Студопедия — Маскалар 2 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 2 страница






- орта буынды медицина персоналдарын пайдалануды нәтижелі түрде жоғарылату;

- әртүрлі деңгейдегі мейірбике ісінің дамуына (нәтижелі) көмек көрсету;

- орта буынды медицина қызметкерлерінің құқықты реттеулерін жетілдіру;

- мейірбике қызметтерін басқару жүйесін жетілдіру;

- мейірбике көмектерін жаңа ұйымдастыру түрлері мен технологияларын дамыту;

- мейірбике кадрларын дайындау және қайта дайындау жүйесін жетілдіру;

- халыққа мейірбикелік көмектің сапасын қамтамасыз ету;

- мейірбике ісінің дамуында мемлекеттік емес секторлардың салымын жоғарылату.

Осы стратегияның басты қағидалары мен бағыттары аймақтық және жергілікті деңгейде бағдарламаларды игеру мен басқару ісін жетілдіру де бағдар болуы керек.

Мейірбикенің жұмысы Бұкілодақтық Денсаулық Сақтау ұ¦йымы және мейірбикелік іс «Лемон» бойынша төрт әрекетке бөлінеді.

Бірінші әрекет: мейірбикелік күтім жасау;

- алдын ала қолданылатын шаралар;

- мейірбикелік кірісулер (пациенттің және оның жанұя мүшелерін мейірбикелік үрдісті үйрету, психологиялық қолдауын көрсету). Бұл іс-әрекет мейірбикелік үрдісте нәтижелі орындалады.

- адам және оның жанұясының қажеттілігіне баға беру;

- қажеттілігін анықтау және оған мейірбикелік іспен кірісу және жүргізу;

- алғашқы денсаулығының байланысты проблемасын анықтау;

- мейірбикелік күтім жоспарлау және орындау;

- мамандық стандарттарын қолдану.

Екінші әрекет: пациенттерді және мейірбикелерді үйрету;

- адамның денсаулығын сақтауына, қалпына келтіруді қатынасты дағдысына, біліміне баға беру;

- сәйкестік деңгейде керекті хабарлауды дайындау және беріп отыру;

- жаңа білімді дағдыналау үшін мейірбикелерге, пациенттерге, медицина қызметкерлеріне көмектесу;

- алынған мамандық бойынша стандарттарды қолдану.

Үшінші әрекет:

- мейірбике тәуелсіз, тәуелді рольді орындау, медицина қызметкерлердің құрамында пациенттерге қызмет көрсету;

бұл әрекеттің кейбір компоненттері пациентпен оның жанұясына және басқа денсаулық саласындағы қызметкерлерінің жоспарын ұйымдастыруға қатысу және пациенттің жоспарын, күту нәтижесін талқылау.

Төртінші әрекет:

мейірбикелік практиканың дамуы, зерттеулердің негізінде жүзеге асырылуы.

 

1.2.Бұкілодақтық Денсаулық Сақтау Ұйымы бойынша алғашқы медико- санитарлық көмек көрсету мақсаттары

БОДСҰ-ның негізгі мақсаты - 2030 жылға дейін Дүние жүзінде денсаулық деңгейін көтеру. Қазіргі уақытта ұйым аурулардың алдын алу шараларының жүргізілуіне көп көңіл бөлуде, оның ішінде әсіресе алғашқы көмек көрсетудегі мейірбике ісі мамандарының қызметін күшейту болып отыр.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрінің 2010 жылғы 5 тамызындағы № 604 бұйрығымен бекітілген ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ бойынша 030300 «Мейірбике ісі» біліктілігі 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейірбике»

Келесі нәтижелерді білуі керек:

- медициналық этика және деонтология негіздерін;

- санитарлық- зарарсыздандыру тәртібін білуі;

- зарарсыздандыру үшін қолданатын заттарды дайындау және одан ерітінділер дайындай білу,оларды қодана білу;

- медициналық инструменттерді өңдеу кезеңдері;

- өз құзыреттілігіне сәйкес іс- шаралар мен манипуляцияларды орындау тәртібіне сай орындай білу, мақсаттарын білу;

- қазіргі кезде қолданылып жүрген ақпараттық технологиялардың негізін білу;

- жиі кездесетін аурулардың белгілерін білу;

- терапиялық көмекті ұйымдастыру жүйесі жайында түсінікті білу;

- салауатты өмір салтын қалыптастыру негіздері жайында түсінік;

- жүрек пен өкпені қайта жандандыру көмегі жайында түсінікті білу;

- жекелеген әлеуметтік топтағы мүгедек адамдарға және қартайған жастағы ауру адамдарға көмек көрсету ерекшеліктерін білу;

- мейірбикелік үрдісті ұйымдастыра және оны іске асыра білу;

- пациенттермен және медицина қызметкерлерімен қарым- қатынас жасай білу;

- үйде және ауруханаларда кейбір іс- шараларды жүргізу тәртібін білу;

- пациенттердің ауруының алдын алу, емдеу-диагностикалау шараларын жүргізу;

- халықтың денсаулығы мен тұрмыс жағдайы туралы деректерді жинау;

- біздің елде және шет елде халықтың денсаулығын қорғаудың даму болашағына қатысу;

- халық денсаулығын сақтау және қоршаған ортаны қорғаудың қағидасын, негізгі қолданылатын медициналық жабдықтардың, құжаттардың мазмұнын білу;

- жұмыс істегенде, қауіпсіздік техникасын сақтау ережесін мүлтіксіз орындау;

- санитарлық ағарту жұмысының түрі мен әдісітерін білу;

- асептика мен антисептиканың ережесін, санитарлық- эпидемиологиялық шаралардың сақтау тәртібін білу;

- халықты диспансерлеуге әзірлік жұмыстарын ұйымдастыруын білу.

Мейірбике маманын емхана, алдын-ала сақтандыру мекемелеріне жұмыс атқаруға тағайындайды.

Маманның жеке басына қойылатын талаптар:

§ ұжымда ұйымдастырушылық қабілетіне ие болу;

§ еңбекқор, адамгершілік қасиетіне ие болуы керек;

§ отанын сүйгіш;

§ халықаралық ынтымақтастықты дамытатын, өте сапалы адам болуы тиіс.

Мейірбике өз жұмысында, тек қана моральдік жауаптан басқа, заң алдында да жауап береді мысалы, дәрігерлік құпияны жариялағаны үшін, құрамында наркотик бар дәрілерді ұрлаған және сатқаны, заңсыз дәрігердің қызметін атқарғаны, керек жерде медициналық көмек көрсетпегені үшін және т.б.

1.3.Қазақстан республикасында денсаулық сақтау

жағдайы және реформалау мәселелері. «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы»

Халықтың денсаулығың жағдайы – бұл қоғамдық дамудың индикаторы және еліміздің әлеуметтік-экономикалық және гигиеналық сәтті дамуының бейнесі ғана емес, сонымен қатар қоғамның экономикалық, еңбек, мәдениетінің қуатты потенциалы, жақсы тұрмыстың факторы мен компоненті.

Денсаулық көрсеткіштері болып қоғамның жағдайы мен дамуының индикаторы саналғанмен де, қоғамдағы жағымды немесе жағымсыз болып жатқан қағидаларға дер кезде сергек әсер етіп отырады. Халықтың денсаулығының деңгейі мен сапасы демографиялық көрсеткіштерінде бейнеленетін, әрбір елдің тұрмыстық денгейінің, сонымен қатар өркендеу дәрежесін көрсетеді. Қазақстандағы нарықтық қатынастың қазіргі жағдайларында әрбір адамның денсаулығы халық денсаулығының құрамдас бөлігі ретінде, оның тіршілігінің толыққұнды бағасын ғана емес, сонымен қатар оның мүмкіндіктерінің әлеуетін анықтайтын факторға айналып отыр. Халық денсаулығы жағдайының деңгейі өз кезегінде, елдің әлеуметтік-экономикалық, мәдени және индустриялық даму өлшемін анықтайды. Медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, уақтылығын, сапасы мен сабақтастығын қамтамасыз етуге жұмылдыратын әлеуметтік бағдарлы жүйені ұсынатын денсаулық сақтау саласы, халық әл-аухатының бірқалыпты және тұрақты жақсаруы тұрғысынан алғандаРеспубликадағы негізгі және басымдық берілетін саланың бірі.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан- 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатын жақсарту» атты Қазақстан халқына Жолдауында халықтың денсаулығын сақтау деңгейін жақсарту қажет екендігі жөнінде «Қоғамымызды құруымызға қарай азаматтарымыздың өз өмірінің аяғына дейін сау болуы және қоршаған табиғи ортаның таза болуы үшін күш салу керек» деп айтылған, ол медициналық және сол сияқты медициналық емес сипатқа ие құрамнан тұрады.

Соңғы онжылдықтың ішінде Қазақстанда жүргізіліп отырған денсаулық сақтау саласындағы саясат экономикалық және саяси трансформациялардың салдары болды, сонымен бірге денсаулық сақтаудағы реформаларға көзқарас бірнеше рет түбегейлі өзгерді. Қазіргі таңда Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі оның құрылымдарын перспективалық мақсаттардың айқын көрінісіне, барлық секторлармен ықпалдастыруға негізделген жаңа стратегияларды енгізе отырып, сондай-ақ дамудың қазіргі заманғы ғылыми, әлеуметтік және институционалдық технологияларды қолдану негізінде одан әрі жетілдіруді талап етеді.

Одан әрі Республиканың денсаулық сақтау жүйесін елдің көпсалалы экономикасының жүйелі жаңаруымен ықпалдастыру денсаулық сақтауды жетілдірудің негізін салушы қағидаттардың бірі болуы тиіс. Яғни, денсаулық сақтау мемлекеттің ұлттық экономикалық доктринасының бір бөлігіне айналуы тиіс. Дамыған қоғамда денсаулық сақтау ісі және онымен байланысты фармацевтикалық индустрия, биотехнология, ақпараттық технологиялар, медициналық сервис, медициналық сақтандыру, әлеуметтік жұмыс, коммуникациялық-психологиялық қызмет сияқты салалар тұрақты экономикалық дамудың шекті өзара байланысты элементтері болып табылады.

Денсаулық сақтауды тұрақты дамыту бағдарламасын тиімді іске асыруды қамтамасыз ету үшін дамуды стратегиялық жоспарлау және басқару, тиімді және дұрыс қаржыландыру, сапалы нормативтік база, алдыңғы қатарлы ғылыми-әдістемелік және қазіргі заманғы институционалдық даму базалары сияқты компоненттер қажет. Қазақстанда экономиканың әлеуметтік секторларын дамыту шеңберіндегі денсаулық сақтау саласын дамытудың ұлттық институттары қажет, олардың мақсаты Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесін тұрақты дамытуды ғылыми, ұйымдастырушылық-әдістемелік, білім беру және қаржылық қамтамасыз ету болуы тиіс.

Президент Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңіндегі мемлекеттік саясаттың бір бағыты медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту және денсаулық сақтаудың жоғары технологиялық жүйесін дамыту болуы керек деп атап көрсетті. Медициналық қызметтердің сапасы кешенді түсінік болып табылады және ол көптеген көлемді себептерге байланысты, олардың ішінде медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық жабдықталуын, кәсіби деңгейін және клиникалық мамандардың оны арттыруға деген уәждемесінің болуын, медициналық көмекті ұйымдастыру мен көрсету процестерін басқарудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуді, медициналық көмекке ақы төлеудің тиімді әдістерін енгізуді бөлек атап өткен жөн. Қазақстанның денсаулық сақтау саласын 2020 жылға дейін стратегиялық дамыту бағдарламасында медициналық қызметтердің сапасын басқаруды жетілдіру маңызды орын алады.

2010 жылғы Жолдауда Президент жақын онжылдыққа нақты міндеттер қойды. Оның ішінде Нұрсұлтан Әбішұлы «Салауатты өмір салты мен адамның өз денсаулығы үшін ынтымақты жауапкершілігі қағидаты – денсаулық саласындағы және халықтың күнделікті тұрмысындағы мемлекеттік саясаттың ең басты мәселесі болуы тиіс» екендігін атап көрсетті.

Жоғарыда көрсетілгендерге сәйкес, сондай-ақ халық денсаулығының қазіргі заманғы жағдайына және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау жүйесіне жүргізілген талдау негізінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Салауатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) стратегиялық басым бағыттары және іске асыру тетіктері анықталды.

«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік денсаулық сақтауды дамыту бағдарламасы

«Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын нығайту және еліміздің әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін тиімді денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Казахстан» мемлекеттік бағдарламасының негізгі мақсаты болып табылады.

Бағдарламаны іске асыру медициналық қызмет көрсетудің аз шығынды нысандарына өту үшін жағдай жасау, саланың профилактикалық бағыттылығын қамтамасыз ету, медициналық қызметтің қолжетімділігі мен сапасының деңгейін арттыру, арнайы әлеуметтік қызметтерді енгізу, халықтың өзін өзі сақтау мінез-құлқының дәйектемесі, медицина қызметкерлері құрамының кәсіптік және жеке өсуі, денсаулық сақтау жүйесін қоғамның қазіргі талаптарына және нарықтық жағдайларына бейімдеу үшін жағдай жасау арқылы денсаулық сақтау жүйесін қарқынды дамытуға ықпал ететін болады.

 

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕСІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ, МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ НЫСАНАЛЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ

БағдарламаныңмақсатыҚазақстан азаматтарының денсаулығын жақсарту және еліміздің тұрақты әлеуметтік-демографиялық дамуын қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті денсаулық сақтау жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Бағдарламаның міндеттері:

азаматтардың денсаулығын сақтау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылықты қамтамасыз ету мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жақсарту жолымен халықтың денсаулығын одан әрі нығайту;

медициналық санитариялық алғашқы көмек әлеуетті бағытталған басымдылығымен Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтаудың жүйесін одан әрі дамыту және жетілдіру жолымен медициналық көмектің қолжетімдігін және сапасын арттыру;

бәсекеге қабілетті кадр әлеуетін қалыптастыру мақсатында медициналық және фармацевтикалық білімді жетілдіру. Инновациялық технологияларды әзірлеу және енгізуге бағытталған медициналық ғылымды дамыту.

Бағдарламаны іске асырудың нысаналы индикаторлары

2013 жылы:Қазақстан Республикасы Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі қалыптастырылды.

2015 жылы:Халықтың күтілетін өмір сүру ұзақтығын 70 жасқа дейін ұлғайту;

ана өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

нәрестелер өлім-жітімі 1,5 есе төмендейді;

жалпы өлім-жітім 15 %-ға төмендейді;

туберкулез ауруы 10 %-ға төмендейді;

медициналық ұйым және дәрігерді еркін таңдау жүйесі енгізілді; тұрғылықты жеріне қарамай тегін медициналық берілетін кепілді көлемі шеңберінде медициналық қызметтерді алуда республика азаматтарына тең жағдайлар жасалды;

халықтың жеке формалды емес төлемдерінің деңгейі төмендеді және тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің жұмыс істеп тұрған жүйесімен қатар қосалқы ақы төлеу тетігі енгізілді;

денсаулық сақтауға инвестициялардың тиімділігінің бағасы әзірленді;

тиімді тарифтік саясат енгізілді;

медициналық-санитариялық алғашқы көмек шеңберінде медициналық қызметтердің 30 %-н жалпы практика дәрігерлері ұсынады;

стационарлық көмекті негізінен көп бейінді стационарлар көрсетеді;

тегін медициналық көмектің берілетін кепілді көлемін көрсетуде пайдаланылатын дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарға әсіресе ауылдық жерде қол жетімділігі артты;

денсаулық сақтаудың мемлекеттік ұйымдары сатып алатын дәрілік заттарға бағаны мемлекеттік реттеу енгізілді;

дене тәрбиесі және спортпен айналысатын азаматтарды қамту, 25 %-ға дейін көбейді; дене тәрбиесі және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту 12 %-ға көбейді; халық арасында темекі шегу, есірткі және алкогольді тұтыну 15%-ға төмендеді.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРЫНА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАРЫ

Негізгі бағыттар:

1. Азаматтардың денсаулығын қорғау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыру.

2. профилактикалық іс-шараларды, скринингтік зерттеулерді күшейту, негізгі әлеуметтік-елеулі ауруларды диагностикалау, емдеу және оңалтуды жетілдіру.

3. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметті жетілдіру.

4. Денсаулық сақтаудың бірыңғай ұлттық жүйесінде медициналық көмекті ұйымдастыру, басқару және қаржыландыруды жетілдіру.

5. Медициналық, фармацевтикалық білімді жетілдіру; медицинада инновациялық технологияларды дамыту және енгізу.

6. Халыққа дәрі-дәрмектің сапасы мен қол жетімдігін арттыру.

БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылады.

Бірінші кезеңде (2011-2012 жылдар)

Екінші кезеңде (2013-2015 жылдар)

Қазіргі уақытта Мемлекеттік бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Бұл бағдарламаның басты мақсаты Қазақстан халқының денсаулығын жақсарту болып табылады.

Сондықтан да Мемлекеттің бағдарламасына келесі мемлекеттік мақсаттағы кешенді бағдарламалары кіреді:

1. Денсаулық сақтау саласын дамыту және реформалау;

2. Алғашқы медико-санитарлық көмекті жетілдіру;

3. Нәрестенің және ананың денсаулығын қорғау;

4. Салауатты өмір салтын қалыптастыру;

5. Иммунопрофилактика;

6. ЖИТС-тің алдын-алу және онымен күресу;

7. Түбіркулез ауруымен күресу және алдын-алу.

Тарау.

Мейірбике ісі философиясы

''Философияға сүйенбейтін-медицина,

шайқалып тұратын сияқты көрінеді''.

Ф.Бэкон.

Философия (грек тілінен – сүю және даналық, даналыққа деген сүйіспеншілік) дегеніміз – әлемнің тұтастай бейнесін, әлемдегі адамның алатын орынын, адам мен әлем арасындағы қарым-қатынас және осы әрекеттердің нәтижесін табатын адамның рухани қызыметінің түрі.

Халықаралық келісім негізінде мейірбике ісінің философиясы 4 негізгі тұжырымнан қалыптасады:

1. Пациент.

2. Мейірбике, мейірбике ісі.

3. Қоршаған орта.

4. Денсаулық.

Пациент – мейірбикелік күтімге зәру және оны қабылдайтын адам.

Мейірбике – мейірбикелік жұмысқа құқығы бар және мейірбике ісінің философиясын бөлісетін, кәсіпқой білімі бар маман.

Мейірбике ісі – қоршаған ортаның өзгерісіне байланысты туындайтын, денсаулықтың потенциалдық және болып жатқан проблемаларын шешуге бағытталған пациентке көрсетілетін мейірбике күтімінің бір бөлігі болатын ғылым және өнер.

Қоршаған орта – адамның өмірлік іс-әрекеттері болып жататын табиғи, әлеуметтік, психикалық және рухани факторлар мен көрсеткіштердің біртұтастығы.

Денсаулық; - өмірдің амалдарына бейімделу арқылы жетістікке жеткен тұлғаның қоршаған ортамен динамикалық үйлесімдігі.
Мейірбике ісі философияның маңызды проблемасы болып «мейірбике пациент», «жеке тұлға» жүйесі сияқты жүйенің қызметі болып саналады. Дәл осы жүйеде басты ішкі жан компонентті, мейірбике пациентке сырқат деп қана емес жеке тұлға ретінде қарау керек. Сонымен қатар мейірбике өзі де тұлға ретінде болуы керек.
Мейірбике ісінің негізгі философиясы-өмірді адам құқығы мен абыройын сыйлау. Біз өмір сыйының қасиеттілігіне сенеміз, сондықтан әр адамды физикалық, философиялық, әлеуметтік, мәдени, интеллектуалды және рухани өсіп дамитын мүмкіншілігі бар жеке тұлға ретінде қарастырамыз.
Мейірбике ісінің философиясы қағидаларың іске асыру-қоғам мен меірбикенің өзара әрекеттестігіне байланысты болып келеді. Бұл қағидалар мейірбикенің қоғам алдындағы (сонымен қатар емделуші алдындағы) жауапкершілігін және де, қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершілігін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің денсаулық сақтау жүйесіндегі маңызды рөл атқаратынын мойындай отырып, заңды актілер шығару арқылы, оны белгілі ережеге бағындырып, қолдап отырады.
Әр адамның қалыпты түрде өсіп, дамуы үшін қанағаттандыратын қажетті негізгі өмірлік маңызды мұқтаждары болады және де оны өзінің атқаруы өте маңызды. Қауіпсіздік мұқтаждықтары: ол адам өмір бойы өседі, дамиды, өзін қоршаған ортамен үнемі қатынаста болады. Соған байланысты ол адамда өмірлік маңызды мұқтаждықтар дамиды. Бұл мұқтаждықтар адам өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, табиғат апаттардан, аурулардан, әлеуметтік құбылыстардан, өмірлік сәтсіздіктерден, күйзелістерден қорғайды.
Қоғамға тиісті болу мұқтаждығы: Осы қоғам оны түсініп, қабылдауы керек.
Қоғамда өмір сүру табысқа жету мұқтаждығына әкеледі. Жұмыста, өмірде, отбасында әсемдікке, ұқыптылыққа, тәртіпке талаптанып, табысқа жетуге тырысады. Осы мұқтаждықтар Маслоу пирамидасының 4 сатысын құрайды және өмірлік бағалылықтарға мұқтаж болумен байқалады. Пирамида шыңының 5 саты қызмет ету мұқтаждығы құрайды. Ол адамның жеке түлға ретінде дамып өзін-өзі көрсете алуын қамтамасыз етеді.
Адам әлеуметтік және шығармашылық табысқа жету үшін осы мұқтаждықтарды үнемі өмір бойы қанағаттандыруға тиісті.

Адамның құқығына және өміріне деген сыйласымдық, адамгершілік мейірбике ісінің негізгі қағидалары болып саналады. Мейірбике ісі философиясының қағидаларын жүзеге асырылуы қоғам мен мейіркештің қарым-қатынастарына тәуелді.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 3358. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Аальтернативная стоимость. Кривая производственных возможностей В экономике Буридании есть 100 ед. труда с производительностью 4 м ткани или 2 кг мяса...

Вычисление основной дактилоскопической формулы Вычислением основной дактоформулы обычно занимается следователь. Для этого все десять пальцев разбиваются на пять пар...

Разработка товарной и ценовой стратегии фирмы на российском рынке хлебопродуктов В начале 1994 г. английская фирма МОНО совместно с бельгийской ПЮРАТОС приняла решение о начале совместного проекта на российском рынке. Эти фирмы ведут деятельность в сопредельных сферах производства хлебопродуктов. МОНО – крупнейший в Великобритании...

ОПРЕДЕЛЕНИЕ ЦЕНТРА ТЯЖЕСТИ ПЛОСКОЙ ФИГУРЫ Сила, с которой тело притягивается к Земле, называется силой тяжести...

СПИД: морально-этические проблемы Среди тысяч заболеваний совершенно особое, даже исключительное, место занимает ВИЧ-инфекция...

Травматическая окклюзия и ее клинические признаки При пародонтите и парадонтозе резистентность тканей пародонта падает...

Подкожное введение сывороток по методу Безредки. С целью предупреждения развития анафилактического шока и других аллергических реак­ций при введении иммунных сывороток используют метод Безредки для определения реакции больного на введение сыворотки...

Принципы и методы управления в таможенных органах Под принципами управления понимаются идеи, правила, основные положения и нормы поведения, которыми руководствуются общие, частные и организационно-технологические принципы...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия