Студопедия — Маскалар 4 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 4 страница






«Госпитализм» дегеніміз - пациенттің саулығына аурухана мекемесінің теріс қайшы әсер етуі. Пациентке мейірбике аурухана ережелеріне үйренбеген жағдайда қиындықтарға тап болмас үшін бөлімдегі мейірбике моральдық психологиялық жағдайлар туғызып отыруы қажет.

«Эгогения» дегеніміз - ол пациенттердің ауруына немесе белгілі бір ауруының жағдайына байланысты өз -өзін теріс әсер етуі. Кейде пациенттерде өзінің аурулары (мерез, әтектік, гинекологиялық аурулар) туралы дәрігермен сөйлесу әдепсіз деген теріс түсінік қалыптасқан. Мұндай жағдайларда пациенттің көңіл- күйі бұзылып, аурулары созылмалы түрге айналып ұзақ уақыт емделуге әкеліп соқтырады. Сондықтан мейірбике өзінің жылы сөзімен пациенттің көңілін тауып, қорқыныш күдігінен арылтып пациенттің саулығына белсенді көмек көрсетеді.

«Эрготогения» - бір палата ішіндегі ем алып жатқан пациенттердің көңіл-күй, жеке бастық қасиетері мен мінездерінің бір-біріне теріс әсерін айтады. Әсіресе осындай жағдайларда жүйкесі тозған пациенттер төзе алмайды. Сондықтанда осындай пациенттер бөлек палатада болуын қалайды және де бұл пациенттермен бірге сабырлы да, салмақты, өз денсаулығына белсенділікпен қарайтын пациенттерді орналастырады.

«Ятрогения» - бұл медицина қызметкерлерінің теріс мінез-құлқының немесе пациенттің көзінше аңдамай айтқан сөздерінің салдарынан пациенттердің аурулық жағдайға душар болып немесе ауруды өзіне қабылдап алуын айтады.

Ятрогенияның болу себептері:

1. Диагноз туралы хабарды негізсіз болжау.

2. Емдеу және диагностикалық процедураны теріс түсіну.

3. Әрекетсіздіктен «мылқау» ятрогения немесе қызметкерлердің көңіл бөлмеуі.

4. Мейірбикенің орынсыз үндемеуі. Мейірбике өзінің кәсіптік жұмысын атқарғанда пациенттермен қатыгез, дөрекі, төрешіл, тәкәппар, өзімшіл, сұрампаз, немқұрайлы және шектен тыс салқын болмауы керек.

Медицина қызметкерлерінің парызы үнемі пациенттің жанының жайбарақатын бұзатын, дененің саулығына қайшы әсер ететін жағдайлармен белсенді күресу, мейірімді, кішіпейіл болу. Мейірбике ашуланшақ, ынтасыз немқұрайлы болса, онда пациенттер жағымсыз пікірде болады. Мейірбике пациенттермен араласқанда этикалық нормадан басқа әртүрлі жағдайларда өзін-өзі ұстай біліп, кәсіптік байсалдылық пен жоғары сезімге ие болғаны жөн. Сонымен бірге мейірбике әр нақтылы жағдайда пациентермен түсінісе білуі, оның ауруына қарсы күресіп денсаулығын бұрынғы қалпына келуіне жағдай жасауы керек. Балалар ауруханасының медицина қызметкерлері балалар психологиялық ерекшелігіне, әсіресе пациент баланың жасына мінез-құлқына, түріне, ауыртпалығына сонымен бірге балаға аурухана жағдайының берген әсерін ескерген жөн. Кішкентай балалар сырқаттанғанда жүйке жүйесінің бұзылуына байланысты мінез-құлқы, хал-жайы өзгергені байқалады. Әсіресе әртүрлі процедура мен инъекцияларға, операцияға әзірлікке және тағы басқа да шараларғаөте қорқыныш сезім білдіреді. Аурухананың балалар бөлімшесінде қызмет ететін медицина қызметкерлері балалардың ата-аналарымен араласқанда түрлі қиыншылықтармен кездеседі. Себебі ата-аналардың балаларының саулығына деген қорқыныш, абыржулары байқалады, мұның бәріде олардың табиғи сезімдері бола тұра мейірбике аса мейірімділікпен ата-аналармен жұмыс атқаруы қажет.

Жеке тұлға дегеніміз – сана-сезімі толығымен дамыған, болмысымен ерекшеленетін, жеке қасиеттерге ие адам. Барлық емдеу диагностикалық процессінің барысында мейірбике пен пациенттің дербес қарым-қатынасы жалпы деонтологиялық ережеге сай болуы керек. Соңғы жылдары адамдардың өмір сүруі ұзарды, соған байланысты халықтың ішінде қартайған адамдардың көбейіп, бүгінгі күнде созылмалы аурумен ауыратын қартайған адамдарға күтім көрсету мәселелері пайда болып отыр. Қартайған адамдардың жасы мен ерекшеліктерін мейірбике ескере отырып байсалдылықпен, шыдамдылықпен, сабырлықпен, адал қызмет көрсетуі қажет.

3.2. Медицина жұмыскерлерінің этикалық қарым – қатынасы

Мейірбикелердің пациенттерге, кіші медицина қызметкерлеріне деген қарым-қатынастары өте маңызды болуы керек. Бұл қарым-қатынастар мейірбикенің білім деңгейімен, және де өз қызметін атқару білгірлігімен анықталады.

Мейірбике әрқашанда өз қызметінде ұстамдылық танытып, теріс қылықтарға жол бермеуі керек.

Көбісінде өз әріптестеріміздін арасында, кәсіби мейірбикелік ортада кең тараған психикалық стресс деген сөз болады.

 

Стресстік кернеуге мынадай белгілер тән:

– бір нәрсеге жете ден қоя алмау;

– жұмыста жіберілетін тым жиі қателік;

– есте сақтау қабілетінің төмендеуі;

– жиі шаршау сезімінің пайда болуы;

– тез сөйлеу;

– ауырудың (басы, арқасы, қарын тұсы ауырады) жиі білінуі;

– жоғары қозу сезімі;

– жұмыстан бұрынғыдай ләззат ала алмау;

– әзілдесу сезімін жоғалту;

шегетін темекі санының кенет артуы;

– алкогольдік ішімдіктерге құнығу;

– тамаққа тұрақты түрдегі қомағайлық сезімі;

– тәбет жоғалту – жалпылай ас дәмін сезбеу;

– дер кезінде жұмысты аяқтай алмау.

Стресс тудыратын (стрессогендік) факторларды қорыта келгенде, мейірбике қызметкеріне тән мынадай стрессорлар тобын бөліп қарастыруға болады:

1. Мейірбике жұмысының шарттарынан туындаған стрессорлар:

-жәрдем қажет ететін саны көп адамдардың барлығымен тұрақты эмоционалдық жұғысу;

-өліммен (нақты, потенциалды, фантомды) ұдайы жұғысу;

- материалдық қиналу;

-біртекті (монотонды) жұмыс;

- сапалы қызмет үшін ынтаның болмауы;

- жүзеге аспаған кәсіби білім мен ептілік;

-шектен тыс зорығу;

-ауысымдық (кезекшілік) жұмыс.

2. Жеке себептер бойынша туындайтындар: әкімшіліктен

-сескену;

-психологиялық білімнің, өзіндік менеджменттің тапшылығы, мамандықты, кәсіпті тындаудағы қателесу;

-жұмыстағы “болдыру”; жұмыс нәтижесі бойынша жоғары жауапкершілік сезімі

-когнитивтік диссонанс (танымдық сәйкессіздік).

3. Әкімшілік тарапынан болатын жайсыздықтар:

-аттестаттау, куәландыру;

-жұмысқа сырттан бақылау жасау, әкімшілікпен арадағы дау-жанжал, теке-тірестік;

-әкімшілік тарапынан сынап-мінеу;

4. Пациенттермен арадағы қарым-қатынастан туындайтын, олардың ата-аналарынан, студенттерден болатын стрессорлар.

