Студопедия — Маскалар 5 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 5 страница






Есірткі заттарды ұрлау және сақтау.

Есірткі заттарды заңсыз әзірлеу, сақтау, алу, тасымағалдағаны үшін заң алдында жауапкершілікке тартылады. Мысалы: есірткі заттарды немесе препараттарды қол сумкасында алып жүруге болмайды. Емдеу мекемелерінде есірткі заттарды сақтау және қолданудың белгілі тәртібі бар. Егер есірткі заттарды сақтау ережесін бұзса және нұсқауларды орындамаған жағдайда есірткі заттарды сатып және заңсыз қолданса ол жағдайда медицина қызметкерлері заң алдында жауапкершілікке тартылады.

Әр жағдайларда ауырғаны туралы жалған анықтамалар және жалған куәліктер беріледі. Орта буынды медицина қызметкерлері емдеу мекемелерінде медициналық документтермен жұмыс істеуді және оның сақталуына жауап береді. Орта буынды медицина қызыметкерлерінің медициналық құжаттарды беру және толтыру ережелерін қатаң сақтауы моральдық және құқықтық міндет болып саналады. Мейірбикенің меңмендік мінездерінің салдарынан өз бетімен шешім қабылдап, пациентке ем тағайындаса, ол жауапкершілікке тартылады. Медицина қызметкерлерінің арасындағы бұзықтықты үш түрге бөлінеді:

А. Күтпеген оқиға

Ә. Медициналық қателік

Б. Заң алдында жазаланатын кәсіптік бұзықтықтар.

Күтпеген жағдай – ол адам алдын ала ойламаған жағдайларда туындайды. Мысалы: жеке пациентке белгілі бір дәріні қолдануға болмайды екен, себебі оның сол дәрі-дәрмекке аллергиялық ауруы бар, бірақ мейірбике пациенттің бұл ерекше жағдайы ауру тарихында көрсетілмеген салдарынан дәрі-дәрмекті қолданған. Міне, осындай жағдайлар күтпеген оқиға деп танылады. Осы мәселе әдейі шақыртылған конференцияларда талқыланып қайталануын болдырмайтыны туралы, кінәлі адамға ауызша қатаң сөгіс береді.

Медициналық кәсіптік қателіктер тәжірибесінің аздығынан, медициналық көмек көрсетуге жағдайының жоқтығынан, кәсіптік білім тәжірибесінің жеткіліксіздігінен болады. Бұндай кәсіптік қателіктерді екінші рет жібермеуі үшін жалпы жиналыстарда талқыға салынады.

Заң алдында жазаланатын бұзықтық жасау: әдейі немесе абайсыз әрекеттен қылмыс жасау. Оған жататындар: дәрігердің қызметін заңсыз атқару, криминалдық қылмыс болып табылатын аборт жасау, медициналық құпияны жариялау, эпидемияға қарсы күресудің ережесін бұзу, адамдарға жасауға болмайтын эксперименттер жүргізу.

Медициналық құпияны жариялау

'' Дәрігерлік құпияны'' сақтау ертеден бері сақталынып келеді. Ежелгі «Гиппократтың антында» дәрігерлік құпияны ардақтап сақтау керек деген. Кейбір жағдайларда медициналық құпияны жариялаған салдарынан әр түрлі келеңсіз оқиғалар болуы мүмкін. Ол үшін медицина қызметкері жауапқа тартылады. Медицина қызметкері пациентке байланысты құпияны пациенттің өзінен және басқада әріптестерінен құпия түрде сақтауы керек.

Медициналық көмек көрсету

Медицина қызметкерлері пациенттің шақыруына келмесе, жолда, далада, демалыста болғанда адамдарға жедел көмек көрсетпеген кездерде пациенттің жағдайы қиындап немесе өліп кетсе, ол заңға тартылады.

Абайсызда байқамай өлтіріп алу

Заңсыз жерде дәрігердің қызметін (жоғары білімі болмаса, дәрігер болуға болмайды) атқарып одан пациент өліп кетсе, орта буынды медицина қызметкерлері немқұрайлылықпен халі ауыр пациенттерге дұрыс күтім жасамаса, дәрігердің тағайындалған дәрісінен басқаны қолданса, немесе дәрінің мөлшерін көбейтіп жіберсе, денеге басқа дәрі жіберіп қойса, осының бәрі пациенттің жағдайын қиындыққа әкеліп соқтырады. Бұл медицина қызметкерлерінің дәрігер этикасына немқұрай қарағанынан және пациенттің қабылдаған дәрі-дәрмекке деген ағза әсеріне қалыпты көңіл бөлмегендігінен болады.

Дәріханада дәріхана қызметкерлерінің немқұрайлылығынан дәрі-дәрмектердің этикеткаларының ауысып жіберілгендігінен абайсызда кісі өлімі болуы мүмкін. Мысалы: физиологиялық ертіндісінің орнына ''Мүсәтір спиртін'' жаңа туған балаларға беру, бөлімшеде балаларды құлатып алу, тыныс мүшелерін ақжайма немесе көрпешікпен жауып тастағаннан баланы тұншықтырып алуы да кездеседі. Менменділік пен немқұрайлылық кәсіптік қылмыс болып саналады, себебі мұндай мінез көптеген зияндар келтіреді. Мұндай адамдарға балалармен, хирургияда акушер-гинекологиялық бөлімдерінде жұмыс істеулеріне тыйым салынады.

Медицина қызметкерлері тағайындалған емді тиісті жағдайда немесе мүлде орындамаса, ол қылмыс болып саналады. Дәрігер тағайындауларын орта буынды медицина қызметкерлері аса жауапкершілікпен және өте ұқыптылықпен орындауға тиісті. Мейірбике әлеуметтік заңды және моральдық тұрғыдан өз міндеттерін ұқыпты орындаған болса, онда олардың өз кәсіптік деңгейде сырқатқа қайырымды, ұқыпты көңіл бөлуге, сәтсіз уақиғаның болмауына, өз қызметіндегі қателікке және занды бұзушылықтың болмауына жол бермейді.

Тарау.

Мейірбике педагогикасы

«Педагогика» деп - бұл адамды танып білуде, адамның күрделі рухани әлеміне үнемі еніп отыруды айтады (В. Сухомлинский).

Мейірбике білімнің реформалануы кезеңінде - мейірбике қызметінің кеңеюі де байқалып отыр. Біздің қоғамның әр түрлі саласындағы болып жатқан өзгерістер мейірбикелік қызметтің стратегиясын анықтап отырады. Мейірбикелердің өз міндеттерін кәсіби тұрғыдан қаншалықты білімді орындап отырса, емдеу мекемелеріндегі мейірбикелік процесстің және мейірбикелік көмектің тиімділігі соншалықты болады. Мейірбикелік үрдіс болашақтағы мейірбике қызметіндегі тікелей қарым-қатынастарды құрып отырады. Осындай қатынастың түрі мейірбикелік іс әрекеттерінің бірі - пациенттерді және оның туыстарын оқыту болып табылады. Егер мейірбикенің кәсіби квалификациясын пациент және оның туыстары анық көре алмаса, онда мұндай мейірбикенің өнегелі бейнесін қандай дәрежеде екеніне көз жеткізу қиын болмайды. Мейірбикенің өсиетті-өнегелі тұрақсыздығы, этикалық және деонтологиялық ережелердің мінез құлқында болмауы оның таңдап алған мамандығына сай келмейтінін айта кету керек.

Мейірбике педагог және тәрбиелеуші ролін атқара отырып мейірбикелік істің айырылмас бөлігі болып саналатын – медициналық этика, деонтология және мейірбикелік философия, қарым-қатынас жасаудағы мәдениеттің үнемі ескеруі қажет. Пациенттерді және оның туыстарын оқыту - мейірбике күтімінің элементі боп саналады.

4.1.Пациентті оқыту өрісі

Пациент денсаулығығының төмендегенінің салдарынан кейбір іс-әрекеттерді орындай алмайды, сол қабілеттіліктерін дамыту үшін мейірбике кәсіби тұрғыда әсер ете алатындай адамды (пациентті) оқыту өрісінде білімдар болуы керек.

1. Танымдық; – пациенттердің қоршаған ортадан алған білімін, әсерін талдап және жинақтауына дағдылануына бағыталған өріс.

2. Эмоционалдық; – жеке тұлғаның мынадай: әсерлі, аяушылық, қайырымдылық, қатыгездік және т.б. эмоционалдық қасиеттерінен тәуелді болатын көңіл күйін сипаттайтын өріс.

Пациентті бақылау кезінде мейірбике оның анық сыртқы өзгерістерін байқайды:

§ кекті – қатынас жасау қажеттілігінің, эмоционалдық өрісінің бұзылулары, психикалық аурулар, мінездегі және тәрбиесіндегі ақаулар;

§ қорыққан– қорқыныш сезіміне, психикалық жағдайларына (фобия, невроз және т.б.), темпераментіне (меланхол), күмәншілікке, тұрақсыздыққа нұсқайды;

§ енжарлық- темпераменттігі бойынша ''флегматик'' болып саналады, өрісінің патологиялық өзгерістер (селсоқтық), жігерінің патологиясының (абулия немесе гипобулия) өзгеруі мүмкін, сонымен қатар мінез-құлқының жекелік ерекшеліктері болуы мүмкін.

§ сасқалақтық - жеке басының ерекшелігіне, қорқыныш сезіміне (алдағы тексерістің мәнін, ем алу жоспарын, ауруының болжамын білмеу және т.б.) нұсқайды; Өз-өзіне орын таппауы, психомоторлы қозуымен дәлелденеді, алдағы жасалынатын тексерістерден, операциядан, манипуляциялардан және т.б. қорқу, ауруының батып ауруы, эмоционалдық шок;

§ аффектегі жағдай - эмоционалдық өрісінің қысқа мерзімге қозуы;

§ салмақты – тұрақты эмоционалдық жағдайының, мінез-құлқының ережесі болып табылады;

§ ұрейленген белгісі - қолын уқалау, дауысындағы эмоционалдық жағдайының және мінезінің ерекшелігінің тұрақсыздықтың байқалуы, алдағы манипуляциялар мен тексерулерден қорқуына нұсқайды.

3. Психомоторлық өрісі мінезінің, сезімінің, қозғалысының өзгерісінің дамуының өзгеруін сипаттайды, жеке тұлғаның жалпы психомоторлық дамуынан, жүйке-психикалық ауруларынан тәуелді болады.

4. Әлеуметтік - психологиялық өрісі - пациенттің азаматтық жағын, оның жекелік және қызыметтік ерекшеліктерін, яғни қабілеттілігін, ой-өрісін, өз-өзіне баға беруін, бағытын, еңбекке қабілеттілігін, оқып-үйренуіне деген қатынасын бейнелейді.Пациентті оқыту пациенттің немесе оның жанұя мүшелерінің келесі педагогикалық жағдайларда орындайтын қызыметіне байланысты қалыптасады:-сырттан қабылдаған ақпарттарды енжар қабылауынан және ұғынуынан. Бұл жағдайда оқыту негізіне дайын ақпараттарды келесі хабарлау, түсіндіру, көрсету және пациенттің кейбір іс-әрекеттеріне талап ету әдістері жатады.

Ақпаратты қолдану және белсенді түрдегі өзіндік іздену, бұл жағдайда пациент әсердің салдарынан қалыптасып жатқан өз мақсаттары мен назарын субъект ретінде қарастырады. Бағытты іздену және ақпараттарды қолдану арқылы сырттай ұйымдастырылған іс-әрекеттер.Ұшінші жағдайдағы оқытудың негізінде мейірбикелік проблемаларды қою, қойылған мақсатарды пациентпен және оның жанұя мүшелерімен бірлесіп талқылау, бірлесіп жоспарлау, нәтижелерді бағалау, қателіктерді талқылау әдістері бойынша жүзеге асырылатын процесстерді басқарып отыру жатады. Пациенттің денсаулығын қалпын келтірудегі дағдысы мен ептілігін қалыптастыру мейірбикенің практикалық іс-әрекеттеріне бағытталуы тиіс.

4.2. Білім алудағы пациенттің және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру.

Пациенттердің қандайда бір қажеттілігін ашудағы қанағаттануының бұзылуы кезінде пациенттте аурушандық жағдай дами түседі.

Пациенттің және оның жанұясының өміріндегі белгілі бір сәтіндегі қажеттіліктерін ашуды, оның денсаулығын жақсарту мақсатында белсенді әсер етуге болады және де бұл процессте мейірбикеге көп көңіл бөлінеді. Ол үшін мейірбике:

-пациенттің өмір қалпы бағалайды;

-пациенттің өзіне күтім жасау оқуындағы қажеттіліктерін анықтайды;

-пациенттің әлеуметтік және мәдени ортасын бағалайды;

-оқушының психологиялық ерекшеліктерін, дамуын бағалайды.

4.3. Пациенттің білім және ептілігінің бастапқы деңгейіне баға беру

Іскерлік оқыту процессінің нәтижесі болып танылады. Іскерлік деп өзгеріп отыратын жағдайлардағы қалыптасқан білім негізінде қандайда бір іс-әрекеттерді болдыру қабілеттілігін айтады. Әрбір оқушы жеке тұлғалық және іскерлік ерекшеліктеріне, оқуға деген қарым-қатынасына ие болады.

Дәлелдеу - оқыту процессінің бірінші бөлігі.

Дәлелдеу ''дайын болу заңы'' – ақыл-ой іс-әрекеттерінің қалыптасуының бірінші міндетті түрдегі кезеңі. Дәлел - ол адамды қандайда бір іс-әрекет жасауға талаптанып, ынталануын анықтайды. Пациентті оқытуда ішкі және сыртқы дәлелдері болуы мүмкін. Сыртқы дәлелдерге денсаулығының қалпына келуі, материалдық пайдасы, сөгіс алуы, марапатталуы және т.б. жатады. Ішкі дәлелдерге өзінің оқулық деңгейін өсіруге талаптануы, бұрындағы алған білім мен ептілік деңгейлерін көтерулері жатады.

Дәлелдің 4 құрылымдық компоненттері бар:

1. Қызметтің өзінен қанағаттануы.

2. Жеке тұлғаның өз нәтижесіне деген мәнділігі.

3. Жасаған іс-әрекеттері үшін марапаттаудың ''дәлелдеу'' күші.

4. Жеке тұлғаға күштеу арқылы қысым көрсету.

Пациенттің оның жанұя мүшелерінің қабілеттілігін бағалау.

Адамның қабілеті өзінің жекелік психикалық ерекшелігіне тікелей байланысты. Адамның қабілеті жас кезінен денсаулығына, мінезіне байланысты әр алуан болып, танымдық белсенділігінің деңгейін анықтайды. Мейірбике пациенттердің және оның жанұя мүшелерінің жекелік психикалық жағдайына, қызмет ету сипатына, оқулық және тәрбиелік жағына, жеке қасиеттерін, қарым – қатынасын, ептілік дәрежесінің даму қабілеттіліктерін бағалап отырады. Мейірбике оқушылармен туындайтын қиыншылықтарды ескеріп, өзінің жұмысын әрі қарай жоспармен ұйымдастырады.

Оқу мазмұнын анықтау.

Оқу мазмұны жекелік оқу жоспарына бейнеленеді. Пациенттердің оқу мазмұнының негізгі бағыты - денсаулықты сақтау, өмір деңгейін көтеру болып табылады. Мейірбике оқу мазмұнын анықтамас бұрын, жаңа оқу технологияларымен танысуы, оның оқу процессіндегі қолданылатын жаңа терминдер мен түсініктерді анықтап алуы қажет. Оқытудағы алынған білімнің тереңділігі, жүйелілігі, бірізділігі жас қабілетімен, денсаулық жағдайымен, жеке тұлғаның танымдық белсенділігімен анықталады. Мейірбике педагогикасының мазмұны кейбір күтім көрсету нысандарымен жұмыс жасағандағы, жәрдем көрсетудегі дағдыны, іскерлікті және т.б. қалыптастырады. Пациенттер әр түрлі практикалық жұмыстарға белсенді қатыса отырып, өз қажеттіліктерін, ықыласын, бейімділігін қалыптастырады.

Оқуды жоспарлау, оның қасиеттерін бағалау, оқудың тиімділігі.

Мейірбике жоспарды құру, оқыту процессінің орындалуын қадағалап, бағалап, және оның сапасын, тиімділігін тексеріп, дәлелдерін қалыптастырудан тұратын оқыту процессін ұйымдастырып отырады. Оқу жоспары пациенттің жекелік қасиеттерін, оқытуға бөлінетін уақытты ескере отырылып, пациентпен бірлесіп талқыланады. Оқу процессі егер де мейірбике және пациент немесе оқушы белгілі бір мәселелерді ұғынуы бойынша қойылған мақсатта жетсе, онда оқыту тиімді деп саналады. Бұл жағдайда мейірбике коммуникативтік дағдылар, педагогикалық тактиканы және де педагогика, психология негіздерін білуі керек.

 

Тарау.

Мейірбикелік үрдіс

Осы тараудың мақсаты: қазіргі заманғы мейірбикелік күтімге жүйелі көзқараста маңызы бар мейірбикелік үрдісті оқып үйрену болып табылады. Ғасырлыр бойы кәсіп ретінде өзгеріп отыратын мейірбикелік үрдіс мейірбике ісінің ғылыми тұрғыдағы орнын анықтайды, сонымен қатар мейірбикелердің қызметі де өзгеріске ұшырайды. Өкінішке орай бүгінгі күнге дейін мейірбике ісінің әмбебап анықтамасы жоқ.

Ең алғашқы мейірбике ісінің (науқастарға күтім) Флоренс Найтингейль 1860 жылы «Күтім туралы жазбаларында» анықтамасын берген. Ф.Найтингейль пациенттердің сауығуына қоршаған ортаның әсерін қолдану ретінде ол көбінесе қоршаған ортаның физикалық және психикалық факторларына зор мән берген.

Мейірбике ісі – пациентті күту және оның денсаулығын күтудегі мейірбикелік күтімнің бір бөлігі, қоршаған ортаның өзгерісінен туындайтын адам денсаулығының потенциалдық және пайда болған проблемаларын шешуге бағытталған ғылым және өнер болып табылады.

Қазіргі заманда мейірбике ісінің анықтамасын қоршаған ортаның өзгеруінде қоғамның және жеке бастың проблемаларын шешуге бағытталған денсаулық сақтау жүйесінің құралас бөлігі болып табылатын мейірбике ісінің түсінігін тереңдете түседі. Сондықтан мейірбике ісі өз алдына ғылым болып саналады.

Мейірбике ісінің мақсаты– мейірбикелік үрдісті жүзеге асыру болып табылады. Мейірбикелік үрдісті ендіру саясатында жалпы күтім жүргізу кезінде пациенттің психологиялық, әлеуметтік, рухтық қасиеттерін еске алу қажеттілігі туындап отырады. Сол себептен мейірбикеге маман ретінде, қазіргі заманғы философияны, мейірбике ісінің әдістемесін, адамның психологиясын, педагогикалық және зерттеу қызметтеріне деген қабілеттерін өқып үйрену жүктеледі. Осы алынатын білімдер мейірбикелердің кәсіптік деңгейін, күтім сапасын жоғарлатады, мейірбикелік күтімге деген жүйелік көзқарасты қамтамасыз етеді, мейірбикенің құндылығын өсіреді.

5.1. М ейірбикелік күтім стандарттары туралы түсінік

Мейірбикелік үрдіс туралы түсінік АҚШ-та 50-шы жылдары пайда болған және қазіргі заманда американдық, ал 80- жылдардан бастап батыс еуропалық мейірбике ісінің үлгілері ретінде кеңінен дамыды. Мейірбике ісінің барлық концептуалдық үлгілері (Орем, Рой, Хендерсон және т.б.) төрт мейірбике ісінің аспектілерінен құралады:

1. Пациент

2. Мейірбике ісі

3. Қоршаған орта

4. Денсаулық

5.2. Мейірбике ісінің үлгілерінің мазмұны

Дәстүрлі күтім үлгісі ағзаның физиологиялық қызметіне және жүйесіне бейімделіп тығыз байланысқан. Мейірбикелік күтім ауру аспектілерінен денсаулық аспектілеріне көшкен кезде әлеуметтік тұрғыда медико-биологиялық үлгі басым түседі. Ауру адам өмірін бұзушы қағида болып қоймай, адам өмірінің бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Үлгінің мазмұны - мейірбике ісінің белгілі бір уақыт кезеңіндегі мазмұны болып табылады.

Бүкілодақтық Денсаулық Сақтау ұйымының шешімі бойынша В. Хендерсон үлгісін қолданады. Бұл үлгіде пациенттің физиологиялық, психологиялық, әлеуметтік қажеттілігі ескеріліп отырады. Хендерсон пікірі бойынша 14 күнделікті әрекеттердің түрлері болады.

Күнделікті әрекетінің түрлері:

1. Бір қалыпты дем алуы.

2. Теңбе-тең тағам мен сұйықтық.

3. Ағзаның норма бойынша физиологиялық қызметінің атқарылуы.

4. Қозғалыс, әр түрлі қимылдар.

5. Ұйқы және демалу.

6. Сәйкес киімдерді таңдап кию және шешу.

7. Дене қызуын бір қалыпты үстау.

8. Денені таза үстап күту.

9. Қоршаған ортаның қауіпті факторларынан алшақтап, басқаларға зиян келтірмеу.

10. Басқалармен қарым-қатынаста болып өз ойларын, пікірлерін білдіру.

11. Сәйкес діни пікірлерін сақтау.

12. Нәтижелі жұмыс атқару.

13. Басқада демалу түрлеріне қатысу немесе ойнау.

14. Денсаулықты сақтап және оны қалыпты жағдайда ұстау үшін әр түрлі амалдар қолдану.

5.3. М ейірбикелік үрдіс туралы түсінік, оның мақсаты және мақсатқа жету жолдары

Қазіргі заманда мейірбикелік үрдіс мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады және Қазақстандағы мейірбикелік күтімінің теориялық ғылыми базасын құрайды.

Мейірбикелік үрдіс – мейірбике пен пациент қарым-қатынасында күтім көрсету мақсатында туындайтын проблемалар жағдайын анықтайтын жүйелі жолы болып табылатын мейірбикелік практиканың ғылыми эдісі.

Мейірбикелік үрдістің мақсаты пациент ағзасының негізгі қажеттілігін қанағаттандырудағы тәуелсіздігін қолдау және қалпына келтіру болып табылады.

Мейірбикелік үрдістің мақсатына жету келесі мәселелерді шешу арқылы жүзеге асады:

- Пациент туралы ақпараттар базасын құру;

- Мейірбикелік күтім көрсетудегі пациенттің қажеттілігін анықтау;

- Мейірбикелік қызмет көрсетудегі маңыздылығын көрсету;

- Күтім жоспарын құру, яғни мейірбикелік күтімді тікелей және жанама көрсетіп отыру;

- Пациентті күту және күтім көрсетудегі мақсатқа жетудегі нәтижесін бағалау.

 

5.4. Мейірбикелік үрдістің кезеңдері, оның өзара байланыстығы және әрбір кезеңнің мазмұны

Мейірбикелік үрдістің негізгі бес кезеңі бар:

I кезең; - мейірбикелік тексеру немесе пациенттің қажеттілігін анықтау үшін және мейірбикелік күтімге керекті ресурстар жағдайларын бағалау.

II кезең; - пациенттің проблемаларын анықтау.

Бұл кезеңді пациент жағдайын мейірбикелік диагностикалау деп атауға болады.

III кезең; - пациентке қажетті көмектерді жоспарлау.

IV кезең; – жүзеге асыру (мейірбикелік күтім жоспарын орындау).

V кезең; – нәтижелерді бағалау (мейіркештік күтімінің қорытынды бағасы).

Мейірбикелік үрдістің құжаттары пациенттің жағдайын бақылау картасында жүргізіледі.

Мейірбикелік технологияның жаңа жетістігі денсаулық сақтау практикасына кәсіби іс әрекетінің стандарттарын қолдану арқылы мейірбикелік қызметті енгізу болып табылады.

Стандарт –бұл бірыңғай және міндетті түрде қолданылатын үлгі, норма. Мейірбике ісі стандарттары – негізге алынатын қағидалар мен ережелер, осыған сәйкес мейірбикелік құрам өзі көрсетіп отырған мейірбикелік көмектің белгіленген сапа деңгейіне сәйкестігін анықтай алады.

Оқу үрдісіне тәжірибелік манипуляция стандарттарын енгізу келесідей тұжырымдарды жасауымызға мүмкіндік берді:
1. Стандарттар мейірбикелік манипуляциялардың жүргізілу дұрыстығын қадағалап отыруға мүмкіндік береді.
2. Олар жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды дұрыс бөлуге мүмкіндік береді.
3. Стандарттар колледждің барлық бөлімдерінде мейірбикелік манипуляциялардың орындалуын ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді.
4. Стандарттар оқу материалын неғұрлым жоғары сапалы деңгейде меңгеруге септігін тигізеді.
5. Тәжірибелік білім беру стандарттарын, алгоритмдерін енгізу дағдыларды, біліктерді саналы түрде меңгеру үшін, ойлау қызметін жандандыру үшін жағдай жасайды.
6. Стандартты әдіс түпкі нәтижесінде мейірбикенің кәсіби жауапкершілігін арттыруға алып келеді.
Стандартты күту жоспары – пациенттің белгілі бір проблемалары бойынша сапалы күтімді қамтамасыз ететін мейірбикелік қызмет көрсетуінің базалық деңгейі.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 4604. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Метод Фольгарда (роданометрия или тиоцианатометрия) Метод Фольгарда основан на применении в качестве осадителя титрованного раствора, содержащего роданид-ионы SCN...

Потенциометрия. Потенциометрическое определение рН растворов Потенциометрия - это электрохимический метод иссле­дования и анализа веществ, основанный на зависимости равновесного электродного потенциала Е от активности (концентрации) определяемого вещества в исследуемом рас­творе...

Гальванического элемента При контакте двух любых фаз на границе их раздела возникает двойной электрический слой (ДЭС), состоящий из равных по величине, но противоположных по знаку электрических зарядов...

Условия приобретения статуса индивидуального предпринимателя. В соответствии с п. 1 ст. 23 ГК РФ гражданин вправе заниматься предпринимательской деятельностью без образования юридического лица с момента государственной регистрации в качестве индивидуального предпринимателя. Каковы же условия такой регистрации и...

Седалищно-прямокишечная ямка Седалищно-прямокишечная (анальная) ямка, fossa ischiorectalis (ischioanalis) – это парное углубление в области промежности, находящееся по бокам от конечного отдела прямой кишки и седалищных бугров, заполненное жировой клетчаткой, сосудами, нервами и...

Основные структурные физиотерапевтические подразделения Физиотерапевтическое подразделение является одним из структурных подразделений лечебно-профилактического учреждения, которое предназначено для оказания физиотерапевтической помощи...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия