Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Су балансын есептеу





Мақсаты: тәулік бойы ағзаға енгізілген және шығарылған су көлемінің қасиетін есеппен қамтамасыз ету.

Көрсеткіштері: ісіктері бар пациенттерді бақылау, жасырынды ісіктерді анықтау, диуретиктердің әсерін тексеру.

Жабдықтар: салмағын өлшейтін өлшегіш, шынылы белгілері бар ыдыс, тіркеу қағазы.

Ескерту: зәрдің шығуы ғана емес, құсық және үлкен дәреті есепке алынады.

Процедура барысы:

-пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасап, оның процедура орындай білу қабілетін бағалаңыз;

-пациент сұйықтығының қандай мөлшерде бөлінгеніне есеп жүргізе алатындығына сенім артыңыз;

- процедура мақсатымен барысын түсіндіріп, келісімін алыңыз;

-пациентке сұйықтық тағамдық және қозғалыс режимін сақтау қажеттігін түсіндіріңіз;

- 3 күн бойы диуретиктерді қолданбағанына көз жеткізіңіз;

- тіркеу қағазына қалай тіркелетіні туралы толық хабарлау және пациентке не мақсатпен толтырылатынын түсіндіріңіз;

- тағамдардағы су көлемін, су балансын есепке алу мақсатында тіркелінетінін түсіндіріңіз;

-жабдықтарды дайындаңыз;

-таңертеңгілік сағат 06.00 да зәрін пациент дәрет ыдысына жібереді;

-зәрін жолдамасы бар ыдысқа жинауын түсіндіріңіз;

-тіркеу қағазына шыққан зәрінің көлемін жазыңыз;

-ішкен сұйықтық мөлшерін тіркеу қағазына жазыңыз;

-таңертен 06.00-дан ертеңгі 06.00-ға дейін су ішкен және зәр шыққан көлемін тіркеу қағазына жазыңыз;

-ертеңгі сағат 06.00-ден кейін тіркеу қағазын мейірбикеге тапсыру;

-мейірбике қанша сұйықтықтың шыққанын анықтау формуласы арқалы есептеп отырады: шыққан зәрдің көлемі х 0,8 (80%)= норма бойынша шығатын зәрдің көлемі;

-шыққан сұйықтықты есепке алынған сұйықтықпен салыстыру;

Ескерту: диуретиктер қолданса, суы көп тағамдарды қабылдаса, суық ауа райы әсер етсе, онда сұйықтықтар көп шығады;

-су балансын тіркейтін қағазға жазу.

Ескерту: су балансының қалыпта болуы ісіктердің қайтуы және емнің тиімділігін көрсетеді. Су балансының қалыпта болмауы ісіктердің көбейіп және диуретик затардың тиімсіздігін көрсетеді.

Су балансын тіркеу қағазы

Күні_________________________

Аурухананың аты______________

Бөлімшесі_____________________

Палатасы_____________________

Аты жөні_____________________

Жасы_____________ Салмағы____

Диагнозы______________________

13.5. Оксигенотерапия (оттегімен емдеу)

Оттегіні жастықша арқылы қолдану

Мақсаты:тіндердегі оттегінің көлемін жоғарлату.

Құрал – жабдықтары:құрамында 100 % оттегі бар жастықша, мүштік, 4 қабатты марліленген дәке, дезинфекциялық ертінді, су, көпіршікті басатын заттар (10 % антифомсилан, 96% спирт).

1. Жастықшаны оттегі баллонынан оттегімен толтыру:

· жастықшаның резеңке трубкасын оттегі баллонын редуктормен жалғаңыз;

· баллонның қырынан тұрыңыз;

13.5-сүрет: баллоннан оттегіні жастықшаға толтыру

· жастықшаның резеңке трубкасынын, содан кейін баллонның бұрандысын ашыңыз;

· жастықшаға оттегіні толтырып алыңыз;

· ең бірінші баллонның бұрандысын, содан кейін жастықша бұрандысын жабыңыз;

· резеңке трубканы редуктордан алып, мүштікті кигізіңіз;

 

 

13.6-сүрет: оттегіні қолдану

Ескерту:оттегі алған кезде қауіпсіздік ережесін сақтайды (шылым шекпеу, сіріңке жақпау, баллонға қарсы тұрмау);

· дәкені суға немесе көпіршікті басатын затқа малып алып, мүштікті ораңыз;

· пациенттің ауыз қуысын қақырықтан тазалаңыз;

· пациенттің аузына мүштікті тақатып, жастықшаның бұрандысын ашыңыз;

· оттегіні беру жылдамдығы минутына 4 – 5литр болады. Егер оттегі 100 % болса, оны әрбір 15 минут сайын үзіліспен беріп отырады;

· жастықшаны шиыршықтап оттегіні жайлап жіберіңіз;

· босаған жастықшаның трубкасынан мүштікті алып дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

· пациенттің жағдайын қадағалап отырыңыз.

Дымқылданған оттегіні Бобров аппараты арқылы енгізудегі мейірбикенің технологиясы.

Мақсаты:тіннің гипоксиясын азайту.

Көрсеткіштері:дәрігердің нұсқауы бойынша тыныс және жүрек ауруларында қолдану.

Құрал – жабдықтары:Бобров аппараты, дистилденген су, немесе 2 % гидрокарбонат натрий, 96% спирт, залалсыздандырылған мұрындық катетр, шпатель, бинт, лейкопластырь.

Процедура барысы:

 

13.7-сүрет: оттегіні Бобров аппарат арқылы қолдану

 

· пациентке осы процедураны түсіндіріп, келісім алыңыз;

· қолды жуып, құрғатып, резенке қолғапты киіңіз;

· Бобров аппаратын жұмысқа дайындаңыз:

· А) шынылы ыдысқа дистилденген су немесе 96% спирт (2/3 көлемінде) немесе 2 % гидрокарбонат натрий ертіндісін құйыңыз, температурасы 30–400С болуы тиіс.

· Б) осы ыдысты екі түтікшесі бар бұрандысынмен жабыңыз;

· қатетерді жіберу үшін құлақтың ұшынан мұрынға дейін өлшеп белгілеңіз (15 см);

· катетерді вазелин майымен жағып алыңыз;

· катетерді мұрынның қуысына белгіге дейін кіргізіңіз;

· лейкопластырмен немесе бинтпен бекітіңіз;

· Бобров аппаратына жалғаңыз;

· Бобров аппараттын ұзын түтікшесі бар резенке трубкасын баллонға жалғаңыз;

· бұрандысын ашып, оттегіні жіберіңіз;

Ескерту:оттегіні 40 – 60 минуттан дәрігердің нұсқауы бойынша береді. Катетер мұрында 12 сағатқа дейін болуы тиіс.

· оттегіні қолданғаннан кейін катетрді алып, дезинфекциялық ертіндіге салыңыз;

· қолды жуып құрғатыңыз;

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Пациенттердің бақылауына не жататынын тізіп беріңіз?

2. Демді санау әдісін айтып, көрсетіңіз?

3. Қалыпты жағдайдағы демнің түрлерін атап шығыңыз?

4. Тамыр соғысын анықтайтын жерлерін және санауын айтып, көрсетіңіз?

5. Тамыр соғысының қасиеттеріне сипаттама беріңіз?

6. Қан қысымын өлшеу ережелерін атаңыз?

7. Систолдық қысымға сипаттама беріңіз?

8. Диастолдық қысымға сипаттама беріңіз?

9. Пульстық қысымға сипаттама беріңіз?

10. Тәуліктегі диурезге сипаттама беріңіз?

ІІ – НЕГІЗГІ МАНИПУЛЯЦИЯЛАР

Тарау

Дәрі-дәрмектерді ағзаға енгізу жолдары

Дәрілерді химиялық заттар ретінде емдеу үшін келесі мақсаттармен қолданады

- ауруды емдеу және ауырсынуды басу;

- аурудың физикалық, психикалық, функционалдық жағдайына баға беру;

- ағзаның жоғалтқыш сұйықтығын толтыру;

- микроорганизмдерді жою;

- ағзаның қызметіне әсер ету үшін.

Доза дегеніміз дәрілердің көлемінің ағзаға енгізілуі.

Доза – екі түрге бөлінеді:

- бір рет және тәуліктік қолданылатын доза;

Доза граммен саналады:

Мысалы: 1,0=1 грамм 0,01= 1/100 г = 10 мг 0,001 = 1/1000=1 мг Тағайындалған биологиялық дәрілердің дозасы халықаралық бөлшекпен көрсетіледі: ME. Балалардың дозасы 1кг салмағына немесе 1м денесіне есептелінеді.

Минималдық доза дегеніміз - керекті дәрінің аз мөлшерде әсер етуі.

Емдік доза дегеніміз - дәрінің мөлшері емдеу үшін қолданылады.

Максималдық доза дегеніміз - көп мөлшердегі дәрінің дозасы ағзаға

жағымсыз әсер етпейді.

Токсикалық доза дегеніміз - ағзаға улану шақырады.

Өлімге шақыратын доза дегеніміз - дәрінің аз мөлшердегі дозасы өлімге әкеліп соғады.

Ауруханаға түскен пациенттерге дәрігер нұсқау қағазына дәрілерді тағайындағаннан кейін, аға мейірбике постыдағы мейірбикенің талабы бойынша дәрі-дәрмектерді дәріханадан алады. Дәрі-дәрмектерді дәріханадан алу үшін талаптар 3 данада толтырылады. Улы заттар, нашақорлық дәрілер, қатты әсер ететін дәрілер және этил спирті арнайлы талаптарда толтырылады.Талаптарға бас дәрігердің қолы қойылып, емдеу мекеменің мөрі басылады. Дәріханадан нашақорлық дәрілер, қатты әсер ететін дәрілерді алу үшін талапта ауру тарихының нөмірін, пациенттің аты жөнін көрсетеді. Аға мейірбике дәріханадан дәрі-дәрмектерді алған кезінде оның сыртындағы жазуын,дозасын, түсін, сақтау мерзімін тексереді.

Дәрілерді сақтау кезінде, оларды топтарына қарай орналастырады: А тізімі (улы және нашақорлық дәрілер), Б тізімі (қатты әсер ететін дәрілер)- арнайлы сейфта сақталады. Сейфтің кілті емдеу мекеме бұйрығымен тағайындалған, оларды сақтап және беретін жауапты жұмыскерлерде ғана болады. Қалған дәрі –дәрмектер шкафтардың «Сыртқы», «Ішкі», «Парентеральдық» деген, белгіленген арнайлы орындарында сақталады. Кезекті тапсырарда мейірбике арнайы журналдарды толтырады.

Бөлімшеде нашақорлық дәрілердің қоры 3 күнен, улы дәрілік заттар-5 күннен, қатты әсер ететін дәрілердің қоры 10 күннен аспауы тиіс. Сақталатын орындарда температуралық тәртіп сақталады. Жарыққа сезімталдығы жоғары дәрі – дәрмектер қараңғы, жабық шкафтарда сақталады. Иістері қатты шығатын дәрі-дәрмектер жабық тартпаларда сақталады. Қайнатпалар, тұнбалар, эмульсиялар, антибиотиктер, балауыздар, арнайы тоңазытқышта +2 градустан +10 градусқа дейін сақталады.

Дәрі-дәрмектерді сақтау мерзіміне дейін пайдалану керек. Улы, нашақорлық, қатты әсер ететін дәрілер және этил спирті нөмірленген, тігілген, емдеу мекеменің мөрі және бас дәрігердің қолы қойылған журналда есеп жүргізіледі. Арнаулы тіркеу журналына дәрінің дозасын, мөлшерін, науқастың ауру тарихының номерін, аты жөнін, диагнозын қолданылған күнін тіркейді. Нашақорлық дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды. Ампулаларды қолданғаннан кейін лақтырып тастамайды, бір тәулік сейфқа сақтайды немесе аға мейірбикеге тапсырып содан кейін бақылаушылар мүшелерінің қатынасы бойынша жойылады.

Улы заттар: мышьяк, атропин, стрихнин.

Қатты әсер ететін дәрілер: аминазин, адреналин, преднизолон. Осы айтылған дәрілер арнайы шкафтарда сақталынады /А және В/ және дәптерге тіркеледі.

Ерекше тіркеуге жататын нашақорлық дәрілер: морфин, омнопон, промедол, кодеин т.б. Нашақорлық дәрілерді ұрлаған үшін медицина қызметкерлері жауапқа тартылады.

Тиым салынады:

· дәрілердің көлемін, ұқсас әр түрлі ораудағы дәрілерді бір – біріне қосуға болмайды;

· дәрілердің заттаңбасын өзгертуге болмайды;

· заттаңбасыз дәрілерді сақтауға және қолдануға болмайды;

Дәрілердің қолдануға болмайтын белгілері:

· ертіндінің тұнықтығы;

· түсінің өзгеруі;

· иістенуі;

· таблетканың үгітілуі;

· заттаңбасында мерзімінің асып кетуі;

Дәрілерді пациентке бергеннен бұрын:

· нұсқау қағазына назар аударып оқыңыз;

· науқастың нұсқау қағазындағы аты жөнін анықтаңыз;

· дәрі атын дозасын, қолдану тәсілін тексеріңіз;

· дәрінің заттаңбасын тексеріңіз;

· науқас дәріні сіздің көзінше қолданады.

Улы заттар, нашақорлық дәрілерді арнайы тексеру керек. Нашақорлық дәрілерді дәрігердің нұсқауынсыз қолдануға болмайды. Ампулаларды қолданғаннан кейін лақтырып тастамайды, бір тәулік сейфқа сақтайды немесе аға мейірбикеге тапсырып содан кейін бақылаушылар мүшелерінің қатынасы бойынша жойылады.

Улы заттар: мышьяк, атропин, стрихнин.

Қатты әсер ететін дәрілер: аминазин, адреналин, преднизолон. Осы айтылған дәрілер арнайы шкафтарда сақталынады /А және В/ және дәптерге тіркеледі.

Ерекше тіркеуге жататын нашақорлық дәрілер: морфин, омнопон, промедол, кодеин т.б. Нашақорлық дәрілерді ұрлаған үшін медицина қызметкерлері жауапқа тартылады.

14.1Дәрілерді енгізу жолдары

Дәрі- дәрмектерді ағзаға енгізу үшін үш тәсілге бөледі:

1. сыртқы жолмен:

· тері арқылы

· шырышты қабаттар арқылы

· тыныс алу жолдары арқылы

2. энтералдық жолмен:

Ø ауыз арқылы

Ø тіл астына

Ø тік шекке

3. парентеральдық жолмен:

Ø тіндерге

Ø қуыстарға (плевра қуысына, буындарға т.б.)

Ø тамырларға

 

 

 


Сыртқы жолмен майларды, эмульсияларды, ертінділерді тұнбаларды, микстураларды, ұнтақтарды қолданады. Оларды компресс, дәкені сұйық дәріге малып ауырған жерге тарту, жағу, сүрту, себу, жараға орам салумен, тамшы, ингаляция арқылы енгізеді.

Дәрілерді энтералдық жолмен таблетка, пилюля, ұнтақ, капсула, драже, тұнба, қайнатпа арқылы жіберілуі кең түрде қолданылады. Осы тәсілдің кемістіктері:

· асқорыту органдарына баяу сіңуі;

· асқазан, ішек сөлдерінің және өттің дәрі –дәрмектерге кері әсері;

· дәрілер жартылай бауырға сіңеді;

· дәрі –дәрмектер қанға жартылай сіңеді, сондықтан дозасын тура табу қиын;

· дәрілердің әсері пациенттің жасына, жекелік сезімталдығына, ағзаның патологиялық процесстеріне тәуелді;

· сана сезімнің жоқтығында, құсық кезінде, ауызға дәріні беруге мүмкіншілігі жоқ. Мысалы: - стрептомицин, асқазан кілегейлі қабатына сіңбейді;

· инсулин, окситоцин асқазанды, ішекті зақымдандырады;

· гормондар /бауырды зақымдайтын әсері бар, асқазанға қатты тітіркендіргіш жағдай көрсетеді/;

· дәрілер асқазанның кілегейлі қабатына жағымсыз әсер етпеу үшін, оның сыртқы қабаттарын пленкамен жабады. Кейбір дәрілер біртіндеп сіңу үшін және жағымсыз әсер етпеу үшін көп қабатты болады.

Осы тәсілдің артықшылықтары:

· дәрі –дәрмектердің түрінің көбі, оларды пайдалану аса қиын емес және залалсыздандырылмаған түрде пайдалануға болады;

· тіл астына берілген дәрілер қаңға тез сіңеді, асқазан, ішек сөлдерінің және өттің кері әсерісіз.

14.2.Дәрілерді ауыз арқылы енгізу.

Пациент дәрінің атын және дозасын міндетті түрде білуі тиіс.

Дәрілерді тарату ережелері:

· дәрінің заттаңбасына назар аударып оқыныз;

· дәрілерді тек қана нұсқау қағазы бойынша таратыңыз;

· дәріні немен ішетінің пациентке хабарлаңыз;

· дәріні пациентке сіздің көзінізше ішкізініз;

· тамақтың алдында 15-30 минут бұрын ішуін немесе артынан 15-30 минуттан кейін ішуін алдын – ала ескертіңіз;

· кейбір дәрілерді ашқарынға (гельминттарға қарсы дәрілерді), ұйықтататын дәрілерді 30 минут ұйықтар алдында ішетінің ескерту;

· нитроглицерин, валидол таблеткалары пациенттің тумбочкасында болу тиіс;

· сұйық дәрілерді берер алдында шайқау керек;

· пациентке дәрінің әсерін, ерекшелігін, асқынуы туралы ескертіңіз.

Таблеткаларды, драже, капсулаларды, пилюлаларды тіліне салып сумен немесе кейбір жағдайда сүтпен, кисельмен ішкізу керек. Егер пациент таблетканы тұтас іше алмаса, онда өзі шайнап ішуіне болады (темірі бар таблеткалардан басқа). Драже, капсулаларды, пилюлаларды тұтасымен ішеді. Қарт, егде жастағы пациенттерге күнделікті арнайлы үш секцияға бөлінген (таңертен, күндіз, кешке деген жазуы бар) контейнер қолдануға болады. Ұнтақты пациент сумен езіп ішеді. Тұңбаларды, қайнатпаларды, микстураларды арнайлы 15мл қасықпен ішеді. Спирттық тұңбаларды, экстракттарды тамшы арқылы қолданады.

14.3 Тіл астына дәрілерді қолдану /сублингвально/

Ауыз-қуысында қан тамырларының көп болғандықтан дәрілер тез түрде сіңеді. Мысалы: валидол, нитроглицерин, клофеллин жиі қолданады. Дәріні тіл астына сінгенше ұстайды, жұтуға болмайды, өйткені дәрінің әсер төмендейді. Тіл астына дәрілерді жиі қолдануға болмайды, себебі ауыздың шырышты қабаты тітіркенеді.

14.4. Дәрілерді тік ішекке енгізу /рег гесtum/

Тік ішекке сұйық дәрілерді және суппозиторияларды енгізеді. Дәріні жіберер алдында тазарту клизмасын жасайды. Лимфа және көк тамыр қосындысының көптігінен дәрілер жақсы сіңеді де, жалпы қан жүйесіне барады. Бұл әдістің күрделілігі асқазанды тітіркендірмейді. Сондықтан, егер пациентте құсу, лоқсу, өңештен өтпеген жағдайда, тік ішек арқылы енгізуге болады.