5. Әріптестермен өзара қарым-қатынастан туындайтындар;

-тұйықтыққа немесе “ұжымның санаспауы” тұрғысына байланысты жалғыздық;

-психологиялық сәйкессіздік;

- қайтарымсыз жек көрушілік;

- топтық бірігудің болуы;

-әріптестер тарапынан болатын сын.

Стресстердің әсер етуі нәтижесінде мейірбикелік қызметкерде мынадай стресстік жағдайлардың дамуы ықтимал:

1. Психикалық;: сөзден, қылықтан білінетін ызалану; көңіл-күйдің төмендеуі; үрей, кірпияздық, ұялу; пациенттерге, әріптестерге, әкімшілікке бағытталған ашу-ыза; когнитивтік ригидтілік (қабылдамау, біркеткейлік).

2. Әдептік-психикалық;:мінез-құлықта және әрекетте білінетін ызақорлық; мінез-құлықпен жек көруді көрсету; әлеуметтік орынсыздық бойынша белгісіздік сезімі, жұмысқа ынтаның жоғалуы.

Патологиямен шектен жатқан стресстік жағдайлар: стресске кінәлі адамнан кек алу жабысқақ идеясы; суицид (өзіне қол жұмсау) туралы жабысқақ ойлар; жағдайға қарсы тұру қабілетін кемсітетін шаршау; өзіне ие болуды жоғалтумен бірге жүретін ақ көзділік.

Ең қайғылысы, стресстердің ұзақ уақыт әсер етуі нәтижесінде “кәсіби болдырудың” дамуы мүмкін.

“Болдыру” (burnout) атауын 1974 жылы америкалық психолог H.J.Freudenberger эмоционалдық қанық ауа-жайда пациенттермен белсенді кәсіби қарым-қатынаста болатын адамдардың психологиялық жағдайларын сипаттау үшін енгізді. Оған “басында үлкен шығармашылық мүмкіндікке ие,...өз ісіне құлай берілген, кәсіби адамдар тап болады”. V.Moss кәсіби болдыруға “күшейе түсетін қуатын, идеалын, мақсатын жоғалтатын ақыл-ойлық, денелік және жандық тауысылу” деген анықтама береді. С.Maslach болдыру тұлғааралық әрекет етудегі стресстен туындайтын эмоционалдық жүдеулік екендігін байқады.

Ол «болдырудың» оңды сезімдерді, пациенттеріне аяу және қастерлеу сезімін жоғалтумен білінетінін айтты. С.Мaslach бұл проблеманың негізінде адамдардан бұрын, жағдай тұрады деп есептейді. «Болдырудың» кең тарауы мен бұл синдромға тап болған кәсіби мамандар санының артуы көптеген жақсы адамдар жұмыс істейтін «нашар» оқиғаларды талдау, мекемедегі «нашар» адамдарды табуға әрекеттенуден ықпалдырақ екендігін көрсетеді.

«Кәсіби болдыру» кенеттен, тұтқиылдан пайда болмайды. Бұл процессті жабық ыдыстағы сұйықтың, кейін қайнап сыртқа тасып төгілетін жәй қайнауымен; немесе көңіл аудармаса соңы өртке айналатын жалынның ұшқындауымен теңестіруге болады.

А.Сullen мейірбикелік қызметкердің «кәсіби болдырудың» 3 сатысын былайша сипаттайды:

бірінші саты- мазасыздану; адам қалайтын деңгейге қызмет атқаруға бейім емес, ол өз беделін демеу үшін, қорғаныс механизмін қолданады. Мысалы: «Үйде қызығарлық не бар?» «Маған жұмыс көбірек ұнайды». Бұл механизмдерді қолдану кейде көмектеседі, алайда оны күнделікті пайдалану-адамның бірденені дұрыс істемегенінің белгісі;

