Орындау уақыты: 2сағат Рейтинг: 1 балл. Microsoft Excel-де диаграмма құруды үйрену.
Жұмыстың мақсаты: Microsoft Excel-де диаграмма құруды үйрену.
Жұмыстың орындалу реті:
13.1.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағына енгізілетін мәліметтер 3. D4 ұяшығына =C4*0,1 формуланы енгізіп, зейнетақы қорына төлемді есептеңіз. 4. Е4 ұяшығына =C4*0,05 формуланы енгізіп, салыққа төлемді есептеңіз. 5. Ғ4 ұяшығына =C4-(D4+E4) формуланы енгізіп, қызметкерлердің қолына алатын еңбекақысын есептеңіз. 6. D4:Ғ4 ұяшықтар диапазонын ерекшелеп, автотолтыру тәсілімен формуланы жол бойынша көшіріңіз. 7. 3, 4, 5-пунктердегі есептеулердің нәтижесі 13.2.-суретте берілген 13.2.-сурет. Microsoft Excel жұмыс парағындағы есептеулер нәтижесі 8. Мәліметтерге диаграмма тұрғызу үшін Қою-Гистограмма (Вставка - Гистограмма) командасын беріңіз. 9. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің (13.3.-сурет) бірінші қадамындағы гистограмманы таңдаймыз және диаграмманың қажетті түрін таңдаңыз.
13.3.-сурет. Гистограмма сұхбаттық терезесі
10 Гистограмма сұхбаттық терезесінен біріншісін таңдаймыз. Сосын диаграмманы белгілеп Конструктор-Макеты диаграмм үлгісінен диаграммаға макет таңдаймыз. 11. Диаграмма шебері сұхбаттық терзесінің Работа с диаграммами – макет ішкі бетінде диаграммаға Қызметкерлердің еңбекақысы тақырыбын беріңіз. 13.4.-сурет. Гистограмманың нәтижесі
12. Кестедегі мәліметтерден зейнетақы қоры мен салыққа төлемдер бойынша дөңгелек типті диаграмма тұрғызыңыз және нәтижені оқытушыға көрсетіңіз.
Бақылау сұрақтары 1. Диаграмма шебері қай мәзірде орналасқан және неше қадамнан тұрады? 2. Диаграмма шебері қадамдарын сипаттаңыз. 3. Диаграмма типтерінің қандай түрлері бар?
№ 17 зертханалық жұмыс Microsoft Excel-де макрос құру
|