Кемшіліктері: /психологиялық ыңғайсыздық/ көбінесе тік ішек арқылы гемморой, тік ішектің қабынуларын емдеу үшін балауыздарды қолданады. Кейбір дәрілердің қолдану ережелері бар.

Тік ішекке суппозиторияларды қолдану.

Процедура барысы:

· суппозиторияларды тоңазытқыштан алып атын оқыңыз;

· пациентке дәрі туралы хабарлама беріп, келісім алыңыз;

· пациентті қырынан жатқызып, аяғын тізесіне бүктіріңіз;

· резеңке қолғапты қолыңызға киініз;

· суппозиторияны алып пациенттің жамбасын ашып тік ішекке енгізініз;

· пациентті ыңғайлап жатқызыңыз;

· резеңке қолғапты шешіңіз;

· бірнеше сағаттан кейін пациенттің жағдайын сұраңыз.

Дәрілерді тік ішекке дәрілік клизма арқылы жіберуге де болады.

 

14.6.Дәрілерді ингаляция тәсілімен енгізу.

 

Дәрілерді дем арқылы енгізуін ингаляция деп атайды. Ингаляция арқылы тыныс алу жолдарына аэрозоль түрінде (В - адренолитиктерді), газ түрінде (анестетиктар), ұнтақ түрінде (хромогликоль натрий) т. б. енгізіледі. Осы жол арқылы дәрілер тез сіңеді де жергілікті әсер етеді.

14.1-сүрет: ингаляторды қолдану

 

Газдалған дәрілер (фторотан, эфир) тез түрде әсері тоқтайды. Аэрозольдар көбінесе бронх шырышты қабаттарының ауруларында қолдануға болады (мысалы: сальбутамол, интал, беротек т.б.). Ауыз арқылы қалталы ингалятор, небулайзер, дискхалер, турбохалер немесе циклохалер арқылы енгізіледі. Ингаляцияның көлемін және уақытын дәрігер анықтайды. Дәрігердің тексеруінсіз, бірақ дәрігердің нұсқауымен 5 минут аралығында екі ингаляциялы дозаны беруге болады. Дәріні ауаға шашыратуға болмайды, ол өте қауіпті! Ингаляция арқылы дәрінің қолдануын мейірбике пациентке үйретеді. Пациентке ингаляция әдісін үйретуі үш кезеннен құралады:

· дәрі туралы хабарлау;

· ингаляция әдісін үйрету;

· пациентті бақылау, қажетті жағдайда корректеу.

Дәріні ингалятор арқылы жіберудің бір ізділігі:

· дәрінің атын оқыңыз;

· пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

· ингаляциялық баллончикті алып, қалай қолданатының пациентке көрсетіңіз;

· пациентті отырғызып немесе шамасы келсе тұрғызыныз;

· ингалятордың мүштігін алыңыз;

· ингалятор жоғарыдан төменге аударып шайқаңыз;

· пациенттің үлкен саусағы баллончиктің астында екінші саусағы жоғарғы

жақта болады;

· пациентке терең түрде демді шығаруын сұраңыз;

· ингалятордың мүнштігін пациент ернімен алып, басын кішкене шалқайтады;

· пациентке терең түрде демін алуын сұраңыз, сонымен бірге баллончиктің түбін басыңыз;

· демің пациентке шамасы келгенше 5-10 сек. ұстатып, ингаляторды аузынан алғызыныз;

· пациент демін жайлап шығарсын;

· осы процедураны сіздің көзінізше пациент тағыда қайталасын;

· ингалятордың қақпағын жабыңыз;

· пациент аузын сумен шайсын;

· қолыңызды жуып құрғатыңыз.

Дем жолдарына (демікпеде) қолдану үшін, сұйық дәрілерді “дымқыл – небулайзер” арқылы қолданады. Дәрілермен демді алғанда көп дәрілер ауызда, кеңірдекте қалып қояды. Сол себептен спейсер немесе спинхалер қолданады.

Спейсер ішіндегі дәрі тұман болып, бронхтарға барып тармақтарын кеңейтеді.

14.7.Мұрынға тамшы тамызу әдісі

Мұрынға ертінділерді, ұнтақтарды, майларды, эмульсияларды қолданады. Дәрілер мұрынның кілегейлі қабатынан жергілікті тез сіңеді. Рефлекторлық тітіркендіргіштің әсер етуі үшін, ұнтақты мұрынның бір бөлігін қысып, екінші бөлігіне ауа жібергендей сіңіреді. Талып қалғанда мүсәтір спиртін қолданады. Мұрынға мақтамен малынған мүсәтір спиртін иіскетеді.

 

14.2-сүрет: мұрынға тамшы жіберу

 

Процедура барысы:

· дәрінің атын оқып, 36-37 С жылытыңыз;

· пипетканы дайындаңыз;

· пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

· пациентті отырғызып, мұрынның қуысын тазартыңыз:

· пипеткаға дәріні сорып алыңыз;

· пациентке басын шалқайтуға, мұрынның қандай бөлігіне дәріні жіберетінің түсіндіріп, сол жаққа қисайтуын сұраймыз;

· мұрынның ұшын көтерініз;

· 3–4 тамшыны мұрынның ішіндегі жоғарғы жағындағы шырышты қабатына тамызыңыз;

· пациентке мұрынның шеміршегін дәкемен басып тұруын сұраймыз (екінші жағынан осы процедураны қайталаңыз);

· пациенттің қал – жағдайын сұраңыз;

· пипетканы кез келген дез ертіндісіне салыңыз;

· қолыңызды жуыңыз.

14.8.Мұрынға май жіберудің мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атын оқыңыз;

· пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

· мақталы турундаларды дайындаңыз;

· пациенттің басын шалқайтыңыз;

· мақталы турундаларға 0,5 – 0,7см бойынша майды жағыңыз;

· турунданы мұрынның қуысына 2-3 минутқа салыңыз;

· екінші мұрынның қуысынада салыңыз;

· турундаларды алып, кез келген дезинфекциялық ертіндісіне салыңыз;

· медициналық құжатқа орындаған процедураны тіркеңіз.

