Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Копроскопия





Көрсеткіші Сипаттама
Тәулігіндегі көлемі 100 – 250 г
Тығыздығы Жұмсақ, тығыз
Қалпы Цилиндр тәрізді
Түсі Қоңыр
Реакциясы Әлсіз сілтілі
Кілегей, қан Жоқ
Бұлшық еттің талшықтары Жоқ, бірен – саран
Дәнекер тіні Жоқ
Майлы қышқылдар Жоқ
Сабын Бірен – саран
Өсімдік жасушалары Бірен – саран
Крахмал Жоқ
Иодофильдық флора Жоқ
Кілегей, оксалаттар Жоқ
Лейкоциттер Бірен – саран

Нәжісті бактериологиялық тексеріске алу мейірбикелік технологиясы

Жабдықтар:залалсыздандырылған пробирка, консервант, шпатель, қолғап, ректалдық ілгек, стеклограф.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· пациентке ескертіп, мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз;

· қолды жуып құрғатып,маскамен қолғапты киіңіз;

· пациентке дәретханаға баруын сұрауңыз(егертөсек тартып жатқан пациент болса судно беру);

· пациентті оң жақ қырына жатқызып, тізесін бұгіңіз;

· ректалдық ілгекті пробиркадан алыңыз;

· жамбасының арасын ашып, ілгекті жайлап енгізіңіз;

· пациенттің тік ішегінің қабырғаларынан материалдарын алыңыз;

17.4-сүрет: тік ішектен жұғынды алу

 

 

· ілгекті суырып алып, пробиркаға еш нәрсесіне тигізбей салыңыз;

· пробирканы штативке салыңыз;

· қолғапты шешіп,қолды жуып құрғатыңыз;

· жолдама жазып, контейнерге салып лабораторияға апарыңыз.

Нәжісті құртқа тексеру

Құрттардың бірнеше түрлері бар, олар токсикалық, аллергиялық әсерлер береді (аскаридоз, трихинеллез), ішектің шырышты қабаттарын зақымдандырып, тесуі мүмкін, қан кетуі және т.б. Барлық гельминттер пациенттерді жүдетеді, авитаминозға, қаназдыққа шалдықтырады. Нәжістің анализін құрғақ шыны ыдысқа пациенттен дайындықсыз алады.

Нәжісті жасырынды қанға тексеру

мейірбикелік технологиясы

Нәжісті жасырынды қанға тексергенде бензидин сынамасын жүргізуге болады (Грегерсен сынамасы). Бензидин сынамасы көптеген тағамдарға және дәрі-дәрмектерге сезімтал, сол себептен үш күн бойы науқасқа дайындық жүргізу керек. Егер нәжісте қан білінсе, Грегерсен сынамасы жағымды деп, ал білінбесе жағымсыз деп белгілейді.

Мақсаты: дұрыс жинау, сақтау, жеткізу.

Көрсеткіштері: асқорыту-ішек мүшелерінен жасырынды қан кету.

Жабдықтар: судно, таза, құрғақ шынылы қақпақшысы бар ыдыс, жолдама, ағашты шпатель (бір рет қолданылатын), латекстік қолғаптар.

Ескерту: ауызда, мұрында қан, геморрой, етек кірі болмау керек.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· пациентке ескертіп, мақсатын түсіндіріп, келісім алыңыз;

· қолды жуып құрғатып,маскамен қолғапты киіңіз;

· үш-төрт күн бойы жұмыртқа, ет, балық, алма, жасыл жемістер, дәрілер, темір дәрілер, висмут ішуге болмайды;

· қан нәжіске түспеу керек (етек кірі, геморрой);

· нәжісті танертең судноға жинаңыз;

17.5-сүрет: нәжісті жасырынды қанға тексеру үшін пациентті дайындау

· резеңке қолғапты киіп, шпательмен 5-10 г нәжісті алып, құрғақ ыдысқа салыңыз;

· ыдысты қақпақшамен жабыңыз;

· қолғапты шешіп, ағаш шпательді жағып, қолғапты кез келген дезинфекциялық ертіндісімен зарарсыздандырыңыз;

· қолды жуыңыз;

Ескерту:Нәжісті 8 сағатқа дейін тоңазытқышта температурасы 3-50С сақтауға болады.

