Студопедия — Постреквизиттер 3 страница
Студопедия Главная Случайная страница Обратная связь

Разделы: Автомобили Астрономия Биология География Дом и сад Другие языки Другое Информатика История Культура Литература Логика Математика Медицина Металлургия Механика Образование Охрана труда Педагогика Политика Право Психология Религия Риторика Социология Спорт Строительство Технология Туризм Физика Философия Финансы Химия Черчение Экология Экономика Электроника

Постреквизиттер 3 страница






Адсорбция – газдар мен буларды адсорбент деп аталатын қатты дене бетінің сіңіруі. Противогаздарда абсорбент ағаш көмірі болып табылады

Хемосорбция – улағыш, күшті әсер ететін улы заттардың (КӘУЗ) олардың активтендірілген көмірге жағылатын химиялық актив заттармен өзара әрекеті есебінен сіңірілуі.

Катализ – катализатор деп аталатын заттардың ықпалымен химиялық реакциялар жылдамдығының өзгеруі. Катализаторлар ретінде мыстың, күмістің және хромның тотықтары пайдаланылады. Түтіктер мен аэрозольдердің сүзілуі жиі тор құратын талшықты материалдардан жасалған түтінге қарсы сүзгілермен жүзеге асырылады. Одан өткенде аэрозольдердің бөлшектері талшықтарда тұрып қалады.

Қазіргі уақытта халықты қорғау үшін пайдаланылатын противогаздардың неғұрлым жетілдірілген және тараған үлгісі ГП–7 (ГП-7В, ПДФ-7) азаматтық противогазы болып табылады. Ол тыныс органдарының, көздің, беттің терісінің көптеген улағыш және КӘУЗ заттардан, радиоактивтік шаң мен бактериялық құралдардан сенімді қорғауды қамтамасыз етеді. (19-сурет)

19-Сурет. Сүзгіш противогаздар

 

Өнеркәсіптік противогаздар. басқалардан ерекшелігі – бір бағыттылығы, яғни нақты бір жағдайларда адам тап болатын зиянды заттардан қорғайды. Сондықтан сүзгілі қорап сіңіргіштер құрамы жөнінен қатаң мамандандырылған және онда ауаны ондағы бар улы заттан не зиянды қоспадан тазартатын сіңіргіш қана болады. Мысалы, хлордан – Б; аммиактан – Д, қара; көміртек тотығынан – Ж және З, тиісінше қызыл және сұр; сынап буларынан – В, қара.

Тұмылдырықтар. Сүзгіш тұмылдырықтар адамның тыныс органдарын қорғайтын құралдарға жатады. Арналу мақсаты жөнінен тұмылдырықтар шаңға қарсы (ШБ - 1, "Лепесток", "Кама", У - 2К, РПА - 1), газға қарсы және газ бен шаңнан қорғайтын (РПГ-67, РУ- 60СН, "Лепесток—1") болып бөлінеді

Конструкциялық шешіміне байланысты тұмылдырықтар екі түрлі болуы мүмкін: сүзгіш жарты маска, мұнда демалатын ауа зиянды қоспалардан жарты масканың өзінің материалымен тазарады; сүзгі патрон (бір не екі) қосылатын жарты маска.

Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары:

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға: мақта -дәке, таңғыштар мен шаңға қарсы мата маскалар (ПТМ—1) жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін қолданылады.

Мақта-дәке таңгышын жасау үшін өлшемі 100x50 см дәке алып, оған қалыңдығы 1—2 см мақта төсейді; дәкенің шеттерін екі жағынан қайырып мақтаға салады, ал ұштарын ұзына бойымен әр жағынан 30-35см жара қияды. Таңғыш иекті, ауыз бен мұрынды жауып тұруға тиіс. Көзге шаңға қарсы көзілдірік киеді.

Шаңға қарсы мата маска корпустан және бекітпеден тұрады (корпус 4-5 қабат матадан тұрады). Корпус пен бекітпені үлгіге не сызбаға қарап пішеді. Масканың корпусында қарайтын тесік ойылып, оған мөлдір материал-дан әйнек орнатылады. Маска, басқа, үстіңгі тігіске орнатылатын резеңке таспамен тығыздалып тұрады; Бекітпенің төменгі тігіске тігілген баулары, масканың корпусының жоғарғы түйіндеріне бекітілетін көлденең резеңке, масканың жылжып кетпей тығыз тұруына себептеседі.

№4 С) Химиялық қаруды қолданған кездегі адамдардың жеке басын қорғауға арналған құралдар.

Сабақ мақсаты: Химиялық және ядролық, бактериялогиялық қару зардаптарынан қорғауға арналған медициналық және жеке қорғау құрал-жабдықтарының түрін, пайдалану мақсатын оқып-білу.

Жұмыс реті:

1. Жеке дәрі қобдишасының пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

2. Химиялық жеке пакеттің пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

3. Жалпы әскерлік қорғаныш толымын пайдалану мақсаты мен құрамын оқып білу.

 

22- Сурет. Жеке дәрі қобдишасы

 

Жеке қораныштың медициналық құралдары. Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ-2) және химияға қарсы жеке пакет жатады.

Жеке дәрі қобдишасы (22-сурет) Жаппай жоятын қару әрекетінің ауыр зардаптарын болғызбау мақсатында өзіне-өзі және өзара көмек жасауға, сондай-ақ инфекциялық аурулардың алдын алу және бетін қайтаруға арналған. Онда профилактика мен алғашқы медициналық жәрдемінің әр түрлі құралдары болады.

Химияға қарсы жеке пакет. (23-сурет) Ол терінің ашық жерлері мен киімге тиген тамшылы-сұйық УЗ зиянсыздаңдыруға арналған. Ол газсыздандыратын ерітіндісі бар шағын шөлмектен және бес мақта-дәке тампоннан тұрады.

23-сурет. Химияға қарсы жеке пакет:

а-пакеттң жадпы түрі, б-мақта-дәке тампондары, в-сұйығы бар шөлмек.

 

Теріні қорғау құралдары. Қорғау әсерінің принципі бойынша теріні қорғау құралдары оқшаулаушы және сүзгілі болып бөлінеді.

Жалпыәскерлік қорғаныш толымы(комплект) газсыздандыру, дезактивация және дезинфекция жұмыстарын атқару кезінде тері қабатын, киімді, улағыш заттардан, биологиялық құралдар, радиоактивтік шаңнан бірнеше дүркін қорғауға арналған. Ол қорғаныш плащынан, қорғаныш шұлықтары мен қорғаныш қолғаптарынан тұрады.

 

 

24-Сурет. Жалпыәскерлік қорғаныш толымы: а – жамылғы түрінде, б – жеңін киген плащ, в – комбинезон түрінде.

Арнаулы қорғаныш киімінің мынадай түрлері болады:Жеңіл костюм, (25-Сурет) комбинезон, күрте мен шалбардан тұратын костюм мен алжапқыш.

Арнаулы қорғаныш киімі ұзақ уақыт бойы зақымдалған жерде жұмыс атқаратын, сондай-ақ улағыш заттармен істес болатын адамдарға беріледі.

Пневмокостюмдер, атмосфера мен жабдық радиоактивтік заттармен қатты, шекті рауалы нормалардан едәуір асып түсетіндей болып ластанған жағдайда, әртүрлі технологиялық операциялар атқаруға мүмкіндік береді. Оларды ядролық реакторларды немесе жабдықтарын демонтаждау кезінде, үй – жайларды дезактивтеу кезінде киеді. Пневмокостюмдерде таза ауаның мәжбүрлік берілуі көзделген, осы арқылы негізгі киімнің, тері қабатының, демек адамның тыныс жолының да РЗ түсуінен сенімді қорғалуына қол жетеді. Бұл костюмдерді үстінен шешпей дезактивтеуге болады.

Жоғары температурадан қорғайтын киімдердің түрлері көп. Бұған ашық оттан, сонымен қатар қызған беттермен түйісуден қорғайтын костюмдер кіреді. Балқығыш металдың қызуынан, ұшқындары мен шашырауынан қорғайтын, сондай–ақ 1000ºС – ға дейін қызған беттермен жұмыс істеу кезінде қорғаныш болатын электр өрістерінен қорғай алатын киім, адамның денесін механикалық әселерден, сондай–ақ су мен сілтілерден, қолайсыз биоллогиялық факторлардан қорғайтын костюмдер бар.

 

№5 Сабақ тақырыбы: Өрт сөндіргіш құралдар. Сабақ мақсаты:Өрт сөндіруге арналған бастапқы және техникалық құралдармен танысу.

Жұмыс реті:

1. ОХП-10, ОВП-10, ОП-1, ОУ-5 от сөндіргіштерінің құрылысымен мұқият танысу қажет.

2. Олардың пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

3. От сөндіргіштермен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері қандай

 

Өрт сөндіргіш құралдар.

Өрт жаңа басталған кезде жануды тоқтату үшін әр түрлі от сөндіргіш құралдар пайдаланылады. Оларға қолға алынып жүретін немесе дөңгелекпен қозғалатын өрт сөндіргіштер, гидропульттер,бастапқы құралдар- су құйылған ыдыс, шелек, құм салынған жәшік, кигіз т.б. заттар жатады.

Сондықтан әр объектіде өрт сөндіру тақталары болу керек. Онда лом, темір, балта, күрек, аша сияқты құралдар болу міндетті. Гиропульт дегеніміз – қолмен жұмыс істейтін, суды сорып оны қысыммен жанып жатқан жерге беруге арналған сорғыш құрылғы. Қолға алып жүретін от сөндіргіштер өрт басталған кездегі шамалы өрт көздерін сөндіруге арналған құрылғылар. Олар: химиялық – көбікті және ауа көбікті, газбен (көмір қышқыл газымен, т.б) сөндіретін, ұнтақпен сөндіретін болып бөлінеді.

Химиялық – көбікті ОХП-10 /ОХВП-10/ қол от сөндіргіш – кернеу берілген электр құрылғыларынан басқа,қатты заттар мен жанғыш сұйықтар мен болған алғашқы от көздерін сөндіруге арналған. Сыйымдылығы 10л; сұйықты шашырату қашықтығы – 4м, жұмыс уақыты – 60 секунд. Мойын тұсында шашыратқыш тесігі бар. Оның сыртқы қорабы цилиндр тәріздес болат темірден жасалған. Мойынға қақпақ бұралады. Қышқыл бөлігі полиэтиленді кішкене ыдысқа құйылса, негіз бөлігі сыртқы қорапқа құйылады. Екеуі араласқан кезде химиялық реакция жүріп, нәтижесінде көбік пайда болады. От сөндіргіш сұйығы қыста қатып қалмау үшін оның негіз бөлігіне этиленгликоль немесе РАС көбіктендіргіш қосады.

Ауа көбікті ОВП-10 тектес от сөндіргіштері органикалық негіздегі қатты заттармен, сұйық жанғыш заттармен болған жануды сөндіруге арналған. Бұл өрт сөндіргіштерді ауаның қатынасынсыз жанатын заттарды, жанған металдарды және кернеу беріліп тұрған электр құрылғыларында болған жануды өшіруге қолдануға болмайды. Ыдыс сыйымдылығы 10л. Көбікті ағынның жету қашықтығы – 4-5 м. Ағынның шығу мерзімі 45 сек. Жұмысшы газы – көмірқышқыл газы. От сөндіргіш сұйығы – 6 процеттік ПО-1 көбіктендіргіштің судағы ерітіндісінен тұрады.

Көмір қышқыл газды от сөндіргіштер ОУ-2, ОУ-5, ОУ-8 жаңа бастаған қатты, сұйық заттардың от көздерін, сонымен қатар 1000 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған өртті өшіруге арналған. От сөндіргіш ретінде сұйық көмірқышқылы пайдаланылады. Ыдыстың жұмысшы қысымы 5,8 – 6 мПа. Қарлы ағынның үздіксіз шығу мерзімі қоршаған орта температурасы 200С болғанда 15 сек. От сөндіргіштің сыртқы қорабы болат темірден істелген. Оның мойын жағына бекітетін және іске қосатын тетік бұралады.

Ұнтақты от сөндіргіштер ОП-1, ОП-8 Б

Негіздік металдармен, олардың қоспаларымен, 380 вольттық кернеумен жұмыс істеп тұрған электр құрылғыларында болған және басқа заттармен болған жануды тоқтату үшін қолданылады. От сөндіргіш зат ретінде ПСГ-2; П-1 А немесе ПСБ ұнтақтары пайдаланылады. Бұл ұнтақтар улы емес және шашыраған сумен, көбікпен, газдармен қосып пайдалануға бола береді. Ыдыстың ішінен ұнтақты үрлеп шығаруға көмір қышқыл газы немесе қысылған ауа пайдаланылады. Ыдыс сыйымдылығы 1 немесе 8 литр. Ағынның шығу мерзімі 10 – 25 сек. Жету қашықтығы 6 метр. Жанып жатқан қабатқа түскенде ұнтақ отты оттегінен бөліп тастайтын жанбайтын қабат құрайды.

ОП-1 «Момент-2П» өрт сөндіргіш үзік – үзік әрекет етеді, сондықтан бірнеше рет пайдалануға жарайды. Ол ұнтақ құрам толтырылған корпустап 1 және корпусқа бұралып жабылатын қақпақтан тұрады

Қолданылуы: Өрт кезінде от сөндіргішті бекітілген орнынан ағытып алып қақпаның шегесін қатты нәрсеге соғу керек. Сонан соң от сөндіргіштің жұмыс істеген сәтінде шыққан ұнтақтың тыныс органдарына және көзге тимегені абзал.

 

18-Сурет. ОСП-1 өрт сөндіргіштің әрекеті сызбасы:

а - өздігінен қосылған кезде;

б – қолмен қосқан кезде.

Өрт сөндіргіштің типі мен қажетті санын таңдау олардың өртті сөндіру қабілетіне, аумаққа және өрттің класына байланысты болады.

Өртті сөндірудің алғашқы құралдары дәліз бен өтпелерде адамдарды көшіруге бөгет болмауы тиіс. Оларды шығатын есікке тақау, көрнекі жерге, 1,5 метрден аспайтын биіктікте орналастыру қажет.

 

№ 6 А) Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдар.

Сабақ мақсаты:Радиациалық барлау, радиоактивті сәулеленуді, ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдардың жұмыс принциптерімен құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Жұмыс реті:

1. Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістерімен танысу.

2. ДКП-50А дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін оқып білу.

3. ДП-22, ДП-24, ДП-5А, ДП-3Б дозиметрінің пайдалану мақсаты мен жұ-мыс принциптерін оқып білу.

Радиоактивті сәулеленуді анықтау әдістері және дозиметрлік құралдардың жұмыс принциптері.

Иондаушы (радиоактивті) сәулелерді анықтау принципі осы сәулелердің ортаның затын иондау қабілетіне негізделген. Иондалу өлшенетін және анықталатын физикалық және химиялық өзгерістердің себебі болып табылады. Ортаның мұндай өзгерістеріне жататындары: заттардың электр өткізгіштігінің (газдардың, сұйықтың, қатты материалдардың) өзгеруі; кейбір заттардың люминесценциясы; фотопленкаларды жарықтандыруы; кейбір химиялық ерітінділердің түсінің, бояуының, мөлдірлігінің, электр тоғына кедергісінің өзгеруі.

Иондаушы сәулелерді анықтау және өлшеу үшін келесі әдістер қолданылады: фотографиялық, сцинтилляционды, химиялық және иондаушы.

Фотографиялық әдіс фотоэмульсияның қараю дәрежесіне негізделеді. Иондаушы сәулелердің әсерінен фотоэмульсиядағы бромды күмістің молекулалары күміс пен бромға ыдырайды. Пленканы шығару кезінде оның қараюын тудыратын жоғарыда түзілген күмістің ұсақ кристалдары. Осы принципке жеке фотодозиметрлер жұмысы негізделген.

Сцинтилляционды әдіс. Иондаушы сәулелердің әсерінен кейбір заттар (күкірт цинкі, иодты натрий) жарық шығарады. Жарқырау саны сәулелену мөлшерінің қуатына пропорционалды және фотоэлектронды көбейткіш—арнайы құрал көмегімен тіркеледі.

Химиялық әдіс. Кейбір химиялық заттар иондаушы сәулелердің әсерінен өзінің құрылымын өзгертеді. Судағы хлороформ сәулелену кезінде хлороформға қосылған бояғышпен, түсті реакцияға түсетін тұз қышқылына ыдырайды. Екі валентті темір қышқылды ортада, суды сәулелеу кезінде НО2 және ОН бос радикалдарының әсерінен үш валенттіге тотығады. Үш валентті темір, бояғышпен түсті реакцияны береді. Бояу қоюлығына қарап, сәулелену мөлшерін (жұтылған энергия) байқаймыз. Осы принципке ДП—70 және ДП—70м химиялық дозиметрлер жұмысы негізделген.

Қазіргі кездегі дозиметрлік иондаушы сәулелерді өлшеу және анықтаудың иондаушы әдісі кең қолданыс тапты.

Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы (26-сурет) бірдей және оған кіретіндері: қабылдағыш қондырғы (иондаушы камера немесе газразрядты санауыш) 1, иондаушы тоқтың күшейткіші (электрометрлік шамнан 2, жүктегіш кедергі 3, басқа да элементтерден тұратын электрлік сызба), тіркеуіш қондырғы 4 (микроамперметр) мен қоректену көзі 5 (құрғақ элементтер немесе аккумуляторлар).

 
 

 

 


26 –Сурет. Иондаушы әдіске негізделген құралдардың құрылысы.

 

Иондаушы камера дегеніміз—ішінде бір-бірінен оқшауланған екі электрод - конденсаторлар орналасқан, ауамен толтырылған тұйық көлем. Камераның электродтарына тұрақты тоқ көзінен кернеу беріледі. Иондаушы камера тізбегінде иондаушы сәуле болмағанда тоқ болмайды, себебі ауа изолятор болып табылады.

Сәулелердің әсерінен иондаушы камерада ауа молекулалары иондалады. Электр өрісінде оң зарядталған бөлшектер катодқа қарай ығысады, ал теріс зарядталғандары анодқа тартылады. Камера тізбегінде микроамперметрмен өлшенетін иондаушы тоқ пайда болады. Иондаушы тоқтың сандық мәні сәулелену қуатына пропорционалды. Демек, иондаушы тоқ бойынша камераға әсер ететін сәулелену мөлшерінің қуатын бағалауға болады. Иондаушы камера қанығу шеңберінде жұмыс істейді.

Газразрядты есептегіш кіші белсенділіктегі радиоактивті сәулеленуді өлшеу үшін қолданылады. Есептегіштің жоғары сезімталдығы сәулелену қарқындылығы иондаушы камераға қарағанда ондаған мың есе аз сәулеленуді өлшеуге мүмкіндік береді.

Дозиметрлік құралдар

Дозиметрлік құралдарды қолдану мақсаттары:

· Сәулеленуді бақылау—адамдар мен ауылшаруашылық жануарлардың сәулені жұту немесе экспозиционды сәуленің мөлшері туралы мәліметтерді алу;

· Адамдардың, ауылшаруашылық малдардың, сонымен қатар техниканың, көліктің, қондырғының, киімнің, жабдықтың, судың, мал азығының және тағы басқа да объектілердің радиоактивті заттармен радиоактивті ластануын бақылау;

· Радиациялық барлау—жергілкті жердегі радиацияның деңгейін анықтау.

Сонымен қатар дозиметрлік құралдардың көмегімен әр түрлі

техникалық құралдардағы, заттардағы және топырақтағы нейтронды ағындармен сәулеленген, бағытталған радиоактивтілікті анықтауға болады.

Радиациялық барлау және дозиметрлік бақылау үшін объектілерде дозиметрлер мен экспозиционды дозаның қуатын өлшеуіштер қолданылады. Олардың тактико—техникалық сипаттамалары 1—кестеде берілген.

Құрамында қалталы туракөрсететін ДКП—50А дозиметрлері бар ДП—22В және ДП—24 жеке дозиметрлер толымы адамдар радиоактивті заттармен ластанған жерде жұмыс істегенде немесе ионды сәулелердің ашық және жабық көздерімен жұмыс кезінде алатын гамма—сәулелердің экспозиционды мөлшерін бақылау үшін арналған.

ДП—22В дозиметрлерінің толымы 3Д—5 типті зарядты қондырғыдан 1 және ДКП—50А типті қалталы туракөрсететін 50 жеке дозиметрлерден 2 тұрады.

ДП—24 дозиметрлерінің толымы ДП—22В қарағанда ДКП—50А типті бес дозиметрлерден тұрады.

ДКП—50А дозиметрі гамма—сәулеленудің жеке экспозициялық мөлшерін 2-ден 50 рентген аралығында өлшеуді қамтамасыз етеді. Қалыпты жағдайда дозиметрдің өздігінен разрядталуы тәулігіне екі бөліктен аспайды.

ИД—1 толымы –гамма-нейтронды сәуленің жұтылған дозасының мөлшерін өлшеуге арналған. Ол жеке ИД—1 дозиметрі мен 3Д—6 зарядтау құрылғысынан тұрады. ИД—1 дозиметрінің жұмыс принципі экспозициондық гамма-сәулесі мөлшерін өлшейтін ДКП—50А аспабымен бірдей.

№ 6 Б) Химиялық барлау құралы және химиялық залалдануды анықтау

Сабақ мақсаты:Химиялық барлау, химиялық ластануды бақылауға және өлшеуге арналған құралдың жұмыс принципімен, құрылысымен және пайдалану ретімен танысу.

Жұмыс реті:

1. Химиялық улы заттардың түрін анықтау үшін қандай әдіс қолданылады?

2. Химиялық барлаудың әскери құралының пайдалану мақсаты мен жұмыс принциптерін айтыңыз.

Ауаның, жер бетіндегі ғимараттардың, көліктердің, жеке басты қорғау жабдықтары, т.б. объектілердің уландырғыш және қатты әсерлі улы заттармен залалдану дәрежесін анықтау және түрін анықтау - химиялық барлау құралын пайдаланып үлгі алу жолымен және оны химиялық лабораторияда сараптау әдісімен жүргізіледі.

Химиялық барлаудың негізгі құралы болып, Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) және де тактико—техникалық сипаттамаларымен жұмыс істеу принципі бойынша соған ұқсас, жартылай автоматты химиялық барлау құралы (ЖАХБҚ), және өндіріс сипатына байланысты шаруашылық құралдарының әр түрлері қолданылады.

Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ) ауада, жер бетіндегі және техникадағы Ви—Икс, зарин, зоман, иприт, фосген, синилды қышқыл және хлорциан тектес УЗ анықтауға арналған.

ХБӘҚ құрылғысы.

 

31- Сурет.Химиялық барлаудың әскери құралы (ХБӘҚ)

 

Құрал қақпағы (31сурет,а) бар қораптан және онда орналасқан: қол насосы 1, насосқа қосымша бөліктен 3, индикаторлы түтікшелері бар қағаз кассеталардан 11, қорғаныш қақпақшалардан 4, түтінге қарсы сүзгілерден 5, электрофонарь 7, жылытқыш 10 пен оларға арналған патрондардан 6 тұрады. Одан басқа құрал толымына үлгі алу қалағы 9, штырь 8, «Пайдалану ережесі» құрылғымен жұмыс істеу көрсетілген жазылым, жіңішке қайысы бар иықтық белдік 2 кіреді. Құрылғы массасы—2,3 кг, фосфорорганикалық УЗ—ға сезімталдығы—5*10-6 мг/л-ге дейін, фосгенге, синил қышқылына, хлорцианға—5*10-3 мг/л-ге, ипритке—2*10-3-ге дейін, жұмыс температураларының диапазоны -40 +400С дейін.

Қол насосы (поршеньді) индикаторлық түтікше арқылы залалданған ауаны сорып өткізу үшін керек, түтікше насос басының ұясына орнатылады. 1 минутта 50—60 рет насоспен сорғанда индикаторлық түтікшеден 2 л-дей ауа өтеді. Насостың басында түтікшелерін кесу үшін ұяшықтар, насос тұтқасында—ампула ашқыштар болады.







Дата добавления: 2015-10-15; просмотров: 2116. Нарушение авторских прав; Мы поможем в написании вашей работы!



Кардиналистский и ординалистский подходы Кардиналистский (количественный подход) к анализу полезности основан на представлении о возможности измерения различных благ в условных единицах полезности...

Обзор компонентов Multisim Компоненты – это основа любой схемы, это все элементы, из которых она состоит. Multisim оперирует с двумя категориями...

Композиция из абстрактных геометрических фигур Данная композиция состоит из линий, штриховки, абстрактных геометрических форм...

Важнейшие способы обработки и анализа рядов динамики Не во всех случаях эмпирические данные рядов динамики позволяют определить тенденцию изменения явления во времени...

В теории государства и права выделяют два пути возникновения государства: восточный и западный Восточный путь возникновения государства представляет собой плавный переход, перерастание первобытного общества в государство...

Закон Гука при растяжении и сжатии   Напряжения и деформации при растяжении и сжатии связаны между собой зависимостью, которая называется законом Гука, по имени установившего этот закон английского физика Роберта Гука в 1678 году...

Характерные черты официально-делового стиля Наиболее характерными чертами официально-делового стиля являются: • лаконичность...

Упражнение Джеффа. Это список вопросов или утверждений, отвечая на которые участник может раскрыть свой внутренний мир перед другими участниками и узнать о других участниках больше...

Влияние первой русской революции 1905-1907 гг. на Казахстан. Революция в России (1905-1907 гг.), дала первый толчок политическому пробуждению трудящихся Казахстана, развитию национально-освободительного рабочего движения против гнета. В Казахстане, находившемся далеко от политических центров Российской империи...

Виды сухожильных швов После выделения культи сухожилия и эвакуации гематомы приступают к восстановлению целостности сухожилия...

Studopedia.info - Студопедия - 2014-2024 год . (0.012 сек.) русская версия | украинская версия