Постреквизиттер 2 страница
- катастрофа, дүлей зілзала, авариялардың салдарын жою жұмыстарын орындаукезінде; - қауіпті жұмыстарды орындау алдында жүргiзiледi;
№ 2 Сабақ тақырыбы: Өндiрiстік жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру және тiркеу. Жұмыс мақсаты: Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң ретiмен, оны тiркеу жолдарымен, талдау әдiстерiмен танысу, өндiрiстік жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезіндегі актi толтыруды үйрену. Жұмыс ретi: 1. Өндiрiстегi жазатайым оқиғаны тергеп-тексерудiң мәні неде? 2. Жұмыс берушінің өндірістегі жазатайым оқиға кезіндегі міндеттері қандай? 3. Өндірісте болған жазатайым оқиғаны тексеру комиссиясы мүшелігіне кімдер кiредi? Тексерудiң уақыт мерзiмi қанша? 4. Тағы қандай тексерулер түрлерiн бiлесiң? Қай уақытта арнайы тексеру жүргiзiледi? 5. Арнайы тексеру комиссиясына кiмдер кiредi? Тексеруге қанша уақыт берiледi? 6. Егер жазатайым оқиға ұшыраған адам, ол туралы сол уақытта айтпай бiрнеше күннен кейiн /3,5,10/ айтса, бұл жағдайда тексеру қалай жүргiзiледi?
Тергеп-тексерудің жалпы жағдайлары және өндірістегі жазатайым оқиғаларды есепке алу. 1. Қызметкерлердің, сондай-ақ: 1. Жұмыс беруші: Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру тәртібі. 1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бас-тап жұмыс берушінің актісімен жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мына-дай құрамдағы комиссия жүргізеді: Өндірістегі жазатайым оқиғаларды арнайы тергеп-тексеру ерекшеліктері. 1. Жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеруді мемлекеттік еңбек инс-пекциясы органының аумақтық бөлімшесі құрған комиссия мына құрамда жүргізеді: Өндірістегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру материалдарын ресімдеу және оларды есепке алу. 1. Жазатайым оқиға туралы акт толтырылып, оған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің және ұйым бөлімшесінің басшылары, сондай-ақ ұйым қызметкерлерінің өкілдері қол қояды және оны жұмыс беруші бекітіп, ұйымның мөрімен расталады.
№3 Сабақ тақырыбы: Жұмыс орындарындағы микроклиматқа баға беру. Жұмыстың мақсаты: Жұмыс орнындағы, бөлмедегі микроклиматтың көрсеткіштерін анықтау және микроклиматқа баға беру. Жұмыс реті: 1. Бөлме микроклиматтының көрсеткіштерін өлшейтін аспаптардың жұмысымен, құрылысымен танысу. 2. Жұмыс бөлмелерінің микроклиматына сипат беретін жағдайларды өлшеп білу. 3. Зертханадағы микроклиматқа баға беріп, тәжірибе кестесін толтыру. Жұмысқа қорытынды жасау. 4. Микроклиматты қалыпқа келтірудің жолдарын көрсете білу.
Жұмыс орнындағы микроклиматтың оптималды көрсеткіштері
Жұмыс орнындағы микроклиматтың нақты жағдайлары нормада көрсетілген жағдайларға сәйкес келе бермейді. Сондықтан, бұл жағдайларды уақытында анықтау үшін төмендегідей аспаптар қолданылады. Температураны өлшеуге – сынапты термометрлер қолданылады.Бөлме ішінде жылу шығаратын құрылғылар болған кезде ауа температурасын қос термометр арқылы өлшейді(1-ші Сурет).Сынапты екі термометрдің бірі қара бояумен екіншісі күміс түстес бояумен боялған.Ауаның нақты температурасы екі термометрдің көрсеткіш айырмасы арқылы анықталады. Термографтар – бөлмедегі ауа температурасының уақытқа байланысты өзгеруін жазуға арналған. Тұрақты Августың психрометрі – қос термометрден тұрады. (2-ші Сурет). Оның бірі ылғалды(сынап тұратын ыдысы суланған дәкемен оралған),екіншісі құрғақ термометр. Ылғалды термометрдің көрсеткіші әрқашан төмен. Психрометрлер – жұмыс аймағындағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтауға арналған аспаптар. (3-ші,4-ші Сурет) Екі термометрдің көрсеткіш айырмашылығы арқылы номограммадан немесе таблицаны қолданып ауаның салыстырмалы ылғалдылығын анықтаймыз. Гигрометр МВ–1 аспабы– ауа ылғалдылығын тура анықтауға арналған. Оның негізгі, ауа ылғалдылығы өзгерісіне қарай қалынын өзгертетін бөлігі майсыздандырылған адамның бір шоқ шашы(1 шоқта- 30-35 тал шаш). Ылғалдылық жоғарыласа шаш ұзарады,ылғалдылық азайса шаш қысқарады.Беріліс механизмдері арқылы бір шоқ шашпен жалғасқан аспап жебесі ауаның салыстырмалы ылғалдылығын көрсетеді Гигрограф аспабы – ауаның салыстырмалы ылғалдылығының уақыт бойынша өзгеруін жазуға арналған.Олар тәуліктік немесе апталық өзгерісті жазады.Жазу бөлігі сағат механизміне жалғасқан диаграмма қағазы оралған барабаннан тұрады. Шөмішті немесе қалақты анемометрлер 9-20 м/с және 0,5-10 м/с аралығындағы ауа қозғалысын өлшеуге арналған. (5-ші Сурет) Жел қысымынан болатын қалақтың айналысын өлшеу механизмі көрсетеді.Қалақтың айналыс жылдамдығы, ауа қозғалысының өзгеру жылдамдығына тура пропорционал.М/с –пен көрсетілген жылдамдықта арнайы графикпен және секундомер арқылы анықтайды. Ал, ауа қозғалысы 0,5 м/с төмен болғанда, ауа қозғалысы жылдамдығын кататермометр арқылы анықтайды.Термометрлердің спирт немесе сынап тұратын бөліктері шар тәріздес немесе цилиндр тәріздес болып екіге бөлінеді және төменгі, жоғарғы екі бөліктерден тұрады.Цилиндр тәріздес кататермометр шкаласы 38-35 0С ал, шар типтес 40-33 0С шамаға бөлінген. Жылдамдықты өлшеу үшін алдымен термометрді +60 -70 0С суға салып,сынап, термометрдің жоғарғы ыдысына толғанша ұстайды.Содан соң өлшеу жүргізетін ауа жолына кататермометрді қойып,көрсеткішінің (38-35 0С,40-33 С) төмендеу уақытына байланысты жылдамдықты анықтаймыз. Актинометрлер – сәулелі жылу температурасын өлшеуге арналған.Аспаптың жылу қабылдайтын бөлігі қара немесе жарқыраған алюминий табақшалары.Олар термопарамен гальванометрге жалғанған.Аспап жылу ағынының тығыздығы 250 вт/м2 –тан жоғары болғанда ғана жұмыс істейді. Барометр МД - 49, БАММ ауа қысымын өлшеуге арналған.Олардың шкалалары мм сынап бағанасы немесе паскальмен (Па) белгіленген. М – 22, М – 22С барографтар тәуліктік немесе апталық ауа қысымының өзгерісін жазуға арналған аспаптар.
Тәжірибе кестесі.
Қорытынды: №4 Сабақ тақырыбы: Соғыс және бейбіт кездегі арнайы киім, аяқ киім және жеке басты қорғау құрал-жабдықтары
А)Өндірісте жұмысшыларды арнаулы киім және жеке қорғану заттарымен қамтамасыз ету мәселелері. Сабақ мақсаты: Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының түрлерімен танысу, жұмысшыларды қамтамасыз ету ретімен танысу. Қауіпті,зиянды еңбек жағдайына сәйкес арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарын сұрыптауды меңгеру. Жұмыс реті. 1. Арнаулы киімдер мен жеке қорғану заттарының жіктелуін (класификациялануы) жазып алу. 2. Арнаулы киім,аяқ киім,қорғау жабдықтарының сақталуы,берілуі және қолданылуы жөніндегі ережені оқып-білу.
Арнаулы киім, аяқкиім, және жеке қорғану заттарының жіктелуі. Арнаулы жұмыс киімдеріне қойылатын талаптар. Арнаулы киім – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардан қорғауға арналған киім,аяқ киім,бас киім қолғап,өзге де нәрселер. Жеке қорғану заттары – қызметкерді зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен қорғауға арналған құралдар,соның ішінде арнайы киім. Ұжымдық қорғану құралдары – жұмыс істейтін екі немесе одан да көп адамды зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың әсерінен бір мезгілде қорғауға арналған техникалық құралдар. Арнаулы киім тұрмыстық және ө ндірістік киім болып екіге бөлінеді. Өндірістік арнаулы киімдер 4-ке бөлінеді: · Жұмысшы киім · Арнаулы киім · Ведомствалық киім · Технологиялық киім Жұмысшы киім – денені былғаудан және жарақаттан сақтауға арналған халықшаруашылығының барлық салаларында қолданылатын киімдер. Арнаулы киімдер – сыртқы ортаның адамға қауіпті, зиянды әсерлерінен қорғайтын,былайша айтқанда арнайы материалдардан тігілген немесе арнайы ерітіндіге суарылып, белгілі бір қасиет алған киімдер жатады. Ведомствалық(салалық) киімдер – белгілі бір министрліктерде өз еңбеккерлеріне арнап,бір үлгімен тіктірген киім жатады.Мысалы: теміржолшылар формасы,орман шарушылығы қызметкерлері формасы,әскери форма,т.с.с. Технологиялық киімдерге – өте жоғары дәлдікпен істеліп өнеркәсіптік орындардағы мамандыққа тән ерекшеліктері бар киімдер жатады. «Еңбеккелерді қорғау жабдықтары.Топқа бөлінуі»- стандарты бойынша жеке қорғау заттары, жабдықтары қолданылуына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді: 1. Айырушы костюмдер – ішіне жел толтырылған костюмдер,скафандрлер. 2. Тыныс жолдарын қорғау жабдықтары – противогаз, респираторлар. 3. Арнаулы киімдер – комбинезондар, кеудеше, шалбар, костюмдер, сулық, жамылғылар, қысқа тон, тұлыптар, алжапқыш, жеңғаптар. 4. Арнаулы аяқ киімдер – етік, қысқа қонышты етік, туфли, галош, ботылар. 5. Қолды қорғайтын жабдықтар – қолғаптардың әр түрі. 6. Басты қорғайтын жабдықтар–дулығылар, малақай, қалпақ, т.с.с. 7. Бетті қорғайтын жабдықтар – бетперде,қорғаушы маска. 8. Есту органдарын қорғайтын жабдықтар – шуға қарсы киетін бас киім,құлаққа киетін аспап. 9. Көзді қорғайтын жабдықтар – әр түрлі көзәйнектер 10. Жоғарыдан құлаудан қорғайтын және басқа қорғау жабдықтары - сақтық белбеу, тоқ өткізбейтін кілемше, тізеге, шынтаққа, иыққа арналған қорғау жабдықтары. 11. Теріні қорғайтын заттар – сабын,арнайы ерітінділер,әр түрлі жағатын майлар. Еңбеккерлерді арнаулы киіммен,аяқ киіммен қорғау жабдықтарымен уақытында қамтамассыз ету жауапкершілігі мекеме, кәсіпорын әкімшілігіне жүктеледі. Өндірістегі зиянды шаңнан,улы заттардан еңбеккердің тыныс жолын қорғау үшін противогаздар немесе тұмылдырықтар беріледі.Өндірістік противогаздардың әскери (Азаматтық қорғаныс ұйымдарындағы) противогаздардан айырмашылығы,олар тек бір ғана затты сүзіп алуға арналған.Ал әскери противогаздар әмбебаб (универсальный) болып келеді №4 Б) Тыныс жолдарын қорғау құрал-жабдықтары Сабақ мақсаты:Тыныс жолдарын қорғау құрал- жабдықтарының түрлері- мен танысу және пайдалану мақсатымен танысу Жұмыс реті: 1) Әскери противогаздардың түрлері мен улы заттарды сүзу принципімен танысу 2) Өнеркәсіптік противогаздардың ерекшеліктерін білу 3) Тұмылдырықтар мен тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құрал-дарды пайдалану мақсатын білу Оқшаулаушы және сүзгілі тыныс жолдарын қорғау құралдары. Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған. Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді. Жеке қорғану құралдары - радиоактивтік (улағыш) заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналады. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары (сүзгіш және оқшаулаушы противогаздар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта, дәке таңғыштар) мен теріні қорғау құралдары (Л–1 жеңіл қорғаныш костюмі, жалпы әскерлік қорғаныш толымы және пневмокостюм) жатады. Сүзгіш противогаздар. Тыныс органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Противогаз - противогаздық (сүзіп, сіңіріп алатын) қорап пен беттік бөлімнен тұрады. Противогаз қорабы демалатын ауаны зиянды қоспалардан тазартуға қызмет етеді. Бұл үшін ол түтінге қарсы (аэрозольге қарсы) сүзгімен және арнайы өңделген активтелген көмірмен (шихтамен) жарақталған. Дем алғанда ластанған ауа противогаздың сүзгілі(сіңіргіш) қорабына келеді, мұнда ол зиянды қоспалардан тазарып, одан әрі противогаздың беттік бөлігі мен тыныс органдарына барады. Дем шығарғанда ауа беттік бөлік астынан қорапқа соқпай сыртқа шығады. Булар мен газдардың сіңірілуі адсорбция, хемосорбция және катализ есебінен, ал түтін мен аэрозольдердің сіңірілуі сүзу арқылы жүзеге асады.
|