14.9.Құлаққа дәріні жіберудің мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атың оқыңыз;

· флакондағы дәріні дене температурасына дейін жылытыңыз;

· пипетканы дайындаңыз;

· пациентке хабарлап, түсіндіріп, келісім алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

· пациенті қырынан жатқызып, басын енкейтіңіз;

· пипеткамен 2 – 3 тамшы дәріні сорып алыңыз;

· құлақтың шеміршегін артқа жоғары көтеріңіз;

· тамшыны құлағына жіберіңіз;

· құлағын мақта түйіршігімен жаба тұрыңыз;

· пациентті қырынан 10 – 15 минут жатуын сұраңыз;

· пациенттің жағдайын біліңіз;

· пипетканы дззертіндісі бар лотокқа салыңыз;

· резеңке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

 

14.10.Дәріні көзге тамызудың мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атын оқыңыз,

· қолыңызды жуыңыз;

· пипетканы, залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, көз тамшыларын (36-37 С жылытылған) дайындаңыз;

· пациентке түсіндіріп, келісім алыңыз;

· пациентті басын шалқайтып отырғызыңыз немесе жатқызыңыз;

· оң жақ қолмен дәрісі бар пипетканы ұстап, сол жақ қолымен мақта түйіршігін алып, төменгі кірпігін төмен тартыңыз;

 

14.3-сүрет: көзге тамшы жіберу

· төменгі кірпіктің шырышты қабатына 1 – 2 тамшы жіберіңіз;

· пациенттің көзін жабуын сұраңыз;

· сыртта қалып қойған дәріні мақта түйіршігімен сүртіп алыңыз;

· пациенттің жағдайын біліңіз;

· пипетканы дззертіндісі бар лотокқа салыңыз;

· қолды жуып құрғатыңыз.

14.11.Ұнтақты қолданудың мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атына назар аударыныз;

· пациентке хабарлап, келісім алыңыз;

· процедура жасар алдында пациентті басқа пациенттерден перде арқылы бөліңіз;

· қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

· ұнтақты салатын жерін марлі дәкемен құрғатыңыз;

· ұнтақты біркелкі терінің сыртына салыңыз;

· резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз;

· пердені алып тастаңыз.

14.12.Майды теріге жағу

Майды жағуға болады:жұқа түрінде, тану арқылы, уқалау арқылы. Осы тәсілдерді дәрігер тағайындайды.

14.4-сүрет: майды қолдану

Майды уқалау арқылы енгізудің мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атын оқыңыз, пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

· майды жағатын жерді көріп алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

 

14.5-сүрет: май жағу

· аппликаторға керекті мөлшерде майды алып жағыңыз;

· май ерігенше айналдыра жағыңыз;

· пациентті жылылаңыз;

· қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

14.13.Майды жұқа түрде енгізудің мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· дәрінің атын оқыңыз;

· пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· пациентті ыңғайлап отырғызыңыз;

· майды жағатын жерді көріп алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғапты киіңіз;

· шынылы күрекше немесе шпательмен сықпадан керекті мөлшердегі майды алыңыз;

· майды жұқалап теріге жағыңыз;

· пациент 10 – 15 минут майды жаққан жерін ашық ұстайды;

· пациенттің жағдайын сұраңыз;

· резенке қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

14.14.Майды тану арқылы қолданудың мейірбикелік технологиясы.

Керекті заттарды әзірлеңіз:залалсыздандырылған дәкелер, мақта, бинт, қайшы, шпатель, май.

Процедура барысы:

· майдың атын оқыңыз;

 

 

14.5-сүрет: майды тану арқылы қолдану

 

· пациентке хабарлап келісім алыңыз;

· қолды жуып резеңке қолғап киіңіз;

· залалсыздандырылған дәкеге шпательмен керектің майдың мөлшерін алыңыз;

· майлы дәкені салатын жеріне салып, оның үстің мақтамен және бинтпен ораңыз;

· қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Тарау

Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу.

Процедура кабинеті барлық емдеу мекемелердің бөлімшелерінде болады. Процедуракабинеті әр түрлі диагностикалық және емдеу манипуляцияларды орындайды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, т.б. Процедура кабинеті екі аймаққа бөлінеді: таза және болжамды таза. Таза аймақта залалсыздандырылған құрал-жабдықтар, құрғақ-ыстық шкаф, тоназытқыш, дәрілер тұратын шкаф болады. Бұл жерге пациенттерге тұруға болмайды. Болжамды таза аймақта қалған құрал-жабдықтар болады.

15.1-сүрет: процедура кабинеті

15.1.Процедура кабинетіндегі мейірбикенің стандарты.

1. Сыртқы келбеті.

2. Мейірбикенің әріптестерімен, ата – аналарымен, балаларымен этика және деонтологиясы.

3. Мейірбикенің кәсіби міндеті.

4. Асептика, антисептика ережесін сақтау.

5. Дәрілерді топтар бойынша жазып алу, сақтау.

6. “А”- тізіміндегі дәрілердің тәуліктік және бір рет қолданылатын дозалары.

7. Құжаттарды жүргізу.

8. ОЗБ материалдарды дайындау, мерзімін сақтау.

9. Алғашқы жедел жәрдем көрсететін дәрілер жинағын дайындау (анафилактикалық шок) т.б.

10. Санитарлық эпидемияға қарсы тәртіпті ұйымдастыру.

11. Анти – Спид (орауы).

12. Процедура кабинетін жабдықтандыру.

13. Биохимиялық, серологиялық және т.б. зерттеуге ескерту жасау.

14. Тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға ине салу, система жинау, қанның тобын тексеру, резус – факторды анықтау.

15. Стерналдық және жұлынды – милық пункция жасау.

16. Бұғана астына салатын катетерді күту.

17. Бұйрықтар.

18. Дәрілермен жұмыс істеу туралы ескерту.

19. Манипуляция жасау туралы ескерту.

20. Өз мамандығын жоғарлату.

15.2 -сүрет: процедура кабинетінің жабдықтары

 

Процедура кабинетінің жабдықтары

1. Кушетка

2. Дәрілерді сақтайтын шкаф.

3. Сейф.

4. Тоңазытқыш.

5. Манипуляциялық үстел:

· залалсыздандырылған түйіршіктертер

· 6 % - асқын тотығындағы пинцет

· 70 % спирт

· дәрі – дәрмектер

6. Залалсыздандырылған биксті қоятын үстел.

7. Дезинфекциялық ертінділерді қоятын үстел.

8. Штативтер.

9. Жинау инвентарлар.

10. Қолжуғыш.

11. Орамал.

 

15.3-сүрет: процедура кабинетінің жабдықтары

 

Процедура кабинетінің құжаттарының тізімі.

1. Дәрілерді тапсыру журналы.

2. Шприцтерді тапсыру және тіркеу журналы.

3. Наркотиктерді тіркеу журналы.

4. Тоңазытқыштың температурасын тіркеу журналы.

5. Бактерицидтық шамның тіркеу журналы.

6. Қанды сақтау температурасының режимін сақтау журналы.

7. Қанның тобын және Rh – факторын тіркеу журналы.

8. Трансфузиялық орталарды құю туралы тіркеу журналы.

9. Спиртті тіркеу журналы.

10. Қанды ВИЧ – жұқпаға тексеру журналы.

11. Гемотрансфузияның тіркеу журналы.

12. Манипуляцияның тіркеу журналы.

 

 

15.4-сүрет: процедуралық мейірбикенің жұмыс орны

 

Процедуралық мейірбикенің жұмыс жоспары.

800 – 815 – Түнгі жұмыс істеген мейірбикеден кезекті қабылдап алу.

815 – 830 – Дезинфекциялық ертінділерді дайындау,тазарту жүргізу.

830 – 900 – Биохимиялық анализдерді алу.

900 – 930 – Бикстерді ОЗБ апару.

930 – 1200 – Жоспарлық операциялар (жансыздандыру) пациенттерді қабылдау, құжаттарды толтыру, қанның тобын тексеру, жаңадан түскен пациенттерді тіркеу.

1200 – 1430 – Дәрігердің нұсқауларын орындау.

1430 – 1500 – Нұсқау қағазынан дәрілерді жазып алу

1500 – 1530 – Жолдама бойынша аға мейірбикеден дәрілерді алу.

1530 – 1545 – Кезекті жауапты мейірбикеге тапсыру.

Анафилактикалық шок жағдайында дәрілер

және жабдықтар тізімі.

1. Адреналин 0,1% №10 амп

2. Норадреналин 0,2 % №5 амп

3. Пипольфен №10 амп

4. Супрастин №10 амп

5. Димедрол 1 % №10 амп

6. Преднизолон 30 мг №10амп

7. Дексаметазон 4 мг № 10 амп

8. Гидрокортизон 5 мл (көк тамырға жіберетін) № 10 амп

9. Эфедрин 5 % ертіндісі № 10 амп

10. Эуфиллин 2,4 % ертіндісі №10 амп

11. Мезатон 1 % ертіндісі № 10 амп

12. Строфантин 0,05 % ертіндісі №5 амп

13. Корглюкон 0,06 % ертіндісі № 5 амп

14. Кофеин 10% ертіндісі №10 амп

15. Кордиамин № 10 амп

16. Глюкоза ертіндісі 40 % ертіндісі № 20 амп

17. Натрий хлор 0,85 % ертіндісі № 20амп

18. Пенициллиназа 1 млн №3амп

19. Оттегі баллоны

20. Жасанды дем жасайтын аппарат

21. Ішкі инфузия жасайтын аппарат

22. Шприцтер 20 мл, 10 мл, 5 мл, 2 мл

23. Бұрау (жгут)

24. Сорғыш(отсос)

25. Спирт 70 % ертіндісі 100 грамм

26. Скальпель

27. Ауызды кеңейткіш

28. Жастықша (оттегі бар).

Жедел жәрдем көрсету үшін қолданылатын дәрілер

1. Строфантин, дигоксин, кордиамин

2. Эуфиллин

3. Лазикс

4. Адреналин

5. Дексаметазон

6. Супрастин

7. Атропин

8. Седуксен, реланиум

9. Аминазин

10. Обзидан

11. Лидокаин

12. Инсулин

13. Полиглюкин

14. Глюкоза

15. Физиологиялық ертінділер

16. Шприцтер

17. Системалар

18. Спирт

19. Бұрау (жгут)

 

15.2 Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу түрлері

Парентералдық (ас қорыту жолынан тыс) жолмен дәрі - дәрмектерді инъекция арқылы қолданады. Инъекциялық дәрілердің ерекшеліктері: дәріні жіберген де бір тұтастығы бұзылады; арнайлы шприц және ине қолданылады. Инъекцияны тері ішіне, тері астына, бұлшық етке, көк тамырға, сүйекке, қуыстарға, милы қабатына, жұлынға, бездерге, артерияларға жасауға болады. Кейбір инъекцияларды (бұғана асты веналарға, артерияларға, лимфатикалық бездерге, қуыстарға, милы қабатына) дәрігер орындайды. Басқа инъекцияларды: тері астына, тері ішіне, бұлшық етке, көк тамырға мейірбике орындайды.


15.5-сүрет: ине салатын орындары

Дәрілерді парентералдық жолмен енгізу артықшылықтары:

Дәрінің тез арада әсер етуі; дозаның тұрақтылығы; дәрі – дәрмектер өзгертілмеген түрде қанға баруы; бауырға әсер етпеуі; пациенттің құсық болған кезінде, дем алуы қиындағанда, сана сезімі болмағанда кедергі болмауы. Кемшіліктері: медициналық қызметкерінің қатысуы; асептика және антисептика ережелерін сақтауы; қансырауда қолданудың қиындылығы; инъекция салатын жердің зақымдануы.

 

15.3.Шприцтің құрылысы және сипаттамасы.

Шприцтің құрылысында:циллиндр, поршень, ине болады. Шприцтің көлемі инъекцияның мөлшеріне байланысты:

1. тері ішіне – 0,5 мл ертіндіге дейін жібереді;

2. тері астына – 0,5 – 2 мл ертіндіге дейін жібереді;

3. бұлшық етке – 1 – 10 мл ертіндіге дейін жібереді;

4. көк тамырға – 20 мл ертіндіге дейін жібереді;

5. қуыстарға – 20 – 50 мл ертіндіге дейін жібереді.

Қазіргі заманға сай көбінесе бір рет қолданатын шприцтер енгізілген, Жанэ шприці және инсулин шприцтері бар. Инелердің ұзындығы, диаметірі инъекция салатын жерлермен байланысты:

1. тері ішіне салатын иненің ұзындығы – 15мм, диаметрі - 0,4мм;

2. тері астына салатын иненің ұзындығы – 20мм, диаметрі - 0,4 - 0,6мм;

3. бұлшық етке салатын иненің ұзындығы – 60-80мм, диаметрі-0,8- 1мм;

4. көк тамырға салатын иненің ұзындығы – 40-60мм, диаметрі-0,8-1мм.

15.4.Дәріні ампуладан сорып алудың мейірбикелік технологиясы.

Процедура барысы:

· бір рет қолданатын шприцті дайындап алыңыз, оны орамынан поршені бар жағынан ашыңыз;

· спирт 70 %, дәріні, шприцті, инені, залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, егеуішті дайындаңыз;

· қолды гигиеналық деңгейімен жуып құрғатып, залалсыздандырылған резеңке қолғапты киініз;

· ампуланы алып, ақ халаттың білегіне қарай әкеліп, атын, мерзімін, түсін анықтаңыз;

· ампуланы залалсыздандырылған мақта түйіршікпен өндеп, егеуішпен егеңіз;

· екінші залалсыздандырылған мақта түйіршікпен төменнен жоғары сүртіп ампуланы ашыңыз;

· ампуланы сол жақ қолдың 2 – 3 саусақтың арасында ұстап, оң қолға шприцті инесімен алып, инені ампуланың ішіне абайлап салыңыз, шприцтің цилиндірін 1,4,5 саусақпен ұстап, оң қолмен поршенді астыға тартып, дәріні сорып алыңыз;

· иненің қақпақшасын аса тығыздамай жауып, ауасын шығарыңыз;

· егер палатада жатқан пациентке апаратын болсаңыз, залалсыздандырылған лотокқа: залалсыздандырылған мақта түйіршіктерін, спирт, дәрісі бар шприцті салып, залалсыздандырылған дәкемен жауып апарасыз.

15.6-сүрет: дәріні ампуладан сорып алу әдісі

 

15.5.Физиологиялық жансыздандыру әдістері.

Инъекция жасау нәтижесі жансыздандырудан және мейірбикенің;

жұмысынан байланысты:

1. мейірбике таза – тиянақты болуы;

2. процедура кабинетінің таза болуы;

3. нәтижелі медициналық құралдар (ине өткірлігі);

4. дәріні пациенттің қатынасуымен ампуладан дайындап алуы;

5. инъекцияның орның дұрыс тандап алуы;

6. пациентке инъекция жасар алдында хабарлау;

7. тоңазытқышта тұрған дәрілерді бөлме температурасына дейін жылыту;

8. дәріні абайлап, баяу жіберу;

9. процедура кабинетін желдету, уақытымен жинау;

10. әр түрлі жансыздандыру әдістерін қолдану.

Инъекция жасайтын орындарының жансыздандыруын үш әдіспен орындауға болады:

І әдіс:Саусақпен басу: инъекция жасайтын жерін 10х10см көлемде спиртпен сүртіп алып, екінші мақта түйіршегімен терендігі 1см–ге дейін 10 сек басып тұрады. Содан кейін мақтаны алып, сол жерге дәріні жібереді.

ІІ әдіс:Инъекция жасайтын жерді кең аймақта 10х10см спиртке малынған түйіршегімен сүртіп үлкен бас бармағымен және екінші саусағымен теріні тереңдігі 1см –ге дейін 2см–ге тартады да орның екінші спиртке малынған мақта түйіршегімен сүртіп инъекция жасайды.

ІІІ әдіс:Осы әдіс бойынша шынылы немесе пластмасс трубкаларды қолданады (көбінесе инелердің қақпақшаларын). Жалпы және жергілікті аймақта спиртке малынған мақта түйіршегімен сүртіп трубканы тереңдігі 1см -ге дейін 10 секунд басып соның ішіне инені салып дәріні жібереді, содан кейін инені, трубкамен қоса алып тастайды.

15.7-сүрет: бикстен мақта түйіршектерін алу

15.6.Тері ішіне ине салу мейірбикелік технологиясы.

Тері инъекцияны диагностикалық мақсатпен жасайды: туберкулин (Манту сынағы), аллергиялық сынақтар. Инъекция жасайтын орындары: білегінің ішкі ортаңғы бөлігі. Дәріні терінің эпидермальдық қабатына 0,1–1мм–ға дейін ертіндіні жібереді.

Процедура барысы:

· антибиотигі бар флаконды, инъекцияға арналған суды, залалсыздандырылған мақта түйіршеіктерін, 70 % спирт, резенке қолғап, сызғыш және 1мл–лық шприц дайындаңыз;

· антибиотикті инъекциялық сумен немесе физиологиялық ертіндісімен (100 000 Б – 1 мл – ге) ерітіңіз;

· шприцпен 0,1 мл антибиотик ерітіндісін сорып алыңыз;

· ине салатын орның спиртке малынған мақта түйіршікпен ен бірінші 10х10см, және 5х5см жергілікті аймақты сүртіңіз;

15.8-сүрет: тері ішіне ине салу

· спирт құрғағанша тосыңыз;

· сол қолыңызбен теріні тартып, оң қолыңызмен шприцті 5◦ –та, иненің тесігі жоғары қарап тұрған бойы терінің ішіне 1мм – ге дейін кіргізіңіз;

· ине салған жерде “лимон сырты” тәрізді түйме пайда болады;

· мақта түйіршегін алмай инені алыңыз;

· 30 мин-тан кейін сынакқа сипаттама беріңіз;

· егер гиперемия 0,5см артық болса, онда сынақ оң, антибиотикті қолдануға болмайды, егер 0,5см кем болса, онда сынақ күдікті болады, қалыпты жағдайда ешқандай реакция болмайды;

· қолданған шприцпен инені контейнерге жою үшін салыңыз;

· резенке қолғапты шешіп, қолды жуыңыз.

 

15.7.Дәріні тері астына енгізудің мейірбикелік технологиясы.

Мақсаты:емдік

Жабдықтар:2мл–лік шприц, дәрілік заты бар ампула, 4 қабатталған залалсыздандырылған дәке, залалсыздандырылған мақта түйіршіктер, резеңке қолғап, 70 % - тік спирт, пинцет, лоток.

Салатын орындары:иықтың сыртқы жоғарғы бөлігі, санның алдынғы жағы, жауырынның асты, кіндіктің сол жақ және оң жақ аймақтары.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· қолды жуып, залалсыздандырылған қолғапты киіңіз;

· ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

· пациентті ыңғайлап отырғызып, инъекция салатын орынды басып көріңіз;

· шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта түйіршікпен сүртіп алыңыз;

· сол қолмен теріні жиырып жоғары тартып, оң қолмен шприцті алып ине тесігін жоғары қаратып, бұрышы 450 2/3 бөлігіне салыңыз;

· сол қолды босатып, поршенді ұстап, дәріні жіберіңіз;

· дәріні жібергеннен кейін үшінші спиртке малынған мақта түйіршегін ине үстіне қойып шприцпен инені суырып алыңыз;

· мақта түйіршегін 2–3 минутқа ұстауын пациенттен сұраңыз;

· мақта түйіршегін жою үшін контейнерға тастаңыз;

· шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

· қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

15.9-сүрет: тері астына ине салу

15.8.Дәріні бұлшық етке енгізудің мейірбикелік технологиясы.

Мақсаты:емдік.

Салатын орындары:иықтағы дельта тәрізді бұлшық еті, санның алдыңғы сыртқы аймағы, жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі. Бұлшық етке инъекция жасағанда дәрілер қанға біртіндеп сіңеді, әсіресе антибиотиктер. Иненің ұзындығы майлы қабатының көлеміне байланысты, себебі ине эпидермис, дерма, майлы қабаттарынан өтіп бұлшық етке жетеді. Сондықтан иненің ұзындығы 60 – 80мм болу керек.

