Зарарсыздандыру
Зарарсыздандыру түрлері және әдістері. Зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: v Алдын – алу; v Ошақтық. Егер жұқпаның көзі болмасақоздырғышты жою үшіналдын – алу зарарсыздандыру жүргізіледі. Оның мақсаты: жұқпа таралмау үшін алдын алуы шараларын қолдану. Ошақтық зарарсыздандыру – жұқпалық ошақта жүргізіледі. Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою. Ошақты зарарсыздандыру екі түрге бөлінеді: күнделікті және қорытынды. Күнделікті зарарсыздандыру дегеніміз жұқпа қоздырғышының көзі басынан – аяғына дейін болуына байланысты жүргізіледі. Оның мақсаты: жедел түрде жұқпаның қоздырғышын жою. Қорытынды зарарсыздандыру: пациент ауруханадан шыққанда, өлімге шалдыққанда бір рет қана жүргізіледі. Оның мақсаты: жұқпаның қоздырғыштарын толығымен жою. Зарарсыздандыру түрлері.
Зарарсыздандыру әдістері
6.8.Емдеу мекемелердегі қолданылатын дезинфектанттар Емдеу мекемелеріндегі қолданылатын дезинфектанттарлық заттарды зарарсыздандыру үш топқа бөлінеді: 1. Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру. 2. Бөлмелерді, жиһаздарды, пациенттердің күту заттарын зарарсыздандыру. 3. Медперсоналдын қолың өндеу. Көбінесе зарарсыздандыру үшін, әр түрлі химиялық заттар қолданылады. Қазіргі уақытта Қазақстанда әр түрлі қасиеттері бар (тұрақтылығы, еріткіштігі, қолдану көлемі) жуғыштың қасиеті, организмнің РН маңыздылығы т.б. химиялық топтарға рұқсат етілген. Эпидемияға қарсы зарарсыздандыру шараларынын әсерін жетілдіру үшін дезинфекциялық заттарды дұрыс тандап, медперсонал оның негізгі қасиеттерін, ерекшеліктерін білуге тиіс. Қазіргі дезинфектанттардың арасында хлораралас және асқын тотығын тәжірибеде қолданған тиімді. Дезинфекциялық заттардың тығыздығын, уақытын тандауы көп себептерден байланысты: v Зарарсыздандырудың талап ету дәрежесімен; v Микроб қоздырғыштын сезімталдығы деңгейімен және спектрі; v Зарарсыздандырудың жағдайымен, дезинфекциялы объектінің түрлерімен; v Елдерге дезинфектанттардың жақпауымен; v Зарарсыздандырудың шараларының бағасымен. Дезинфекциялық заттардың талаптары: - әрекеттің кең спектрі; - әр – түрлі микроорганизмдердегі микроцидтық әсері; - Улығы аз, төмен аллергендігі; - Суда жақсы еріткіштігі; - Экологиялық қауіпсіздігі; - Зарарсыздандыратын объектілерді зақымдандырмайтындығы; - Қолдауға қарапайымдылығы; - Зарарсыздандыру ортада белсендігі. - Белсенділігін жоғалтпайтындығы; - Сақтау мерзімінің ұзақтығы; - Медперсоналдарға қауіпсіздігі; - Тасымалдауға ыңғайлығы. Жаңа ғасырдағы дезинфектантардың химиялық топтары мен қосындары. Белсенді заттардан (БАЗ) құралған, мысалы: аммоний төрт қосындысы (АТҚ). Сыртқы белсенді заттардың құрамына мынадай компоненттер кіреді: глутарлық альдегид, асқын тотығы, глиоксаль, олар вирулицидтық, туберкулоцидтық, фунгицидтық және спороцидтық әсер етеді. Қазақстанда жиі кездесетін дезинфектанттар болатын хлораралас заттар. Хлораралас заттар (галлоидтер): Объектілерге өндеу жүргізілгенде хлораралас заттар ауаға жоғарғы тығыздығына байланысты “белсенді хлор” шығарады, антимикробтың әсерінде молекуланың құрылысын қайталанбайтындай зақымдандырады. Осымен қатар оның антимикробтық әсерінен басқа тағыда жағымсыз әрекеті бар. Ол айналадағы ортаны, теріні, шырышты қабаттарды т.