Сканерлеу 5 страница
7.Катетер-дренаждың қапшықтың дұрыс жұмыс істеуін тексеру. 8.Әр-түрлі бұзылыстар болса түзету. Ескерту: Егер зәрінде қан болса, қуығы ауыра бастаса, дәрігерге міндетті түрде хабарлау. 9.Катетердің жалғауын санға бекітіп тұрылуына сенім алу. 10.Дренаждың қапшықтың керуетке жалғауын тексеру.
24.5. Сыртқа шығару жолдарының ауруларындағы мейірбикелік үрдіс І кезең. Пациенттің мәселелерін табу. Пациенттің нақты мәселелері: Ø бел маңайының, іштің ауырсынуы; Ø зәр шығаруының бұзылуы; Ø дене қызуының көтерілуі; Ø әлсіздену, ісіктің білінуі; Ø артериалдық қан қысымынының көтерілуінің әсерінен бастың ауыруы, лоқсу, құсу; Пациентте болуы мүмкін мәселелер: Ø ұстаманың қайталануынан қорқу; Ø жиі зәр шыққанның себебінен, ұйқының бұзылуы; Ø цистоскоп арқылы тексерудің алдында қорқыныш сезімінің білінуі; Ø өзінің сырқаты туралы мәліметтің жетіспеушілігі (ісікте, зәрде қанның білінуінде); Ø науқас зәрін ұстай алмаған жағдайда, өзін қоршаған ортада ыңғайсыз сезінуі. ІІ кезең Мейірбике диагнозын қою. Зәр шығару қызметінің бұзылуына байланысты барлық нақты және болуы мүмкін мәселелер мейірбикенің диагнозы болып табылады. ІІІ кезең Күтім шараларын жоспарлау. Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: Ø бел маңайының ауырсынуы басылады; Ø дене қызуы көтерілгенде, лоқсуда, құсуда көмек көрсетіледі; Ø зәрдің толық және жеткілікті түрде шығуына әртүрлі қолдан келетін жағдайларды жасау; Ø гигиеналық шараларын сақтауды қорғау; Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: Ø науқас белі ауырғанда өз бетімен ыңғайлы жағдайды туғыза алады; Ø артериалдық қан қысымы қалпына келеді, Ø ауруханадан шығарар кезінде ісіктер болмайды; Ø пациент өзінің ауруына қатысты емдәм мен сұйықтық мөлшерін қолдану тәртібінен хабардар болады. ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру. Мейірбикенің кірісулері: Ø тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, науқасты рентгенологиялық, ультра дыбыспен зерттеуге және зертханалық тексеріске дайындай білу, цистоскоп арқылы тексеріске қатысу; Ø тәуелсіз – бүйрек және зәр шығару жолдарының ауруларында науқастың жалпы жағдайын қадағалап, оны бағалай білу. Бүйрек шаншуында, уремиялық комада дәрігерге дейін көмек көрсету, күтім шараларын жүргізу; Ø бір – біріне тәуелділік қатынастары – дәрі – дәрмектермен ем жүргізуді іске асырып, қолдану. Оның ағзаға тигізетін әсерін бағалай білу. Физио ем шараларын жүргізу. Педагогикалық аспектіде жұмыс жүргізу. Науқастың жазылуына психологиялық тұрғыдан бағыттау. V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау. Дерт анықтамасын анықтау және емдеу үшін алға қойылған мақсаттармен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі маңыздылық айырмашылықтары бар. Егер жоспарланған күтім ерекшелігі жағымды көрсеткіш нәтижесін бермесе (пациенттің мәселелері жойылмаса), онда күтім жоспары қайтадан қарастырылып, жаңадан басқа түрде өңделген жоспар құрылады. 24.6. Бүйрек және сыртқа шығару жолдарының ауруларында мейірбикелік кірісудің үлгілері
Тарау Ішкі сөлденіс бездері мен зат алмасу үрдісінің бұзылуындағы мейірбикелік үрдіс Ішкі сөлденіс жүйеге ішкі сөлденіс бездері кіреді, жүйке жүйесі сияқты барлық басқа ағзалар мен жүйелердің жұмысын реттеуін жүзеге асырады, ағзаның біртұтастығын қамтамасыз етеді. Бездер ағзаның өмір сүруіне қажетті ерекше физиологиялық белсенді заттар шығаратын мүшелер. Ішкі секреция бездері ағып шықпайды, гормондар торшалардан қанға, лимфаға, жұлын сұйықтығына түседі де, белгілі бір жүйелер немесе мүшелерді қоздыратын немесе тыныштандыратын әсер береді, яғни, ағзадағы бүкіл негізгі зат алмасу процестеріне қатысады. Сөйтіп, барлық гормондар ағзаның қалыпты түрде жұмыс істеуі үшін қажет, ал жеткіліксіздігі немесе көп бөлінуі белгілі бір ауруға әкеледі. Қалқанша без де маңызды орын алады. Қалқанша без тироксин гормонын өндіреді. Тироксиннің құрамына йод кіреді, ол қалқанша безге тағамдар мен ішетін судан бөлек (қанның ағынымен түседі) келіп түседі. Қалқанша без зат алмасуына әсер етеді: мөлшерден көп тироксиннің бөлінуі зат алмасуының төмендеуі және бұл гормонның жеткіліксіз өндірілуінен зат алмасуы төмендейді. Гипофиз – ішкі сөлденіс бөлу безі, екі бөліктен тұрады: алдыңғы және артқы. Алдыңғы бөлігінің қызметі өте күшті болған жағдайда адамның бойы өте биік болады. Бұл қаңқаның, ал кейде кейбір оның бөліктерінің (бас сүйегі, саусақ, табан) өте күшті өсу әсерінен болады. Алдыңғы бөлігінің қызметі нашарлағанда бойдың өсуінің бәсеңдеуі және тоқтауына әкеледі. Гипофиздің артқы бөлігінің қызметі май алмасуына байланысты: оның қызметінің төмендеуі семіздікке әкеледі. Ұйқы безі ішкі (эндокриндік) әрі сыртқы (экзокриндік) сөлініс қызметін атқарады. Ұйқы безінен пайда болған сөлдің (сілтілі реакция) асқорытуда маңызы зор. Сөлдің құрамындағы трипсиноген ферменті ішекте белсенді түрі, трипсинге айналады. Трипсиннің әсерінен белок қанға оңай сіңімді амин қышқылдарына айналды. Ұйқы безінің сөліндегі липаза ферменті майды глицерин мен май қышқылдарына, ал амилаза ферменті крахмалды дисахаридтерге, мальтаза ферменті дисахаридтерді моносахахридке, яғни глюкозаға айналдырады. Ұйқы безінің гормондары – инсулин, глюкагон, липокаин. Негізгі шағымдары: әлсіздік, тоңғыштық, тамаққа тәбетінің төмендеуі, ұйқышылдық, шөлдеу мен көп зәр шығару (полурия), вегетативтық өзгерістер, іштің ауырсынуы, лоқсу, құсу, іштің өтуі, нәжістің кідіріуі. 25.1.Табан терісінің күтімі. Диабеттік табан Диабеттік табан қант сусамыр ауруында аяқ ампутацияның негізгі себебі болады. Диабеттік табан 10 есе қант сусамырының екінші түрінде жиі кездеседі. Себебі: ағзадағы метаболикалық процестердің бұзылыстарынан ұсақ тамырлардың қызметі төмендеп, аяқтардың иннервациясымен қанмен қамтамас етуі бұзылады. Табанмен аяқ саусақтары ең соңғыда орналасқандықтан қанмен дұрыс қамтамас етілмейді. Сол себебтен ұлпаларда трофикалық өзгерістер пайда болып гангрена дамуына қауіп жоғарлайды.
Диабеттік табанды емдеу үшін хирургиялық, медикаментоздық шараларды қолданады. Диабеттік табан синдромының ауруларына келесі талаптарды береді: а) үнемі қандағы қантты тексеру, эндокринологтан кеңес алу; б) темекі шегуден бас тарту; в) мақта-матадан немесе жүннен жасалған шұлық (синтетика емес), теріден жасалған аяқ киім кию; г) күнде екі сағаттан аяқ гимнастикаларын жасау; д) дерматологтан кеңес алып, тырнақтардың ауруларың емдеу. Күнде кешкі уақытта істеу керек:
Диабеттік табанда істеуге болмайды:
Дәрігерге бару тиіс егер:
25.2. Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларындағы мейірбикелік үрдіс І кезең. Пациенттің мәселелерін табу. Пациенттің нақты мәселелері: · әлсіздену, селқостық; · дене қызуының көтерілуі, қалтырау; · шөлдеу, ауыз қуысының құрғауы; · жиі зәр шығудың себебінен мазасызданып және ұйқысының бұзылуы; · есту және көру қабілетінің төмендеуі; · ісіну және тоңу; · сырқаттың салдарынан пациенттің ой - өрісінің қабілеті төмендеп, ақыл есінің кемуі; · пациенттің денесінде әр түрлі трофикалық жаралардың дамуы.
Пациентте болуы мүмкін мәселелер: · пациент ағзасының иммунитет қабілетінің төмендеуінен түрлі жұқпалы ауруларды қабылдап, асқынулардың қауіп - қатерлік түрлерінің дамуы; · мамандықты таңдаған кезде өзінің сырқатына кедергі келтірмейтін қолайлы қызмет түрін таңдағаны дұрыс; · инсулинді өмір бойына қабылдайтын пациенттердің өздеріне деген сүйіспеншілік қабілетін жоғалтуы; · өзіне жеткілікті түрде сұйықтық мөлшерін қамтамасыз ете алмауы; · пациенттер өз сырқатының нәтижесіз екендігіне байланысты өздерінің сезімін қоршаған ортада тежегіш қалып күйінде сезінеді. ІІ кезең. Мейірбике диагнозын қою Пациенттің нақты және болуы мүмкін мәселелерінен басқа да мәселелер түрлері туындауы мүмкін.
ІІІ кезең. Мәселені жою мақсатымен жоспар құру Қысқа уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: ü шөлдегіштіктің азаюы, ауыз қуысының құрғауының бәсеңдеуі; ü тері қышуының азаюы; ü өзіне керекті тағам және сұйықтық мөлшерін жеткілікті түрде қабылдау; ü гигиеналық тазалық шараларын өткізуге қатысу.
Ұзақ уақытқа бағытталған (мүмкіншілік) мақсаттар: ü қантты диабетпен сырқаттанған пациенттер емдәм тәртібін нақты біледі; ü пациент және оның жанұясы инсулинді егу ережелерін нақты біледі; ü пациенттің сапалы жұмыс істеп тұруына құнарлы тамақ маңызды болып табылады; ü шұғыл жағдай кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді және күтім ерекшеліктерін өткізу шараларын пациентке және жанұяларына ақпарат беріп, түсіндіру; ü жұқпалы ауруларды болдырмау және жұқтырмау шараларын өткізіп алмау.
ІV кезең. Жоспарланған жұмысты жүзеге асыру Мейірбикенің кірісулері: ü тәуелді – дәрігердің нұсқауын орындау, пациентті глюкозуриялық және гликемиялық графикалық сынамасын жүргізіп, нәтижесін оқу. Пациентті негізгі зат алмасу дәрісін тексеруге дайындау. Қалқанша және ұйқы бездерін УДЗ және сканер арқылы зерттеулерді өткізу. ü тәуелсіз – пациентті жалпы қараған кездегі көзге көрініп тұрған өзгерістеріне және шағымдарына сүйене отырып, жағдайдың қарқындылығын бағалау. Тамыр соғуын, демін санап, қан қысымын, дене қызуын өлшеп күтім шараларын өткізу. Қажет болған жағдайларда оттегімен қамтамасыз ету. Тері ойылудың алдын алу. Кома жағдайларында, тиреотоксикалық кризде дәрігерге дейінгі көмек көрсету. ü Бір – біріне тәуелділік қатынастары – емдәм және дәрі – дәрмектер мен ем жүргізу шараларын қадағалап, олардың сапалық нәтижелерін бағалау. Пациенттің дерт анықтамасына және еміне арналған шараларды өткізуге қатысу. Педагогикалық аспект әдісін қолдана отырып, жанұяларына санитарлық – ағарту жұмысын қалай өткізілетінін мәлім ету.
V кезең. Мейірбике күтімінің нәтижесін бағалау. Дерт анықтамасын анықтау және емдеу үшін алға қойылған мақсаттар мен көрсетілген күтім шараларының салыстырмалы түрдегі айырмашылықтары. Арнайы өткізілген шараларды салыстырғандығын және нәтижелік сапасын мейірбике медицина құжаттарына белгілеп, толтырып отырады. 25.3. Ішкі сөлденіс бездерінің ауруларында мейірбикелік кірісу үлгілері
|