Студопедия — Сканерлеу 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Сканерлеу 2 страница






-пациенттің ауруын басу және бүлшық етті босансыздандыру үшін релаксация жасау әдісін үйретіңіз;

-ауырсынуды басу үшін сыртқы демнің күрделігін түсіндіріңіз;

-дәрігердің нүсқауы бойынша қыша, иодтық тор жасаңыз;

-аналгетиктарды дәрігердің нүсқауы бойынша беріңіз;

-пациенттің жағдайын үнемі қадағалап отырыңыз;

-нұсқау қағазына демін, терінің түсін, ауырсынуын белгілеңіз.

20.6.Тыныс алу ауруларында әр түрлі қолданылатын дренаждық жағда й лар

Квинке дренаждық жағдайын жасау әдісі.

Мақсаты:қақырықтың шығуына көмектесу.

Процедураға дайындау:

-пациентке дренаждық жағдайдың мағынасын түсіндіріңіз;

-келісім алыңыз;

- 1/3-1/4 көлемде дезинфекциялық ертіндісін қүйып түкіргішті дайындаңыз.

Процедураны орындау:

-тірегішті қойып керуеттің аяқ жағын 20-30см көтеріңіз;

-төсекте пациенттің жағдайын қадағалап, жөтелген кезде қақырықтың мөлшерінің көбеюін анықтаңыз;

-процедураны 10-15 мин сайын қайталып отырыңыз.

Позициондық дренаждың мақсаты:

Пациентті төсек жағдайында ауыстырып отырғанда қақырықтың шығуына көмектесу.

Процедураға дайындау:

-пациентке осы процедураны түсіндіріңіз;

-келісім алыңыз;

-түкіргішті дайындаңыз;
Процедураны орындау:

-ең бірінші пациентке Квинке жағдайын жасауын көрсетесіз;

-осыдан кейін пациентті қатты төсекке тақта арқылы жатқызасыз;

-өзінің денесін айналдыра қозғап ауыстырып отыруын пациентке түсіндіресіз;

-терең дем жасап, ұзақ дем шығару арқылы қақырықтың шығуына көмектесіңіз;

-төсектегі пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз;

-процедураны 3-5 рет 10-15 минут аралығында пациент қайталап отыруын түсіндіріңіз;

-пациентті оң жағына жатқызыңыз;

-сол жақ қолын, басын керуеттен төмен түсіріңіз;

-пациенттің қақырығының көп шығуын тексеріп, жағдайын қадағалаңыз;

-осы процедураны пациентті сол жаққа жатқызғанда қайталаңыз;

-пациентке тізесін бүгіп қолымен айқастыруына көмектесіңіз

-пациенттің қақырығының көп шығуын тексеріп жағдайын қадағалаңыз;

Процедураның аяқталуы:

-пациентке ыңғайлы жағдай жасаңыз;

-түкіргіштегі қақырықты дезинфекциялық ертіндіге салып зарарсыздандырыңыз.

 

20.7. Аспаптық тексеру әдістері

1.Спирометрия

2.Пикфлоуметрия

3.Спирография

4.Ренгтеноскопия, ренгтенография, бронхография,

томография, флюрография, компьютерная томография.

5.Бронхоскопия

 

 

20.8. Тыныс алу мүшелерінің ауруларындағы

мейірбикелік үрдіс

І кезең. Пациенттің мәселелерін табу.

Пациенттің нақты мәселелері:

¨ жөтел (құрғақ немесе қақырықты);

¨ экспираторлы ентігу;

¨ кеуде қуысының ауруы;

¨ өкпеден қан кету;

¨ дене қызуының көтерілуі;

¨ кейбір манипуляциялардың алдында қорқыныш сезімінің білінуі (бронхоскопия, бронхография).

Пациентте болуы мүмкін мәселелер:

· қайталамалы ұстамадан қорқуы;

· тұншығудың әсерінен өлімге деген қорқыныш сезімінің пайда болуы;

· жөтелдің әсерінен ұйқының бұзылуы;

· қауіп-қатер асқынулардың дамуы;

· жұмысқа деген қабілетінің төмендеуі.

ІІ кезең;. Мейірбикелік диагноз қою.

Дем алу функциясының бұзылуымен байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер.

ІІІ кезең;. Күтімді жоспарлау.

Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар:

§ тұншығуды басу, өкпе қансырауын тоқтату; жөтелді басу;

§ қақырықтың бөлінуін жақсарту;

Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар;

§ пациент жөтелу, ентігу кезінде өзіне ыңғайлы жағдай жасай алады;

§ пациент жөтелдің ерекшеліктерін біледі;

§ пациент демдік гимнастикасын жасай алады;

§ пациент өзіне пазициялық дренажды өткізе алады.

IV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру .

Мейірбикенің жұмыстары:

¨ тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, зертханалық және құрал- жабдықтар арқылы тексерістерге қатысу;

¨ тәуелсіз – науқастың жағдайын қадағалау, жүрек және тамыр соғуын санау, қан қысымын, дене қызуын өлшеу, оттегі мен қамтамасыз ету;

¨ бір – біріне тәуелділік қатынас – науқастың жазылуына психологиялық күйде бағыттау, қолданған емнің әсерлілігін бағалау.

V кезең;. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау

Күтім ерекшеліктерін жоспарлап және алға қойған мақсаттарды салыстыр

20.9.Тыныс алу жолдарының ауруларындағы мейірбикелік кірісулері

 

Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері  
Тәуелсіз Тәуелді
Жөтел 1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Рефлекторлық түрде жөтелді басу.   3.Пациенттің жағдайын қадағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   5.Пациент өзін-өзі күтіп, жеке бас гигиенасын сақтай алады.   6.Шұғыл жағдайларда өзіне өзі көмек көрсетеді.   1.Мейірбике науқасқа біріншіден ыңғайлы жағдай көрсетуі қажет, яғни, Фаулер жағдайын жасау.   2.Сонымен қатар науқастың үстіндегі киімдерін жеңілдеткен жөн.   3.Кеудесіне қыша қою қажет.   4.Ыстық сүт, май, жылы сұйықтықтар беру керек. 5.Дәрігер елгенше мейірбике пациенттің жағдайын бағалап отырады: демін санайды, қан қысымын өлшейді, тамыр соғысын анықтайды.     Жөтелді басып, қақырықты сыртқа шығаратын шөп тұнбалар, дәрі-дәрмектер дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Мысалы: мукалтин, линкас, бромгексин, доктор мом т.б.   Мейірбике пациентті әр түрлі зертханалық және аспаптық тексерістерге дайындайды.   Дәрігердің нұсқауы бойынша пациентті дем жаттығуларына үйретеді.
Пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің кірісулері  
Тәуелсіз Тәуелді
  Ентігу   1.Ыңғайлы жағдай көрсету.   2.Рефлекторлық түрде ентігуді басу.   3.Науқастың жағдайын қадағалау.   4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу   6.Ентігуде науқас өзіне өзі көмек көрсете алады.   1.Ортопноэ жағдайын жасау (қолын тізесіне тіреп, аяғын төмен түсіру.) 2.Қысып тұрған киімді босату. 3.Таза ауа жіберу. 4.Ингаляторды қолдану 5.Оттегі беру: жастықша немесе Бобров аппараты арқылы. 6.Қақырық тастаған жағдайда, оны жинап зарарсыздандыру. 7.Ентігуде науқас өз - өзіне көмек көрсете білу керек.   8.Дәрігер келгенше мейірбике науқастың функционалды жағдайын қадағалап отырады: демін санау, қан қысымын өлшеу, тамыр соғысын анықтау т.б.     Дәрігердің нұсқауы бойынша бронх тармақтарын кеңейтетін дәрілер қолданады: көк тамырға 2,4% эуфиллин ерітіндісін егеді, теофедрин т/б.   Ауыр түрде айтып кеткен шаралар әсер етпегенде, система арқылы көк тамырға гормон препаратын енгізеді.   Дем ала алмаған жағдайда реанимация бөліміне жеткізіп, жасанды дем алдырады.   Барокамера қолдануға болады.  

 

пациенттің мәселесі Мәселені шешу мақсатында жоспар құру Мейірбикенің аратүсуі
Тәуелсіз Тәуелсіз
Кеуде қуысының ауырсынуы 1.Ыңғайлы жағдай көрсету. 2.Кеуде қуысының ауырсынуын рефлекторлық түрде басу. 3.Дәрігердің нұсқауларын орындау. 4.Педагогикалық аспектіде жұмыс істеу. 5.Науқастың функционалды жағдайын бағалау.     1.Кеуде ауырсынуын басу мақсатымен науқасты ауырған жаққа қарай жатқызу (кеуде торшасының қозғалысын шектеу мақсатымен) 2. Науқастың жағдайын қадағалау: -дене қызуын өлшеу, -демін санау, -қан қысымын өлшеу, -тамыр соғысын анықтау.     Қабынуды, жөтелді басатын ем жүргізу, яғни дәрігердің нұсқауы бойынша мейірбике науқасқа дәрі-дәрмектер береді. Кеуде қуысына басып тұратын байлам салады (кеуде торша-сының қозғалысын шектеу мақсаты-мен) Мейірбике науқастың физиоемін алуына жағдай туғызады.

 

 

Тарау

Жүрек қан тамырлар ауруларындағы мейірбикелік үрдіс.

Қан айналым жүйесі жүрек пен қан айналымының үлкен және кіші шеңберінен тұрады. Бұл жүйенің кіндігі – жүрек сорғы тәрізді қанды сығымдап қан тамырларына айдайды да оның үздіксіз ағысқа айналуын қамтамассыз етеді.

Қан айналымның үлкен шеңбері жүректің сол қарыншасынан – қолқадан басталады. Қан қолқадан артерияларға одан әрі капилярларға (қылтамырларға) жетеді. Онда қан құрамындағы оттегі тіндерге, ал ондағы көмір қышқыл газы қанға өтеді де, артериялық қан вена қанына айналады. Вена қаны капилярлардан жіңішке венулаларға, одан әрі веналарға, жоғарғы және төменгі венаға жетеді де, сол арқылы жүректің оң жүрекшесіне құйылады.

Қан айналымының кіші шеңбері оң қарыншадан шығатын өкпе сабауынан басталады. Оң қарыншадан шыққан өкпе сабауындағы қан көмірқышқыл газға бай веналық қан. Бұл өкпе көпіршіктеріне қарай артериялар арқылы ағып отырып өкпе капиллярларға жетеді, осы сәтте қандағы көмірқышқыл газ өкпеге, ал оттегі керісінше, қанға өтеді де веналық қан артериялық қанға айналады. Одан әрі артериялық қан әр өкпеден екі – екіден жұптасып шығатын төрт вена арқылы ағып отырып сол жүрекшеге құйылады.

Үлкен және кіші қан айналым шеңберінің бұзылуынан әр түрлі патологиялық өзгерістер дамиды. Осыдан басқа жүректің жиырылу орамының патологиясыда әсер етеді.

Шағымдары:

1) ентігу

2) тұншығу

3) жүрек маңайының ауырсынуы

4) жүректің қағуы (үнемі,үзілісті,күш түсуімен байланысты)

5)ісіктер

6) қан түкіру

7)басының ауруы, айналуы т.б.

21.1. Е нтігу.

Жүрек ауруының жиі кездесетін шағымдарының бірі -ол ентігу. Бүл қан айналымы қызметінің жетіспеушілігін көрсететін бірден бір белгі болып есептеледі. Ентігуге қарап жүрек қызметі жетіспеушілігінің шамасын анықтауға болады. Жүрек ауруының бастапқы сатысында ентігу тек ағзаға физикалық күш түскен кезде білінеді. Кейінірек ол сөйлесу кезінде де, ас ішкеннен кейін де, жүрген кезде де біліне бастайды. Ал асқынған жүрек ауруларында ентігу тыныш отырған кезде де болады. Ентігу тыныс алу орталығын қоздыратын бірнеше себеп-шарттарға байланысты өрбиді.

Ентігу кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

-төсекке ынғайлап отырғызыңыз;

- қысып тұрған киімдерін шешіңіз;

- бөлмені желдетіңіз;

- дәрігерді шақырыңыз;

- оксигенотерапия жүргізіңіз;

- дәрігердің нұсқауын орындаңыз;

-ортопноэ жағдай жасаңыз;

-дәрігер келгенше керекті дәрілерді дайындаңыз; 2,4% - эуфиллин ертіндісін; жүрек гликозидтерін т. б.;

-пациенттің жалпы жағдайын, қадағалап отырыңыз;

-нұсқау қағазына пациенттің демін, қан қысымын, тамыр соғысын белгілеңіз.

 

Ентігу кезінде тұншығу пайда болуы мұмкін, мүны журек демікпесі деп те атайды. Бүл үстама тыныштық кезде де, физикалық және эмоционалдық күш түскеннен кейін де пайда болады, сол сияқты ол үйықтаған кезде де болуы мүмкін. Бүл кезде кейде көбінесе қан аралас көбікті қақырық түскені байқалады.

21.2.Тұншығу кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

(жүрек демікпесі)

Мақсаты: 20-30 минут ішінде тұншығуды кетіру.

Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

-жедел түрде дәрігерді шақырту;

-тынышытықпен қамтамас ету:

- ауа жіберу;

- қысып тұрған киімдерді шешу, оттегі жетістігінің дәрежесін төмендету;

-жартылай отырғызу;

-аяғын төмен түсіріп тірегішті қойю; (жүректің бұлшық етінің жұмысының жақсарту, өкпенің қанға ұюлуын азайту үшін);

-тіл астына 1 таблетка нитроглицерин немесе 1% валидол беру;

-ауыз қуысын тазалау;

-дымқылданған оттегіні беру;

Ескерту: 10% антифомсилан, 96% спирт көпіршікті басу үшін қолданылады. Орталық оттегіні қолданғанда, оттегінің жылдамдығы минутына 2-3 литр алғашқы 5 минут аралығында содан кейін минутына 6-7 литр;

-қолына, санына10-15 минут аралығынан веноздың бұрауды салу; (қанның көлемі азаяды);

-аяғына қышалық жылы ванна немесе жылытқыш қойю;

9.300-400 мл көк тамырдан қан шығару;

-пациенттің жағдайын қадағалап отыру; (қан қысымын, тамыр соғысын, демін, диурезін);
-дәрілерді дайындау: зәрайдағыштар, (наркотикалық аналгетиктар, жүрек гликозидтер);
-дәрігердің нұсқауы бойынша 1%-мл морфий ертіндісін немесе 2,5 мл
0,25%-дроперидол ертіндісін, 1 %-20 мл супрастин т.б жіберу;

-егер қан қысымы жоғары болса 5% пентамин-1,0; 2,4%-10 мл эуфиллин ертіндісін көк тамырға жіберу;

-пациентті реанимация бөлімшесіне тасымалдау.

21.3. Жүрек маңайының ауырсыну кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері

Жүрегі ауыратын науқастар шағымының бірі - ол жүректің ауыруы. Сұрастыру кезінде міндетті түрде ауыру сезімінің тура орнын, оның пайда болу жағдайы мен себебін (физикалық күш түсу, эмоциялық зорығу, жүру немесе тыныштық кезінде ме, үйқы кезінде пайда болды ма, оның сипатын, өткірлігін, шаншып ауыру, төс артында ауырлық немесе қысу сезімі, төс үшы аймағында шашнып ауруы), үзақтығын, басқа жаққа берілуін, не себептен пайда болуын анықтау қажет. Ауыру көп жағдайда жүректің тәж артериясында қан айналымының жедел жетіспеушілігі кезінде туады, кейін миокардтың ишемиялық ауыруына душар етеді. Стенокардия кезінде ауыру әдетте төс астынан немесе одан біршама солға қарай және көп жағдайда сол жақ жауырын астына беріледі. Ауырғаны мойынға немесе сол жақ қолға да берілуі мүмкін. Олар әдетте физикалық жұмысқа байланысты болады, кейде эмоциялық толқу кезінде де пайда болады және ол нитроглицерин қабыддағаннан кейін жеңілдейді,

Миокард инфаркты кезіндегі жүректің ауыруы жанға өте қатты батады және оның стенокардиядан айырмашылығы ол ұзаққа созылады, бірнеше минуттан бірнеше сағаттарға, кейде бірнеше күнге созылумен сипатталады

Қолқаның сыдырылмалы аневризмасы кезіндегі ауыру сезімі де өте өткір сипатта және миокард инфарктідегі ауыру сезіміне ұқсас келеді. Одан айырмашылығы ол омыртқаға беріледі, кейін біртіндеп қолқа жолы бойына ауысады. Жүрек ұшыңдағы шаншып ауыру зорыққанда және эмоциялық толқу кезінде пайда болады.

Жүрек маңайының ауырсыну кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз

кірісулері (стенокардия немесе миокард инфаркт ұстамасы)

Мақсаты: а уырсынуды жедел түрде тоқтату.

Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

- пациентке ауа жіберіңіз;

-физикалық, психикалық тыныштық жасаңыз (жүректің бұлшық етінің оттегі жетістігінің дәрежесі төмендейді, демі жақсарады, эмоционалдық жағдайы жақсарады);

-дәрігерді шақыртыңыз (толық медициналық көмек көрсету үшін);

-пациентті ыңғайлап шалқасынан жатқызыңыз (жүректің бұлшық ет жұмысының жақсартуы);

-тіл астына нитроглицерин немесе валидол 25-30 тамшы, валокордин, корвалол, тіл астына 1-2 тамшы нитроглицерин, 3-5 тамшы қантка тамызылган валидол;

Ескерту! Егер қан қысымы 100 мм сынап бағанасы бойынша төмен болса, онда нитроглицеринды қолдануға болмайды.

21.4. Жүректің қағуы кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері

Ауру адамның жүрегінің дұрсілі күшейіп, дұмпуі жиілейді. Ол жүрек қызметін реттейтін нерв жүйесінің жоғарғы дәрежеде қозуына байланысты болады. Жүрек дұрсілінің күшеюі миокардит, миокард инфаркті, жүрек ақауы және басқа аурулар кезіндегі жүрек бұлшық еті зақымдануының белгісі болып табылады. Сонымен қатар ол басқа ағзалар зақымданғанда да рефлекторлы түрде қызба, анемия, невроз, гипертиреоз, кейбір дәрілік заттар қабылдағаннан кейін (атропин, сульфален және т. б.) байқалуы мүмкін. Жүрек дұрсілінің күшеюі қатты физикалық күш түскен кезде сау адамдарда да кездеседі. Кейде жұгіргенде, тіпті кофе ішкенде де пайда болуы мүмкін. Жүрек ауруларының ауыр түрімен ауыратын адамдарда әрдайым жүрек дұрсілі байқалады, ол әсіресе пароксизмалды тахикардия кезінде ұстамалы түрде білінеді. Кейде науқас кісілер жүректің ауытқуын, оның тоқтап қалғаны сияқты сезеді, сұрастыру кезінде мұндай жағдай қай кезде байқалатынын анықтау керек.

 

Жүректің қағуыкезіндегі мейірбикенің тәуелсіз кірісулері.

Мақсаты: 20-30 минут ішінде жүректің қағуын азайту.

Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

-жедел түрде дәрігерді шақырту;

-тынышытықпен қамтамас ету:

- ауа жіберу;

- қысып тұрған киімдерді шешу, оттегі жетістігінің дәрежесін төмендету;

-жартылай отырғызу;

-аяғын төмен түсіріп тірегішті қойю; (жүректің бұлшық етінің жұмысының жақсарту, өкпенің қанға ұюлуын азайту үшін);

-оттегіні беру;

-пациенттің жағдайын қадағалап отыру; (қан қысымын, тамыр соғысын, демін);

-дәрілерді дайындау: аритмияға қарсы дәрілерді, зәрайдағыштар, (наркотикалық аналгетиктар, жүрек гликозидтер);
-егер пациенттің есі болмаса, кеудесін соғу, жағдайы жақсармаса реанимациялық шараларды қолдану;

-егер пациенттің есі болса, онда қаңғыма нервқа әсер ету үшін, терең демалу, жөтелу, ішің басу, суық сумен шашуға болады;

-көз алмасын басу;

-пациентті реанимация бөлімшесіне апару.

21.5. Жүрек ауруларындағы ісіктер кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері

Үлкен қан айналым шеңберіндегі қанның тұрып қалуы - жүрек жетіспеушілігінің мінездемесі тұрып қалу салдарынан қанның сұйықтығы тамырлар қабырғасы арқылы басқа тіндерге жайылады.Тұрып қалған қан бауырдың ісінуіне әкеліп соғады.Ол ісінеді,бауыр көлемі үлкейеді,бауырдың ауырсынуына себеп болады.Оң жақ қабырға астының түсініксіз ауруы туындайды. Ісік біртіндеп басталып кебінесе кешке таман пайда болып, таңға жақын жоғалуы мүмкін. Ол алдымен тобық түсында және аяқ басының сырт жағында, кейін тізеге дейін көтеріледі. Жағдайы ауырлаған кезінде кеуде қуысына, құрсақ қуысына сүйықтық жиналады (шемен). Науқастың асқа тәбеті шаппайды, жүрегі айнып құсқысы келеді, тіпті құсады, іші кебеді. Бұл белгілер (симптомдар) іш қуысындағы ағзалардың қан айналымының бүзылуына әкеліп соқтырады. Осы себептен бүйректің қызметі бұзылып, зәрдің бөлінуі төмендейді. Жүрек қантамыр жүйесі ауыруымен ауыратын науқастарда орталық нерв жүйесінің қызметінің өзгеруі, әлсіздік болуы, тез шаршау, жұмысқа қабілеттілігінің нашарлауы, үйқының бұзылуы сияқты белгілер пайда болады. Бас ауыруы және құлак шуылы, бас айналуы сияқты шағымдар қан қысымы көтерілген науқастарда жиі кездеседі.

Жүректің одан ары жұмысы нашарласа сұйықтық жиналады (плевралық – гидроторакс,іште – асцит).Науқастың қанша мөлшерде сұйықтық қолданғанын білу үшін мейірбике тәуліктік диурез көлемін бақылайды (тәуліктегі қолданған су мөлшері мен тәуліктік зәр мөлшерінің қатынасы).

 

Жүрек ауруларындағы ісіктер кезіндегі мейірбикенің тәуелсіз

кірісулері.

Мақсаты: і сіктерді қайтару, салмағын төмендету.

Мейірбикенің тәуелсіз кірісулері:

-пациентке және оның туыстарына №10 - емдәм туралы түсіндіріңіз;

-тағамдарын тексеріп отырыңыз;

-теріні, шырышты қабаттарын күтіңіз;

-су балансын, тәуліктегі зәрің өлшеп қадағалап отырыңыз;

-дәретін қадағалап отырыңыз;

-жылы судно мен қамтамас етіңіз;

-төсекті жылыту үшін, жылытқыш беріңіз;

-салмағын 3 күнде 1 рет тексеріп отырыңыз;

-пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз; (қан қысымын, тамыр соғысын, демін);

-дәрігер тағайындаған дәрілерді уақытымен ішкізіп, қадағалап отырыңыз.

21.6.Талып қалған кезіндегі мейірбикенің;

кірісулері.

Мақсаты:Сана сезімін қалпына келтіру.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5518. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Меры безопасности при обращении с оружием и боеприпасами 64. Получение (сдача) оружия и боеприпасов для проведения стрельб осуществляется в установленном порядке[1]. 65. Безопасность при проведении стрельб обеспечивается...

Кран машиниста усл. № 394 – назначение и устройство Кран машиниста условный номер 394 предназначен для управления тормозами поезда...

Приложение Г: Особенности заполнение справки формы ву-45   После выполнения полного опробования тормозов, а так же после сокращенного, если предварительно на станции было произведено полное опробование тормозов состава от стационарной установки с автоматической регистрацией параметров или без...

Измерение следующих дефектов: ползун, выщербина, неравномерный прокат, равномерный прокат, кольцевая выработка, откол обода колеса, тонкий гребень, протёртость средней части оси Величину проката определяют с помощью вертикального движка 2 сухаря 3 шаблона 1 по кругу катания...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.041 сек.) русская версия | украинская версия