтану сипатына және еңбегіне, климатқа, денсаулық жағдайына және басқа да факторларға байланысты. Орта есеппен алғанда ересек адамның суға қажеттілігі тәулігіне 2,5л. Адам 1-1,5л суды сұйықтық (сорпа, шай, компот, шырындар) арқылы, ал 1-1,5л тағам өнімдерінен алады, 0,3-0,4л ағзаның зат алмасуы кезінде түзіледі. Минералды заттар (натрий, калий, кальций, фосфор, магний, темір) - ағзаның қалыпты тіршілігіне қажет. Кальций мен фосфор сүйек, жүйке және бұлшық ет тіндерінің маңызды құраушы компоненттері болып табылады. Натрий әр түрлі мүшелерге қозудың жүйке арқылы өткізілуіне елеулі үлес қосады, ағзада суды іркілтеді, қан тамыр қабырғасының жеткілікті тонусын қамтамасыз етеді. Калий бұлшық еттердің, сондай-ақ жүректің қозу, жиырылу және босаңсу үрдісіне қатысады. Дәрумендер — тағамдық мәзірде міндетті түрде болуы қажет және ауыстырылмайтын құраушы бөлігі болып табылады. Ағзаның қалыпты тіршілігін қамтамасыз етеді. Тамақ құрамында дәрумендердің жеткіліксіз болуы гиповитаминозға немесе авитаминозға әкелуі ықтимал. Сау адам қалыпты жағдайда 4 мезгіл тамақ ішіп отыруы тиіс. Тәуліктік рацион құру: 1. Таңертеңгі тамақ 25 %. 2. Күндізгі тамақ 30 %. 3. Кешкілік 20 %. 4. Кешкі тамақ 25 %. Қалыпты жағдайда ақуыз, майлар, көміртектің ағзаға түсуі 1:1:4 болады. Тамақтанумен емдеу емдәмтерапия деп аталынады. Емдәм – тамақтық рацион (тәуліктік тағамның көлемі). Емдәм, пациент ауырған кезінде құрастырылады. Емдік тамақ әр түрлі аурулардың асқынуларын алдын алуы үшін керек немесе патологиялық процесстерді емдейді. Емдәм құру үшін тағамның құрамын білу керек: каллориясын, жалпы көлемін, жеке көлемдерін: /белок, май, углеводтар, дәрумендер, тұздар, су/ бұл жағдайда, тағамның қасиетін есепке алады, тағамды дайындағанда мынадай қағидаларды сақтайды: 1. Механикалық әдіс - тағамды неғұрлым сұйық, жартылай сұйық, пюре түрінде дайындау. 2. Химиялық әдіс - тағамға әр түрлі қоспалар қосуға болмайды. Үгітілген ет, кәрі малдың, сиырдың майын /тоң май/ жеуге болмайды. Тамақтың сыртқы түрі, иісі, асханада қызметкерлерінің жалпы бет әлпеті, киім киісі, мейірбикенің бет әлпеті, уақытымен тамақтандыруы. Төсекте ыңғайлы жағдай жасау, оның барлығы пациенттің тамақтануына өте маңызды әсер етеді. 1. Біртіндеп /І А стол, І Б стол жара аурулары/. 2. Сатылық әдіс - созылмалы ауруларға 7-10 күнде 1 рет жеуге болмайтын тағамдарды қолдану. Әрбір бөлімшеде тамақ тәртібі сақталынып отырады. Тәртіпті мейірбике, бөлімше меңгерушісі, емдәм дәрігері, емдәм мейірбике бақылап отырады, Мейірбике тамаққа талап қағазы (порционникті) жалпы құрып, тағам блогына апарады. Мейірбике құрастыратын тамаққа талап қағазы. (порционник)
|