Студопедия — Маскалар 6 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 6 страница






Жекелік күту жоспары – мейірбикенің іс-әрекетінің толығыменжазбаша тізімін алу. Сондықтан жекелік күту жоспарын орындау үшін, мейірбике арнайы күтім стандарттарын білуі қажет.

Сонымен, сабақтарда тәжірибелік манипуляция стандарттарын қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Мейірбике ісінде оң өзгерістер бой көрсетуі үшін осы салада бірегей білім жүйесін құру қажет, дәрігерлік стандарттардан ерекшеленетін, ал ең бастысы денсаулық сақтау жүйеміз үшін тиімді, әрі қолайлы стандарттар әзірлеу керек.

5.5. Мейірбикелік үрдісінің әрбір кезеңінің мазмұны

Мейірбикелік үрдістің I кезеңі мейірбикелік тексеріс жүргізу әдісі арқылы жағдайды бағалау процессін өзіне енгізеді.

1. Керекті ақпараттарды жинау:

а. Субъективті мәліметтер, оның ішінде физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік, сонымен қатар төлқұжаттық мәліметтер, дәрігер диагнозы, қазіргі уақыттағы шағымдары.

ә. Объективтік мәліметтері: бойы, дене салмағы, жүзінің өзгерісі, сана-сезімі, жүрісінің өзгерісі, төсектегі жағдайы, тері қабығының жағдайы, дене қызуы, демі, тамыр соғысы, қан қысымы, табиғи қызмет атқаруы, т.б. мәліметтер.

б. пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау: бақылудағы мінез құлқын сипаттау,. эмоционалдық өрісінің динамикасы, әлеуметтік - экономикалық мәліметтерді жинау, қауіп-қатер факторларын, денсаулыққа әсер ететін айналадағы қоршаған ортаның мәліметтерін анықтау.

2. Жиналған ақпараттар талдауы.

ІІ.кезең: диагностикалау немесе пациенттің проблемасын анықтау

-пациеттің негізгі және потенциалдық проблемасын анықтау;

-күтудегі бірінші кезеңдегі мәселесін өңдеу;

-пациентпен оның анықталған проблемаларын талқылау.

ІІІ кезең - керекті көмекті жоспарлау:

-мақсаттарды қою (қысқа мерзімді, ұзақ мерзімді);

-пациентпен бірге күтім нәтижелерін анықтау;

-пациентке қажетті мейірбикелік кірісу түрлерін анықтау;

-мейіркештік кірісулер жоспарын құру;

-пациентпен күту жоспарын талқылау;

-күту жоспарын, күтімді жүргізушілермен таныстыру.

IV кезең - күтім жоспарын енгізу:

- мейірбикелік қызметті жоспар сәйкестігі бойынша үйлестіру;

-жоспарланбаған немесе жоспарланған күтімді үйлестіру.

V кезең - мейірбикелік күтімнің қорытынды бағасы.

-жетістікке жеткен қорытындысын жоспарланғанмен салыстыру;

-жоспарланған кірісудің нәтижесіне тиімділігін баға беру;

-егер қажетті нәтижеге жетпеген жағдайда келешек бағасын және жоспарын енгізу. Мейірбикелік үрдістің барлық кезеңдеріне сын қорытындысын жасау және қажетті түзетулерді енгізу. Мейірбикелік үрдіс мейірбикелік бағалау картасында құжатталады.

5.6.Адамның негізгі қажеттіліктері

Адамның өмір сүруі көп факторлармен байланысты: экономикалық, әлеуметтік, психологиялық, рухтық қажеттерден. Қажеттік деген психологиялық немесе физиологиялық ұғыну түрде бір нәрсенің жетіспеушілігі адамның түсінуіне тойтарыс етеді, өзінің өмір бойы бастан кешуі. Қажеттіктің пайда болуы адамды белсендікке шақырып, мінезінің себебі түрінде болады. Айналадағы қоршаған ортамен үйлесімді түрде өмір сүру үшін, адамға үнемі өзінің қажеттігін қамтамасыз ету керек. Мысалы: салауатты өмір сүруін сақтау, әлеуметтік, мәдениеттік, айналамен үйлесімді өмір сүру, материалдық рухтың байлығын көтеру.

Қажетті әрекетіне ауысқанды адамның психоэмоцианалдық, психомоторлық өзгерістері пайда болады, олар адамның өмір жасына, білім денгейіне, қабілеттілігіне, жекелік қасиеттерімен байланысты. Қажет адамның қасіретіне, ерігінен әсер етіп, жеке адамның бағытын құрады. Басымды болатын қажет басқа қажеттерді басып, адамның іс әрекетінің негізгі бағытын анықтайды, мысалы: шөлдеген адам судан басқа ештемені ойламайды. Басқа адам өнегелі қажеттікті бастан кешіреді, ол шөл түгелі өзінің өмірін қиюға бас тартады. Қажеттік ұғынулық аз ұғынулыққа бөлінеді. Аз ұғынушылық үнемі мазасын кетіріп себепсіз жағдай жасайды. Адам сана сезімімен өзінің қажеттілігін реттейді, осымен жануарлардан айырмашылығы бар. Қажеттерді реттеген кезде мыналарды есепке алу керек: сыртқы факторларды, моральдық мінез құлқын, адамның жасын. Қоршаған ортасына кіретін сыртқы факторлар: өмір, қоршаған орта, әлеуметтің, рухтың, материалдық жағдайлары. Өзгермейтін факторлар: жасы, жынысы, тұқым қуалаушылығы. Қажеттіліктің іске және әрекетке көшуі сезіммен (эмоциямен) сақталады. Эмоция дегеніміз қажеттіліктің индикаторлары. Қажеттілікті қамтамасыз ету үшін эмоция жағымды, жағымсыз болады.

Барлық қажеттік үш топқа бөлінеді:

І топ - виталдық (өмір сүру қажеттілігі, өзінің өмірін қамтамасыз ету)

ІІ топ - әлеуметтік (қоғамда өзінің орнын табу)

ІІІ топ - танымдық (ішкі және сыртқы әлемді танып білу)

Американдық психофизиолог А. Маслоу 1956 ж адамның 14 негізгі қажеттілігін анықтап оларды бес сатыға бөлген:

I.Физиологиялық қажеттілігі - демалысы, тағамдық, жыныстық, өз-өзін қорғау.

II.Сенімділік қажеттілігі - материалды сенімділікке, денсаулыққа, қартаюды қамтамасыз етуін ыңғайлау.

III.Әлеуметтік қажеттілік- қоғамдық қары-қатынастар.

IV.Өзінің адамгершілігін, өзіне деген құрметті сезіну.

V.Жекелік даму қажеттілігі, өз-өзін өмірде бағыттау, өзінің ой-пікірі.

Сондықтан мейірбике пациенттің қамтамасыз етілмеген қажеттілігін анықтап отырып, мейірбикелік үрдісті қолданып, көмек көрсетуі тиіс.

Мейірбикенің мақсаты:

1. пациенттің психоэмоцияналдық жағдайының өзгеру себебін анықтау;

3. пациенттің проблемасын анықтап, мейірбикелік тексеру жүргізу;

4. керекті көмекті жоспарлау.

5.7. Мейірбикелік үрдістің бірінші кезеңі

Егер мейірбикелік үлгі құрылымына сәйкес орындалса мейірбикелік тексеру жағдайдын бағалау үшін ақпараттар жинау маңызды. Пациенттер туралы мәліметтер толық және анық болуы керек. Пациенттің денсаулық жағдайының хабарлығын әр түрлі әдіспен және әр түрлі қайнар көздері арқылы жинауға болады: пациенттерден, жанұя мүшелерінен, кезекшілер мүшелерінен, медициналық құжаттардан, физикалық тексерістен, диагностика тестілерінен. Ең бірінші тексеріс пациентпен сұрау арқылы басталады. Осы процессте мейірбике пациенттің физикалық, психологиялық, әлеуметтік, эмоциялық, рухтың денсаулығы туралы мәлімдеп алады, пациенттің ерекшелігін, негізін, бет әлпетін, оның пікірін біледі.

Керекті ақпаратарды субъективтік, объективтік тексеріс арқылы алғаннан кейін, мейіркеш талдау жұргізеді:

1. Күтім жоспарын құрмастан бұрын пациент туралы толық мағлұмат алу.

2. Адамның қалыпты жағдайын, жағымды жақтарын анықтау.

3. Күтім көрсетудегі адамның қаматамасыз етілмеген қажеттіліктерін анықтау.

4. Пациенттпен нәтижелі қатынас жасап, ынтамақтастыққа шақыру.

5. Пациентпен күтім ерекшілігін және күту нәтижесін талқылау.

6. Пациенттің қажеттілігін есепке алып, оған ыңғайлы жағдайды қамтамасыз ету.

7. Құжаттарды толтыру.

8. Жаңа проблеманың пайда болуына жол бермеу.

Мәліметтер жинауға немесе субъективтік тексерістерге кіреді:

- пациенттің төлық құжаттық мәліметтері;

- дәрігер диагнозы;

- қазіргі уақыттағы шағымдары;

- ауру тарихы: әлеуметтік жағдайы, өмір баяны, аллерго- анамнезі,

гинекологиялық және эпидемиялогиялық анамнезі;

- ауруын сипаттау, оның қалай, қай жерге әсер ететінін сипаттау.

Объективтік тексеру немесе ауруханаға келген

пациенттің жағдайын бағалау

- Физиологиялық мәліметтер: бойы, салмағы, ісіктер;

- Бет жүзінің өзгерісі: ауырсынған, домаланған, қайғылы, өзгеріссіз, салмақты, немқұрайсыз;

- Сана сезімі: есі дұрыс, есін білмейді, анық сана сезімі, ступор, сопор, кома;

- Төсектегі жағдайы: белсенді, енжарлы, ыңғайлы;

- Терісінің және көрінетін шырышты қабаттарының жағдайы: түсі, дымқылдығы, әртүрлі бөртпелер, қатаюлар, ісіктер, қансыраулар, терінің қызаруы, бозаруы, сарғаюы, құрғақтығы, терінің түсуі;

- сүйек-бұлшық ет жүйесі: омыртқаның, буындардың қисаюы, бұлшық ет жұмысының бұзылуы;

- Дене қызуы: қалыпты, жоғары, субфебрильді, фебрильді;

- Дем алу жүйесі: демнің көлемі, оның қасиеттері (ырғақтық, тереңдік) түріне қарай (сыртқы, терең дем), іштік, аралас дем, тахипное (жиі, ырғақты, сыртқы) қалыпты демі минутына 16-18 рет (сыртқы, ырғақты дем);

- Қан қысымы: екі қолынан, гипотония, нормотония, гипертония;

- Тамыр соғысы: минутына соғу көлемі, ырғақтығы, толуы, толықсуы, қалыпты жағдайда минутына 60-80 рет;

- Табиғи қызмет атқарулары: зәр шығуы (жиілігі, көлемі, зәрді ұстамау, катетер арқылы, өз бетінше, зәр жинағыш) ішектің жұмысы (өз бетінше, ретті, дәретін ұстамау, колостома арқылы);

- Сезім мүшелері (есту, көру, сезім түсінігі, иіс сезімі, сөйлеу);

- Ес: сақталынған, бұзылған;

- Қорларды қолдану: линзалар, көзілдірік, есту аппараты, алып-салымалы тіс протездері;

- Ұйқы: күндіз ұйықтау қажеттілігі;

- Қозғалуға қабілеттілігі: өз бетінше, біреу арқылы және т.б.;

- Тамақтану, тағам қабылдау қабілеті, тәбеті, шайнауының бұзылуы, жүрегінің айнуы, құсу.

Пациенттің психоәлеуметтік жағдайын бағалау

Мейірбике істей білу керек:

- сөйлеу үлгісін суреттеу, мінезін бақылау, эмоциялдық жағдайын, психомоторлық өзгерістерін, сезімін байқау;

- пациенттен әлеуметтік-экономикалық мәліметтерін жинау;

- қауіп-қатер факторларын анықтау;

- пациенттің қажеттілігін бағалау, қамтамасыз етілмеген қажеттігін анықтау.

Пациенттің жағдайын бақылау.

Мейірбикенің іс-әрекеті: пациенттің жағдайындағы барлық өзгерістерді бақылау,

уақытымен дәрігерге хабарлау, көмек көрсету.

Мейірбике пациентті бақылау кезінде келесі жағдайларға назар аударуы керек:

- сана сезіміне;

- төсектегі жағдайына;

- бет жүзінің өзгерістеріне;

- терінің, көрінетін шырышты қабаттарының түсіне;

- қан айналу, демалу мүшелерінің қызметіне;

- зәр шығару жолдарының қызметтеріне, үлкен дәретіне.

Сана сезім жағдайы

1. Сана сезімі ашық - пациент сұрақтарға тез, анық жауап береді.

2. Шатасқан сезім - пациент сұрақтарға дұрыс, бірақ кеш жауап береді.

3. Сопор - патологиялық, терең ұйқы, пациент ессіз, рефлекстер сақталған, қатты дауыспен оятуға болады, бірақ ол қайтадан қатты ұйқыға кетеді.

4. Кома - орталық нерв жүйесінің толық жұмысының қаналуы. Сана сезімі болмайды, босаңсыған, рефлекстердің және сезімінің жойылуы.

5. Сандырақ және елестеу - әр түрлі улануларда (жұқпалы аурулар, түберкулезде, өкпе қабынуында) болады.

Бет жүзінің өзгерістері

Бет жүз өзгерістері аурудың өту кезеңіне сәйкесті болады, сондықтан оған аса көңіл аударылады. Мейірбике пациенттің бет жүзінің өзгерістері туралы дәрігерге дер кезінде хабарлауға тиісті.

1.Жүзі: қорқыныш, қайғылы, немқұрайлы және т.б.

2.Дене қызуы жоғары болғанда көз жанары жылтырап, беті қызарады.

3.Бүйрек ауруларында беті ісік, өңсіз.

4.Митральдық «беттің шырайы» - өңсіз, беті көгерген (цианоз).

5.Кірпігінің дірілдеуі, бадырақ көз - гипертиреоз т.б. ауруларда байқалады.

Тері және көрінетін шырышты қабаттары

Тері қабаты өңсіз, қызарған, сарғайған, көгерген, акроцианоз болады, терісіндегі бөртпелерге, терісінің қызаруына, дақтардың, ісіктердің пайда болуына назар аудару керек.

Пациенттің жағдайын бағалау:

1.Қанағаттандырарлық - пациент белсенді, жүзінде өзгерістер жоқ, сана сезімі ашық, патологиялық симптомдардың баршылығы осы жағдайына әсер етпейді.

2.Орташа жағдай - шағымдарын білдіреді, өзіне ыңғайлы жағдай іздейді, жүзі қайғылы, патологиялық симптомдары көрініп тұр, тері қабатының түсі өзгерген.

3.Ауыр жағдай - төсекте жағдайы енжарлы, белсенді әрекеттерді әзер атқарады, сана сезімі, жүзі өзгеруі мүмкін. Орталық нерв жүйесі, жүрек, дем мүшелерінің қызметтері өзгерген.

5.8. Қажеттілігі бойынша пациенттің жағдайына баға беру

Мейірбикелік күтімнің әр түрлі үлгілері.

1.Дәрігерлік (медициналық) үлгі

Пациент қажеттіліктері: адам жүйесіндегі физиологиялық және биохимиялық өзгерістер әсерінен туындайтын қажеттілік. Адам “ аурудың селқосты тасушысы” болып қарастырылады.

Пациент мәселесінің көзі: а натомиялық мүшелер және физиологиялық жүйелер қызметінің бұзылысы.

 

Мейірбикелік араласудың бағыты:мейірбике ауру тарихында жазылған симптомдармен танысады, пациенттің жағдайын бағалайды және деректерді көрсетеді “ентігу, іш өту және т.б.”

Күтім мақсаты: а натомиялық және физиологиялық жүйелердің қызметін қалпына келтіру.

Мейірбикелік араласу әдістері: қ;ызметі бұзылған мүшеге немесе жүйеге бағытталған бұзылысты шектеу үшін, пациенттерге әр түрлі мейірбикелік араласу әдетте бірдей.

Күтім нәтижелерін бағалау:организмнің функционалды және анатомиялық бағалауына негізделген.

Мейірбике ролі:дәрігер көмекшісіне таянады.

2. В.Хендерсон үлгісі

(1966)

Пациент қажеттіліктері:

1. Дұрыс тыныс алу.

2. Қажеттті тағам және су көлемін қолдану.

3. Өмір қызметінің өнімдерін бөлу.

4. Қимылдау және қажетті дене қалпын ұстау.

5. Ұйықтау және дем алу.

6. Өзіндік киініп, шешіну.

7. Дене қызуын қалыпты деңгейде ұстау.

8. Жеке бас гигиенасын сақтау.

9. Өзінің қауыпсіздігін қамтамасыз ету.

10.Сұхбаттасуды қолдау.

11.Рухани салттарды өткізу.

12.Жұмыс істеу.

13.Дем алу

14.Өзінің танымдылыңын қанағаттандыру

Пациент мәселесінің көзі:ауру, кәрілік жас, пациенттің білімінің немесе еркінің жетіспеушілігі.

Мейірбикелік араласудың бағыты:араласу өзін күтуді жүргізе алмайтындығын анықтаған соң жүзеге асырылады.

Күтім мақсаты:күрделі қажеттіліктерді қолдана отырып пациенттің тәуелсіздігін қалпына келтіру.

Мейірбикелік араласу әдістері:мейірбикенің дәрігерлік тағайындауларды атқаруға, пациенттің қажеттілігін қамтамасыз етуге және пациентті күтуге туыстарын баулуға бағытталған.

Күтім нәтижелерін бағалау:қанағатты қажеттілік кезіндегі пациенттің тәуелсіздігінің қалпына келуін бағалау.

Мейірбике ролі:мейірбике - дәрігер көмекшісі. Мейірбике өздігінсіз және тәуелсіз маман.

3. Н.Роупер үлгісі

(1976)

Пациент қажеттіліктері:

1. Қауыпсыз қоршаған ортаны қолдау.

2. Сұхбаттасу.

3. Тыныс алу.

4. Тағамды және суды қолдану.

5. Өмір қызметінің өнімдерін бөлу.

6. Жеке бас гигиенасын сақтау.

7. Дене қызуын бақылау.

8. Қимылды белсенділік.

9. Жұмыс, жұмыстан бос уақыт, көңіл көтеру.

10.Жеңсіктік.

11.Ұйқы.

12.Өлім.

· мүгедектік;

· ұлпадағы патологиялық өзгерістер;

· кездейсоқ жағдай;

· жұқпалы аурулар;

орта факторларының әсері

Мейірбикелік араласудың бағыты:араласу іс-әрекеттің өзгеруімен анықталады.

Күтім мақсаты:барлық қажеттіліктермен қанағаттану

Мейірбикелік араласу әдістері:пациент қажеттілігін қамтамасыз етуге бағытталған (қимыл дәрежесін кеңейту, өзін күту дағдыларын оқыту).

Күтім нәтижелерін бағалау:үздіксіз жүргізіледі. Әрбір қажеттіліктің қанағаттану деңгейі бағаланады.

Мейірбике ролі:

· тәуелсіз күтімді жоспарлау;

· тәуелді дәрігерлік көмек;

· өзара тәуелді дәрігермен жұмыс.

4. Д.Джонсон үлгісі

(1968)

Пациент қажеттіліктер і: қажеттілік, адам іс-әрекетіне байланысты. өзара байланысты іс-әрекет жүйе бөлігін алуға болады.

1. Жетістік: өзін және қоршаған ортаны бақылау.

басқа адамдармен жақын қарым-қатынас.

2. Агрессивтілік: қауіптен, өзіндік бекітуден өзін қорғау.

3. Тәуелді: басқалардан тәуелді.

4. Бөліп шығарушы: өмір қызметі өнімдерінің бөлінуі.

5. Асқорытулық: организм тұтастығын сақтау, жалпы денелік қанағаттану жағдайы.

Жеңсіктік: сексуальды қанағаттану.

Пациент мәселесінің көзі: жағдайға байланысты өз іс-әрекетін өзгерте алмау.

Мейірбикелік араласудың бағыты:араласу іс-әрекеттің өзгеруімен анықталады.

Күтім мақсаты:адам іс-қимылындағы тепе-теңдікті қалпына келтіріп, оған әкелген себепті анықтау

Мейірбикелік араласу әдістері:

· іс-әрекетті бақылау;

· қауіптен сақтану;

· іс-әрекеттің өзгеруіне жағдай жасау

Күтім нәтижелерін бағалау:егер нәтижелер қоршаған ортамен байланысты болса бағалауды жүргізуге болады

Мейірбике ролі: д әрігер жұмысын толықтырады, бірақ оған тәуелді емес.

 

5. К.Рой үлгісі

( 1976)

Пациент қажеттіліктері: салыстырмалы тепе-теңдік жағдайын ұстау. Бейімделу деңгейіне әсер беретін тітіркендіргіштер:

· ошақты: адамның қоршауында болады;

· ситуациялық мейірбикелік көмек көрсету кезінде туындайды;

қалдықтық: бұрынғы уайым нәтижесі.

Пациент мәселесінің көзі: бейімделуінің әрбір түрін жүзеге асыруға, заттың тапшылығы немесе шамадан тыс көп болуы.

Мейірбикелік араласудың бағыты:Бейімделуінің нәтижелі әдістерін анықтау мына жағдайда егер пациент қобалжуға себеп беріп, тітіркендіргіштерді анықтауға болады.

Күтім мақсаты:үнемі өзгеріп тұратын қоршаған ортаға бейімделуде көмек көрсету және бейімделі деңгейін кеңейту.

Мейірбикелік араласу әдістері:бейімделу деңгейі бойында әсер етуге тітіркендіргіштерді бағыттау.

Күтім нәтижелерін бағалау:пациент жағдайы бағаланада. Медбикелік араласу эффективті болады, егер мақсатқа жеткен болса.

Мейірбике ролі:стрессорлардың әсеріне бейімделуге көмектесетін маман.

6. Орэн үлгісі

( 1971)

Пациент қажеттіліктері: өзіндік күтім қажеттілігінің үш тобы:

1. Әмбебапты

· ауаны жеткілікті қолдану

· тағамды жеткілікті қолдану

· белсенділік және демалыс арасындағы балансты сақтау

· жеке болу уақыты қоғам уақытының балансы

· өмір қауыптілігінің алдын алу.

2. Даму кезеңімен байланысты қажеттіліктер.

Денсаулық бұзылысынан туындайтын қажеттілік

Пациент мәселесінің көзі: е гер пациентін өзін күту жағдайынан жоғары болса, онда мейірбикелік араласу қажет.

Мейірбикелік араласудың бағыты: а раласу өзін күту тапшылығымен анықталады және пациенттің белсенді қатысуымен жүзеге асырылады.

Күтім мақсаты:кезендік мақсаттын белгілеу (ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді)

Мейірбикелік араласу әдістері: м ейірбикелік араласудың тәсілі:

· пациент үшін бір нәрсе жасау;

· оның қимылын бағыттау;

· физиологиялық қолпаштауды жүргізу;

· өзін күту үшін жағдай туғызу;

· пациентті оқыту.

Күтім нәтижелерін бағалау: п ациент бөгде көмексіз өзін күте алса, онда бағалау нәтижелі болады.

Мейірбике ролі: п ациентке өзін күтуде көмек беретін тұлға.

 

Пациенттің өз бетінше күтінуін бағалау

Пациенттің күтіміндегі тәуелсіздік деңгейін анықтаймыз. Мейірбике пациенттің проблемалары туындайтын қайнар көздерін біліуі тиіс.

Болатын проблемалар:

1. Қоршаған орта және қауып-қатер факторлары.

2. Пациенттің медициналық диагнозы, немесе дәрігерлік диагнозы. Дәрігерлік диагностиканың мақсаты пациентке дұрыс ем тағайындау.

3. Ем жүргізгенде жағымсыз әсер болуы мүмкін, мысалы, жүрегі айну, құсу осының өзі проблема болып саналады.

4. Ауруханадағы жағдай қауыпке әкеліп соғуы мүмкін (пациентке ішкі ауруханалық инфекцияның жұғуы).

5. Пациенттің жекелік жағдайы (төмен әлеуметтік жағдайлы пациент) толық тамақтанбауы, оның келешекте денсаулығына зиян келтіруі. Пациенттің денсаулығына баға бергеннен кейін мейірбике пациент проблемаларын жинақтап немесе мейірбикелік диагностика жүргізуі керек.

 

5.9. Мейірбике үрдістің ІІ кезеңі - диагностикалау немесе пациенттің проблемаларын анықтау







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 4822. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

ТЕОРЕТИЧЕСКАЯ МЕХАНИКА Статика является частью теоретической механики, изучающей условия, при ко­торых тело находится под действием заданной системы сил...

Теория усилителей. Схема Основная масса современных аналоговых и аналого-цифровых электронных устройств выполняется на специализированных микросхемах...

Логические цифровые микросхемы Более сложные элементы цифровой схемотехники (триггеры, мультиплексоры, декодеры и т.д.) не имеют...

Вопрос. Отличие деятельности человека от поведения животных главные отличия деятельности человека от активности животных сводятся к следующему: 1...

Расчет концентрации титрованных растворов с помощью поправочного коэффициента При выполнении серийных анализов ГОСТ или ведомственная инструкция обычно предусматривают применение раствора заданной концентрации или заданного титра...

Психолого-педагогическая характеристика студенческой группы   Характеристика группы составляется по 407 группе очного отделения зооинженерного факультета, бакалавриата по направлению «Биология» РГАУ-МСХА имени К...

Правила наложения мягкой бинтовой повязки 1. Во время наложения повязки больному (раненому) следует придать удобное положение: он должен удобно сидеть или лежать...

ТЕХНИКА ПОСЕВА, МЕТОДЫ ВЫДЕЛЕНИЯ ЧИСТЫХ КУЛЬТУР И КУЛЬТУРАЛЬНЫЕ СВОЙСТВА МИКРООРГАНИЗМОВ. ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВА БАКТЕРИЙ Цель занятия. Освоить технику посева микроорганизмов на плотные и жидкие питательные среды и методы выделения чис­тых бактериальных культур. Ознакомить студентов с основными культуральными характеристиками микроорганизмов и методами определения...

САНИТАРНО-МИКРОБИОЛОГИЧЕСКОЕ ИССЛЕДОВАНИЕ ВОДЫ, ВОЗДУХА И ПОЧВЫ Цель занятия.Ознакомить студентов с основными методами и показателями...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.01 сек.) русская версия | украинская версия