Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Залалсыздандыру.





Резенке трубкалардың, зондтардың, катетерлердің ішкі қуыстарының дымқылдығын екі қабатты дәкеге немесе пергаменттық қағазға салып автоклавка Т - 1200С; Қ – 1,1 атм: У – 45 минут залалсыздандырады.

Ауалық залалсыздандыру.

Бүкіл микроорганизмді ұрықтарымен жою үшін құрғақ ыстықты қолданады. Тәжиребелі ісінде СанПин талабы бойынша ауалық залалсыздандыруды 2 тәртіп арқылы қолданады:

- Т - 1800С; У– 60 минут; Т - 1600С; У– 150 минут.

Ыстық ауамен залалсыздандыру, арнайы ауа стерилизаторында жүргізіледі. Көбінесе металлдық, шынылы заттар, жіңішке фарфор, силикондық резенкелерді залалсыздандыру үшін қолданылады. Ауалық стерилизаторға тек қана таза құрғақ заттар салынады. Оларды төртбұрышты қораптарға салып, қақпағын ашып тастайды да, залалсыздандырудан кейін қақпағын қайтадан жабады.

Залалсыздандыруға болмайды: мақталық, синтетикалық заттарды және жануар жүндері, полиэтилен т.б.

Ауалық залалсыздандырудың күрделігі

- Құрал – жабдықтардың барлық жерлеріне енгізіледі;

- коррозиялық әсері жоқ;

- төменгі бағалы;

- ұнтақтарды, майларды, шынылы заттарды залалсыздандыруға болады.

Ауалық стерилизатордың жұмыс тәртібі.

1. Залалсыздандырылатын заттарды стерилизатор суық болып тұрғанда салады.

2. Қыздырады.

3. Залалсыздандыру температурасы – 1800 – ге дейін көтеріп 60 минутқа дейін белгіленеді.

4. Салқындатады.

5. Залалсыздандырылған заттарды алып, залалсыздандырылған қақпақпен жабады.

6. Егер құрал – жабдықтар залалсыздандырылған коропта болса – үш тәулікке дейін сақтанылады. Егер қақпақсыз болса тез арада қолданылады.

Залалсыздандыратын қораптарды реттеп салу алгоритмі

Мақсаты:залалсыздану деңгейін сақтау үшінавтоклавта залалсыздандыру Жабдықтау:

· зарарсыздандыратын ерітінді: 1% хлорамин ерітіндісі (немесе басқа рұқсат етілген ерітінді);

· «бикстер үшін» деген белгісі бар екі дана;

· сүлгілерді, қолғаптарды зарарсыздандыруға арналған ыдыс;

· қолғаптар, маска;

· бикстің ішіне салуға арналған үлкен қалың дәке;

· орауға арналған материалдар, медициналық бұйымдар;

· пішіні және сыйымдылығы әртүрлі залалсыздандыру қораптары(ЗҚ), фильтрлі немесе фильтрсіз қораптар.

Іс-әрекет алгоритмі:

1.Қолыңызды жуып, құрғатыңыз.

2.Бикстің дұрыстығын тексеріңіз.

3.Бикстің ішкі бетін және сырт жағын 2 рет, (15 минут аралығында) зарарсыздандырыңыз.

4.Бикстің ішіне матаны оның шеттері бикстің биіктігінен 2/3-дей сыртына шығып тұратындай салыңыз.

5.Материалдарды немесе бұйымдарды арасына қол сиятындай бостау етіп ретпен салыңыз.

6.Осы бұйымдар үшін температура тәртібіне сәйкес залалсыздандыру индикаторын салыңыз.

7. Барлық салынған материалды бикстің сыртына шығып тұрған дәке шеттерін қайырып жақсылап жабыңыз.

8. Бикс қақпағының астына залалсыздандыру индикаторын салыңыз.

9. Бикс қақпағын құлыпқа жабыңыз.

10.Бикс тұтқасына бөлімше және кабинет аты, залалсыздандыратын бұйымдардың аты көрсетілген белгіні байлайсыз.

 

Ескерту: ОЗБ-не бикстер таза, қалың қапшықта жеткізіледі, ОЗБ-нен де дәл осылай әкелінеді.

 

Тарау.

Мейірбикенің жұмыс орындағы қауіпсіздігі

Физикалық күш

Ауырлықтарды ауыстыруы (пациенттерді, аппаратураларды, каталкаларды және т.б.) — мейірбикенің омыртқасының жарақаттануына және ауырсынуына әкеліп соғатын негізгі себептері.

Омыртқаның анатомиялық және физиологиялық ерекшіліктері.

Омыртқа жотасы – бүкіл дененің тірегі. Ол бір-бірімен буын арқылы жалғасқан 33-34 омыртқадан тұрады. Омыртқа жотасын беске бөледі: 7 мойын, 12 көкірек немесе кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз, 4-5 қуйымшақ омыртқалары. Мұның ішінде құйымшақ және сегізкөз омыртқалары бір-бірімен бірігіп кеткен, қалғандары жеке-жеке болады. Әрбір омыртқаның денесі, доғалары және ө с і н д і л е р і болады.

Омыртқаның тығыз жері — денесі. Омыртқалардың доғалары жүлын орналасатын омыртқа жотасының к а н а л ы н (өзегін) құрады. Омыртқаның 7 өсінділері бар: омыртқаның ортаңғы тұсынан басталып артқа қарай өскен 1 арқа өсіндісі, доғаның шетінен басталып жоғары және төмен бағытта орналасқан жұп 2 буын өсінділері, екі жанында орналасқан жұп бүйір өсінділері болады. Омыртқалардың жалпы құрылыс ы үқсас болғанымен, өзіндік ерекшеліктері де болады.

7.1-сүрет: 1.омыртқа денесі; 2.омыртқа дискі; 3. омыртқа тесігі; 4.пульпозды ядро; 5.фиброздық сақина.

Ауыртпалық көбірек түсетіндіктен бел омыртқаларының денесі жақсы жетілген және ірі келеді, әсіресе, соңғы V-ші омыртқа көкірек омыртқаларынан анағүрлым ірі болады. Эволюциялық даму кезінде қабырғалар көлденең өсінділерімен бірігіп бітуіне байланысты өсінділері ұзын болады.

7.2-сүрет: а. Сау омыртқааралық диск; б. Зақымдалған диск. в. Грыжа (жарық).

Ересек адамның сегізкөз омыртқаларының арасы бірігіп сегізкөз сүйегіне айналады. Оның сыртқы ортасында бірігіп кеткен арқа өсінділерінен пайда болған ортаңғы сегізкөз қыры, оның екі жағынан бірігіп кеткен буын беттерінен пайда болған бүйір қыры, көлденең бүйір өсінділерінен пайда болған бүйір қыры болады. Біріккен омыртқа тесіктерінен пайда болған сегізкөз каналы омыртқа жотасы каналының жалғасы болып есептеледі. Оның алдыңғы және артқы бетінде нервтер мен тамырлар өтетін тесігі болады. Сегізкөздің бүйір жақтарында қүлақша тәрізді жамбас сүйегімен жалғасатын буын беті болады. Оның артқы жағының бүдырлы жеріне тарамыстар бекиді. Ер адамның сегізкөз сүйегі әйелдер сүйегінен жіңішке және ұзын дау болады. Адамның IV-V-ші қүйымшақ омыртқаларының денесі бірігіп қүйымшақ сүйегіне айналған. Мұны жануарлардың қүйрық омыртқаларының рудименті (қалдығы) деп есептейді. Олардың өсінділері жойылып, денесі ғана қалған. Тек І-ші қүйымшақ омыртқасында ғана қалған өте қысқа көлденең өсінділері бар.Омыртқа аралығындағы шеміршектер жоғарыдан төмен қарай калыңдай түседі. Ол шеміршектердің ұзын дығы бүкіл жотаның 1/4 бөлігіне тең. Бұлар омыртқа жотасын серпімді етіп, жан-жаққа қимылдауға мүмкіндік тудырады. І-ші қүйымшақ омыртқасы тек қана жартылай шеміршекпен жалғасқан, сондықтан арасында аздаған кеңістік болады да, басқа омыртқалардың жалғасуынан ерекшелеу жарты ай тәрізді болады. Ұзынды-қысқалы сіңірлер омыртқа жотасын бекітіп, қимылдау мүмкіндігін төмендетеді, оны үзілуден сақтайды. Екі ұзын сіңір байламдары бастың шүйде сүйегінен басталып, мойын, көкірек жөне бел омыртқа бөлімдерінен өтіп, сегізкөздің жоғарғы жағына дейін жетеді. Алдыңғы ұзын сіңір байламы омыртқалардың денесінің алдынан жайпақ лента тәрізді созылып жатады, ал артқы байламы омыртқа каналының ішімен жіңішке лента іспетті созылып, омыртқа аралығында сәл жалпақтанады. Қысқа сіңір байламдары көршілес екі омыртқа доғаларын, арқа және көлденең осінділері сегізкөзбен құйымшақ сүйектерін байланыстырады. Бұл байланыстар мен омыртқа иілістері соққы, сілкіну, солқылдау жағдайларында денені серпімді етіп, зақымнан сақтайды, түрлі қимыл қозғалыстарын тудырады. Көрші омыртқалардың бір-бірімен қимылы шектелгенімен, жалпы омыртқа жотасының қимыл мүмкіндігі мол. Ол 160 градусқа дейін еңкейіп, 145 градусқа дейін шалқаяды, оңға-солға 165 градусқа, ал оз осінде 120 градусқа дейін қозғалады. Бұған қоса, омыртқа жотасының иілістері дененің серпімді болып, жеңіл қозғалуына мүмкіндік тудырады.Остеохондроздың даму себептеріОмыртқа остеохондрозы (грек. osteon — сүйек chondros — шеміршек) және оның кейінгі көріністері тамыршалық ауырсынуы тәрізді мейірбикелердің арасында жиі кездесетін ауру. Остеохондрозбен көбінесе жастар ауырады. Остеохондрозбен ауыратындардын арасында 10 % мүгедектікке шалдығады. Осы әйгілі ауру омыртқамен омыртқааралық дискіге күш түсуі адамның тік жағдайымен байланысты.Үнемі тік жағдайда болу омыртқааралық дискіні тоздырады, сол себептен аурудың қозуы мүмкін. Остеохондрозда күш түскен сайын омыртқааралық дискілерде дегенеративті-деструктивті өзгерістер дамиды. Омыртқааралық дискінің дегенерация процессі пульпоздық ядроның икемділігін төмендетіп, амортизаторлық қызметін жоғалтады. Кейбір жағдайда грыжа пайда болады. Грыжа жұлынмен тамырларды қысып ауырсыну күшееді. Остеохондроздың дамуына себеп болатын макро және микрожарақаттар, статикалық и динамикалық шамадан артық артуы және вибрация.Остеохондроздың алдын алу шаралары. ЕМ-гі еңбекті дурыс үйымдастыру шаралары, шамадан артық артуын болғызбайды.Бұлшық еттерді жұмысқа біртіңден енгізу өте маңызды, мысалы аз күште ұсақ бұлшық еттерді, шамадан артық кезінде үлкен бұлшық еттерді. Естеріңде болсын! Іле қатты қозғалудан сақ болындар. Барлық қозғалыстарды біртінден ырғақты жасаңдар. Мейірбикелік персоналдарға өте жие ауырлық заттарды көтеруге болатын жағдайлар кездеседі, оның ішінде пациентерді. Осыны омыртқааралық дискіге аз күш түсіру үшін тиімді жасау керек.

 

7.3-сүрет: А — біркелкі емес (сол жақ) және біркелкі (оң жақ) омыртқаға күш түсуі;

Б — дұрыс (штрихталмаған) және дұрыс емес (штрихталған) ауырлық көтерген жағдайда.

 

Омыртқааралық дискіге дененің бұрылыстары жағымсыз әсер етеді. Сондықтан жұмыс орында остеохондроздың алдын алу үшін айналдырма креслолардың болуы қажет. Жұмыс уақытында, демалғанда, үйде дұрыс денені қалпында устау маңызды. Бірынғай қалыпта ұзақ болуға болмайды, әсіресе дененің алға қарай еңкейіңкісі, себебі ауырлық омыртқааралық дискігі түсіп ауырсыну пайда болады.

Қызықты фактілер:арқасына жатқан жағдайда ішкідискілік қысым беломыртқада 50кг болады, ал тұрғанда 100кг-дейін көбееді, арқасына сүйенбей отырғанда 140кг-дейін. Қолында салмақты заты жоқ дене алға қарай 20 °еңкейіңкі болғанда қысым 150кг, ал салмақпен (екі қолында 10кг-нан) 215кг дейін өседі.

 

7.4-сүрет: Ішкідискілік қысымды өлшеу

 

 

Отырған жағдайда арқаның бұлшық еттерінің кернеуі азаяды.Ол үшін арқаны орындыққа сұйеніп отыру керек:

• орындық тым жұмсақ және бүгілген болмасың;

• орындықтын биіктігі сирақтын ұзындығымен бірдей болу; (егер аяқтары еденге жетпесе, аяғының астына тірегіш қояды);

• орындықтын тереңдігі санының 3/2 ұзындығынан артык болу;

• орындық арқасы 3—5° артқа қарай қисайып, жоғарғы тақтайшасы жауырынның астында болу;

• дененің салмағы құйымшақ дөңімен ұсталып тұрады;

• үстелдін биіктігі адамның бойына сәйкес болу, үстелдін астында жеткілікті орын болу тиіс. Ұзақ отырған жағдайда қосымша тірегіштерді қолдануға болады, мысалы(жастықша). Ең соңында жалпы талаптар: тиімді тамақтану, толмау, себебі артық салмақ омыртқаға қосымша қысым жасайды.

7.2.Пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру ережелері

Пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру жағдайда келесі сұрақтарға жауап беру керек:

• Пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру және пациенттің жағдайы;

• пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру жағдайда қандай амалдарды қолданады?

• қандай тәсіл тиімді болады, қаңша адам қатысу керек?

Естеріңде болсын! Егер пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру жағдайда екі адам қатынасса, олардың бойлары бірдей болу тиіс.

Пациенттің орнын ауыстыру кезінді бөгде жағдай туындап қалуы мүмкін, сондықтан үшінші адам керек (мысалы суднаны немесе дренаждық қапшықты қою).

• пациентті көтеру немесе орнын ауыстыру кезінде кім жетекшінің рөлің орындайды?

• айналадағы жағдайға баға беріңіз? (заттарды, оның ішінде орындықтарды, тамшысы бар тіреуді, каталканы, керуетті тежеуішке қою, ауыстыратын төсек орындарын дайындау);

• пациенттің салмағына қарай қосымша көмек керектігін, ауыратын жерлерін, дренаж немесе тамшынын барлығын анықтау?

• пациентке процедура барысымен таныстыру және келісім алу.

• мейірбикемен пациенттің киімдерімен аяқ киімі ыңғайлы болу тиіс.

Естеріңде болсын!

• биік өкше және тозған аяқ киімпациентті көтеру немесе орнын ауыстырған кезде қауіпты болады.

• айналадағы жағдай қандай? (еденде су, пациенттің шәркесі, жерде жатқан заттар болса алып тастау).

Қосымша амалдармен көтергіш құрылғылар.

Кейінгі уақытта айналыста қарапайымды көтергіш құрылғы Easyslide пайда болды.

Бұл құрылғы иесі Хель Рёйсет (норвег дәрігері) Бірегейлі синтетикалық материалдан шығарылған өнертабыс.

Қарапайым өнертабыс пациентті әрбір жағдайда, көтермей керуеттен каталкаға күшсіз көтеру немесе орнынан ауыстыруға болады.

Easyslide деген ортасында жастығы бар қос қабырғалы құбыр болады. Ішкі қабырғалары өте төмен қажалу коэффициентті бар материалдан жасалған, осының арқасында Easyslide-тін бір бірінің үсті жеңіл сырғыуымен қамтамас етіледі.

7.5-сүрет: стандартты Easyslide арқылы ауыстыру

 

Easyslide бірнеше түрлері бар:

•стандарттық — пациентті бірінің үстінен екіншіге ауыстыруды;

•Turn-slide — үлгісі, пациентті үнемі төсекте екі жақ қырына кезекпен ауыстырып отырады;

7.6-сүрет: Turn-slide арқылы ауыстыру

 

• Minislide, кейбір қозғалысы шектелген пациенттерге арналған.

Олар өз бетінше керуеттен креслоға, орындықа, автокөліктен кресло-каталкаға ауыса береді.

7.7-сүрет: Minislide арқылы ауыстыру

 

Easyslide сыртына бір рет немесе көп мәртелік қолданатын қаптық кигізеді. Жұқпалық кауіпсіздікпен қамтамас етіп, қаптықтарды жууға, қайнатуға, температурасы 130°С-ғы булық залалсыздандыруға, спиртпен сүртуге болады.

Қосымша амалдармен көтергіш құрылғылар өкінішке орай ЕМ-де аз.

Естеріңде болсын! Ешқашанда пациентті алғы жақта (тізенің алдынаң) көтермеңдер, себебі созылған қолмен істеуге душар боласыңдар.

Ешқашанда пациентті бір бүйірден көтермендер, омыртқа қисаюы мұмкін!

Мейірбикенің қолының қалпы, пациенттің жағдайы ауыстыруда көп рөл ойнайды.

Мейірбикенің арқасымен омыртқасының қалпы ауыстыруда тік болуы тиіс. Пациентті бір қолмен көтергенде, екінші қолы денесің ұстап тұру керек. Кейбір пациенттер көтерілу үшін мейірбикенің көмегімен өз өзіне көмек көрсетеді.

Мұгедек пациенттерге абайлап теңселту арқылы мейірбике көтеру процессін жеңілдетеді. Осы дағдыларды үйрену үшін пациентпен дурыс серіктестікте болып келісім алу керек.

Бригадада жұмыс істеу. Пациенттің қозғалуы табысты болады, егер келісім болса. Мысалы, бір мейірбике басшы ретінде бұйрық береді, барлық қатысушылардын дайын екеніне көзі жеткеннен кейін, айналадағы жағдайға баға беріп, пациенттің қозғалуға дайындығын көреді. Ең күшті деген мейірбике мамандығына қарамай, өзіне ауыр жағын алады (санмен денесің)

Пациентті көтеру.

Көтеруді бастау үшін:

• мейірбикенің аяғы еденде тұрақты екеніне көз жету;

• пациентті ұстау үшін ең жақсы тәсілді таңдау;

• пациентке неғурлым жақындау;

• арқасын тік ұстау;

• бригадамен пациенттің бір ырғақта жұмыс істеуіне көз жету.

 

Пациентті бір немесе екі, көп қатысушы адамдармен ұстау, көтеру, ауыстыру

Ұстау.

• оң жақ білезікпен көмекшінің оң білегін қапсыра құшақтап алыңыз- ол білектік жекеше ұстау, немесе

7.8-сүрет: пациентті ұстау әдістері

• оң білезікпен бір бірін ұстау- ол білектік қосымша ұстау, немесе

• бір- бірінңің оң жақ қолдарынды ұстандар, немесе

• 1-4-ші оң жақ қолының саусақтарын ұстаныз.

Пациентті қолмен ұстау

(бір мейірбикемен орындалады).

Қолдануы:қозғалуға қабілеті бар пациентті орындықтын арқасына қарай ауыстыру және қолдау.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Пациентке қолдарын айқастырып кеудесіне қысуға сұрау.

4. Пациентің артына тұру.(жоғарғы сүретке қараңыз)

5. Мейірбике пациентті екі қолымен ұстап, креслоға немесе орындыққа ауыстырады.

 

Пациентті көтерілген шынтақпен ұстау.

(бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Отырған пациенттің бір жақ қырынан тұрып, бір аяғын орындықтын қасына, екінші аяғын пациенттің аяғының қасына қойып тізесін тіреу керек.

4. Өзіңіздің салмағыныз жеңіл екеніне және ыңғайлы тұрғаңызға көз жеткізу.

5. Пациентке көмектесуді түсіндіріңіз.

6. Пациенттің арқасынан сәл еңкейіп, шынтақты мықтап ұстаңыз(сүретке қараңыз).

Пациентті қолтықпен ұстау

(бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі).

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Отырған пациенттің бір жақ қырынан тұрып, бір аяғын орындықтын қасына, екінші аяғын пациенттің аяғының қасына қойып тізесін тіреу керек.

4. Пациенттің қолтығының астына білекті жіберіп ұстаныз.

7.9-сүрет:пациенттің шынтағынан, қолтығынан, белінен ұстау әдістері

5. Өзіңіздің салмағыныз жеңіл екеніне және ыңғайлы тұрғаңызға көз жеткізу. Пациентке алдына қарай сәл еңкейіп иығын мейірбикенің денесіне тіреуін сұрау.

Пациенттің белінен ұстау.

(бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)

Қолдануы:қозғалуға қабілеті бар пациентті қолдау және ауыстыру.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Пациенттің бетіне қарай қырымен тұру, бір аяғын пациенттің аяғына қарай қою, екінші аяғын тізесін бекіткен жаққа қою.

4. Саусақтарынмен пациенттің белің ұстау.

5. Пациентке көмектесуін сұрау.

 

Пациент жүрген кезде қолдау

( бір мейірбикемен орындалады).

Қолдануы: жарақатта, инсульттан кейін көмектесу және т. б.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беріп, оның көмектесу қабілетін білу.

• өз бетінше не істей алатынын;

• қай жағынан қолдау керегін;

• қосымша амалдардың керектігін (таяқ, балдақ, жүргіш)

3. Айналадағы ортаға баға беру (еденнің дымқылдығы, шәркелер, бөтен заттар, аппаратуралар, т. б.).

4. Пациенттің қасында тұру.

5. Үлкен саусақтармен пациенттің оң қолынан ұстау.

6. Екінші қолмен пациенттің беліңен немесе қолтығының астынан ұстау.

7. Пациентке жақынырақ таянып, оның тізесінтіреу үшін көмектесу.(рис.

8.Егер пациент өзінің шамасына сенбесе мейірбике қасында болуы тиіс.

 

Пациенттің басымен иығын көтеру

(бір мейірбикемен орындалады).

Қолдануы: жастықты түзеу, киімдерің жазу.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Керуеттің тежеуішін бекіту.

 

7.10-сүрет:Пациентті жүргізу және жатқызу кезіндегі қолдау әдістері

3. Бүйіріндегі тұтқаларын төмендету (егер олар болса).

4. Керуеттің қырынан тұрып аяқтарды 30см көлденеңіне алшайту.

5. Аяқтарды тізеге қарай бұгу. Алдыға қарай еңкеймеңіз!

6. Пациентке, егер шамасы келсе көмектесуді сұраңыз: иығыңыздан құшақтау, немесе керуеттің тұтқасынан ұстау.

7.Қолыңызды пациенттің қолына салып иығымен мойына қарай жіберіңіз.

8. Пациенттің басымен иығын көтеріңіз. Осы кезде бұрылуға болмайды!

9. Пациеттің бос қолымен көмектесуін сұраңыз. Оның жастығын түзетіңіз.

10. Пациенттің басымен иығын жастыққа салыңыз. Дұрыс жатқанына көзіңізді жеткізіңіз.

Ауысып отыратын биіктігі бар керуетте иығымен көтеру әдісі

(австралиялық көтеру).

(екі немесе көбірек адамдармен орындалады, пациент көмек көрсетеді)

Қолдануы: пациентті керуеттен көтеру; керуеттен орындыққа ауыстыру, және керісінше.

Кері көрсеткіштері: пациент отара алмайды; иығының, кеудесінің, арқаның жоғарғы бөлігінің жарақаты немесе ауырсынуы.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Керуетті саның ортасына дейін түсіріп, керуеттің тежеуішін бекіту.

4.Пациентті отыруына көмектесу:

Бір мейірбике пациентті қолдайды; екіншісі басына жастығын салады.

5. Керуеттің екі жағынан тұрады:

• беттерімен қарсы;

• керуетке таяу;

• мейірбикелердің иықтары пациенттің арқасынын деңгейінде;

• аяқтары жеке;

• бас жағындағы аяғы, қозғалыс жағына бұрылған;

• аяғының тізесін бүгу;

• арқасын тік ұстау.

.

 

7.11-сүрет:ауысып отыратын биіктігі бар керуетте иығымен көтеру әдісі

(австралиялық көтеру).

 

6.пациентке таяу иығын қолтықтын астына және денесіне жіберу.Осы қолдың білегін пациенттің жамбасына қарай жақындатады. Пациент қолдарын мейібикелердің арқасына салады. Егер пациенттің қолтығынын астына иықты қоюға қиын болса, немесе пациент қолын мейірбикенің арқасына сала алмаса, онда қолыңды пациенттің иығымен денесіне қарай орналастырыңыз. Осы қолдың білегін пациенттің жамбасына қарай жақындатады

7. Бір қолмен керуеттің бас жағына тірелу,(шынтақ бүгілген), екіншісі жамбастың астында орналасқан, көмекшінің білегінен алу (қос білектік ұстау) 8. Егер сіз басшы болсаңыз, әріптесіңізбен пациентті үш деген есепте көтеретіңізді ескертіңіз.

9.Пациенттің аяғына орналасқан аяғыңызды түзетіп, салмағыңызды бас жағында орналасқан басқа аяққа апарып, пациентті көтеру. Тіреліп тұрған шынтақты жазу.

10. Пациентті толық көтеріп, ғашық емес аралыққа ауыстырып, қайтадан бас жағында орналасқан қолымен аяғын бүгіп төсекке түсіру.

11. Пациентті керекті аралыққа ауыстыру (9—10 пункттарды қайталау).

12. Пациентке төсекте ыңғайлы жағдаймен қамтамас ету.

Ауысып отыратын биіктігі бар керуетте пациентті ақ жайма арқылы көтеру

(екі немесе көбірек адамдармен орындалады, пациент көмек көрсетеді)

Қолдануы: иықпен көтеру мүмкін емес жағдайда көтереді.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Керуетті саның ортасына дейін түсіріп, керуеттің тежеуішін бекіту.

4. Керуеттің екі жағына бір біріне қарама қарсы екі адамнан тұру:

• беттерімен қарсы;

• керуетке таяу;

• мейірбикелердің иықтары пациенттің арқасынын деңгейінде;

• аяқтары жеке;

• бас жағындағы аяғы, қозғалыс жағына бұрылған;

• аяғының тізесін бүгу;

• арқасын тік ұстау.

5. Ақ жайманың бір жағын кеуде деңгейіне қарай, екінші жағын жамбасына қарай шиыршықтау.Пациентті көтеру:

• ақ жайманың жоғарғы бұрышынан;

• ақ жайманың төменгі бұрышынан;

• аяғын қозғалу жағына қарай қойып біртіндеп пациентті тік жағдайға аудару (басшы үш деген есепте пәрмен береді)

6. Кейінгі әрекеттері пациентті көтеру мақсатынан байланысты.

Төмен керуеттің бас жағынан пациентті көтеру және ауыстыру

(екі адамдармен орындалады)

Австралиялық көтеруді қолданады.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Пациентке отыруға көмектесу: бір мейірбике оны қолдайды, екіншісі жастығын салады.

4. Керуеттің екі жағынан қарама қарсы таянып тұрып, пациенттің артынан сіздердің иықтарыңыз оның иығымен қатар болуына назар аударыңыз.

7.12-сүрет:кең керуеттің бас жағына пациентті ауыстыру

5. Керуеттің шетіне жөргек салу.

6. Бетіңізді бас жағына қарату.

7.Бір тізені жөргекке қойып, сирақты пациентке қарай жақындату. Нога, стоящая на полу, является Едендегі аяқ пациентті көтергенде тірегіш болады.

8. Австралиялық көтеруді қолдану.

9. Пациентті ұқыптап керуеттің бас жағына қарай ауыстыру.

10. Ауыстыруды аяқтағаннан кейін жөргекті алып тастап пациентке жайлы жағдай жасау.

Кең керуеттің бас жағына пациентті ауыстыру

(екі адамдармен орындалады)

Австралиялық көтеруді қолданады.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Пациентке керуеттің шетіне қарай қозғалу, бірінші аяқтарын, содан кейін жамбасын, денесін, басын.

4. Пациентке отыруына көмектесу.

5. Бір мейірбике пациентің қасына сирағын пациенттің жамбасының бойына орналастырып, тізесімен отырады (алдын ала керуетке жөргек салады) рис. 2.21). Екінші мейірбике еденді тұрып, австралиялық көтеруді қолданады.

6.Пациентті иықпен төсектен көтеріп, шағын аралыққа ауыстыру.

7. Пациентті біртіндеп керекті аралыққа ауыстыру Жөргекті алып тастау.

8. Пациентке жайлы жағдай жасау.

Пациентті керуеттің шетіне астына салатын жөргек арқылы ауысып отыратын биіктігі бар керуетте ауыстыру

(екі адамдармен орындалады)

Қолдануы: басқада ауыстыруларды алдын ала жүргізу тәрізді ақ жаймалар.

Кері көрсеткіштері: омыртқаның жараққаттарымен операциялары,травма позвоночника; эпидуралдық анестезия.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Пациенттің керует ортасында көлденең жатқанына көзін жеткізу.Егер тұтқалары болса, оны түсіру.

4.Көмекші керуеттің қарама қарсы жағында тұрады.

 

7.13-сүрет:пациентті керуеттің шетіне астына салатын жөргек арқылы

ауысып отыратын биіктігі бар керуетте ауыстыру

5. Пациентке, егер өзі көтеріп алалса басын көтеруін сұраймыз, жастығын алып тастаймыз. Жастықты керуеттің бас жағына салу.

6. Астына салатын жөргектің шетін орамғыпшиыршықтап пациентке қарай денесіне тигенше апару.

7. Керуеттің бос жағына жастықшаны (протектор), пациенттің бойына қарай салу.

8. Сіздің көмекшіңіз аяғын жекелеп 30см көлденеңнен тұрып, бір аяғын алға қойып тізесін бүгеді.

9. Неғурлым керуетке таянып тұрып, бір тізесін протекторға қояды, екінші аяғы еденде тығыз тұрады.

10.Шиыршықтаған жөргектің шетінен жоғары қараған алақандарымен алады.

11.Іштің, жамбастың, арқаның бұлшық еттерін қатайтып, пациентті тиянақтап көтеру және керуеттің шетіне қарай астына салатын жөргекті қолданып, жайлап ауыстыру:

12.Пациентке басын және мойының көтеруге көмектесіп жастық салу.

13.Жөргектін шеттерін түзету.

 

Пациентті керуеттің бас жағына қарай ауыстыру

(екі адаммен орындалады, пациент көмек көрсетеді)

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру. Керуеттің тежеуішін бекіту, тұтқаларын төмендету.

3. Пациент керуеттің ортасында көлденең жатқанына көзін жеткізу. Пациент басын, иығын көтеруге сұрау, егер өзі көтеріле алмаса, онда көмек көрсету.

4. Керуеттің екі жағына бір біріне қарама қарсы бас жағына қарай тұру:

5. Екі мейірбике пациенттің иығына бір қолдарың салып, екінші қолдарың жамбасына

(қауіпсіз емес тәсіл); немесе бір мейірбике пациенттің жоғарғы дене жағына қарай тұрады. Қолың пациенттің мойынымен иығына жақындатады. Басқа қолымен пациенттің төсекте жатқан қолымен иығын құшақтап алады. Екінші мейірбике пациенттің төменгі жағында тұрып, қолдарың жамбаспен саңға жақындатады.

6. Бір аяғын артқа қойып аяқтарын жекелеп 30см көлденеңнен қояды..

7.14-сүрет: Пациентті керуеттің бас жағына қарай ауыстыру

 

7.Табандарың төсектен айырмай пациенттің тізесін бұгуге өтіну.

8. Иегін кеудесіне қысуын өтіну.

9. Пациент ауыстыру кезінде көмектесуіне шамасы барына көз жеткізу.

10.Білектері төсектің деңгейінде болу үшін, сонша тізелерін бүгу керек..

11.Пациентті төсектен итеріліуін өтіну, денесін көтеріп басына қарай жылжу.

12.Пациент табан арқылы денесін көтереді.

13.Пациенттің басымен иығын көтеріп жастық салу, дұрыс жатқанына көз жету.

Пациентті керуеттің бас жағына қарай ауыстыру

(бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру. Керуеттің тежеуішін бекіту, тұтқаларын төмендету.

3. Пациент керуеттің ортасында көлденең жатқанына көзін жеткізу. Пациент басын, иығын көтеруге сұрау, егер өзі көтеріле алмаса, онда көмек көрсету.

4.Аяғын жекелеп 30см көлденеңнен қойып, аяқтын ұшін керуеттің басына қарай жіберу.

5. Табандарың төсектен айырмай пациенттің тізесін бұгуге өтіну, қолының алақаны керуетте.

6. пациенттің иығына бір қолың салып, екінші қолың жамбасына жақындатады..

Алдына қарай еңкейюге болмайды. Арқасын түзу үстау. Тізесін бұгу.

7. Пациентті төсектен итеріліуін өтіну, денесін көтеріп басына қарай жылжу.

Пациент табан арқылы денесін көтереді.

8. Пациентке денесін көтеруге көмектесу.

9. Ауыстыруды арқасын зақымдандырып алмай үшін біртіндеп шағын аралықта жасау керек.

10. Пациенттің басымен иығын көтеріп жастық салу, дұрыс жатқанына көз жету.

 

7.15-сүрет: Пациентті керуеттің бас жағына қарай ауыстыру

 

Керуетте бір жақ қырынан жатқан пациенттің аяғын жерге түсіріп отырғызу (бір мейірбикемен орындалады)

Функционалдық немесе дағдылы керуетте жүргізіледі.

Белсенді және еңжарлы жағдайда қолданылады.

7.16-сүрет: керуетте бір жақ қырынан жатқан пациенттің аяғын жерге түсіріп отырғызу

 

 

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру керуеттің тежеуішін бекіту.

3. Мейірбике тұрған жағында тұтқалары болса, оны түсіру.

4. Пациентке қарсы тұру: сол қолың иығына жақындату, оң қолың тізесінің астына жақындатып құшақтау. Тізелерін бүгу.Еңкеймеңіз!

5. Пациентті көтеріп, аяғын төмен түсіру.

6. Бір қолымен пациенттің иығынан, екіншімен денесін үстап отырғызу.

7. Пациенттің дұрыс отырғанына көзінің жетуі. Арқасына тірегіш қою.

8. Пациентке шәрке кигізу, егер аяғы еденге тимесе тіреуіш қою.

Пациентті керуетте аяғын жерге түсіріп отырған жағдайдан, орындыққа,

(алмалы салмалы тірегіші бар функционалдық кресло-каталкаға) ауыстыру

(бір мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)

Функционалдық керуеттен алмалы салмалы тірегіші бар функционалдық кресло-каталкаға, орындыққа ауыстыруға болады.

Қолдануы: тасымалдауда, ауыстыруда.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру керуеттің тежеуішін бекіту.

3. Орындықпен кресло каталканы керуеттің қасына қою. Мұмкіндік болса керуетті орындықтын деңгейіне дейін түсіру. Кресло каталканың аяқ тірегішің алып тастап тежеуішін бекіту.

4.Пациентті ұстау әдістерді қолдану.

5. Кресло-каталканың (орындықтың) жағынан тұру.

7.17-сүрет: Пациентті керуетте аяғын жерге түсіріп отырған жағдайдан, орындыққа,

(алмалы салмалы тірегіші бар функционалдық кресло-каталкаға) ауыстыру

6. Пациентті ескертіп, оған тұруға көмектесіп, кресло-каталкаға (орындыққа) арқасымен отырғызу.

7.Бүгілген тіземен пациенттің тізесін тіреу, арқасын тік ұстау. Егер пациент қолдарың кресло-каталкаға, немесе(орындыққа) қойса, сізге көмек болады.

8.Пациентті жайлап кресло-каталкаға, немесе (орындыққа) отырғызу.

9. Керекті жағдайда тежеуішін босатып, пациентті тасымалдау.

Пациентті керуетте аяғын жерге түсіріп отырған жағдайдан,

(алмалы салмалы емес аяқтын тірегіші бар кресло-каталкаға) ауыстыру

(екі мейірбикемен орындалады, пациент көмектеседі)

Қолдануы: тасымалдауда.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру керуеттің тежеуішін бекіту.

3.Кресло каталканы керуеттің қасына қою.

7.18-сүрет: Пациентті керуетте аяғын жерге түсіріп отырған жағдайдан,(алмалы салмалы

емес аяқтын тірегіші бар кресло-каталкаға) ауыстыру

 

4. Бір мейірбике кресло-каталканың артында тұрып, оны алдыға қарай еңкейтеді, аяқтын тірегіші еденге тигенше.

Екінші мейірбике керуетте отырған пацинтке қарама қарсы тұрып, тізесін бүгіп, аяғын 30см колдеңенмен жекелейді.

5. Пациентке мейірбикенің белінен ұстауын өтіну, ал мейірбике иығынан ұстайды.

6. Пациентті керуеттің шетіне қарай аяғы еденге тию үшін тарту (рис. 2.29, а).

7. Бір аяғын пациенттің аяғынын арасына, екіншісін қозғалу бағытында қою.

8. Пациентті құшақтап, жайлап көтеру. Пациенттің қолтық астын қыспау!

9. Пациентті ескерте отыра тұрыуна көмектесу. Пациентті каталканың шетіне таянған кезде, сізді ескертуін өтіну.

10.Пациентті кресло-каталкаға отырғызып арқасын тік ұстауын, тізесінің бүгуінің сұрау.

11. Керекті жағдайда пациентті тасымалдау.

При необходимости транспортировать пациента, снять тормоз.

Иықпен көтеру арқылы пациентті керуеттен орындыққа ( кресло-каталкаға) отырғызу (екі немесе көбірек адамдармен орындалады)

Пациент отыралады бірақ өз бетінше жүр алмайды.

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу.

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру.

3. Орындықпен кресло каталканы керуеттің қасына қою.

4. Пациентке аяғын еденге түсіріп, керуеттің шетіне қарай отыруын өтіну.

5. Пациентке қарама қарсы тұрып, екі мейірбике қолдарың жамбасына қарай жақындатып бір біріңің білектерін ұстау.

6. Екі мейірбике иықтарын пациенттің иығына қойып, ал пациент қолдарын мейірбикелердің арқасына салады. Бос қолын бүгіп керуетке сүйейді. Аяқтары тізесінен бүгіліп жекеленген.

7.19-сүрет: Иықпен көтеру арқылы пациентті керуеттен орындыққа

(кресло-каталкаға) отырғызу

7. Бір мейірбике басшы болып бұйрық береді.Үш деген есепте, екеуі тізесімен шынтақтарын түзетіп, пациентті көтереді. Бос қолымен пациенттің арқасын орындыққа (кресло-каталкаға) апарғанша ұстап отырады.

8. Әрбір мейірбике қолдайтын қолдарын сүйенішіне немесе орындықтын отыратын жеріне салады, содан кейін тізелерін бүгіп пациентті отырғызады. Орындық артқа қарай еңкеймеуі керек, мейірбикенің біреуі орындықтын арқасын ұстап турады.

9. Пациентті жайлап отырғызу.

Орындықта отырған пациентті керуетке жатқызу үшін ауыстыру

(бір мейірбикемен орындалады)

1. Пациентке процедура барысын түсіндіріп келісім алу

2. Пациентің жағдайына және айналадағы ортаға баға беру, керуеттің тежеуішін бекіту.

3. Белгілі бір әдіспен пациентті ұстау.

4.Пациентті ескертіп, үш деген есепте тұруға көмектесу. Содан кейін бүйырынан тұрып, аяғын 30см колденеңнен қойып, тізесің бүгу. Арқасын тік ұстау.

7.20-сүрет: Орындықта отырған пациентті керуетке жатқызу үшін ауыстыру

5. Қолың пациенттің тізесіне жақындатып, құшақтау, екінші қолымен иығын ұстау.

6. Пациенттің аяғын керуетке қарай көтеріп, денесін 90° дейін бұру. Басын жастыққа салу.

7. Пациенттің жайлы жатқанына көзің жеткізу, үстін жабу.

Пациентті керуеттен каталкаға және каталкадан керуетке ауыстыру

(төрт адамдармен жүргізіледі).

Операциядан кейін пациент есін жинай алмай ауырсынуды сезінеді. Ауыстыруды жүргізгенде қай жағында операция болғанын анықтау керек.

Ауыстыру жүргізілетін уақытта келіп-кетушілерді уақытша палатадан шығуын өтінеміз. Біреуді капельницаны, дренаждық трубкаларды, т.б. ұстауға көмек сұраймыз.

 

7.21-сүрет: Пациентті керуеттен каталкаға және каталкадан керуетке ауыстыру

 

1.Сіз және көмекшіңіз бір жағында, қалған екеуі екінші жағында түруына ұсыныс бересіз. Тежеуішің бекітіңіз.

2. Каталканы пациентті ауыстыру жағына қойыңыз.

3. Пациентті ақжаймамен жабыңыз.

4. Пациентті керуеттің шетіне қарай итеріңіз.

5. Ақжайманы түзетіп матраста қалдырыңыз (жинамай). Жоғарғы ақжаймамен пациентті ораңыз, пациент құлап кетпеу үшін керуетке таянып тұрыңыз.

Ескерту:Керуеттің бас жағы колденең болады. Екі мейірбике кресло каталкадан қарама қарсы тұрып пациентті қолдайды; қалған екеуі каталканы керуеттің шетіне әкеледі.

Ескерту:Каталкамен керуеттің бір деңгейде болуына көз жеткізу.

Каталкамен керуеттің ортасы алыс болмау керек. Ақжайманың матраста болуын тексеру.

6. Каталканың тежеушін бекіту.

7. Ақжайманы орамғып жаң жағынан ұстау.

8. Екі мейірбике керуеттің бос орнына тізесің бүгіп отырады(алдын ала тірегіш қояды).

9. Үш есепте басшысы пәрмен береді, содан барлығы ақжайманы көтеріп пациентті каталкаға салады. Пациент ортада жатқанына көзінің жетуі.

Ескерту:Егер каталкада белбеу болса, онда пациентті сонымен бекітеді.

10. Пациентті керекті жеріне тасымалдау: бір мейірбике бас жағында, екіншісі аяқ жағында болады.

Каталкадан керуетке ауыстыру 1.Каталканы керуетке тызыздап қою, тежеуішін бекіту, каталканың шеттерін ақжаймадан босату.

2. Екі мейірбике керуеттің бос орнына тізесің бүгіп отырады(алдын ала тірегіш қояды).

3. Барлық мейірбикелер ақжайманы ортаға қарай орайды.

4. Үш есепте басшысы пәрмен береді, содан барлығы ақжайманы көтеріп пациентті керуеттің шетіне әкеледі.

5. Тізесің бүгіп отырған мейірбикелер жерге түсіп пациентті қолдайды, ол уақытта қалған мейірбикелер каталканы итеріп тастайды.

6. Пациентті ауыстырып ақжаймасын түзетеді.

7. Керекті жағдайда бас жағына жастық салады. Егер пациентте жағымсыз шағымдар пайда болса дәрігерге хабарлау.

7.3.Медициналық қызметкерлер арасында қауіп болатын факторлар.

  • Биологиялық сұйықтармен жұмыс істегенде жұқпаның қауібі;
  • Химиялық заттардың (дезинфекциялық заттар, дәрілер, анестезиялық газдардың қалдықтары)қауібі;
  • Сәулеленуге (рентген аппараттары, изотоптардың қалдықтары, радиобелсенді ұласуының (зәр, нәжіс, құсық) қауібі;
  • Психологиялық стрестер.

Биологиялық сұйықтармен жұмыс істегенде негізгі қауіпсіздік ережелері:

-арнайы жұмыс киімін қолдану(респиратор, резенке қолғап, көзілдірік, алжапқыш);

Қолдарының жарақаттары лейкопластырмен жабылуы керек. Терісі биологиялық сұйықтармен ластанған кезінді жедел түрде екі минуттін ішінде 70%-тық спирт ертіндісімен сүртіп, ағынды сумен жуып қолың жеке жөргекпен сүрту. Қан шырышты қабаттарға тигенде оны ағынды сумен жуып, 1%-тық бор қышқылымен шаю; ауызды 70%-тық спиртпен шаю.

Химиялық заттармен жұмыс істегенде жалпы қауіпсіздік ережелерін сақтау (дезинфекциялық және дәрілік заттарда) міндетті түрде арнайы киімдермен биялайларды қолдану тиіс; дезинфекциялық ертінділерды арнайы желдеткіші бар бөлмеде маскамен респиратор киіп жүргізеді. Химиялық заттар теріге, киімдерге тисе, онда ағынды сумен жуып ауыстыру керек.

Антибиотиктерді қолданғанда, мейірбике қолын жиі жұғандықтан кәсіби дерматит дамуы мүмкін. Оны алдын алу үшін қорғаныш киімдерді қолдану. Терінің сезімталдығынан қолға латекс немесе мақтасы бар полихлорвинил (ПВХ) биялайлар қолданылады. Жұғыш ұнтақтармен жұмыс істегенде биялайларды киіп, қолдарын дымқылдататын кремдер жағады.

Газараласқан наркотикалық заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін сақтау:

  • наркозды жартылай ашық немесе жартылай жабық түйісімен қолданған кезінде газдың қалдықтарын далаға қарай шығарады;
  • жүктілі әйелдер,мейірбикелерг азараласқан наркотикалық заттармен жұмыс істеуінен және наркоздан кейінгі пациентті күтуден босатылады;
  • барлық наркозбен байланысты күту процедуралар, жедел түрде өткізіледі, пациентке жақын еңкеюге болмайды. Отадан өткен пациент палатаның ластану көзі боп саналады, себебі 10 күн бойы анестезиялық газдар дем арқылы шығады.

ЕМ –гі сәулеге шалдығудан қауіпсіздік ережелерін сақтау:

  • сәуле көзінен неғұрлым алшақтау, әсіресе жылжымалы рентген аппаратпен жұмыс істегенде;
  • рентген кабинетінде пациенттерді тексергенде қорғаныш киімдерді қолдану (қорғасыннан жасалынған алжабқыш, жылжымалы экран);
  • жүктілі әйелдер,мейірбикелеррентгенконтрастық заттармен және сәуле диагностикамен жұмыс істеуінен ( ангиография, ретроградтық холангиография т.б.);
  • жүктілі әйелдер,мейірбикелер сәулелі процедураларды алатын пациенттерді күтуден босатылады.

ЕМ-де денсаулыққа қауіп әкелетін тек физикалық факторлары ғана емес, стрестық жағдайларда әсер етеді. Өте жиі елдер жағымсыз эмоциялардың билігінде, немесе айналадағы агрессиялық жағдайда болуы мүмкін. Байсалды адамның өзі осындай жағдайларда өзін өзі ұстай алмауы мүмкін. Осынын барлығы тікелей медицина қызметкерлеріне қауіп туғызады.

ЕМ-де мейірбикелер әр түрлі улы заттардың әсеріне шалдығады.Мысалы: хлор және фенол заттары, антибиотиктер, бактерицидтық сабындар, күн сәулесі, ультракөк, т.б

Алдын алу шаралары улы заттардың әсерін азайтуға бағытталған.

- дезинфекциялық қасиеттері бар химиялық заттарды жоғары температурада тазалайтын жұғыштармен ауыстыруға болады. Олардың нәтижесі арзан және тиімді болады.

-көзілдірік, биялай, алжапқыш, ауруханалық халат т. б. Улы заттармен жұмыс істегенде ұласуды азайтады, ал маскамен респираторлар улы шандардан керекті деңгейде қорғауымен қамтамас етеді.

- дезинфекциялық ертінділерды арнайы желдеткіші бар бөлмеде маскамен респиратор киіп жүргізеді.

-улы заттармен жұмыс істегенде, әдістемелік талаптарын назар аударып оқу керек.

- Терінің сезімталдығынан аллергиялық реакция болмау үшін қолға латекс немесе мақтасы бар полихлорвинил (ПВХ) биялайлар қолданылады. Жұғыш ұнтақтармен жұмыс істегенде биялайларды киіп, қолдарын дымқылдататын кремдер жағады.

-егер көзге химиялық препарат тисе, көп мөлшерде суық сумен жуады. Ауызға түскен жағдайда шайып су ішуге болады. Химиялық заттар теріге, киімдерге тисе, онда ағынды сумен жуып ауыстыру керек.

Көп дәрілердің жағымсыз әсерлері бар, бірақ медициналық персонал осы туралы ескермейді.

Дәрілер ағзаға әр түрлі жолмен кіреді:

тікелей ұласу: кремдермен мазьдар арқылы биялайсыз жұмыс істегенде;

дем алғанда: аэрозольдар арқылы;

асқорыту жолдары арқылы:ластанған қол ауызға.Медициналық персоналдың

1-5 % антибиотиктармен, әсіресе пенициллин, неомицин, стрептомицинмен ұласады.

Антигистаминдық препараттар (прометазин), хлорпромазин, аминофилин тері реакцияларын шақырады.

Кейбір антибиотиктердің (актиномицин-Д, миктомицин-С, стрептомицин) тератогенндық әсері бар.

Медициналық персоналға қауіпсіздік ережелерін сақтамаса цитостатиктер жағымсыз әсер етеді.

Дәрілермен жұмыс істеген жағдайда қолданылатын талаптар

•қолдарын дәрілермен жұмыс істегеннен кейін жуады. Тіліктер немесе терісі сыдырылған жерлері болса су өткізбейтін байлам салады;

• жергілікті әсер ететін дәрілерді ешқашан жаланаш қолдарынмен ұстамайды;

• қолдарына биялай кию немесе шпателді қолдану;

• толық түрде қорғаныш киімдерді киеді, әсіресе цитостатиктермен т.б. дәрілермен жұмыс істегенде (көзілдірік, биялайлар(ПХВ), ұзын женді халат;

• ертінділерді жан жаққа шашыратпандар;

• бүкіл шашыраған немесе шашылған заттаарды суық сумен жуады.

Ескерту! Маскалар улы заттар, булар, шандар, аэрозольдардан қорғамайды.

 

Алдын – алудың универсалдық шаралары аурахана ішіндегі жұқпаның тарауында қарастырылған.

Жоғары айтылған факторларынан басқа мейірбикенің денсаулығына әсер ететін айналадағы микроклимат, шу, вибрация, ультрадыбыс, жұмыс орындағы жеткіліксіз жарықтану т.б.

Мейірбикелердің денсаулығына әсер ететін жағымсыз факторлары және алдын алу шаралары

 

Улы заттар Радиация Жұқпа Жұйке жүйесінің аурулары






Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 12386. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!




Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...


Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...


Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...


Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

ПУНКЦИЯ И КАТЕТЕРИЗАЦИЯ ПОДКЛЮЧИЧНОЙ ВЕНЫ   Пункцию и катетеризацию подключичной вены обычно производит хирург или анестезиолог, иногда — специально обученный терапевт...

Ситуация 26. ПРОВЕРЕНО МИНЗДРАВОМ   Станислав Свердлов закончил российско-американский факультет менеджмента Томского государственного университета...

Различия в философии античности, средневековья и Возрождения ♦Венцом античной философии было: Единое Благо, Мировой Ум, Мировая Душа, Космос...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия