Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Технологиясы. Мақсаты: дұрыс нәтижелерін алу.





Мақсаты: дұрыс нәтижелерін алу.

Көрсеткіштері: бүйректің сүзбе жұмысын (мөлшерін, салмағын) анықтау.

Жабдықтар: 8 таза, құрғақ сыйымдылығы 200-300 мл. бар ыдыстар, жолдамалар, қосымша 2-3 ыдыс дайындау.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· зерттеу жүргізер алдында (зәр айдағыш дәрілерді қолданбау керек,

тәулігіне сұйықтық қабылдауды 1,5л дейін шектеу, зәр бөлу көбейіп, оның салыстырмалы тығыздығы төмендемеу үшін);

· сыйымдылығы 200,0мл. 8 ыдыс және қосымша 2-3 ыдысты жуып, кептіріңіз;

· әр ыдысқа этикетка жапсырыңыз, онда көрсетіңіз: зәрді Зимницкий бойынша талдау, порция№1,...., пациенттің фамилиясы, аты, жасы, бөлімше мен палатаның нөмірі, айы, күні және мейіркештің қолы;

· пациентке былай деп түсіндіріңіз: зәр тапсыратын күні таңертеңгі сағат 6.00.-де зәрді унитазға отырсын, одан кейінгі зәрді әрбір 3 сағат сайын әрбір ыдысқа отыру керек, келесі күнгі таңғы сағат 6-ға дейін;

· түнде, тиісті уақытында пациентті оятып отыру керек;

· таңертең, сағат 8.00-ден кешіктірмей зәрдің барлық порциясын зертханаға жеткізу керек.

· Ескертпе: Егер зәр артылып қалса,онда оны қосымша ыдыстарға жинау керек. Ыдыстың сыртына: «№.. порцияға қосымша зәр» деп жазылады. Тиісті уақытында зәр бөлінбесе ыдыс зертханаға бос қалпында жеткізіледі.

 

Эндокринологиялық ауруларының диагностикасы үшін пациенттерді зәр зерттеулеріне дайындау

Жиі кездесетін аурудын түрінде зәрді тексеру маңызды болатын, ол қант сусамыры.

Глюкозаның деңгейін лабораторияда және үй жағдайында тексереді.

Көбінесе глюкозаны тәуліктегі зәрінде тексереді.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· пациентке ескерту, мақсатын түсіндіріп, келісім алып, үйретіңіз;

А) Амбулаториялық жағдайда:

· екі қақпағы бар ыдыстарды дайындау(2л және 250мл);

· осы ыдыстардың таза болуы туралы ескерту;

Б) Ауруханалық жағдайда:

· керекті жабдықтарды дайындаңыз;

· таңертеңгелік сағат 6-да зәрін унитазға жібереді;

· содан кейін ертенгі сағат 6-ға дейін зәрін үлкен ыдысқа жинайды;

· жалпы зәрін өлшеп, (тәуліктегі зәрін) араластырып, 200 мл шыны ыдысқа құйып алып, лабораторияға жіберіңіз;

· жолдамаға тәуліктегі зәрдің мөлшерін жазып, ыдысқа жабыстырып бір сағаттын ішінде жеткізіңіз.

Глюкозуриялық сұлбасы

Ең ақпаратты болатын зәрде глюкозуриялық сұлбасын(профиль) зерттеу.

Зәрді тәулік бойы жинап үш уақытша аралығына бөледі.

Глюкозуриялық сұлбасын (профиль) тексеру үшін дайындайды:

- тәуліктегі зәрді жинауға арналған үш бөліктелген қақпағы бар ыдыстар;

- сиымдылығы 200мл-дік ыдыстар, лабораторияға тасымалдауға арналған;

- үш ыдыстар белгі басылған:

а) 8-ден - 14 сағатқа дейін (осыған зәрін жібереді);

б) 14.05-ден - 22 сағатқа дейін;

в) 22.05ден – 8 сағатқа дейін;

- әрбір ыдыстағы зәрдің көлемін өлшеп жолдамаға жазады;

- үлкен ыдыстағы зәрді араластырып, 200мл- дік ыдыстарға қүйяды

(ауруханалық жағдайда зәрді үлкен ыдысымен лабораторияға апарады);

- қақпағын жабып лабораторияға апарады.

Ескерту: зәрмен байланысты процедураларда керекті қауіпсіздік ережелерін сақтау керек.

Зәрде кетондық заттарды тексеру

Зәрде кетондық заттарды зәрдің алғашқы шығуында тексеріп, лабораторияға тез арада жіберіледі.Гипофиз, бүйрек үсті без ауруларында ағзадағы гормондар деңгейін тексереді.

17-КС-ға (кетостероидтар), 17- ОКС –ға (оксикетостероидтар), 11-ОКС-ға (оксикетостероидтар) зәрді тексеру

. Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасау;

· пациентке ескерту, мақсатын түсіндіру, келісім алу, үйрету;

· Су, тұз, қозғалу тәртібін өзгертпеуін түсіндіру (диуретиктерді қолдануға болмайды);

· пациентті үйрету: таңертеңгелік сағат 6-да зәрін унитазға жіберу;

· 3л-к ыдысқа қалған зәрді тәулік бойы жинау;

· су балансын тіркеу қағазын жүргізу;

· ыдыстарды қайда қоятының түсіндіру;

· 200мл-к ыдысқа, 3л-к ыдыстағы зәрді араластырып қую;

· су балансын тіркеу қағазын жүргізу;

· пациентке немесе оның туыстарына анализдерді қайда апарып өткізуін, қай уақытта апаруын түсіндіру.

 

17.9.Нәжісті тексеру

 

Бұл анализ науқастың асқазан-ішек жолдарының ауруларын анықтауға көмектеседі. Нәжістің қалыпты түрде тәулігіндегі мөлшері 100-200 гр құрайды. Оның мөлшері тамақ ішуге байланысты. Нәжістің түрі шұжық тәрізді, жұмсақ, түсі қоңырқай. Егер тағам сүтті болса, нәжіс ашық сары түсті. Егер асқазаннан қан кетсе, нәжіс қара түсті болады. Кейбір ауруларда нәжістің бетінде май, сілекей, ірің болуы мүмкін. Нәжісті микроскопиялық зерттеу көптеген керекті ақпараттарды береді. Қалыпты түрде нәжістен крахмал түйіршіктері, сабын, май табылады. Асқазан жұмысы бұзылғанда нәжістің құрамы өзгереді. Микроскопиялық зерттеу нәжістен лейкоцит және эритроцитті анықтауға көмектеседі. Олардың саны ішек жарасында, ісігінде және асқыну жағдайларында көбейеді. Нәжісті құрт-гельминтке тексергенде оны үш күн қатар жылы түрде үш жерінен шұқып алады.

Нәжістің қорытындысының дәл болуы пациенттің дұрыс дайындалуынан, жиналғандығынан, сақталуынан және лабораторияға жеткізілуінен байланысты. Нәжістің анализіне сипаттама беруі екі түрге бөлінеді: а/ а)макроскопиялық,

б) микроскопиялық.

Нәжісте бұлшық еттің талшықтары болса – креаторея деп атайды; крахмал болса – амилорея;майлы қышқылдар болса – стеаторея деп атайды.

Нәжісті 8-12 сағаттан кешіктірмеу, сақтау температурасы 3-50С болуы керек. Нәжісті шыны таза құрғақ ыдысқа жинайды. Сабын, және жыныс органдарының бөліндісі болмауы керек.

Нәжісті жалпы, немесе копрологиялық анализге, жасырынды қанға, құртқа, бактериологиялық қарапайымдарға тексеруге бөледі.

Нәжісті копрограммаға тексеру

Дәрілер қабылдауын тоқтату: (ефедрин, прозерин, әлсіздендіретін дәрілер, висмут, темір, барий сульфат т.б.). 3 күн бұрын тексеріс алдында темірі бар тағамдарды ішпеу керек (ет, балық, жасыл түсті жемістерді). Тағамның сіңуін тексеру үшін арнайы диета қолданады. Шмидт ем-дәмі 4-5 күн бұрын тағайындалады: (кал 2250 ккал) немесе Певзнер ем-дәмі (жалпы каллориясы 3250 ккал). Анализ үшінші, төртінші, бесінші күн өткеннен кейін үш рет жиналынады.

 

Шмидт ем-дәмі (қорғаулық ем-дәмі):

· танертеңгілік 0,5л сүт немесе шай, майы бар ақ нан, шала пісірілген жұмыртқа;

· екінші танертенгілік тағам: 0,5л сұлы ботқасы (сүтке пісірілген);

· түскі тағам: 105г майсыз ет, 200-250 г картоп;

· екінші түскі тағам: 0,5л шай немесе сүт, нан майымен;

· кешкі тағам: 0,5л сүт немесе суық сұлы ботқасы, ақ нан майымен, 1-2 жұмыртқа.

Қалыпты бойынша: нәжісте тағам қалдықтары болмайды. Үш рет тексергенде асқорыту мүшелерін жұмысын тексеруге болады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5137. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Виды нарушений опорно-двигательного аппарата у детей В общеупотребительном значении нарушение опорно-двигательного аппарата (ОДА) идентифицируется с нарушениями двигательных функций и определенными органическими поражениями (дефектами)...

Особенности массовой коммуникации Развитие средств связи и информации привело к возникновению явления массовой коммуникации...

Тема: Изучение приспособленности организмов к среде обитания Цель:выяснить механизм образования приспособлений к среде обитания и их относительный характер, сделать вывод о том, что приспособленность – результат действия естественного отбора...

Внешняя политика России 1894- 1917 гг. Внешнюю политику Николая II и первый период его царствования определяли, по меньшей мере три важных фактора...

Оценка качества Анализ документации. Имеющийся рецепт, паспорт письменного контроля и номер лекарственной формы соответствуют друг другу. Ингредиенты совместимы, расчеты сделаны верно, паспорт письменного контроля выписан верно. Правильность упаковки и оформления....

БИОХИМИЯ ТКАНЕЙ ЗУБА В составе зуба выделяют минерализованные и неминерализованные ткани...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2025 год . (0.011 сек.) русская версия | украинская версия