17.10.Фракциялық әдіспен асқазаннан сөл алу мейірбикелік технологиясы.

Мақсаты:Асқазанның секреторлық қызметін зерттеу.

Құрал – жабдықтар:лоток, жіңішке асқазан зонды, 20 мл шприц, қысқыш, 9 маркиленген ыдыстар, 0,1% гистамин ерітіндісін немесе 0,025% пентагастрин, резеңке қолғап.

Процедура барысы:

-қарым қатынас жасау, келісім алу қарама – қарсы көрсеткіштерді анықтаңыз (гипертония ауруын, аневризма, өңештің ауруларын, улануларды);

-пациентке таңертең алуын түсіндіріңіз;

-асқазанға енгізетін зондтың ұзындығын өлшеңіз;

-пациентті отырғызып, тіс протездерін шешіп, басын алдына қарай кішкене еңкейтіңіз;

-алдына (мойына, кеудесіне) орамал жабып, қолына лоток пен дәкені беріңіз:

ондты оң жақ қолына алып 10 – 15см шамасында суға малып алыңыз;

-пациенттің аузын ашуға рұқсат алып, зондты жұтқыншаққа қарай жіберіңіз;

-пациент жұтқанда демалып отырады. Зондты белгілеген жерге дейін жіберіңіз;

-пациентке мұрынмен демалуға ұсыныс беріңіз;

-шприцті зондтқа жалғап “О” порцияны ыдысқа сорып алыңыз;

-әрбір 15 минут сайын 1 сағаттың ішінде 1,2,3,4 асқазан сөлінің порциясын сорып алыңыз;

17.6-сүрет: асқазаннан сөл алу

 

-қысқышпен зондты 15 минутқа жабыңыз;

-шприцке 0,1% гистамин немесе 0,025% пентагастрин ертіндісін алып тері астына енгізіңіз;

-әрбір 15 минут сайын №5, 6, 7, 8 порцияларды жинап алыңыз;

-зондты асқазаннан шығарып алып, аузын шайғызып, дәкемен сүртіңіз;

-лабораторияға 9 порцияны жіберіңіз;

-қолданылған заттарды зарарсыздандырыңыз.

 

Алынған сөлдің мөлшерін өлшейді, әр порциядағы тұз қышқылын анықтайды. Қалыпты жағдайда асқазан сөлі 50мл, тұз қышқылы 20 – 40 бірлік болады. Негіздік сөлденіс 50-150мл, соңғы 1 сағаттың ішіндегі 4 порцияның мөлшері қалыпты жағдайда 120 мл – ден көп болмайды. Асқазанның сөлі түссіз, ал 12 елі ішекке түскенде сөл сары түске боялады. Асқазанның сөліне сілекей үстіңгі тыныс алу жолы арқылы түседі. Кейде асқазан сөлінде таяу арада желінген тағам қалдықтары байқалады. Бұл асқазанның қозғалу жұмысының бұзылғанын дәлелдейді.

Қалыпты жағдайда асқазан сөліндегі тұз қышқылын қалыптылық деп атайды, көбеюін - гиперацидті, төмендеуін - гипоацидті, ал болмауын - анацидті деп атайды. Тұз қышқылының төмендеуі, болмауы асқынған гастритте, асқазан қатерлі ісігінде, бауыр ауруларында білінеді. Барлық науқастардың сүңгі жұтуға мүмкіндіктері болмайды. Ондай жағдайда асқазан сөлін тексеру үшін сүңгісіз әдісті қолданады ("Ацидотест"). Бұл әдісте науқасқа екі арнайы түйір береді. Содан кейін арнайы кесте бойынша зәрді жинайды. Асқазанда бос тұз қышқылы болса, зәр боялып шығады (тұз қышқылының санына байланысты, ақшыл қызғылттан, ашық қызыл түске дейін). Бояуды стандартты шкаламен салыстырады да, қышқылдық көрсеткішін анықтайды. Бірақ бұл әдіс тұз қышқылдығын анықтауға беретін нақты көрсеткіш емес.

