Оксигенотерапия
13.1.Тамыр соғысы және оның мінездемесі
Тамыр соғысы артериялық, капиллярлы, веноздық болады. Артериялық тамыр соғысы – ол артерия қабырғасының ырғағымен соғуы, қанның жүрек жиырылған кезіндегі артерия жүйесіне лақтырылуы. Тамыр соғысы орталық (орта ұйқы артериясында) және перифериялық (шеткерлік) түрлеріне бөлінеді. Диагностикалық мақсатпен тамыр соғысын иықтық, самайлық, шаптық, тізелік артериялардан анықтайды. Көбінесе тамыр соғысын кәрі жілік артериясында өлшейді. Тамыр соғысын зерттегенде, оның жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын анықтау маңызды. Тамыр соғысының мінездігі артерия қабырғасының икемділігімен байланысты. Жиілігі - тамыр соғысының минуттағы толқын көлемі. Норма бойынша сау адамның тамыр соғысы минутына 60-80 рет. Тамыр соғысының жиі соғуы, минутына 85-90 рет болса, оны тахикардия деп атайды. Тамыр соғысы сирек (60- тан төмен) болса, оны брадикардия дейді. Егер дене қызуы бір градусқа көтерілсе, онда тамыр соғысы минутына 8-10 ретке дейін көбейеді. Ырғақтығы тамыр соғу толқынының аралығында анықталады. Егер аралығы біркелкі болса, оны ырғақты (дұрыс) тамыр соғысы дейді. Егер аралығы әртүрлі болса, оны ырғақсыз (дұрыс емес) деп атайды. Сау адамның жүрек соғуы және тамыр соғысы біркелкі болады. Егер жүректің соғуымен тамыр соғуының аралығында айырмашылық болса, онда тамыр соғысының кемшілігі деп атайды (мерцательная аритмия). Тамыр соғысының толуы тамырдың толқын биіктігінен, жүректің систоликалық көлемімен байланысты. Егер биіктігі көбейсе немесе біркелкі болса, оны қалыпты тамыр соғысы дейді (толық). Толықсуы - қан қысымына байланысты. Егер қан қысымы қалыпты болған кезінде тамыр соғысын біркелкі күшпен басады, оны күштенген тамыр соғысы деп атайды. Тамыр соғысы жұмсақ болуы бостығы жіп тәріздес деп атайды. Тамыр соғысының мәліметтері екі әдіспен тіркеледі: сандық (медициналық құжаттарға); графикалық (температура қағазында).
13.1-сүрет: тамыр соғысын анықтайтын жерлері
Кәрі жілік артериясында тамыр соғысын анықтау, оның қасиеттеріне мінездеме беру
Мақсаты: Тамыр соғысының негізгі қасиеттерін анықтау: жиілігін, ырғақтығын, толуын, толықсуын. Көрсеткіші: ағзаның функционалдық жағдайын бағалау. Жабдықтар: сағат немесе секундомер, температура қағазы, қалам. Процедура барысы: -пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз; - процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз; -қажетті жабдықтарды дайындаңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз; -пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз; -2-,3-,4- саусақпен пациенттің қолының кәрә жілік артериясына салып, артерия қабырғасының қозғалуын анықтаңыз; -60 сек ішінде тамыр соғуын өлшеңіз; -тамыр соғу аралығын бағалаңыз; -тамыр толуына баға беріңіз; - кәрә жілік артериясындағы тамыр соғысы жоғалғанша қысып, толықсуына баға беріңіз; -температура қағазына тамыр соғысының қасиеттерін, және қадағалау қағазына тіркеңіз; -пациентке тексеру қорытындысын хабарлаңыз; -қолды жуып құрғатыңыз.
13.2 -сүрет: тамыр соғысын анықтайтын жерлері
13.2.Қан қысымын өлшеудің мейірбикелік технологиясы Артериялдық деп - ағзадағы артерия жүйесінде, жүрек жиырылған кезде пайда болып және нервтің гуморальдық күрделі реттелуден, жүректің қанды айдау жылдамдығынан және шамасынан, қан тонусының жиілігінен және ырғақтылығынан тәуелді болатын қан қысымын айтады. Қан қысымы систолдық және диастолдық болып екіге бөлінеді. Систолдық; деп - жүрек қарыншаның жиырылуына байланысты қан қысымын атайды. Диастолдық; деп - қарыншаның босауына байланысты қан қысымын атайды.
13.3-сүрет: қан қысымын өлшеу Пульстық қан қысым деп систолдық және диастолдық қан қысымдарының арасындағы айырмашылықты атайды. Қан қысымын танометр жабдығымен өлшейді. Танометрлердің бірнеше түрлері болады: сандық, сынаптық, сфигмоманометрлік. Электрондық;(дауыссыз) тонометрмен қан қысымын өлшегенде мынандай факторларды есепке алу керек: манжетканың размерін, фонендоскоп, мембрананы т.б. Норма бойынша қан қысымы адамның жасынан, сыртқы факторлардан, нервтік, физикалық күштен байланысты болады. Ересек адамдардың: систоликалық қан қысымы 120/129 мм. с.б.б., диастоликалық 80/89 мм с.б.б., пульстік қан қысымы норма бойынша 40-45мм с.б.б. болады. Әртүрлі жағдайда қан қысымының қалыпты көрсеткіштері өзгереді, оны артериялдық гипертензия немесе гипертония деп атайды. Қан қысымы төмендесе артериялдық гипотензия немесе гипотония деп атайды. Мақсаты: қан қысымының көрсеткіштерін анықтау және баға беру. Көрсеткіші: пациенттің объективтік тексерістері; гипертониялық аурумен ауратын пациенттердің қан қысымын бақылау. Жабдықтар:тонометр, фонендоскоп. Процедура барысы: -пациентпен сенімділік қарым - қатынас жасаңыз; -мақсатын, мағынасын түсіндіріп, пациенттің келісімін алыңыз; -керекті жабдықтарды дайындаңыз; -қолды жуып, құрғатыңыз; -пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз; - қолдың алақанын жоғары қаратып,шынтағын түзу ұстап, астына жастықша салыңыз; - тонометрдің манжеткасын пациенттің жалаңаш иығына шынтақ шұңқырынан 2 см. жоғары орналастырыңыз, иықпен манжетканың арасына бір саусақ сиятындай, трубкаларын төмен қаратыңыз; - шынтақ шұңқырында шынтақ артериясының тамыр соғысын аңықтап, фонендоскоптың мембранасын осы жерге қойңыз; (манометрдің көрсеткіші «0»- де болуы керек). - грушаның бұрандысын жауып, тамыр соғысы жоғалғанша және қосымша 20-30 мм.с.б.б. ауа жіберіңіз; -бұранданы ашып, жайлап ауаны шығарыңыз(1сек.-1,2 бөлігі); -тамыр соғуының жоғарғы және төменгі көрсеткішін анықтаңыз; -толығымен барлық ауаны шығарыңыз; -процедураны 5 минуттан кейін қайталап, төменгі көрсеткішін жазыңыз; -манжетканы шешіңіз; -манометрді қапшыққа салыңыз; -фонендоскопты екі рет 70% спиртпен сүртіңіз; -систолдық пен диастолдық қан қысымын керекті құжатқа тіркеңіз; -қолды жуып, құрғатыңыз. Ескерту: · қан қысымын өлшер алдында кофе және қою шай ішуге, шылым шегуге болмайды; · дәрілерді, мұрынға, көзге тамшыларды қолдануға болмайды; · қан қысымын 5 минут пациент демі алғаннан кейін өлшейді; · қан қысымын 3 рет аралығы 2 минуттан өлшеп ортаңғы саның алады; · манжетка жүрек тұсына дәл келтіреді; · егер пациент бірінші рет қан қысымын тексертіп отырса, онда екі қолынан өлшеп қай қолда қысымы жоғары болса, сол қолдан өлшеп отырады; · 65 жастан асқан, қант сусамыры бар пациенттердің қан қысымын тұрған кезде өлшейді. 13.3.Демнің жиілігін, ырғақтығын, тереңдігін тексеру
Мақсаты: Демнің негізгі мінездемелері. Көрсеткіштері: тыныс органдарының функционалдық жағдайын бағалау. Жабдықтар: секундасы бар сағат, температура қағазы, қалам. Ескерту: демнің санын пациентке хабарламау керек. 1. Пациентпен сенімділік қарым- қатынас жасаңыз; 2. келісім алыңыз; 3. қолды ыңғайлап қойыңыз; 4. пациентті ыңғайлап жатқызыңыз немесе отырғызыңыз; Ескерту: кеудесіндегі киімдерін шешіңіз.
13.4-сүрет: демін санау Процедура барысы: -пациенттің тамыр соғысын өлшеген тәрізді қылып, қолын алыңыз; -пациенттің және өзіңіздің қолыңызды кеудесіне немесе ішіне қойыңыз; -секундомермен минутына қанша дем болғанын санаңыз; -жиілігінің, тереңдігін, ырғақтығын бағалаңыз; -осы жүргізген процедураны пациентке түсіндіріңіз; -қолды жуып, құрғатыңыз; -керекті құжатқа тіркеңіз.
13.4.Тәуліктегі диурезді өлшеу, су баланссын анықтау
Диурез дегеніміз зәрдің пайда болу және шығу процессі. Тәуліктегі диурез дегеніміз пациенттің бір тәулік бойы шығарған зәрі. Тәуліктегі зәрі 800-2000 мл болады, жасынан, температурасынан, айнала дымқылдығынан, тағам жағдайынан, физикалық күш түскеннен байланысты, 75-80% ішкен суынан құралады. 20-25% термен, деммен, үлкен дәретімен шығады. Тәуліктегі су балансы –тәулік бойы ағзадағы су кірісі мен шығысының қатынасы. Жемістердегі, көжелердегі және ағзаға жіберілген суықтар да есепке алынады.
|