б. зақымдандырады. Күрт иісті хлораралас заттар тыныс жолдарын тітіркендіреді. Хлораралас дезинфектантарға жатады. 1. Анолиттер – бір рет қолданылады, тығыздығы 0,05 – 0,1%, сақтау мерзімі 24 сағаттан 7 күнге дейін. Құрал – жабдықтарды залалсыздандыру алдында, зарарсыздандыру және химиялық залалсыздандыру үшін қолданылады. 2. Натрий гипохлорид 0,1% – 2,5% дейін суға ерітіп, құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ерітінділерді 1 – 7 күнге дейін сақтанылады. 3. Клорсепт таблетка тәрізді, көбінесе сұйықтықтарды, қанды, қан сарысуларды зарарсыздандыру үшін қолданылады. 4. Йодонат, аквабор, пресепт, диохлор емдеу мекемелерде қолданылады. Аммоний төрт қосылыстары, оның ұқсастықтары. 1. Дюльбак ДТБ/л (Франция) суық концентрат, тәулігіне екі рет қолданады. 2. Септабик (Израиль) жоғарғы нәтижелі дезинфектант. Ақ түсті ұнтақ тәрізді шығарылады иісі жоқ, белсенділігі 7 күнге дейін сақталады. 3. Велтосепт, деорол дезинфекциялық заттары қолданылады. Альдегидаралас дезинфектанттар құрамында формальдегид 40% су ертіндісі – формалин улы, тұрақсыз, көп тұрса өзгере бастайды. Көбінесе эндоскоптарды, аппаратураларды, наркоздық жабдықтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. 1. Гигасепт (Германия). 2. Дюльбак. 3. Лизоформин. 4. Глютарал 5. Сайдекс 6. Септадор Асқынтотықтық қосылыстар. Асқын тотығы универсалдық микробқа қарсы әсері бар. Мысалы: грамм оң, грамм теріс бактерияларға, вирустарға, патогендық санырауқұлақтарға әсер етеді. Организмге айтарлықтай зиянды әсері білінбейді. Көбінесе эндоскоптарды, линзаларды зарарсыздандыру үшін қолданады. Ашық жараларға қолданатын антисептиктер: 3% - 33 % асқын тотығы, виркон, перформ, первомур, дезоксон 1. Спиртаралас заттар. Көбінесе тері антисептиктер ретінде 70% спирт, асептинол, октинидерм қолданады, микробтарға микробостатистикалық әсері бар. Феноларалас заттар. Фенол препараттардың микробоцидтік, микробостатикалық әсері бар. Олар вирустарға, қарапайым грамм оң, грамм теріс микробтарды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Дезинфекциялық ертінділерді қолдану ережелері. 1. Зарарсыздандыруды жасайтын химиялық заттарды сақтау үшін ережелерін білу керек. 2. Дезинфекциялық заттардың дайындаған уақыты, сақтау мерзімі бар құжаты болады. 3. Дезинфекциялық ертінділерді дайындаған кезде жеке бастың қауіпсіздік ережелерін сақтаү керек. 4. Дезинфекциялық ертінділерді ауаны жаңартып отыратын бөлмеде жасайды. 5. Теріге дезинфекциялық ерітінді тиген кезде міндетті түрде сумен жуады. 6. Көзге тиген кезде 2% ас содасымен жуып, ал ауырсыну пайда болған жағдайда новокаины бар көз тамшыны тамызады. 7. Тыныс жолдарын тітіркендірген жағдайда міндетті түрде ауаға шығарып жылы сүт ішкізіп немесе аузын 2% ас содасымен шаяды. Хлоргексидин биглюконат сулы ертіндісің дайындау.
Хлоргексидин биглюконат спирттық ертіңдісің дайындау.
Септабик ертіндісің дайындау
Виркон ертіндісін дайындау
6.9.Дезинфекциялық ертінділермен, жуғыштық заттармен залалсыздандыру жүргізгенде қауіпсіздік шаралары. 1. 18 жасқа дейін, аллергендік ауруы бар, жүктілік кезінде дезинфекциялық заттармен жұмыс істеуге рұқсат етілмейді. 2. Дезинфекциялық ертінділерді дайындауын,құрал – жабдықтарды зарарсыздандырудын, залалсыздандырудың алдында өндеуін. залалсыздандыруын арнайы бөлмеде дайындайды. 3. Дезинфекциялық ертіндісі бар ыдыстардың арнайы дайындау мерзімі болып, сыртқы қақпақпен жабылып отырады. Барлық жұмыстарды резеңке қолғаппен істейді. 4. Жұмыстың аяғында бөлмелерді желдетіп, дезинфекциялық заттарды арнайлы жеке бөлмеге сақтайды.
6.10.Медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру. Физикалық әдіс. Зарарсыздандыру үшін келесі тәсілдерді жүргізеді: А) қайнату тәсілі; v 2 % ас содасымен – 15 минут v дистилденген суда – 30 минут Б) ыстық ауа және бу арқылы: v температурасы 1100С 20 – 25 минут автоклавта. v температура 1100С – 45 минут. ыстық ауамен. Осы тәсілмен қаны жоқ шынылы заттарды, металлдарды, силикон – резиналарды зарарсыздандырады. 6.11. ЕМ–гі қолданылатын құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру. 1. Термометрлерді кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 15мин салып, ағынды сұға жуады, құрғақ жерде сақтайды. 2. Металлдық шпательдерді: бірінші әдіспен дистиллендірген суға 30мин қайнату, немесе құрғақ ыстық ауамен 1200С 45мин-қа залалсыздандыру; Екінші әдіспен құрғақ ыстық ауамен 1800С 60мин-қа залалсыздандыру. 3. Клеенкалы кушетканы кез келген дезинфекциялық ертіндісімен сүртеді. 4. Қайшыларды дистиллендірген суға 30мин, немесе 2 % ас содысына – 15 минут қайнату. 5. Пациенттерді жуындыратын жөкелерді дистиллендірген суға 30мин қайнатып, құрғату. 6. Ваннаны кез келген дезинфекциялық ертіндісімен екі рет сүртіп, тазартатын ұнтақпен жуып құрғату. 7. Резенке клемшелерді жұғыш ұнтақты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне араластырып 30мин салу. 8. Бөлмелерді екі мезгіл жұғыш ұнтақты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне араластырып жуу. 9. Жинау инвентарды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салып, жуу және құрғату. 10. Аяқ киімдерді 25% формалин немесе 40% сірке қышқылымен өндеу, целофан қапшығына 3 сағатқа салып кейін құрғату. 11. Судноларды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салып құрғатады. 12. Жылытқышты, мұздатқышты, резенке саптыаяқты кез келген дезинфекциялық ертіндісімен екі рет сүртіп, жұғышпен жуып, құрғатады. 13. Клизма жасайтын түтікшелерді, катетерлерды кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салады, немесе 2 % ас содысына – 15 минут қайнатып жуады. 14. Төсектерді кір жуатын орнында 2 % ас содысына – 15 минут қайнатып, төсек салған қапшықты кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салады. 15. Ыдыстарды 0,5 % жұғыш ұнтаққа(10л суға 200грамм ас содысы) жуып, кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 30мин салып қояды, содан кейін ағынды сумен шайяды. 16. Ыдыстарды жуатын шүберектерді 2 % ас содысына – 15 минут қайнату, немесе кез келген дезинфекциялық ертіндісіне бір сағатқа салу.
Медициналық құралдарды құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру іс-әрекетінің алгоритмі Мақсаты:микроорганизмдердің вегетативті түрлерімен ұрықтарын жою. Шарты: · шыны, металл, жұқа керамика құралдарын залалсыздандыру · лотоктарда, ашық әдіспен залалсыздандыру · барлық залалсыздандырылатын құралдарды алдын ала дайындап зарарсыздандырылуы және залалсыздандыру алдындағы тазартудан өткізіледі. Талап: залалсыздандырылатын құралдарды жібек, қағаз мақта немесе синтетикалық материалдармен орамау керек, олар жанып немесе күйіп кетеді. Іс-әрекет алгоритмі: 1.Құрғақ ыстық шкабының ішкі бетін зарарсыздандыратын ерітіндімен суланған тампонмен 2 рет жақсылап сүртіп алыңыз. 2.Торларға лотокпен құралдарды жайып қойыңыз. 3.Залалсыздандыру деңгейін бақылау үшін 5 жерге бақылау тестісі- индикаторларды орналастырыңыз (артқы жағына 2-і индикатор, 2-ін алдына, және 1-уін ортасына). Құрғақ ыстық шкабын электр тоғының желісіне қосыңыз, залалсыздандыруы 180 градуста 60 минут уақыт болады, оның 25 минуты құралдарды қыздыруға, 35 минуты көрсетілген температурада микробтарды және олардың ұрықтарын жоюға кетеді. 4.Құрғақ ыстық шкабын ток желісінен алып тастаңыз, есігін тек температура 45-50 градусқа төмендегенде ғана ашыңыз, мейірбике таза хирургиялық халат, маска және залалсызданған қолғап киіп лотоктағы құралдарды алып шығады. Ескерту: залалсыздандырылған құралдар бірден залалсыздандырылған соң қолданылады.
6.12.Химиялық әдіс. Емдеу мекемелеріндегі медициналық құрал – жабдықтарды зарарсыздандыру үшін әйгілі ретінде химиялық әдісті қолданады. Қолданылған құрал – жабдықтарды толығымен дезинфектанты бар ыдысқа салады, немесе арнайы контейнерлерді қолданады. Көбінесе қолданылатын хлораралас, асқын тотығы аралас, спирт, альдегид заттары, нәзікті болатын альдегидаралас заттар: Глутарал, Сайдекс, Гигасент, Лизоформин – 3000, Альдозон – 2000, Секусепс–форте т.б. Хлораралас заттар тоттыққа тұрақтылығынан металлдарды, резиналарды, шыны пластмасаларды зарарсыздандыру үшін қолданылады. Зарарсыздандырудың нәтижесіне әр түрлі факторлар әсер етеді: 1. дезинфектантың физикалық – химиялық қасиеті, микроорганизмдерге деген әсер қабілеттілігі, тығыздығы, температурасы т.б. 2. әр түрлі зарарсыздандыру заттарға микроорганизмнің биологиялық тұрақтылығы. 3. микробтың жариялауы. 4. дезинфекциялық өңдеудің тәсілдері: дезинфектанты шашу, араластыру, салу. 5. препараттың әсер ету уақыты. Кейбір мейірбикелер, кіші буынды қызметкерлер дезинфекциялық ертінділерді төменгі концентрацияда қолданады, сол себептен ауруханада микроорганизмдердің тұрақты штаммдары пайда болады. Жаңа дезинфекциялық заттар туралы толық бағдарлама білмегендіктен емдеу мекемелерінде дұрыс қолданылмайды. Құрал – жабдықтарды нақты дұрыс өндеу үшін келесі параметрді білу тиіс: v жұқпалық процесті тоқтату үшін, зарарсыздандыру жалғыз ғана әдіс болып саналады. v Жұқпалы медициналық құрал – жабдықты кәсіби улануын алдын – алу үшін оны дұрыс технологиясымен істейді. v Дезинфекциялық заттардың құрал – жабдықтарға, аспаптарға әсері нәзік болады. 6.13.Медициналық құрал – жабдықтардың деконтаминациясы.
6.14.Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында өндеу кезеңдері
І–ші кезең;: кез келген дезинфекциялық ерітінділері бар екі ыдыс дайындайды: - 1–ші ыдысқа құрал – жабдықтарды жуып алады, яғни дәрі, қан қалдықтарынан тазартып, содан кейін бір сағатқа екінші ыдысқа салып қояды. ІІ–ші кезең;: зарарсыздандырылған кейін құрал жабдықтарды ағынды сумен дезинфекциялық ерітінділері кеткенше шаяды. ІІІ–ші кезең;: бөлшектелген қалпында медициналық құрал жабдықтарды жуғыш ерітіндісіне Т – 500С, 20 минутқа салып қояды, уақыт өткеннен кейін жуады. IV–ші кезең;: ағынды су астында шаю: «Биолоттан» кейін – 3 минут, асқын тотығы ерітіндісінен кейін СМС «ПРОГРЕСС» - те 5 минут, СМС «ЛОТОС» - тан кейін 10 минут. V–ші кезең;: 30 секунд дистильденген суда шаяды. VI–шы кезең;: Т – 75 – 800 С, ыстық ауамен шкафтарында кептіру. Залалсыздандыру алдындағы тазалаудың сапасын жеке – жеке бақылайды. Бақылауда әр заттың тәулігінде өңделген 1% - і талқыланады. Қанға және май қалдықтарына тексергенде сынама оң нәтиже бермесе І кезеңнен бастап IV – ші жуу кезеңімен аяқталады. Жуғыш ертіндісін дайындау Лотос ұнтағы – 5 бөлігі таза су – 978 бөлігі 27,5% - пергидроль 17 бөлігі Ыдысқа араластырып Т-500 С – қа дейін ысыту Медициналық құрал-жабдықтарды залалсыздандыру алдында өндеу алгоритмі
І кезең- зарарсыздандыру Мақсаты: жұқпалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жабдықтау: · сәйкес белгісі және зарарсыздандыру ерітіндісі бар құрал -жабдықтарды қаннан және биологиялық сұйықтықтардан тазартуға арналған екі ыдыс · қолданылған медициналық бұйымдар · лотоктар · құрал жабдықтарды жуу үшін қылшақтар және мақта- мәрлі тампондары. Шарты:зарарсыздандыру бұйымдар қолданған соң бірден жүргізілуі керек. 1.Арнайы киімді киіңіз: халат, маска, қолғап. 2.Зарарсыздандыру ерітіндісін дайындаңыз(ұсынылған дайындау ережесіне сәйкес). 3.Ерітіндіні дайындалған ыдыстарға құйыңыз. Бірінші ыдыста: -қолданылған бұйымдардың қолданылғаннан кейін бірден толтырыңыз -ыдысты жуыңыз. Екінші ыдыста: -бұйымдардың ішкі арналарын ерітіндімен толтырып, ерітіндіге толық батырыңыз: -1 сағатқа ыдысты жауып қойыңыз (немесе басқа белгіленген уақытқа) -1 сағаттан соң құралдарды алып, лотокқа салыңыз -ағынды сумен бірнеше қайталап жуыңыз -қолданылған зарарсыздандыру ерітіндісін канализацияға төгіңіз -қолғапты шешіп, оларды арнайы қорапқа салыңыз(КБУ).
2 кезең- зарарсыздандыру алдындағы тазарту. Мақсаты:Бұйымдарды майдан, ақуыздан, механикалық ластанулардан, сондай-ақ дәрілік заттардан мүлде тазарту. Жабдықтау: -медициналық құрал-жабдықтар -жуғыш ерітінді арналған ыдыс -дистильденген суға арналған ыдыс -«Лотос», «Биолот» жуу құралдары -27,5% пергидроль ертіндісі -өлшемді ыдыстар -мәрлі тампондар -резеңке қолғаптар, клеенка алжапқыш.
Іс-әрекет алгоритмы: 1.Алдыңызға алжапқышты тағып, қолғапты киіңіз. 2.Ерітінділердің біреуін дайындаңыз: жуғыш зат «Лотос»-5 грамм, 27,5% - 17 мл. сутегінің асқын тотығының ерітіндісі, су- 1 литрге дейін; 50 градусқа дейін жылытыңыз. 3.Жуғыш ерітіндіге тазартылатын заттарды 20 минутқа салып қойыңыз. 4.Әрбір затты жеке- жеке ерітіндіде мәрлі тампонмен ысқылап, жақсылап 10 минут бойында жуыңыз. 5.Бұйымдарды ағынды су астында жуыңыз («Лотос» қосылған жуғыш ерітіндіден кейін 10 минут бойында, «Биолот» қосылған ерітіндіден кейін 3 минут уақыт бойында). 6.Бұйымдарды дистильденген сумен 10 минут уақыт бойында жуыңыз.
Ескерту: Жуғыш ерітінді температурасы тазарту кезінде тұрақты сақталмайды. 6.15.Залалсыздандырудың алдында тазалаудың сапасын бақылау Залалсыздандырудың алдындатазалаудың сапасын сынамалардың көмегімен тексереді: - қанның қалдығын – азопирам және амидопиран сынамасының көмегімен; - жуғыш қалдықтарын – фенолфталеин сынамасымен.
Қанның қалдығын анықтау сынамасы І. Азопирам сынағы: Гемоглобинді, қышқылдарды, хлораралас заттарды, жуғыштарды, тотталған заттарды тексеру үшін азопирам сынағын қолданады. Азопирамның құрамында:100 мл амидопирин, 1 мл тұзқышқылды анилин бар. Осы қосындыны араластырып 96 % этил спиртімен 1 литрге дейін толтыру керек. Қақпағы тығыз жабылатын флаконда, тоңазытқышта температура 40С екі ай сақтауға болады. Ал егер температурасы +180 + 200 С болса бір ай сақтайды. Құрал – жабдықтарды тексергенде егер көкшіл бояу пайда болса – онда қанның барлығы анықталады. Сынар алдында ерітінді дайындап алады: азопирам мен 3% - н асқын тотығын 1 мөлшерде араластырамыз. Есте сақтаңыз! Азопирам ерітіндісі 1 – 2 сағаттың ішінде қолданылуы керек. Әйтпесе кенеттен қызғылт түске боялып кетеді. Т – 250 С – та тез қызарады. Сондықтан да оны 30 – 40 минут ішінде қолданады. Ыстық құрал – саймандарды тексеруге болмайды, сонымен бірге ерітіндіні жарықта, жоғары температурада ұстауға болмайды. Азопирам – 0,5; сутегі асқын тотығы - 3%. Мақтаны сулап алып, құрал – саймандарға 2 – 3 тамшы тамызу, сүрту немесе тамшуырмен 3 – 4 тамшы тамызу керек. 1 минуттан кейін реактивті шығару керек. Қан бар болса – көкшіл бояуға боялады. ІІ. Фенолфталеин сынағы:1% спиртық фенолфталеин ертіндісін жуғыштың қалдығын тексереді. Егер жабдықтарда қызғылт болса, қайтадан ағынды, содан кейін дистилденген суға жуады, осы сынақты қайталайды.
6.16.Денсаулық сақтау объектілеріндегі медициналық қалдықтарды жою, сақтау, зарарсыздандыру, тасымалдау, жинауға арналған санитарлық эпидемиялық талаптар Медициналық қалдықтар, қауіпсіздік деңгейне қарай бес сыныпқа бөлінеді: А- сыныбы-қатты тұрмыстық қауіпсіз қалдық; Б-сыныбы- орташа қауіпті; В-сыныбы- өте қауіпті; Г-сыныбы- кәсіби қалдықтар; Д-сыныбы- радиоактивті қалдықтар. Медициналық саласында А- сыныбы қолданылады. Талап қойылатын міндет: -медициналық қалдықтарға бір рет қолданатын ақ қағаз қапшығын қолданады; -А сыныпты қалдықтар бөлімшелерде бір тәулік сақтайды, ал контейнерлерде үш тәулік сақтайды; -медициналық қалдықтарды бір рет қолданатын ақ қағаз қапшығына 3/2 көлемде толтырып, ауруханалық алаңға апарады; -көп рет қолданатын ыдыстарды қалдықтан босатып кез келген дезинфекциялық ертіндісіне 60мин салып, шайяды; Б-сыныбы- орташа қауіпті: -қауіпті медициналық қалдықтар(ота, реанимация, процедура, тану, прививка жасайтын кабинеттер); -тері-венерологиялық, жұқпалық, диагностикалык патологоанатомиялық бөлімшелер; -санитарлық бөлмелер, дәретханалар. Мақсаты: -медициналық қалдықтардын қасиеттерін азайту немесе жою; - персоналмен айналасындағы ортада медициналық қалдықтармен қауіпсіз үстау білу. Талап қойылатын міндет: -медициналық қалдықтарға бір рет қолданатын маркинленген сары қағаз қапшығын қолданады; -Б сыныпты қалдықтар бөлімшелерде бір тәулік сақтайды; -медициналық қалдықтарды бір рет қолданатын сары қағаз қапшығына 3/2 көлемде толтырып, ауруханалық алаңға апарады; -бір рет қолданатын резенке қолғаппен жұмыс істеу керек; -тығыздап салуға болмайды; -желдеткіші бар жеке бөлме болуы тиіс; Процедура бөлімшесінде: -қолданылған(инелер, кескіштер, ампулалар, тампондар)ажыратылмай контейнерге салынады; -3/2 көлемде толтырғаннан кейін, резенке қолғапты киіп тесігін скочпен жабыстыру; -сыртына «қауіпті медициналық қалдықтар» деп бөлімшенің атын, жауапты адамнын атын, күнін жазу; -арнайы бөлмеге апару; -қолын жуып құрғату. 6.17.Медицина қызметкерлеріндегі парентералдық гепатиттердің алдын – алуы. Парентералдық гепатиттердің таралу деңгейін төмендетуі арнайы алдын – алуы қолданылатын шаралардан байланысты. Оған кіреді: -қауіпсіздік ережесін сақтау үшін әр түрлі әдістерді қолдану; -қатаң түрде универсалды алдын – алу ережелерін сақтау; -медицина қызметкерлері белсенді түрде иммунизация жасайды; -парентералдық гепатит анықталған жағдайда эпидемиологиялық талдау және эпидемияға қарсы шараларды жүргізу; -гепатит жұқпа кезінде құжаттарды толтыру; Алдын – алудың универсалдық шаралары. 1. Қанмен, немесе биологиялық сұйықтықтармен қатынаста болған медициналық қызметкерлері барлық пациенттердің жұқпасын потенциалды (жұқпалы) көзі деп алады. 2. Қатаң түрде медициналық қызметкерлер қауіпсіздік шараларын сақтайды: көзелдірік, маска, қолғап, халат, т.б. 3. Емдеу диагностикалық манипуляцияларды және қолданылған құрал – жабдықтарды, бұйрықтармен және талаптардың сәйкестігімен орындайды. 4. Вирустық гепатиттің вакцинациясын жоспар бойынша өткізеді.
|