 

Асқазаннан сөл алу

 

Көрсеткіші Көлемі
I. Тәулігіндегі көлемі / л 2 – 3
II. Тығыздығы 1.005
III. РН - реакциясы 1,6 – 2,0
IV. Ашқарындағы асқазан сөлі мл 5 – 40
V. Жалпы қышқылдығы ммоль/л 20 – 30
VI. Еркінді тұз қышқылы ммоль / л 15 – дейін
VII. Базальдық секрециясы: ашқарындағы төрт порциясы мл (60 мин).   50 – 110
VIII. Жалпы қышқылдығы ммоль / л 40 – 60
IX. Еркінді тұз қышқылы ммоль / л. Байланысқан тұз қышқылы. 25 – 40 10 – 15
X. Тұз қышқылының дебит – уақыты ммоль / л. - жалпы - еркінді   1,5 – 5,5 1,0 – 4,0

Асқазан секрециясының қалыпты көрсеткіштері

Секреторлық көрсеткіштері Секрециялар
Базалды Соңғы Субмаксимальді Максимальді
Сөлдің көлемі, мл 50 – 100 50 – 110 100 – 140 180 – 200
Жалпы қышқылдығы ммоль/л   40 – 60   40 – 60   80 – 100   100 – 120
Тұз қышқылы ммоль/ л еркінді байланысты   20 – 45 10 – 15   20 – 40 10 – 15   65 – 85 10 – 15   90 – 110 10 – 15
Жалпы қышқылдықтың шығуы. Тұз қышқылының дебит – уақыты ммоль/мг.     1,5 – 5,5   55 – 200     1,5 – 60   60 – 220     8 – 14   300 – 500     18 – 26   650 – 950
Тұз қышқылының дебит – уақыты ммоль/мг.с   1 – 4 40 – 150   1 – 4,5 40 – 160   6,5 – 12 250 – 540   16 – 24 600 – 900
Дебит – уақыты мг   10 – 40   10 – 50   50 – 90   90 – 160  

 

 

17.11.Дуоденалдық зондтау.

(ұлтабардан сөл алу)

Мақсаты:диагностикалық емдік.

Құрал – жабдықтар: темір түтікшесі барзалалсыздандырылған ұлтабар зонды, 20 мл шприц, қысқыш, лоток, 5 – 6 пробирка, резеңке қолғап, жолдама, үштаған, 33 % - 25 – 32 мл магний сульфат немесе 40 % глюкоза ертіндісі, сұйық май 40 мл.

Процедура барысы:

Ø процедура туралы пациентке айтып түсіндіру, келісім алыңыз;

Ø пациентті үш күн бұрын дайындау №4 тағайындалады:

Ø ішін кептіретін тағамдарды қолданбау;

Ø оң жақ қабырға астына жылытқышты қойыңыз;

Ø түнге қарай бір стакан тәтті шай ішу;

Ø бір күн бұрын кешкі уақытта тамақ ішпеу;

Ø зондты асқазанға жіберіңіз;

Ø пациентке зондты 45см дейін жұтқызып, содан кейін асқазаннан қалдығын шприцпен сорып алыңыз;

Ø тізесін бүгіп оң жақ қырына жатқызыңыз;

Ø бауыр тұсына жылытқышты қойыңыз;

Ø зондты әрі қарай тағыда жұтқызыңыз;

Ø жұтуға 40 – 60 минут уақыт кетеді. Зонд 12 – елі ішекке дейін барады;

Ескерту:А – порциясын 2 – 3 порция жинауға болады 10 – 15 мл. Пробиркаларды жылы суға салып қойыңыз:

Ø зондтқа қысқышты салып пациентті арқасына жатқызыңыз;

Ø зондтқа 33 % - 50 мл магний сульфат ертіндісін жіберіңіз;

Ø қысқышты 10 – 20 минут салып қойыңыз;

Ø пациентті қайтадан оң жақ қырына жатқызыңыз;

Ø зондтың ұшын пробиркаға салып сөлді алыңыз (жасыл түсті, мөлдір сөл ағады), бұл Б – порциясы өттен шығады. Зерттеуге 10 – 15 мл жинайды;

 

17.7-сүрет: ұлтабардан сөл алу

 

Ø егер ашық сары лимон тәрізді сөл шыға бастаса, оны келесі пробиркаға салады. Ол С – порциясы – бауыр - өт жолдарынан шығады, 10 – 15 мл жинап алады;

Ø зондты шығарып алыңыз;

Ø зондты және қолданылған құрал жабдықтарды зарарсыздандырыңыз;

Ø порцияларды лабораторияға жіберіңіз.

 

Ұлтабардан фракция әдісіммен сөл алу.

Көрсеткіші Сипаттама
І фаза: жалпы өт сүзегі – А” порциясы Бөліну уақыты: 10–20мин Көлемі – 20мл.
ІІ фаза: Одди сфинктердің жабылуы. Ұзақтығы: 2 – 6 мин. Өт жоқ.
ІІІ фаза: “А” порциясының өтті (жалпы сүзегінің соңғы бөлігі) Бөліну ұзақтығы: 3 – 5 мин Көлемі: 3 – 5 мл.
ІV фаза: “В” – порциясы Бөліну уақыты: 20 – 30 мин. Көлемі: 30 – 50 мл.
V фаза: “С” порциясы Бөліну уақыты: 20 – 30 мин. Көлемі “В” порциядан көп.

Өттің микроскопиялық зерттеуі.

Көрсеткіші Сипаттама
Эпителий Аз көлемде
Лейкоциттер 1 – 2 көз алдында
Кілегей Аз көлемде
Холестерин, кальций билирубинат кристалдары. Жоқ.
“В” порциясы
Эпителий Аз көлемде
Лейкоциттер 2 – 3
Кілегей Аз көлемде
Холестерин, кальций билирубинат Аз көлемде
“С” порциясы
Эпителий Аз көлемде
Лейкоциттер 0 – 1 к/ ар.
Кілегей Аз көлемде
Холестерин, кальций билурубинат Жоқ.

 

 

Бақылау сұрақтары және тапсырмалары:

1. Лабораториялық тексеріс әдістерін атап беріңіз?

2. Пациенттен қан алар алдында қалай дайындайсыз?

3. Вакутайнермен қан алу ерекшілігі?

4. Зәрді жалпы анализге жинауын пациентке түсіндіріңіз?

5. Зәрді Нечипоренко бойынша жинауын пациентке түсіндіріңіз?

6. Зәрді Зимницкий проба бойынша жинауын және оның мағынасын атап шығыңыз?

7. Қақырықты түбіркүлез таяқшасына жинау әдісін айтып беріңіз?

8. Нәжісті жасырынды қанға, құртқа тексеруін айтып беріңіз?

9. Асқазаннан сөл алу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

10. Ұлтабардан сөл алу әдісін түсіндіріп көрсетіңіз?

 

Тарау

Аспаптық тексеру әдістері

Аспаптық тексеру әдістеріне жатады:

· рентген арқылы (R -скопия, R -графия, R -кимография, флюрография т.б.) тексеру;

· радиоизотоптық (радиометрия, радиография, сканирлау);

· эндоскопиялық (бронхоскопия, эзофагоскопия, гастроскопия, дуоденоскопия, ректороманоскопия, колоноскопия, цистоскопия, лапароскопия);

· функционалдық тексерістер (ЭКГ, ЭЭГ, электрогастроскопия, электромиография, осциллография, реография, спирография, ФКГ т.б.).

Аспаптық тексеру жүргізер алдында пациенттерді арнайы дайындықтан өткізу керек.

18.1.Рентген арқылы тексеру

Негізгі түрлері:

Рентгеноскопия (skopo-қарау) - әр түрлі мүшелердің бейнесін экранда қарауға мүмкіндік беретін әдіс.

Рентгенография - зерттелетін мүшені рентгендік сәулелендіру көмегімен суретке түсіріп алу әдісі. Мүшенің жалпы бейнесі, көлемі, пішіні, орналасуы анықталынады.

Томография – арнайы берілген тереңдікте мүшенің рентгендік бейнесін алу әдісі. Мүшенің басқа бөлігінің бейнесі анық болмайды. Негізінде өкпе туберкулезінде қолданылатын дерт анықтамалық әдіс.

1-сүрет: Компьютерлық томограмма

 

Холецистография– ағзаға бояу зат енгізгенде өт қалтасы боялып рентгендік көрінісі анықталынады. Өт қалтасындағы тастар, ісіктер, жабысқақтарды анықтауға мүмкіншілік тудырады.

Урография әдісінде көк тамырға бояу зат (урографин ерітіндісі) енгізіліп, оның зәрмен шығу уақыты анықталынады. Сөйтіп бүйректің сүзбе жұмысын тексереді.

Рентген контрастық заттарды қолдану

Анық түсіру үшін контрастық заттарды қолданады.

Асқазан-ішек мүшелерін түсіргенде барий қоспасын қолданады.

Бронхтарды тексергенде- йодолинол, урологияда- индигокармин 0,4%, триомбраст - 60% (76%), өт жолдарына - йопагност, билигност 50% және т.б.

Йод-құрамы аллергиялық асқынуларға әкеп соғуы мүмкін, сондықтан аллергологиялық анамнез жинап, йодқа сезімталдығын тексереді.

Рентгенологиялық тексеріске пациенттерді дайындау

Рентгенологиялық әдістерді қолданғанда, өкпенің, асқазанның, ішектің көлемін, қимылын, мөлшерін, жара немесе ісіктін барлығын және басқада патологиялық өзгерістерді тексереді.

Мейірбике пациентті дайындауын білу тиіс. Әртүрлі тексерістерінде өзінің ерекшіліктері бар. Мысалы өкпеге әртүрлі рентген жасағанда айтарлықтай дайындық пациентке жүргізілмейді, тек психологиялық дайындық керек, әсіресе бронхографиялық тексерісте. Ал асқазанға, ұлтабарға, өт жолдарына, ішектерге рентген жасау үшін, арнайы дайындық өткізеді.

 

18.2.Асқазан, ұлтабарды рентген арқылы тексеру

Мақсаты: нәтижелі дайындау, пациентті үйрету, хабарлау, метеоризмді

кетіру, ішекті нәжістен тазалау.

Жабдықтар: тазалау клизмасын жасайтын жабдықтар: Эсмарк кружкасы,

барий сульфат (36-370С), 1,5л су, түтікше үштаған, вазелин майы, лоток, дәке, орамал, кез келген дезинфекциялық ерітінді.

Процедура барысы:

· процедура туралы пациентке айтып түсіндіру, келісім алыңыз;

· пациентті үш күн бұрын дайындау №4 тағайындалады;

· ішін кептіретін тағамдарды қолданбау;

· пациенттің іші тырсылдаған кезінде қара нан, сүт, жемістер жемеуіне ұсыныс беріңіз;

· тексерістің ашқарында жүргізілетінің ескертіңіз;

· кешке жатар алдында және тәнертең екі сағат бұрын тазарту клизмасын жасаңыз;

· рентген-бөлімшесіне апарыңыз;

· ауызына барий сульфат 150-200 мл. жіберіңіз;

· тексеріс біткеннен кейін пациентке көмектесіңіз.

18.3.Пациентті ирригоскопияға дайындау

(рентген арқылы тоқ ішекті тексеру)

Мақсаты: нәтижелі дайындау, пациентті үйрету, хабарлау, метеоризмді кетіру, ішекті нәжістен тазалау.

Жабдықтар: тазалау клизмасын жасайтын жабдықтар: Эсмарк кружкасы, барий сульфат (36-370С) 1,5л су, түтікше үштаған, вазелин майы, лоток, 30-40мл кастор майы, дәке, орамал, кез келген дезинфекциялық ерітінді.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, мақсатын, барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· 2-3 күн бұрын тағамнан ішті желдендіретін заттарды алып тастаңыз (жемістер, көкөністер, сүт, ашытқы тағамдар, қара нан, соктар);

· пациентке тексеру алдында 30-60 мл кастор майын 12-13 сағат бұрын беріңіз;

o Ескерту: егер пациентте диаррея болса, беруге болмайды;

· тексерер алдында бір күн бұрын, кешкі уақытта бір сағат аралығымен екі рет тазарту клизмасын жасаңыз, таңертең тексеруге екі сағат қалғанда екі рет тазарту клизмасын жасаңыз (аралығы 1 сағат); немесе балауыздарды беріңіз;

· таңертең жеңіл аққуыздан тамақ беріңіз;

· пациентті рентген бөлімшесіне тағайындаған уақытында апарыңыз;

· рентген бөлімшесінде клизма арқылы барий сульфатын (36-370С) 1,5л жіберіңіз.

· тексеріс біткеннен кейін пациентке палатаға баруына көмектесіңіз.

 

Осы тексеріс арқылы тоқ ішектің көлемін, жағдайын, кілегейлі қабатын, жылжымалдығын, тонусын, әртүрлі қатерлі ісіктермен жараларды анықтайды.

 

18.4.Өт қалтасын және өт жолдарын рентген арқылы тексеру

Бауыр өт арқылы йодараласқан заттарды шығарады, олар ағзада өт жолдарында жиналып, көрсету мүмкіндігін жасайды.

Холецистография:

ауыздық холеграфия, контрастық зат (билитраст, билиселектан, теленак, йопагност, холевид) өтте, өт жолдарында жиналады.

Процедура барысы:

· процедура туралы пациентке айтып түсіндіріп, келісім алыңыз;

· пациентті үш күн бұрын дайындаңыз;

· ішін кептіретін тағамдарды қолданбау, тексерер алдында тамақ ішпеу;

· 12—14 сағат тексерістен бұрын контрастық затты ішеді(1 г 15—20 кг салмағына байланысты);

· контрастық затты қантпен араластырып бөлшектеп аралығы 10 мин бір сағаттын ішінде береді;

· тексерер алдында бір күн бұрын, кешкі уақытта ішектерді босату үшін таңертең тексеруге екі сағат қалғанда тазарту клизмасын жасаңыз;

· таңертеңгілік пациент екі жұмыртқа сарысын, сорбит- 20 грамм қабылдайды;

· бір екі күн бұрын көк тамырға сезімталдығын тексеру үшін 1-2мл контрастық затты жібереді, егер аллергиялық реакция болса дәрігерге хабарлаңыз;

· рентген кабинетінде пациентке өтті айдайтын тағам береді;

· R -сүреттерді әрбір 10, 20, 30, 45 минутында жасайды, содан 20 минуттан кейін екі сағаттын ішінде жасайды.

 

18.5.Урологиядағы рентген тексерістер жүргізу

Көбінесе жүргізеді:

А) жалпы бүйректің, зәр жолдарынын рентгенографиясын.

Б) экскреторлық урографиясын (көк тамырға контрастық зат жіберу арқылы).

Пациентті экскреторлық урографияға дайындау

Процедура барысы:

· процедура туралы пациентке айтып түсіндіріп, келісім алыңыз;

· пациентті үш күн бұрын дайындаңыз(қызылша, қара нан, жемістер, сүт тағамдарын, суды шектеу);

· ішін кептіретін тағамдарды қолданбау, тексерер алдында тамақ ішпеу;

· тексерер алдында бір күн бұрын, кешкі уақытта ішектерді босату үшін таңертең тексеруге екі сағат қалғанда тазарту клизмасын жасаңыз;

· бір екі күн бұрын көк тамырға сезімталдығын тексеру үшін 1-2мл (верографин, триомбраст) контрастық затты жайлап жібереді, егер аллергиялық реакция болса дәрігерге хабарлаңыз;

· рентген кабинетінде пациентті апарыңыз.

 

Бүйрек зәр жолдарының ауруларында пациенттерді жалпы урографияға дайындау:

Мақсаты: тексеруге пациентті дайындау, үйрету, хабарлау.

Жабдықтар: 20 мл шприц, 30% тиосульфат натрий ертіндісі, тазарту клизмасын жасайтын жабдықтар, рентген-контрастық зат (урографин, верографин).

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, мақсатымен, барысымен таныстырып, келісім алыңыз;

· 3 күн бойы тағамнан жел шығаратын заттарды алып тастаңыз (жемістер, ашытқы сүт тағамдар, қара нан т.б.);

· активті көмір түйінділерін қабылдау (активированный уголь);

· тамақты ішуін тексеру алдында 18-20 сағат бұрын тоқтату;

· дәрігер тағайындау бойынша түскі тамақ алдында әлсіздендіретін дәрілерді беріңіз;

· сағат 22.00-де (жатарда тазарту клизмасын, танертең тексеру алдында 1,5-2 сағат бұрын тазарту клизмасын жасау);

· тексеру алдында сұйықтық тағамдар, дәрілер қабылдауға, шылым шегу, ине салуға болмайды;

· қуықты тексеру алдында босату;

· пациентке тексеру жайында кеңес беріңіз (осы тексеру маныздығы туралы);

· пациентті рентген-кабинетіне тағайындаған уақытында апарыңыз;

· жалпы рентген суретін жасаңыз;

· көк тамырға дәрігер нұсқауы бойынша 20-40-60 мл. контрастық дәріні енгізіңіз;

· рентген суреттерін жасаңыз;

· пациентті палатасына апарыңыз;

· пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.

 







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 14102. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...


Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...


ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...


Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Классификация потерь населения в очагах поражения в военное время Ядерное, химическое и бактериологическое (биологическое) оружие является оружием массового поражения...

Факторы, влияющие на степень электролитической диссоциации Степень диссоциации зависит от природы электролита и растворителя, концентрации раствора, температуры, присутствия одноименного иона и других факторов...

Йодометрия. Характеристика метода Метод йодометрии основан на ОВ-реакциях, связанных с превращением I2 в ионы I- и обратно...

СИНТАКСИЧЕСКАЯ РАБОТА В СИСТЕМЕ РАЗВИТИЯ РЕЧИ УЧАЩИХСЯ В языке различаются уровни — уровень слова (лексический), уровень словосочетания и предложения (синтаксический) и уровень Словосочетание в этом смысле может рассматриваться как переходное звено от лексического уровня к синтаксическому...

Плейотропное действие генов. Примеры. Плейотропное действие генов - это зависимость нескольких признаков от одного гена, то есть множественное действие одного гена...

Методика обучения письму и письменной речи на иностранном языке в средней школе. Различают письмо и письменную речь. Письмо – объект овладения графической и орфографической системами иностранного языка для фиксации языкового и речевого материала...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.008 сек.) русская версия | украинская версия