 

15.10-сүрет: бұлшық етке ине орындары

 

Инъекция жасар алдында пациентке мағынасын түсіндіріп, аллергоанамнезін анықтаймыз және ине салатын орның дайындаймыз.

Жабдықтар:5мл–лік шприц, салатын дәрі, залалсыздырылған мақта түйіршігі, пинцет, резеңке қолғап, 70 % - тік спирт, лоток, залалсыздырылған дәке.

15.11-сүрет: бұлшық етке ине салу

 

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· қолды жуып, залалсыздырылған резенке қолғапты киіңіз;

· ампуладан керекті мөлшерде дәріні сорып алыңыз;

· пациентті ыңғайлап кушетқаға жатқызыңыз;

· инъекция салатын орынды саусақпен басып көріңіз;

· шприцті оң жақ қолмен ұстап ине салатын жерді кең аймақта 10х10 см және жергілікті 5х5 см спиртке малынған мақта түйіршікпен сүртіп алыңыз;

· теріні 1–2-ші сол жақ қолдың саусағымен тартыңыз, шприцті 900 бұрышпен 3/2 ұзындығына жіберіңіз;

· поршеньді тартып, ине канюлясында қан жоқтығын анықтаңыз;

· дәріні баяу жіберіңіз;

· үшінші мақта түйіршікпен ине үстіне қойып шприцпен инені суырып алыңыз;

· пациентке мақта шаригін 2–3 минут ұстауын сұраңыз;

· мақта түйіршегін контейнерге жою үшін тастаңыз;

· шприцпен инені контейнерге жою үшін тастаңыз;

· қолғапты шешіп, қолыңызды жуыңыз.

Ескерту:егер пациент дәріні бірінші рет алып отырса, оның жағдайын 30 минутқа дейін қадағалап отырыңыз. Инъекция жасаған жеріне массаж жасамайды. Инъекцияны пациент ұзақ мерзімде қолданса, бір сағаттан кейін жылытқыш беріңіз немесе йодтық тор сызығын жасаңыз.

 

15.12-сүрет: бұлшық етке ине салу

 

15.9.АНТИБИОТИКТЕРДІ ЕЗУ ӘДІСТЕРІ.

Антибиотиктерді езудің екі тәсілі бар. Антибиотиктерді залалсыздырылған су немесе физиологиялық ерітіндісімен езеді.

Бірінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1мл-де 100000 бірлік антибиотик болады. Сол себебтен 1: 1 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып,сыртындағы бірлігін оқыңыз.

2.Оны езу үшін керекті физиологиялық ерітіндісінің мөлшерін санап табыңыз. Флаконның сыртындағы антибиотиктің бірлігінін 100000-ға бөлуіміз керек. Мысалы: антибиотиктің флаконының заттаңбасында 600000 бірлік деген жазуы бар, оны 100000 бірлікке бөлеміз, сонда 6 мл. физиологиялық ерітіндіні флакондағы ұнтаққа езу үшін жібереміз.

3.Керекті мөлшерді санап табу. Бұл ерітінділерінің әрбір 1мл-де 100000Б, 2мл – 200000Б, 3мл – 300000Б антибиотик бар. Мысалы, бізге 250000Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 2,5 мл езілген ерітіндіні сорып аламыз. Бізге 300000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген ерітінділерін сорып аламыз. Бізге 500000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз.

15.13-сүрет: флаконнан дәріні сорып алу

 

Екінші әдіс

Бұл әдіс бойынша езілген ерітіндінің әр 1 мл-де 200000 бірлік антибиотик болады. Сол себебтен 1: 2 әдісі деп атайды.

1.Флаконды алып сыртындағы мөлшерін /бірлігін/ оқыңыз.

Мысалы – 600000 Б.

2.Енді оны езу үшін керекті ерітінділірін мөлшерін санап табуымыз керек. Оны есептеу үшін, флаконның сыртындағы антибиотиктің мөлшерін 200000 бөлуіміз керек. Мысалы: 600000: 200000 – 3 мл. ерітіндісі керек.

3.Керекті мөлшерді санап табу. Бұлардың әрбір мл – 200000Б антибиотик бар.

Мысалы, бізге 200000Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке

1 мл езілген ерітіндісін сорып аламыз. Бізге 300.000 Б антибиотик сорып алу

керек. Ол үшін біз шприцке 1,5 мл езілген ертіндісін сорып аламыз. Бізге

600000 Б антибиотик сорып алу керек. Ол үшін біз шприцке 3 мл езілген

ертіндісін сорып аламыз.

15.10.Көк тамырға дәріні енгізудің мейірбикелік технологиясы

Жедел түрде көмек көрсету үшін кейбір жағдайда көк тамырға дәріні жібереді. Көбінесе шынтақтың ішкі жағындағы тамырларға жібереді.

Жабдықтар:20мл–лік шприц, дәрі, залалсыздырылған мақта түйіршіктері, резеңке қолғап, 70 % - тік спирт, лоток, пинцет,бұрау, жастықша, маска.

Процедура барысы:

· пациентпен сенімділік қарым-қатынас жасаңыз;

· процедураның жүрісін түсіндіріп, келісімін алыңыз;

· қолды жуып, залалсыздырылған резенке қолғапты киіңіз;

· пациентті жатқызыңыз немесе ыңғайлап отырғызыңыз;

· пациенттің киімін қолынан босатып жастықшаңы шынтағына қойыңыз;

· шприцке дәріні сорып дайында







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 16632. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...


Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...


Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...


Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Механизм действия гормонов а) Цитозольный механизм действия гормонов. По цитозольному механизму действуют гормоны 1 группы...

Алгоритм выполнения манипуляции Приемы наружного акушерского исследования. Приемы Леопольда – Левицкого. Цель...

ИГРЫ НА ТАКТИЛЬНОЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ Методические рекомендации по проведению игр на тактильное взаимодействие...

Концептуальные модели труда учителя В отечественной литературе существует несколько подходов к пониманию профессиональной деятельности учителя, которые, дополняя друг друга, расширяют психологическое представление об эффективности профессионального труда учителя...

Конституционно-правовые нормы, их особенности и виды Характеристика отрасли права немыслима без уяснения особенностей составляющих ее норм...

Толкование Конституции Российской Федерации: виды, способы, юридическое значение Толкование права – это специальный вид юридической деятельности по раскрытию смыслового содержания правовых норм, необходимый в процессе как законотворчества, так и реализации права...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия