Студопедия — Маскалар 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Маскалар 3 страница






Бұл қағида пациент, қоғам алдындағы мейірбикенің жауапкершілігін және қоғамның мейірбике алдындағы жауапкершіліктерін қарастырады. Қоғам мейірбике ісінің маңызды рөлін заңдық актілерін шығаруда ескерін, денсаулық сақтау жүйесінде мойындауға міндетті.

Мейірбике ісінің қазіргі заманғы үлгісінің мәні, ғылыми теориясы болып мейірбикелік көмектің көрсетілуіне және мазмұнына әр түрлі әдіс-амалдардың негізделінуі.

Кәсіпқой лексиконына пациенттің қажеттілігіне қарай жүйелі мейірбикелік көмектің көрсетілуі түсіндірілетін «мейірбикелік үрдіс» ұғымы енгізілді.

Пациенттің денсаулық жағдайының өзгеруінен туындайтын проблемалардың алдын алу, жеңілдету, жою мақсаты болып табылатын мұндай әдіс-амалдар 50-жылдар ортасында АҚШ-да жарық көрді, ал Ұлыбританияда 80-жылдары ресми түрде қабылданды.

Қазіргі заманда мейірбике үрдісі Қазақстан Республикасының мейірбикелік білім берудегі өзегі болып табылады. Мейірбикелік көмек көрсетудің теориялық ғылыми базалары ашылуда. Мейірбикелік үрдіс арқылы мейірбике тек қана дәрігер нұсқауын орындаушы емес, сонымен қатар әр бір пациенттің жан дүниесін түсіне білетін, жеке тұлға ретінде тани білетін шығармашылық адам бола отырып, мамандығы бойынша тәуелсіздік және егемендікке ие болады.

Мейірбике ісінің философиясының мәні болып пациентпен қарым-қатынас жасаудағы еңбегінің негізінде жатқан мейірбикенің көзқарасынан туындайтын кәсіпқой өмірінің негізі саналады.

Қалыптасқан философияны бөлісетін мейірбике өзіне келесі этикалық міндеттерді қабылдайды: шындықты айту; қайырымдылық көрсету; зиян келтірмеу; басқалардын міндеттерін силау; сөзінде тұру; адал болу; пациенттің еріктілікке құқығын силау.

Мейірбикелік философияның теориясы бойынша мақсаттарына ынталану, яғни мейірбикенің қызметінің нәтижесі - этикалық бағалық (мұраты) деп аталынады: кәсіпқойлылық; денсаулық; қоршаған ортаның тазалығы; тәуелсіздік; адамгершілік құндылығы; қамқорлық (күтім).

Мейірбикелік философия мейірбикенің жеке тұлғалық қасиеттерін де анықтайды. Жақсы деген мейірбике – зұлымдық пен қайырымдылықты анықтай білетін қайырымды адам; білімді; шеберлі; қайғысына ортақтасу; шыдамдылық; мақсатқа жету; мейірімділік қасиеттеріне ие болуы керек.

Этикалық қағидалар әр бір елде, сонымен қатар Қазақстанда мейірбикелердің Этикалық кодексін анықтайды және мейірбикелердің мінез-құлықтарының стандарты және кәсіпқой мейірбике үшін өзін-өзі басқару тәсілдері болып саналады. Сонымен, қазіргі кездегі мейірбикелер -емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін дамытып, бірегей қоғамның белсенді тұлғасы болып саналады. Қоғам мен пациенттердің қажеттілектерін қанағаттандыру үшін, денсаулықты сақтау үшін мейірбике жұмысын жалғыз және бас-қа да денсаулық сақтау саласындағы кәсіби жұмыскерлермен бірге атқара беруі тиіс.

2.1. Мейірбикелердің кәсіби жұмысының стандарттары

Кәзіргі уақытта медициналық саласында өзінің стандарттары бар. Қазақстанда орта кәсіби білім қазіргі таңда реформалар кезеңін бастап кешіруде және білім алуда және кәсіби біліктілігін жоғарылатуда жеке тұлға, мемлекет, қоғам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жұмылдырылған.
Қазіргі қоғам әлеуметтік және кәсіби қызметінде танымдық белсенділігі жоғары, шығармашыл адамдарға зәру. Мамандардың әлеуметтік және кәсіби біліктілігіне қоғамның қояр талабы күннен-күнге артып келеді.
Бүгінгі күні мейірбике кәсібіне деген қарым-қатынас пен оның кәсіби міндеттеріне қойылатын талаптар түбегейлі өзгерді.
Мейірбике ісі дамыған қазіргі кезеңде мейірбикелік құрам көрсетілетін мейірбикелік көмек сапасына жауап беруі тиіс және ол үшін талап етілетін құзырлылықты қолға ала жұмыс жасауы қажет.
Жауапкершілік қазіргі жағдайда өзінің іс-әрекеті немесе әрекетсіздігі үшін жауап беруге қабілеттілігі деген мағынаны білдіреді. Денсаулығына жауапкершілікпен қарау – медициналық қызметкерлердің кәсіби қызметінде аса маңызды рөл атқаратын барлық адамдардың денсаулықтарын жақсартуға қатысты ДСҰ-ның көкейтесті стратегиясының негізін қалаушы қағидаларының бірі.
Өзінің міндеттерін тиімді және сапалы орындау үшін мейірбикелер өздеріне тиесілі жауапкершіліктері мен міндеттерін нақты білуі тиіс.
Жалпы алғанда сапа, жекелей алғанда медициналық көмек сапасы дегеніміздің өзі не? 1994 жылы ISO (International Organization for Standardization) Халықаралық стандартында сапа ұғымына мынадай анықтама берілген: «Сапа – бұл нысанның белгіленген және болжамды қажеттіліктерді қанағаттандыру қабілеттілігіне қатысты сипаттамаларының жиынтығы. Нәтижелілік, тиімділік, оңтайлылық, қолайлылық, заңдылық пен әділдікті медициналық көмек сапасының негізгі сипаттамаларына жатқызуға болады. Стандарт дегеніміз не? Орыс тілі сөздігінде (1985 ж.) былай делінген: 1) типтік үлгі: қандай да бір нәрсе көлеміне (мөлшеріне, санына), пішініне, сапасына қарай жауап беруге тиісті; 2) қалып, трафарет. 1984 жылы басылып шыққан шет ел сөздерінің түсіндірмелі сөздігі басқаша анықтама береді: стандарт (ағыш. - standard):

1) әуелгілерді басқа сол іспеттес нысандармен салыстырып қарау үшін қолданылатын үлгі, эталон, модель;

2) ауқым бірлігін белгілейтін нормативтік-техникалық құжат, аталымдар және олардың анықтамасы, өнімге және өндірістік үрдістерге қойылатын талаптар, адамдардың қауіпсіздігін және материалдық құндылықтардың сақталуын қамтамасыз ететін талаптар және т.б.

Мейірбикелердің іс әрекетінің стандарттары екі түрге бөлінеді: кәсіби және этикалық. Кәсіби стандарттары емдеу мекемелердің жұмыс есебі, және оның қабілеттілігімен істелінеді. болып табылады.

Келтірілген анықтамалардың негізінде біз медициналық қызметте қолданылатын «стандарт» ұғымына өз түсініктемемізді береміз: медициналық манипуляцияларды орындауға қатысты стандарт – мейірбикенің қауіпсіздік пен мейірбикелік шаралардың сапалы жүргізілуін қамтамасыз ететін жүйелі іс-әрекеті алгоритмінің үлгісі.

Стандарттарды қолдану шарттары:

  • стандарттың тандауы клиникалық жағдаймен анықталады;
  • медициналық көмек көрсету деңгейі емдеу мекемелерінің қабілеттіктеріне және медициналық персоналдардың мамандығына сәйкес болуы тиіс;
  • мейірбике стандарттың барлық тәртібін білуі және түсінуі, машықтану тәжірибесінде қолдануын, енгізуін, өзінің жұмысына баға беруіне;
  • мейірбикенің жұмысындағы стандарттары пациентерге күтім жоспарын құратын негізі боп саналады;
  • стандарт күтімді ең аз жеткілікті көлемде, ең жоғаргы қысқа мерзімде орындауға талап етеді;
  • стандарттың тартып алынбайтын шарты — уақытымен дәрігерді шақыртып, дәрігерлік кеңесің құру.

Мейірбикенің кәсіби жұмысындағы стандарттары келесі топтарға бөлінеді:

1. Манипуляциялық стандарттар, немесе процедуралары, оның мақсаттары, көрсеткіштері, қарама қарсы көрсеткіштері, дайындалуы, орындалуы.

2.Әрбір клиникалық жағдайда, жоғары деңгейде орындалатын мейірбикенің базалық білімін бейнелеуі болатын пациенттердің күту жоспарының стандарты.

3.Дәрігерге дейін алғашқы көмек көрсету стандартты.

Оқу үрдісіне тәжірибелік манипуляция стандарттарын енгізу келесідей тұжырымдарды жасауға мүмкіндік береді:
-стандарттар мейірбикелік манипуляциялардың жүргізілу дұрыстығын қадағалап отыруға;

- олар жұмысты қамтамасыз ету үшін қажетті құралдарды дұрыс бөлуге;
-стандарттар колледждің барлық бөлімдерінде мейірбикелік манипуляциялардың орындалуын ұйымдастырудың бірыңғай жүйесін қалыптастыруға септігін тигізеді;
-стандарттар оқу материалын неғұрлым жоғары сапалы деңгейде меңгеруге септігін тигізеді;
-тәжірибелік білім беру стандарттарын, алгоритмдерін енгізу дағдыларды, біліктерді саналы түрде меңгеру үшін, ойлау қызметін жандандыру үшін жағдай жасайды;
-стандартты әдіс түпкі нәтижесінде мейірбикенің кәсіби жауапкершілігін арттыруға алып келеді.
Сонымен, тәжірибелік манипуляция стандарттарын қолдану білім алушылардың білім сапасын арттыруға септігін тигізеді.
Мейірбике ісінде оң өзгерістер бой көрсетуі үшін осы салада бірегей білім жүйесін құру қажетелген, дәрігерлік стандарттардан ерекшеленетін, ал ең бастысы денсаулық сақтау жүйе үшін тиімді, әрі қолайлы стандарттар әзірленген.

 

1 стандарт. Күту сапасы мейірбике үнемі мейірбикелік жұмыс тәжірибе сапасына және тиімділігіне баға беріп отырады.

2 стандарт. Кәсіби қызметін бағалау: мейірбике өзінің жұмыс тәжірибесіне қызметтік стандарттарға және жергілікті ережелер мен қоғамдық бастауларға қатысты баға беріп отырады.

3 стандарт. Білімі: мейірбике, мейірбике ісі бойынша білім алып, оны әрқашанда қазіргі заманға сай қалыптастырып отырады.

4 стандарт. Алқалық;: мейірбике өз әріптестерінің, басқада қызметтестерінің кәсіби дамуына үлес қосып отырады.

5 стандарт. Этика: мейірбикенің қабылдаған шешімдері және оның іс-әрекеттері тұтынушы жағынаң этикалық түсінігімен алдын ала анықталып отырады.

6 стандарт. Ынтымақтастық;: мейірбике пациентті емдеу процессінде медицина қызметкерлерімен және пациентпен бірігіп жұмыс атқарады.

7 стандарт. Гылыми зерттеулер: мейірбике өз жұмыс тәжірибесінде ғылыми жетістіктерді қолданып отырады.

8 стандарт. Қорларды қолдану: мейірбике пациентке көмек көрсету жоспарында көмектің құнын және тиімділігін, қауіпсіздік факторларына көңіл аударып отырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған жолдауында: «Сапалы білім беру қызметтерін біз барлық елде әлемдік стандарттар деңгейінде ұсынуға қол жеткізуіміз қажет» делінген. Білім беру үрдісінің қазіргі кезеңінде тәжірибелік денсаулық сақтау ұйымдары үшін біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті мамандар даярлау медициналық оқу орнының стратегиялық мақсаты болып табылады.

2.2.Халықаралық мейірбикелер одағының кодексі

Ең бірінші Халықаралық мейірбикелер кеңесінде 1953 ж., кодекс бекітіліп, бірнеше рет қарастырылды.

Кодекске деген кіріспе сөзбасы.

Мейірбикелердің төрт зәулімдік міндеттері:

· пациенттердің денсаулығын нығайту;

· аурудың алдын алуы;

· денсаулығын қалпына келтіру;

· қайғы қасіретін женілдету.

Мейірбикелік көмек керектілігі күнде болып отырады. Мейірбикелік іске адамның хұқұғына деген силастық тән. Мейірбикелік көмек жасынан, терінің түсінен, пікірімен дәстүрінен, жұмыстық қабілеттінен немесе ауруынан, жынысынан, ұлтынан, саясатынан, әлеуметтік статусынан шектелмеген. Мейірбикелер жеке тұлғаларға, жанұяларға және қауымдастықтарға көмек көрсетіп, өздерінің қызметтерін басқа топтарының қызметтерімен байланыстырады.

Кодекске төрт негізгі элементтер кіреді.

1.Мейірбике және қоғам.

Мейірбикенің ең бірінші міндеті мейірбикелік көмекке мұқтаж болған адамдарға көмектесу. Мейірбике көмек көрсету барысында адамның хұқұғын силауға, моралдық бағалауына, дәстүріне, дініне, жанұясына, қауымдастығына мейірбике жақсы ортаның құрылуына себеп жасайды. Адам көмек туралы жеткілікті хабар және ем алу үшін мейірбике нәтижелі қызмет көрсетеді. Мейірбике өзінің жұмыс барысында құпияны сақтап, керекті уақытта қолданады. Мейірбике басқада азаматтар сияқты денсаулық сақтау аймағындағы, қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етудегі шараларды орындауда жауапкершілік атқарады.

2.Мейірбикелер және тәжірибе.

Мейірбике ісінің тәжірибеде орындалуы және біліктілігін үнемі жоғарлатуда мейірбикенің жеке басына үлкен жауапкершілік арттырылады.

Қандайда жағдай болсын мейіркеш өз жұмысын жоғары талапқа сай орындауына тырысады. Жан жаққа көмекті нәтижелі көрсету үшін мейірбике өзінің денсаулығын жақсартып отырады. Мейірбике кәсіби міндеттерін орындауда кәсібіне деген сенімділігі үзілместей өзін үнемі сенімді сезінуі керек.

3.Мейірбикелер және мамандық;.

Арнайы білім беруде және мейірбике тәжірибесінде стандарттардың орындалуында және анықталуында мейірбике ең басты роль ойнайды.

Кәсіби білімді дамытуда мейіркеш белсенді қатысады.

Мейірбике кәсіптік ұйымда жұмыс атақара отырып әлеуметтік және экономикалық еңбек тәртіптерінің әділ қамтамасыз етілуіне және өңдеуге қатысып отырады.

Берілген кодексті білу және өмірге сіңдіру әрбір мейірбике үшін пациенттерді күтуді және емдеуді дамытудың нақты шарттары болып табылады.

4.Мейірбике және қызметкерлер.

Мейірбике өз әріптестерімен және басқада жұмыс атқару аймақтарындағы қызыметкерлермен ынтымақтастық қарым-қатынастарын қолдап отыруы керек. Пациенттердің денсаулық жағдайына қызыметкерлер немесе басқада адамадар тарапынан қандайда бір қауіп төнсе, мейірбике оның қауіпсіздігін үшін шаралар қолданады.

Мейірбикенің кодексі –ол жұмысының алға басуы, бүкіл жұмысының барысында қол жетерліқ боп саналады.

Тарау.

Мейірбикелік деонтология

«Этика сөздігінде» деонтология «(грек тілінен deon – парыз және logos – ілім; парыз туралы ілім) – адамгершілік талаптарын ұйғарым түрінде көрсететін жалпы парыз мәселелерін қарастыратын әдеп бөлімі». Мейірбикелік деонтология – мейірбикенің пациент пен қоғам алдындағы борышы туралы және де мейірбикенің мінез құлқы, жүрісі, іс-әрекеті немесе кәсібіне тән мінезі, емдеу мекемелердегі медицина қызметкелерінің үйғарым белгілері мен этикалык нормасын анықтайтын ғылым. Медициналық этика дегеніміз - өнегелі ғылым, медицина қызметкерлердің психоэмоционалдық жағынан зерттеу пәні болып саналады. Медициналық этика (биоэтика) әлеуметтік психология, кәсіптік, діни, заң ғылымынан, педагогикалық және көптеген медициналық және медициналық емес ғылымдыр жиынтықтарының әдістерін сіңірсе де, оның негізгі нысаны – медицина қызметкерлерінің кәсіби мінез-құлқын зерттейтін ғылыми пән болып табылады. Деон­тология деген сөз XІX ғасырда ағылшын философы И.Бентам­ның ай­туын­ша, әрбір мамандық иесінің кәсіби мінезіне сәйкес болуы екен. Бентам (Jeremy Bentham) – (1748-1832 жж.) философ, заңгер, экономист және Лондон университетінің негізін салушыларының бірі. Оның тұжырымдауынша − адамның әрбір іс-әрекеті басқа адамдарға пайда әкелуі тиіс. Негізгі ғылыми еңбегі «Деонтология не мораль туралы ғылым» деп аталады. 21 жасында И. Бентам өлгеннен кейін денесін анатомиялық тәжірибе жасатуға беруін талап етіп, кейін тек қаңқасы қалғанда өз киімдерін кигізіп, басымен қосып, көрнекті жерге шығарылып қойылсын деп аманат жазады, «барлық адамдарға ескертпе ретінде әрбір адам тек тірі кезінде ғана емес, қайтыс болғанда да пайдасы тию керек...», деп ой түйеді.И.Бентам өз тұжырымдамасын «деонтология» деп атады, бұл бағыт 1917 жылғы революция кезінен бастап белгілі болды, «патша тәртібінің мұрасын» жоққа шығарып, жазалау қаупін төндіріп, үкімет әр ғылымның, оның ішінде медицинаның ең басты құрамдас бөлігі болып табылатын әдеп мәнін жоюға тырысып, тыйым салды. Ғылыми медици­наның негізін қалаушы Гиппо­крат антикалық дәуірде медицина қыз­меткерінің ауруға адал қызмет етіп, өзін-өзі қалыпты ұстауы турасында «Гиппократ сертін» енгізді. Ол 1967 жылы Париждегі екінші деонтологиялық конгресте түгелімен қайтадан бекітіліп, «өмір бойы оқып, біліктілігімді арттырып отыруға серт беремін» деген қосымша ғана енгізілді. Әрбір ғылымға өзінің пәндік аясын нақтылауға бағытталған дифференциация үдерісі тән екендігі мәлім. Алғашында ол барлық ғылыми салада дамиды: медицина, педагогика, психология, әлеуметтану және т.б. Бұл үдерістің түрлі саладағы мамандық иелерінің кәсіби парыз мазмұнына байланысты деонтологияға да тиісті, мына салаларын атап айтуға болады:

- педагогикалық деонтология – ұстаздың кәсіби парызына сәйкес мінез-құлқы туралы ғылым;

- медициналық деонтология – медицина қызметкерлерінің көмек сұрап келген адамдарға қатысты құқылық, кәсібилік, моральдық міндеттері мен тәртіп ережелері туралы ілім;

- психологиялық деонтология – «көмек ұсынушы - көмекті қабылдаушы» сияқты өзара әрекеттесудің, жәрдемдесуші мамандардың моральдық сенімділігін қамтамасыз ететін тұлғаның психологиялық тетіктерінің этикалық аспектілерін зерттейді;

- әлеуметтік деонтология – әлеуметтік қызметкердің іс-әрекеті мен мінез-құлқы принциптерін және кәсіби-этикалық нормаларын зерттейді;

- құқықтық деонтология – заңгердің кәсіби мінез-құлқы кодексі жөнінде жинақталған мағлұматтар жүйесін белгілейтін заң ғылымдарының бір саласы ретінде анықталады;

Медицина қызметкерінің па­рызы - ешқашан да адам өміріне қатерлі кәсіппен айналыспай, қайта соған қарсы алдын алу шараларды кеңінен на­сихаттау.

Ежелгі Грек елінің ғұламасы Гиппократтың:

«Дәрігер - Құ­дайға жақын адам» немесе «Да­нышпандықты іздесең - соның бәрі де медицинадан табылады» - деген өсиетінің өміршеңдігі ақ желеңді дәрігерлер қауымы үшін ұлағатты ұстаным.

Кәзіргі заманға сай медициналық этика келесі аспектерді енгізеді:

Ғылыми- медициналық қызметкерлердің этикалық және өнегелік аспектерін зерттейтін медициналық ғылымның бөлігі;

Практикалық- этикалық нормалармен ережелерін кәсіби жұмысында қолдану және құру.

3.1. Мейібикелік этика және деонтологиясының негізгі қагидалары

Негізгі этикалық әмбебап қағидалары:

- адамгершілік қағидасы;

- медицинаның мәселелері мен мақсаттарымен медицина қызметкерлерінің қылықтарының сәйкестендірілу қағидасы;

-ұлтына, нәсіліне, жынысына тәуелсіз медициналық көмек көрсету;

-барлық медицина қызыметкерлерінің арасындағы ынтымақтастық және өзара көмек көрсету қағидасы;еңбекке деген адалдық және шығармашылық таныту қағидасы.

Адамгершілік.

1. Қандай да бір теорияның, ілімнің, ғылымның бастапқы негізгі ой желісі;

2. заттарға деген көз қарас, сенімдері. Қатаң қағиданы ұстану. Қандайда бір жағдайдан қағида бойынша бас тарту.

3. қандай да бір құрылғының негізгі ерекшелігі. Механизм насос қағидасы бойынша жұмыс атқарады.

Қағидалар бір мақсатпен көзделген тәрбие беруде ол жеке тұлғаның ішкі қажеттіліктеріне айналады. Жоғары өнеге және адамгершілік қағидалар жеке тұлғаның Отанына деген адалдыққа, ұжымдық, ұлттық, адамгершілікке, қойылған мақсатқа құрбан болуыға тәрбиелейді. Мұндай қағидалардың айғағы ретінде әр бір соғыстағы медицина қызметкерлерінің, оның ішінде мейірбикелердің көрсеткен ерліктерін атап өтуге болады.

Адамгершілікке қайшылық – адамға қарсы бағытталған – түсік түсіру, еңбектегі адамдардың құқығын сақтамау (мүгедектер, қант сусамырымен, жүрек ауруларымен ауыратын аурулар, және т.б.), адамдарға жасалатын тәжірибелер (оның ішінде түрме қамауындағы адамдар), еңбек ақысының, жәрдем ақысының, тұрмыстық жағдайдағы жеңілдіктердің берілмеуі, түрме қамауындағы адамдарға жағдай жасамау, емделудің және дәрігерлік тексерілудің қымбатшылығы.

Ынтымақтастық және өзара көмек көрсету қағидалары – қандай да бір көлемдегі жұмысты атқарудағы медицина қызметкерлерінің белсенді қатысулары. Ол үшін мейірбикелер аралас мамандарды игеруі керек (мысалы, процедура, физиотерапия кабинетінің мейірбикенің қызметтері және т.б.).

Ұжымдық қағидасы–пациенттерге көмек көрсетуде медицина қызметкерлерінің бірігіп жұмыс атқаруы.

Сөйтіп, медициналық этиканың негізгі мәселелері болып ауру адам және қоғам игілігіне адал қызымет көрсетуі, қандай да іс-әрекеттерде адамгершілік қағидаларын ұстану, өз еңбегіндегі ізгі салт-дәстүрлерді жаңғыртып отыру, медицина қызметкерлерінің еңбектегі тәрбиеленуінің амалдарын өңдеп және талқылау саналады.

Мейірбикенің маман ретіндегі жекелік қасиеттері:

1.Әділдік

2.Адалдық

3.Рақымдылық

4.Адамгершілік

5.Қайырымдылық

6.Қамқорлық

7.Қайғысына ортақтасу

8.Еңбекқор

9.Кішіпейілділік

Пациенттердің күтімі және емделуінің нәтижесі мейірбикенің бір бірімен, дәрігерлермен, кіші медицина қызметкелірімен, мекеменің басшыларымен, сонымен бірге еңбек өнімділігін арттыруда, ұжымның жайлы климатымен, кадрлардың тұрақтылығына тікелей байланысты.

1. Әр бөлімнің өзінің ерекшелігі бар, сонымен бірге әр бір аурудың жалпы психологиясын міндетті түрде білу қажет. Деонтологиянын талабы «зиян келтірме», мейірбике өзінің ісімен пациенттерге зиян келтірмеуі керек, яғни оның ауруының мінезін білу, жарақаттануын, сонымен қатар жасын, мамандығын, сана-сезімінің даму дәрежесін біле отырып, жанұя қатынасында пациенттермен жұмыс істеу. Сондықтан Гиппократ өзінің «антында» медицина қызметкерлері пациенттерге әртүрлі зияндық және әділетсіздік жасамауларын ескерткен. Бұл деонтологияның негізгі талабы болып саналады.







Дата добавления: 2015-10-12; просмотров: 5135. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Шрифт зодчего Шрифт зодчего состоит из прописных (заглавных), строчных букв и цифр...

Картограммы и картодиаграммы Картограммы и картодиаграммы применяются для изображения географической характеристики изучаемых явлений...

Практические расчеты на срез и смятие При изучении темы обратите внимание на основные расчетные предпосылки и условности расчета...

Функция спроса населения на данный товар Функция спроса населения на данный товар: Qd=7-Р. Функция предложения: Qs= -5+2Р,где...

Машины и механизмы для нарезки овощей В зависимости от назначения овощерезательные машины подразделяются на две группы: машины для нарезки сырых и вареных овощей...

Классификация и основные элементы конструкций теплового оборудования Многообразие способов тепловой обработки продуктов предопределяет широкую номенклатуру тепловых аппаратов...

Именные части речи, их общие и отличительные признаки Именные части речи в русском языке — это имя существительное, имя прилагательное, имя числительное, местоимение...

Кишечный шов (Ламбера, Альберта, Шмидена, Матешука) Кишечный шов– это способ соединения кишечной стенки. В основе кишечного шва лежит принцип футлярного строения кишечной стенки...

Принципы резекции желудка по типу Бильрот 1, Бильрот 2; операция Гофмейстера-Финстерера. Гастрэктомия Резекция желудка – удаление части желудка: а) дистальная – удаляют 2/3 желудка б) проксимальная – удаляют 95% желудка. Показания...

Ваготомия. Дренирующие операции Ваготомия – денервация зон желудка, секретирующих соляную кислоту, путем пересечения блуждающих нервов или их ветвей...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.014 сек.) русская версия | украинская версия