екінші саты- қарсылық;; бұл сатының басты сипаттамасы-бірбеткейлік, бағынбау, қатандық; адам ережелер мен нұсқауларға жабысып, өз көзқарасын өзгертуге құштарлық танытпайды; томаға тұйық, өзгелерден оқшау қалады (бұл мінез-құлқы айналасындағыларды кері тебетіндіктен назардан тыс қалуы мүмкін); егер сіз әдетте жұмыстан кейінгі уақытты бірге өткізетін мейірбике тұтқиылдан мұндай қарым-қатынасты күрт үзсе, онда оның «кәсіби болдыру» синдромын бастан кешіруі мүмкін;

үшінші сатытаусылу; А. Сullen бұл сатыны ақырғы саты ретінде сипаттап, жазады; адамның бір жағынан, маужыраған, солбыр және тұрлаусыз, ал екінші жағынан аса зілді және қатал болуы ықтимал; бұл сатыда оған көңіл мен қамқорлық қажет, алайда шұғыл жағдайларда тәртіптік сипаттағы жаза қолданылады: бұл ретте баламалы ең жақсы тәсіл – маманнан кеңес алу.

«Болдырудың» дамуына көптеген факторлар ықпал етеді. L.Phlpps шұғыл терапия бөлімшесінің ең стрессогендіктерін атағанда, мынадай бөліктерді бөліп көрсетеді: уақыттың тапшылығы; сенсорлық ынталандырушының шектен тыс мол болуы ауа-жайында жұмыс істеу; көмек көрсетудің реттілігіне қатысты шешім ету қажеттілігі: дәрігерлермен өзара әрекер ету проблемалары.

Мейірбикелік қызметкердің қайда жұмыс істеуіне байланысты “болдырудың” дамуына ықпал ететін басқа да жағдайлар болады. J.Meissner мейірбикенің ең қатал жауы-басқа мейірбике деп есептейді. Мейірбикелер жаңа және /немесе жас мейірбикелермен істес болғанда өз тарапынан геноцид жасайды. Бұл процессті сыртқы ортадан бұрын, мамандықты құртуы мүмкін “қатал адам жегіштік” деп қарастыруға болады.

Мекемеде жаңа мейірбикенің пайда болысымен, басқа қызметкерлер өздерінің де кезінде “сары ауыз балапан” болғандарын естерінен шығып, оған қолдан келмес, нақты емес талаптар қоя бастайды.

И.Харди (венгер психологі) мейірбикелердің типологиялық жіктелуінің сипаттары негізінде олардың психоэмоционалдық ерекшеліктерін алып қоймай, сонымен қатар пациентке және өз қызметіне деген қатынасын қарастырған. Ол мейірбикелерді келесі түрлерге бөледі:

Мейірбике -керітартпа – пациентерге деген қажетті көңіл бөлмей, оларға ешқандай жанашырлық сезімсіз өз міндеттерін тиянақты, дәлме-дәл, машина сияқты орындайды. Олар кейде өз міндеттерін орындау үшін, мысалы пациенттің дәрі-дәрмек қабылдауы үшін оны ұйқыдан оятып алады.

Әртістік түрі – мұндай мейірбикелер өзінің көздеген мақсатына жету үшін белгілі-бір рөлді ойнайды. Егер де мұндай мінезі шектен тыс шығып жатса, онда оның мінез-құлқында адалдық, өзінділік қасиеттерін жоғалады.

Кейігіш-түрі - өкінішке орай біздің денсаулық сақтау саласында мейірбикелердің бұл түрі кең тараған. Мұндай мейірбикелер ылғида болдырып қажыған, ашу кернеген, оның еңбегін қажетті түрде бағаламайтындай сезімдерде болады. Бұл мейірбикелердің пациенттері өздерін қалыпты жағдайда сезіне алмайды.

Еркекшора түрі – әдетте ірі тұлғалы мейірбикелер шешімді, қуатты болып келеді. Кейбір жағдайларда олар жақсы ұйымдастырушы және жас мамандардың тәрбиешісі болып танылса, ал кейбір жағдайларда мәдениеттіліктің, білімнің жетіспеушілігінен олар дөрекі де агрессивті болып келеді.

Мейірбикенің аналық түрі - мейірбикелердің бұл түрі пациенттерге аналық сезімге тән жанашырлық және қамқорлықпен қарайды. Олар үшін пациенттерге деген қамқорлық өмірлік бейімділік болып саналады.

Тар мамандық түрі – мұндай мейірбикелер өз әріптестері және пациентерге деген аса басымдылық қарым-қатынасы салдарынан әрқашанда шиеленісуге апарып отырады.

Әрбір пациенттің өмірлік құндылығына және адамгершілігіне деген құрмет – мейірбикелік практиканың негізгі қағидасы болып саналады.

Мейірбике ісі ғылым саласында жылдан жылға көптеген жаңалықтар енгізіліп жатыр. Қазіргі жағдайларда медициналық этиканың әр бір жағдайларда өз ерекшіліктері бар. Медицина қызметкерлерінің өмірге және өлімге деген қатынасының үлкен мәні бар және ол дін, өнер, философия салаларымен сабақтасып жатады.

Қазіргі заманда медицина қызметкерлерінің өлімге деген қатынастары жаңа аспектілерге ие болып дүниежүзінде кеңінен талқылануда. Шет елдерде тұрғындардың 75-80%-ы эвтаназияны қолдайды. Эвтаназия грек тілінен аударғанда жеңіл, бақытты өлім дегенді білдіреді.

Эвтаназия екі түрге бөлінеді: белсенді және енжар.

Белсенді эвтаназия – пациентке өлімді жасанды шақыратын дәрілермен енгізеді.

Енжар эвтаназия – пациенттің емін тоқтатып, қондырғыларды ағытады, бірақ оған деген күтім жалғас береді.

Қазіргі кезде шет елдерде және Қазақстанда өлім аузындағы пациенттерді күтіп-бағатын арнайы мекемелер – хоспистер ашылған. Бұл медицинадағы ең мархабатты бағыт болып саналады. Сондықтанда медицина қызыметкерлерінің адамгершілік қасиеттерін және мейірбикелердің аса дайындылығын қажет етеді.

Сонымен осының бәрін саралай келе, біз деонтологияны «адам-адам» жүйесіне қызмет ететін мамандардың парызына адалдығы мен кәсібіне сәйкес саналы әдеп және құқықтық ұстанымдар мен ережелер кешені жатады деп қорытамыз.

3.3. Мейірбике құқығы мен міндеттері

Мейірбике өзінің жұмысын бөлім меңгерушісінің бекіткен кесте бойынша атқарады.

Мейірбике құқығы:

1. Пациенттің ''ауру тарихына'' тағайындалған процедураларын орындайды, қажет болған жағдайда, дәрігерге дейінгі жедел көмек көрсетеді, дәрігерді шақырады;

2. Палатаның, кабинеттің, ваннаның, туалеттің, тумбочкалардың тазалықтарын, тағамдардың дұрыс сақталуын тексереді;

3. Мейірбике дер кезінде керек дәрілерге талап қағазын жазады;

4. Дәрігермен бірге пациенттерді аралап шығуына қатысып, пациенттердің қал жағдайын хабарлап, әрі қарай пациенттерді күту және емдеу туралы нұсқаулар алады;

5. Пациенттердің ауру тарихындағы дене қызуын, қан қысымын, тамыр соғысын, демін қадағалайды, анализдерін нұсқау қағаздарына дұрыс дурыс тіркеп отырады;

6. Рентген және басқа әртүрлі зерттеулерге пациенттерді талапқа сай даярлайды;

7. Жаңадан түскен пациенті аурухананың ережесімен таныстырады;

8.Бөлмедегі пациентке керек тамақ, дәрілер туралы талапты уақытында

толтырып аға мейірбикеге береді;

9.Бөлім меңгерушісіне күнде пациент туралы мәліметті беріп, шыққан пациенттердің құжаттарын толтыруға көмектеседі;

10.Кезекшілікті тапсыру кезінде мейірбике жаңадан түскен пациенттермен танысып, олардың жағдайлары туралы жалпы мәлімет алады;

11.Кіші медицина қызметкерлерінің жұмысын қадағалайды;

12.Санитарлық-ағарту жұмысын жүргізіп, науқастарға арналған денсаулық бұрышын ұйымдастырады;

13.Мейірбике әрдайым өз білімін дамып, санатын жоғарлатады.

3.4. Мейірбике міндеттері

-Медициналық документтерді дайындап толтырады;

-халық және науқастардың арасында санитарлық ағарту жұмысын жүргізеді;

-пациенттерге дәрігерге дейінгі шұғыл жәрдем береді;

-зерттеуге керек материалдарды дұрыс жинайды;

-пациенттерге күтім жасау үшін залалсыздандыру ертіндісін даярлап, жеке басының тазалығын сақтауға арналған әдістер мен амалдарды атқарады;

-жағдайы ауыр пациенттерді күтіп-бағып қадағалап отырады;

-оңқа, қыша қағазын, компресс, жылытқыш, мұзды мүйық, сүлік процедураларын дәрігердің нұсқауы бойынша орындайды;

-дәрілерді талап бойынша жаздырып, есепке алып, таратып қадағалап отырады;

-терінің астына, терінің ішіне, бұлшық еттің ішіне, көктамырға инъекция жасап тамызғышты құрып және ол арқылы тамшылап дәрі жібереді;

-көк тамырдан қан алып, қанның тобын анықтайды;

-қан кеткенде оның ұюуының уақытын анықтайды;

-дәрінің бір-бірімен үлеспейтіндігінің белгісін анықтап, шұғыл көмек көрсетуге даяр болады;

-тамырдың соғуын анықтап, тыныс алуын санап, қан қысымын өлшейді;

-асқазан шырышты қабатынан сөл алып, асқазанды тазартады;

-клизма жасайды, қуыққа түтік қояды, тәуліктегі диурезді өлшеп отырады;

-жүрек тұсын уқалап, жасанды ''ауызға ауыз'', ''ауызбен мұрынға'' үрлеу арқылы тірілту әдістерін жасайды.

Мейірбике жұмыс орнында тәртіп сақтап, сабырлық танытып, арнайы киіммен жұмыс атқаруы керек.

3.5.Мейірбикенің кұқықтық жауапкершілігі

Мейірбике ісі дамыған қазіргі кезеңде мейірбикелік құрам көрсетілетін мейірбикелік көмек сапасына жауап беруі тиіс және ол үшін талап етілетін құзырлылықты қолға ала жұмыс жасауы қажет. Жауапкершілік қазіргі жағдайда өзінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін жауап беруге қабілеттілігі деген мағынаны білдіреді.

Денсаулығына жауапкершілікпен қарау – медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқаратын барлық адамдардың денсаулықтарын жақсартуға қатысты ДСҰ-ның көкейтесті стратегиясының негізін қалаушы қағидаларының бірі. Өзінің міндеттерін тиімді және сапалы орындау үшін мейірбикелер өздеріне тиесілі жауапкершіліктері мен міндеттерін нақты білуі тиіс. Жалпы алғанда сапа, жекелей алғанда медициналық көмек сапасы дегеніміздің өзі не? 1994 жылы ISO (International Organization for Standardization) 8402 Халықаралық стандартында сапа ұғымына мынадай анықтама берілген: «Сапа – бұл нысанның белгіленген және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігіне қатысты сипаттамаларының жиынтығы. Нәтижелілік, тиімділік, оңтайлылық, қолайлылық, заңдылық пен әділдікті медициналық көмек сапасының негізгі сипаттамаларына жатқызуға болады.
Орта білімді медицина қызметкерлері, дәрігер секілді жіберілген қателеріне жауап беруі керек. Медицина қызметкерлері кәсіптік этикасының қағидаларың сақтамағаны үшін ұжымның және өзінің арының алдында жауап береді, ол дағды бұзғаны үшін соттың алдында да жауап береді. Қазақстан Республикасының заңы тәртіпсіздік пен қызметтегі қылмыстың арасына нақтылы шек қояды. Тәртіпсіздік бұл мейірбикенің кәсіптік жұмысындағы кемшілігі болып саналады. Қоғамға қатерлі әрекет болмағандықтан, заң алдында жауап беру қаралмаған. Мысалы: дәрілерді, жабдықтарды таңғыш материалдарды бүлдіру бөлме жабдықтарын бүлдіріп сындыру т.б. Жұмысқа кеш қалып келіп дәрігердің айтқанын орындамау, жұмысқа шықпай калу мейірбикенің тәртіпсіздігіне жатады, мейірбикенің бұндай тәртіпсіздігі жұмысқа әсер етіп қызметкерлер арасында тәртіпті төмендетеді. Тәртіпті бұзғанына жауапкершілік дегеніміз - ол тәртіпті бұзған адамға жаза қолдану. Тәртіпті бұзғаны үшін жазаны тәртіпті бұзғаннан кейін бір айдан алты айға сөгіс жариялайды, одан әрі қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Тәртіпті бұзғаны үшін жаза берудің алдында міндетті түрде кінәлі болған адам жазбаша түсініктеме беруі керек.

Егер де мейірбике келесі заңсыз әрекеттер жасаса, мысалы, заңсыз аборт жасау, заңсыз дәрігердің қызыметін атқару, әртүрлі заңсыз құжаттарды беру, адамдарға болмайтын эксперименттерді жасау, эпидемияға қарсы күресудің ережесін бұзу, қатты әсер ететін дәрілер мен наркотиктерді, улы дәрілерді сақтаудың және жіберудің ережесін бұзғаны, қызмет жағдайын теріс пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Ауылда жұмыс істейтін мейірбикеге көптеген туындайтын жағдайларда өз бетімен шешім қабылдауына тура келеді. Сондықтан олар құқықтық жауапкершілік ережелерін халықпен жұмыс атқару кезінде өте сауатты болуы керек.

Заңды білмегені, заңды бұзғаны үшін және жұмыста жіберген қателіктері үшін заң алдында медицина қызметкерлері жауапкершіліктен босатпайды.

Дәрі және құрал жабдықтарды ұрлау.

Барлық құрал жабдықтарды және дәрілерді, емдеу және алдын-ала сақтандыру мекемелерінде ұқыптылықпен есепке алынып отырылуы керек. Мейірбике кезекшілікті тапсырғанда аға мейірбикенің алдында барлық қолданылған дәрі және құрал жабдықтарды туралы есеп береді. Дәріні және құрал жабдықтарды ұрлағаны үшін заң алдында жауап береді.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 8137. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Расчетные и графические задания Равновесный объем - это объем, определяемый равенством спроса и предложения...

Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Менадиона натрия бисульфит (Викасол) Групповая принадлежность •Синтетический аналог витамина K, жирорастворимый, коагулянт...

Разновидности сальников для насосов и правильный уход за ними   Сальники, используемые в насосном оборудовании, служат для герметизации пространства образованного кожухом и рабочим валом, выходящим через корпус наружу...

Дренирование желчных протоков Показаниями к дренированию желчных протоков являются декомпрессия на фоне внутрипротоковой гипертензии, интраоперационная холангиография, контроль за динамикой восстановления пассажа желчи в 12-перстную кишку...

Методика исследования периферических лимфатических узлов. Исследование периферических лимфатических узлов производится с помощью осмотра и пальпации...

Роль органов чувств в ориентировке слепых Процесс ориентации протекает на основе совместной, интегративной деятельности сохранных анализаторов, каждый из которых при определенных объективных условиях может выступать как ведущий...

Лечебно-охранительный режим, его элементы и значение.   Терапевтическое воздействие на пациента подразумевает не только использование всех видов лечения, но и применение лечебно-охранительного режима – соблюдение условий поведения, способствующих выздоровлению...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия