Ректороманоскопия
Ректороманоскопия - тік және сигма тәрізді ішектің шырышты қабатын ректоскоп арқылы зерттейтін әдіс (ішкі кілегей қабатын, жарасын, ісігін, қан ағу орнының жерін т.б. өзгерістерді көзбен көріп анықтайды).
5-сүрет: ректороманоскоп Процедура барысы: · пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, мақсатымен, барысымен таныстырып, келісімін алыңыз; · ашқарында жасайтының туралы ескертіңіз; · тексерер алдында 2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз; · қуықты босатыңыз; · эндоскопиялық тексеру кабинетіне пациентті апарыңыз.
Колоноскопия Колоноскопия – колоноскоп аппараты арқылы тоқ ішектің төменгі бөліктерінің сілекейлі қабатындағы өзгерістерді анықтайды. Манипуляцияның алдында міндетті түрде тоқ ішекті тазартып алады.
6-сүрет: колоноскоп Пациентті дайындау: · үш күн бұрын тексерер алдында шлаксыз диетаны № 4 тағайындайды; · екі күн бұрын дәрігердің нұсқауымен кастор майын береді; · кешкі уақытта (тексерер алдында) тазарту клизмасын жасаңыз; · таңертең ашқарында тексерер алдында 2 сағ. қалғанда тазарту клизмасын жасаңыз;
7-сүрет: колоноскопты еңгізу жолдары
· тексерер алдында премедикация жасаңыз (20-30 минут бұрын 0,1% атропин, ертіндісін 1 мл); · тік ішектің маңайына анестезия жасаңыз (3% дикаин майымен); · тексерісті сол жақ қырына жатқызып жүргізеді.
|